кітап-білім бұлағы сыныптан тыс шара

Раздел Воспитательная работа
Класс 4 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Кітап - білім бұлағы»
Мақсаты: Білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру, кітаптың адам өміріндегі маңызын, ғылым мен білімінің пайдасы жөнінде түсіндіру. Оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру. Оны күтіп ұстауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Нақыл сөздер. Кітап көрмесі.

Сабақтың жүрісі
І. Кіріспе сөз
- Балалар, бүгін біз кітап, білім туралы көптеген мағлұмат аламыз. Қазақстан азаматтары білімді, мәдениетті, өнерлі болуы керек. Кітап - араб сөзі, «жазба», ал түрікше «дәптер» деген мағынаны білдіреді. Кітап өмір айнасы, заман сыры, тарих шежіресі, оқу, тәрбие құралы. Тұңғыш қазақ кітаптары 1800 жылы шығарыла бастаған.
Терең білім, ғылым жаңалықтарын, өткен тарихымызды, өнеркәсібімізді білу үшін кітапты көп оқу керек.
1. Біздің елімізде бірде - бір бала мектептен тыс қалмайды. Жалпыға бірдей білім беру туралы мемлекеттік маңызы бар «Білім туралы» заң қабылданған.
2. Алғашқы кітап басып шығару ісі қолмен атқарылған. Адамдар кітап болатын, әріп теретін машиналар ойлап тапты. Қазіргі кезде кітап болып шығару ісі жолға қойылған.
3. Елімізде кітап шығаруға, оны безендіруге көп көңіл бөлінеді. Оған қыруар қаржы жұмсалады. Қазіргі кезде барлық мектеп оқушыларына оқулықтар тегін берілуде.
4. Оқулықты бүктеп, жыртып бүлдіруге болмайды. Өйткені, әр кітап - Отан байлығы, аға - апаларымыз бен әже - аталарымыздың маңдай тері.

ІІ. Сиқырлы қобдиша

  1. Жұмбақтар шешу.
    1) Теңізде түбі терең,
    Сүңгіген жетер әрең (Білім)
    2) Көп әңгіме - өлеңім,
    Күнде ақыл беремін. (Кітап)
    3) Үндемес серік, ақылы берік. (Кітап)

4)Бiлiмнен мол сый-асы,

Балғындардың ұясы. (Мектеп)

5) Ақыл-ойдың шырағы,

Зәулiм көктей шынары.

Биiгiне бойлаған,

Қанбайды адам құмары. (Бiлiм)

6) Бiлiмнiң жол басшысы,

Шәкiрттiң қолбасшысы. (Мұғалiм)

7) Бiлiмнiң дәнiн тередi,

Балаға тәлiм бередi. (Ұстаз)

8) Ұшымен қазық

Тор көздi жазық.

Үстiне өттiм,

Асыл сөз жазып. (Дәптер)

9) Ойларынды аңсаған,

Асыл сөздi ақ алаңға,

Түсiруден шаршаған,

Мен емеспiн әмәнда. (Қалам)

10) Бар ойынды жиямын,

Ақ қағазға құямын. (Сия)

11) Сағат сайын қағылады,

Тек мектептен табылады. (Қоңырау)

12) Бөлiнгендi табыстырып,

Бiрiктiрсе қабыстырып.

Жымдастырған жiгiт де,

Байқамайсың түгiн де. (Желiм)

13) Доп сынды келбетi,

Онда бар түп-түгел,

Әлемнiң әлпетi. (Глобус)



  1. Мақал-мәтел

Кітап - алтын қазына.

Кітап алтын сандық:
іші толған қазына, құт,
оқы, оқы, ойыңа тұт.

Кітап - білім бұлағы,
Білім - өнер шырағы.

Кітап - ғалым, тілсіз мұғалім.

Кітап көзі жұмыққа арзан,
көзі ашыққа маржан.

Кітап - қаймақ, білім - оймақ.

Кітап - оқығандікі, білім тоқығандікі.

Күш - білімде, білім - кітапта.

Наданмен дос болғанша,
Кітаппен дос бол.



  1. Даналардан қалған сөз

-Артық ғылым кітапта,

-Ерінбе оқып көруге. /Абай/

-Кітап маған тақтан да қымбат. /Шекспир/

-Жақсы кітап - ақылды адамның әңгімесімен бірдей /Толстой/

- Кітап - мұхит, сол мұхиттан не терең?

Мен біліммен ылғи дос боп өтер ем!

Егер мен бай болсам, тек қана кітап сатып алар ем.

-Кітап әлемдегі құпиялы ұлы ғажайыптардың бірі. /Горький/

-Ұстаз болу - өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау. /Ж.Ж.Руссо/

-Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі. Мектебімізді таза, берік һәм өз жанымызға /қазақ жанына/ үйлесетін негізде құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай-ақ серттесуге болады. /Мағжан Жұмабаев/

-Мектептің жаны - мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі - білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім. /Ахмет Байтұрсынов/

-Егер мұғалім өн бойына, өз ісіне, шәкіртіне деген сүйіспеншілікті жинақтаса, ол нағыз ұстаз. /Л.Н.Толстой/

-Шәкірті жоқ ұстаз - мылқау ұстаз. /Ыбырай Жақаев/

-Білім жолы - даналық жол. (А. Байтұрсынов)
-Білім - дүниенің кілті. (Абай)
-Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе - білім. (М. Әуезов)


4) Кітап - тілсіз ұстаз

/Оқушылардың кітап, кітапхана туралы айтар өз пікірлерін ортаға салу/

ІІІ. Қорытынды: - Кітап адам өмірінде аса маңызды рөл атқарады. Ол елді, жерді сүюге, талапты кішіпейіл болуға, мейірімділікке, төзімділікке баулиды. Кітап жаман әдеттерден аулақ болуға үндейді. Кітапты біздің қоғамымыздың әрбір адамы күнделікті тұрмысында пайдаланады. Одан ақыл - кеңес, тәлім - тәрбие, үлгі - өнеге алады. Кітап - біздің рухани жан азығымыз. «Кітап!... Осы бір бес - ақ әріптен тұратын сөзде қанша мән бар, мағына бар! Кітап - шебер ұстаз, тілсіз мұғалім, оқушы өміріндегі ата - ана мен мұғалімнен кейінгі орынға ие құрал. Оны адал дос, асыл қазынасы мол қамба десе де болады. Ендеше, кітаптың біздің өмірімізде алар орны ерекше екенін түсінейік».





© 2010-2022