Интеллектуалды ойын Жұлдызды сәт

Раздел Воспитательная работа
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Жұлдызды сәт» интеллектуалды ойын

Ойынның мақсаты: Оқушылардың білімге деген ынтасын арттыру, Сынай оыра шындап,бәсекелестікке жетелеу. жан-жақты берілген сұрақтарға ұтымды жауап беруге баулу, Іздену,ойлау,есте сақтау қабілеттерін , логикалық ойлау дағдыларын арттыру.Шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Ойынның ұраны:

Біз кішкентай жұлдызбыз

Өнегелі ұл-қызбыз.

Жарқыраймыз жанамыз,

Бар өнерді саламыз дей келе бүгінгі «Жұлдызды сәт»интеллектуалды ойынымызды бастаймыз.Ойынға қатысушыларға сәттілік тілей отыра ,ерекше қошеметпен ортаға шақырамыз.

Ойынға әр топтан 6 оқушы қатысады.

Ойын 8 кезеңнен тұрады.

  1. «Сәлем сөздің анасы» таныстыру

  2. Ширату

  3. «Кім жылдам?»

  4. Сөзден сөз құрау

  5. Мақалды жалғастыру

  6. Суреттер сөйлейді

  7. Ребус шешу

  8. Мимика

Қазылар орнықтырар әділдікті
Кімдердің жауаптары кәміл шықты.
Білім мен тапқырлықтың жарысында
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.
Демекші, әділ қазыларды сайлап алайық.


___________________________


__________________________

Ал, қанекей, келіндер,
Бір-біріңе еріңдер.
Біліміңді тексеріп,
Ойынға қатысып көріңде Сәлемдесіп қауыммен Өздеріңді таныстырып беріңдер

Таныстыру кезеңіне кезек береміз.

Келесі кезек «Ширату» кезеңіне беріледі.Әр топқа 10 сұрақтан қойылады.

1-топтын сұрақтары:

1.Қазақ валютасы қалай аталады?

2.Мәтін түрлерін ата

3.Абылай ханның шын есімі?

4.Жер бетінің қағазға кішірейтілген бейнесі қалай аталады?

5.Мемлекеттік рәміздерді ата?

6.85 минутта неше сағат,неше минут бар?

7.Тәуелсіздік күні мерекесі қай айда тойланады?

8.6 м бөренені 1 метрден неше жерден кесу керек?

9.Балды жақсы көретін аң?

10.Үш биді ата

2-топтың сұрақтары:

1.Көкжиектің тұстары?

2.Жуан дауысты дыбысты ата

3.Қазақстан өзінің тәуелсіздігін қай жылы алды?

4.Судың қасиетін ата?

5.Фигураның периметрін қалай табады?

6.Абайдың анасы кім?

7.Бие сүті қалай аталады?

8.Сұйықтық өлшем бірлігі?

9.Қазақ хандығына неше жыл?

10.Ағашта 6 балық қонып отырды.Оның 3-еуі ұшып кетті.Ағашта неше балық қалды?

Бәйгеге түсіп жарыспай,

Жүйріктің бағы жанар ма

Бұл бәйге ойдың бәйгесі,

Кім жүйрік ойға, сол алда.

Келесі кезең «Кім жылдам?»Әр топқа 5 сұрақтан беріледі.Берілген кеспе әріптерімен жауап қайтару керек.

Әріптер:

1-топқа :ы,ұ,а,р,м,с

2-топқа:у,о,і,л,т,п

Сұрақтар?

1-топқа

1.Сенің атың кім?

2.Көңіл-күйің қалай?

3.Сүйкті асың?

4.Кімге қоңырау шаласың?

5.Дүкеннен не сатып аласың?

2-топқа

1.Сенің атың кім?

2. Кімге қоңырау шаласың?

3.Сүйікті ісің?

4.Досыңның аты кім?

5. Кімге қоңырау шаласың?

Келесі кезекті «Сөз құрау»кезеңі.Яғни сендерге «Кемпірқосақ»сөзі берілген.Осы сөзден бірнеше сөзқұрау керек.1минут уақыт ішінде әр топ неғұрлым көп сөз құрастыру тиіс.

Келесі кезең «Мақал сөздің мәйегі».

Бұл бөлімде мақал-мәтелдер оқылады,сайыскерлер оның жалғасын тауып айтулары керек.

1-топқа:

1. Балапан ұяда не көрсе,................ ұшқанда соны ілер.

2.Жеті жұрттың тілін біл,........... жеті түрлі білім біл.

3.Ағаш көркі жапырақ,................... адам көркі шүберек.

4.Оқу инемен................. құдық қазғандай

5.Ақыл азбайды..............білім тозбайды.

2-топқа:

1.Туған жердің күні де ыстық,.................түні де ыстық

2.Жақсыдан үйрен...................жаманнан жирен.

3.Әке көрген оқ жонар.................шеше көрген тон пішер.

4.Қоянды қамыс өлтіреді.........................жігітті намыс өлтіреді

5.Атаңа не қылсаң.....................алдыңа сол келер

Келесі кезең «Суреттер сөйлейді».Әр топқа 6 суреттен беріледі.Топ мүшелері бір-бірлеп шығып таңдаған суретін өз тобына түсіндіруі тиіс.

Келесі кезең «Ребус шешу».Әр топқа ребус беріледі,жауабын табу керек.

Келесі кезең «Мимика».Әр топ жұптасып алайық.Қыздар шығып берілген сөздерді жұбына дауыстамай жеткізу тиіс.Жұбына табу керек.



© 2010-2022