Тілашар тәрбие сағаты 1 сынып

Раздел Воспитательная работа
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Нысанбаева Гүлнар Қасымбекқызы

Бастауыш сынып мұғалімі

Тілашар

Мақсаты: Алғаш мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндерді білім алуға, оқуға шақыру.

Оқушылардың оқуға ынтасын,қызығушылығын арттыру.

Қоршаған дүниені танып білуге жетелеу

Көрнекілігі: Қанатты сөздер,барнер,кітапша Тілашар,шақыру қағазы,мәжіліс залы шарлармен безендірілген.

1-жүргізуші:

Армысыздар, жас достар!

Армысыздар, ұстаздар!

Болашаққа жол бастар

Келешегі қазақтың

Басталады біздерден!

2-жүргізуші:

Жақсы білім көрімдік,

Болсын сізге халайық,

Не үйреніп,не білдік

Қане, ортаға салайық! (ортаға екі бала шығады)

Оқушы: Қалай ойлайсың, Тамирис? Біз бір айда көп есейіп қалған сияқтымыз. Оқып,жазып, санап үйрендік, үлкен кісілермен амандасуды да білеміз.

Оқушы: Иә, Ерасыл! Мен әлі ойыншықтарыммен ойнағым келеді, еркелеп анамның арқасына мінгім келедіОқушы: Тұра тұр, сен сөмкеңді көрсетші (сөмкесін ашып қарайды, ішінде ойыншықтар, т.б). Мынауың не? Апай көрсе не дейді?

Оқушы: Мен апайға көрсетпей, қоңырауда ойнаймын.

Оқушы: Олай болмайды, Тамирис! Достарыңның қалай есейгенін көргің келе ме? Жүр ендеше!

Тақпақтар

  1. Еркесі едім, атамның

Еркесі едім, апамның

Толып биыл алтыға

Мен оқушы атандым!

  1. Алты жасқа жеткенім

Еркеліктен кеткенім,

Кітабымды қолтықтап

Мектебіме беттедім.

3.Шашу қане,шашайық

Ақ спандықты ашайық

Бұл мереке,бұл тойды

Қане,бірге тойлайық Айтыс « Өтірік өлең» Еркем-ай әнімен

1. Сүтін сауып сиырдың

Жетім тайды өсірдім.

Аққу жегіп арбаға

Бүкіл елді шарладым.

2. Ақ тауыққа мініп ап

Айға жеттім зымырап

Қанатынан тауықтың

Кетті бұлттар ыдырап

1. Инеменен жер қазып

Су шығардым шөл жерге

Есекпенен құм тасып

Бөгет салдым көлдерге

2 Қане,достар тойлайық

Өтіріктен қашайық

Кітап оқып,білім ап

Биіктерге самғайық

Оқуда да алдамыз

Біздің сынып өнерлі

Жақсы үйреніп алғанбыз бірге

Талай би мен өлеңді

Тақпақтар



  1. Келгенде алғаш мектепке,

Білмеуші едік әріп те,

Оқимыз қазір ертекті

Үйреткен оны әліппе.



  1. Бұрқыраған білімнің

Қайнар көзін көріппең,

Том-том қалың кітаптың

Басы болған әліппең.



  1. Әріптерді жаттаймыз

Есте мықтап сақтаймыз.

Ұмытпаймыз бірін де,

Атын, затын, түрін де.



  1. Біз жазамыз «Ана» деп

Біз жазамыз «Дана» деп

Біз жазамыз «Қала» деп

Біз жазамыз «Дала» деп.

Жүргізуші: Көрініс: «Баға»

Әкесі: «Балам, сабағыңнан неше алдың?

Баласы: (күнделігін көрсетіп)

Міне, 5 алдым!

Әкесі: «Мынауың тұрған үш, ал мынауың екілік қой!Бес алдым деп неге өтірік айтасың?»

Баласы : « Ой, әкетай, есепті

Білмеуіңді қарашы

Үшті қоссаң екіге

Бес болмай ма, санашы!»

Жүргізуші:

Ұрпақпен ұласады мұрат арман,

Бәйтерек бой көтерер құба талдан.

Тойлаңдар, қуаныңдар ағайындар, Шалқып қайт, шаттық тойы Тілашардан!

Би «Маусымжан» қыздар тобы

Тілашар кітабы

  1. Сәлем беріп өтейін,

Биіктерге жетейін.

Алдыңызда өзімді

Таныстырып кетейін.



  1. Қару-жарақ сабағым

Қалам, парақ, садағым

Жалқау менен наданды

Білім менен қададым.



  1. Оқуды көп ойладық,

Қызығына тоймадық

Әріптерді үйреніп,

Сауат аштық, тойладық.



  1. Қиындықтан қорықпа,

Қаймығып еш торықпа.

Қайратың мен жігерің

Қол қанатын қашанда.

Жүргізуші: Көрініс: «Математика сабағы»

Мұғалім:

(Мұғалім және оқушы сахнаға шығады)

Мұғалім: (Сандарды көрсетіп) 3+3-ті қосқанда қанша болады?

Оқушы: үндемейді, иығын көтереді.

Мұғалім: сол сөзді қайталайды (көтеріңкі дауыспен)

Оқушы: білмеймін

Мұғалім: (қолымен көрсете отырып)

Мына жақтан 3 ат шауып келеді, мына жақтан 3 ат шауып келеді, Барлығы қанша болады?!

Оқушы: Туф апай, шаңнаң түк көрінбей кетті ғой!

Жүргізуші:

Құтты болсың, тойларың

Балғын шақты балдырған,

Ортаға шығып билейді

Кіп-кішкентай балапан.

Би «Қамажай» қыздар тобы

Тақпақтар

  1. Ұстаздарды мақтаймын,

Сенімдерін ақтаймын

Біздікіндей мектепті

Әлем шарлап таппаймын.



  1. Мектебім менің,мектебім

Ақылсыздан шеттедім

Білімдімен дос болып,

Сенен аттап өтпедім



  1. Күн нұрындай білімнің

Шуағы мол білімнің

Құтты болсын достарым,

Құтты болсын,тойларың

Оқушы:Жүр, Тамирис, бүгінгі тойдан саған сыйлық берейін.Ал ойыншықтарыңды дайындық тобына сыйға тартайық.(сыйлықты береді)

Жүргізуші:Көрініс «Атасы мен немересі» (сахнада атасы газет оқып отырады)

1-ші немересі

Өмір бойы не үшін оқи бересіз?

Атасы:

Менің де өмірде білмейтінім көп.

2-ші немересі

Ата,жалықпайсыз ба?

Атасы:Оқи берсең көзің ашылады,отыра берсең жалқаулық басынады.

3-ші немересі:

Ата,шаршамайсыз ба?

Атасы: Балам, отырсам шаршаймын.Еңбек етсем,жігерлене түсемін.

4-ші немересі:

Еңбек дегеніміз не ?

Атасы: Иә,немерелерім

Еңбек -түбі береке

Еңбек түбі-рахат

Бақыт кілті еңбекте.

(ендеше мен сендерге батамды берейін

Бата

Адам болар баланың,

Қайтармайық талабын.

Мектепті алғаш аттаған,

Құтты болсын қадамың.

Сәбиліктен марқайып,

Өскендігі санаңның.

Әріптерден сөз құрап,

Жорғаласын қадамың.

Үміттерін ақтай біл,

Әкең менен анаңның.

Жүрегіңе сақтай біл,

Жақсы сөзін дананың.

Сондай бала болсын деп,

Тілек айтар қазағым.

Балалы үйлер көбейіп,

Бола берсін базарың.

Осындайға жеткізсін,

Әрбір үйдің адамын.

Жастар өсіп қалқан боп,

Болса деймін қамалың.

Қой үстінде бозторғай,

Жұмыртқалар заманың.

Сол замандай болса екен,

Егеменді қазағым

Бастарыңа бермесін,

Қиыншылық азабын

Жастарыма қонса екен,

Даналығы бабамның.

Хор «Оқуда озат боламын»

Қостанай облысы

Әулиекөл ауданы

«Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Әулиекөл бастауыш мектебі»ММ

Бастауыш сынып мұғалімі:Нысанбаева Гүлнәр Қасымбекқызы.

Тілашар тәрбие сағаты 1 сыныпТілашар тәрбие сағаты 1 сынып

Тілашар тәрбие сағаты 1 сынып

Тілашар тәрбие сағаты 1 сынып

Тілашар тәрбие сағаты 1 сынып









© 2010-2022