Тәрбие үрдісінің мәні мен мақсаты

Раздел Воспитательная работа
Класс -
Тип Статьи
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тәрбие үрдісінің мәні мен мақсаты. Жоспарға кіріспе.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Қазақстанды XXІ ғасырда дамыған елдермен теңестіріп, өркениетті әлемнен мәртебелі орын алуына ықпал етер бірден-бір құдірет-білім және білімді ұрпақ»-деп атап көрсеткен болатын.

XXІ ғасыр-қатаң бәсеке ғасыры. Білім мен тәрбие қатар жүруі керек екендігін ескерсек, ұл мен қыз тәрбиелеп отырған « Жас қыран» оқушылар ұйымы ұлттық тәрбие беру арқылы жастарды тез өзгертіп тұратын қоғамда өмір сүруге үйрету, яғни адамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына дарытқан жоғарғы интеллектуалды, парасатты тұлғаны тәрбиелеуді мақсат етіп алдына қойды. Ұрпақ тәрбиесі қай заманда да маңызды педагогикалық құбылыс.

Қазіргі таңда жасөспірімдерді заман талабына сай етіп тәрбиелеу өте маңызды да күрделі тақырып. Баланың күннен-күнге дамып, кешегі жаңалық бүгін ескіріп отырған технология заманында бай мен кедей, күшті мен әлсіз болып әлеуметтік жіктелу, қоршаған ортадағы қарым-қатынас және тәлім-тәрбие бағыттары бойынша қоғамнан тыс қалып қоймауын үнемі бақылап отыру «Жас қыран» оқушылар ұйымының басты мақсаттарының бірі. Өйткені, жасөспірімнің келешектегі қандай адам болуы , міне осы сәттен қалыптаса бастайды.

Ағылшындарда бір мақал бар: «Өткенге қарап басымызды иеміз, ертеңге қарап білек сыбанамыз» деген. Ұрпақ тәрбиесі ертеңді күтпейді.Сонау Абылай бабамыздан бастап, кешегі желтоқсанға дейін азаттық үшін алысқандарға бас иіп, тәуелсіз ел, қабырғалы халық, жұрт санасар ұлт ретінде бел буып, тегеурінді қимыл жасар кез келді. Қай халық болмасын ұрпағының тәрбиесіне терең мән беріп, болашағына үнемі алаңдаушылықпен қараған. Әр халықтың өзіне тән мінез-құлық, салт-дәстүрі болады. Тек қана сол халықтың ұрпақтары ата-баба дәстүрілерін бойларына сіңіріп өссе, онда ұрпақ сол халықтың абыройын аспандатып, қай уақыттада өз көрегендігін танытады.

. Осы мақсатта мектебімізде «Жас қыран» оқушылар ұйымы жұмыс жасайды. Қазақ қанындағы барлық болмысымызды жойып алмас үшін бұл ұйымның алар орны ерекше. Ертеңімізге нық қадам жасау үшін, оқушылық өмірден бастап-ақ, өз-өзін басқара білу заман талабы. Осы орайда мектебіміздегі өз өнерімен, білімімен,қоғамдық жұмыстарға белсене араласып жүрген оқушыларға демеу беріп, оларды әрмен қарай дамыту «Жас қыран» ұйымының ең басты мақсаты.

Бүгінгі оқушы-ертеңгі маман. Осы оқушылар ұйымында өздеріне берілген міндеттерді жан-тәнімен атқара білген оқушы-өмірден өз орнын тапқан жақсы маман бола алатыны сөзсіз. Сол себепті әр оқушыға өз шама-шарқысына қарай міндеттер тапсырылады. Барлық жағынан табыла білген, ісіне тиянақты, жинақы оқушы-ұстаздарына қолқабыс, жетекшілеріне қамқор, ал өздеріне тәрбие көзін ашушы.

Ұйым оқушыларын бірлікпен жұмыс жасату және шығармашылықпен жұмыстандыру тәлімгердің басты міндеті.




© 2010-2022