- Преподавателю
- Воспитательная работа
- Тілім менің - тірегім тақырыбына сыныптан тыс шара
Тілім менің - тірегім тақырыбына сыныптан тыс шара
Раздел | Воспитательная работа |
Класс | - |
Тип | Другие методич. материалы |
Автор | Жаниязова А.Е. |
Дата | 25.02.2016 |
Формат | doc |
Изображения | Нет |
Жалпы білім беретін Крутой негізгі мектебі
«Тілім менің- тірегім»
(Сайыс)
(4-9 сыныптар)
Мұғалім: Қазақ тілі және әдебиеті
пәнінің мұғалімі А.Е.Жаниязова
Ынтымақ ауылы- 2016 жыл
Тақырыбы : «Тілім менің- тірегім»
Мақсаты :
-
Оқушылардың тілге деген қызығушылығын ояту
-
Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, мәдениетін көтеру;
-
Сөздерді орынды қолдана білуге білімдерін байқап, дамыту.
Іс- шараның көрнекілігі: нақыл сөздер , ақын - жазушылардың портреті.
Ұлағатты сөздер :
-
«Ана тілін құрметтемеу - ештемені сыйламау деген сөз. Жастар мұны қатты ескеру керек » . Ғабит Мүсірепов.
-
«Тілді меңгеру үшін оған өзіннің жүрегіңді ашуың керек » . Нұрсұлтан Назарбаев
Барысы :
І . Ұйымдастыру . ( топқа бөлу )
ІІ. Негізгі бөлім
ІІІ. Қорытынды . Оқушыларды марапаттау.
І . Кіріспе сөз.
Армысыздар , құрметті қонақтар мен тіл жанашырлары. «Тілім менің- тірегім» атты сайысымызға қош келіпсіздер . «Дүниеде ең асыл тіл - араб тілі, одан кейін - түрік тілі , түрік тілінің ішіндегі гауһары - қазақ тілі » .
Ана тілім - арым , нәрім , қуатым,
Сенсің менің жан сырымды ұғатын.
Өзің барда ұлтым ұлы, ел аман,
Шағың келді биіктерге шығатын.
Оқушылар өздері дайындалып келген ана тілі туралы өз өлеңдерін мәнерлеп оқиды.
Сайысымыз ҮІІ турдан тұрады :
І. Сәлемдесу. (топтар қазақша , орысша және ағылшынша өз топтарын таныстырады)
ІІ. «Сөз қаруы - ой » .Берілген нақыл сөздердің орындарын табу
ІІІ. «Қанат қақты» Мақал- мәтелдер сайысы.
ІУ. « Тапқырлар » . Жұмбақ сайысы . (шешуін үш тілде айту)
У. «Сен білесің бе ? »
УІ. «Кім біледі ? » Танымал адамдардың порттерін көрсету, оқушылар табуы қажет
УІІ. «Сөз тапқанға қолқа жоқ » Сұрақтар беріледі, жауабы алған әріптен басталуы керек.
І тур «Сәлемдесу ».
Адам өміріндегі барлық жақсылық атаулыға сәлемдесу арқау болып жатады. Бірін - бірі көріп білмеген адамдар арасында да игіліктер алғашқы сәлемдесуден өрбиді. Имандылық шариғатында сәлемдесу тілмен айту парыз екен. (топтар қазақша , орысша және ағылшынша өз топтарын таныстырады)
І топ Ағылшын тобы
ІІ топ Орыс тобы
ІІІ топ Қазақ тобы
ІІ тур . «Сөз қаруы - ой » .
Орыс тілін түсінемін , білемін,
Шет тілін де жаттап оқып жүремін.
Ата - бабам қастерлеген жанындай ,
Ана тілім - менің нағыз жүрегім.
«Піл күшті, піл күшті емес, тіл күшті » орысша баламасы «Слон всех сильнее, а язык и слона сильнее » Оқушылар берілген нақыл сөздердің орындарын табады.
ІІІ тур . «Қанат қақты». Мақалдың жалғасын тап.
1. Тіл тас жарады ,
(Тас жармаса бас жарады)
2. Тіземнен сүріндірсең сүріндір,
(Тілімнен сүріндірме .)
3. Піл көтергенді, тіл көтереді.
4. Ат жүйрігі қасқа ,
Тіл жүйрігі басқа .
5. Бас кеспек болса да ,
Тіл кеспек жоқ.
6. Шебердің қолы ортақ,
Шешеннің тілі ортақ
7. Бас ойлағанда тіл тыныстайды.
8. Қырғи тіл - қиыр қылыш
9. Икемді тіл инеден өткір.
10 Құлақ екеу, тіл жалғыз,
11.Аз сөйлеп, көп тыңдаңыз
Қос тіл - қос қанатың
12. Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте
Қазақ тілім - өз тілім , ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл - қызың мәңгі сені,
Болашағым , бақытым дара тілім.
ІУ. « Тапқырлар » . Жұмбақ сайысы . (шешуін үш тілде айту)
-
Ә, керемет, бір ит бар,
Үй бағады үрмейді,
Аяғы жоқ жүрмейді.
Темір тықсаң сөйлейді,
Тілін адам білмейді
Рұқсатсыз ол иттен,
Адам үйге кірмейді.
(Кілт- ключ- key)
-
Қысы жазы үйде тұрады,
Өзі мұзға ұқсайды.
Бетінде сәулесі бар,
Бұл жұмбағым кімге ұнайды. (Айна- - зеркало-mirror)
-
Аяғы жоқ жүреді, аузы жоқ сөйлейді. (хат-письмо letter)
-
Өмірді өлшейді,
Ешкімнен сұрамай,
Тіліңді алмайды, Тетігін бұрамай. (сағат-часы- clock)
-
Басы тарақ, арты орақ. (Әтеш- петух- cock)
-
Мұрты бар, иегінде сақалы жоқ,
Тоны бар киеріне шапаны жоқ.
Пайдасы үй ішінен табылған соң,
Далаға кріп- шығар сапары жоқ. (мысық-кошка- cat)
У. «Сен білесің бе ? » Жасырынған сөздерді табу
І топқа Адамның тілі
ІІ топқа Оқулық
ІІІ топқа Қазақ тілі
УІ тур . «Кім біледі ? » Танымал адамдардың суреттерін көрсету , оқушылар олардың кім екенін анықтау керек.
Тілім тірі , тірі дербес күн кешпек,
Аты тұрып қалай артқа мінгеспек?!
Тілсіз тыныс ала алмайды мемлекет,
Бас кессе де , жоқ емес пе тіл кеспек .
УІІ. «Сөз тапқанға қолқа жоқ » Сұрақтар беріледі, жауабы алған әріптен басталуы керек.
Ә, А , Ж , Р, С , Т , Б , М , Д , О , Л , К .
1. Қай қалада тұрасың ?
2. Сенің сүйікті әншің?
3. Қандай тағамды ұнатасың?
4. Сыныптағы досынды ата ?
5. Жасын нешеде ?
6. Сынып мұғалімінің аты ?
7. Сен озат оқушысың ба ?
8. Математика пәні саған ұнайма ?
9. қандай мамандықты қалайсың ?
10. Кімге ұқсағын келеді ?
11. Сүйіп оқитын кітабың ?
12. Жазғы демалысты қалай өткіздің ?
13. Қазақстаннның астанасы ?
14. Парта неден жасалады ?
15. Қардың түсі ?
16. Сүйікті тағамын ?
17. Қандай гүлді ұнатасың ?
18. Мектепке немен келесің ?
19. Күзде ауа райы қандай ?
20. Сыныптағы ең сұлу қыз ?
21. Алматы қандай қала ?
22. Қыс айы немен ұнамсыз ?
24. Сен қандай оқушысың ?
Ана тілім күн нұры - шуақтайсың ,
Мөлдір таза шын кәусар - бұлақтайсың.
Өнер , білім ғылымда сәуле шашқан,
Темірқазық жұлдызым - шырақтайсың.
ҚОРЫТЫНДЫ .
Қорытынды шығару үшін сөз кезегін қазыларға береміз.
Жеңімпаздар марапатталады.