«Ата - бабам аңсаған Тәуелсіздік»

Раздел Воспитательная работа
Класс 12 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Ата - бабам аңсаған Тәуелсіздік»

Аманбаева Гүлгүл Құрманбайқызы

Физика пәнінің оқытушысы

Биыл Тәуелсіздік алғанымызға 24 жыл толады. Осы 24 жыл ішінде еліміз талай белестерді артта қалдырып, алға міндеттер мен мақсаттар артып болашаққа қарқындауда.

Тарих қатпарына үңілер болсақ осы күнге жету үшін қазақ халқы талай қиындықты басынан кешірді. Соың бірі үш жүз жылға жуық патшалы Ресейдің отарында, 74 жыл Кеңес өкіметінің құрамында болуы. Дербес, Тәуелсіз болуды армандаған қазақ халқы үшін 1986 жылдың 16 желтоқсаны тарих бетінде мәңгі қалатын атаулы күн.

Желтоқсан - қазақ халқының рухын көтеріп, елес болған еркіндік пен арман болған азаттық күннің келуін тездетіп, Тәуелсіздік әкелді.

Тәуелсіздік күніне орай «тәуелсіз қазақстанның табиғи құндылықтары - табиғи мұра» тақырыбындағы тәрбиелік іс -шаралар апталығы өтті. Осы апталықта ЭЕТ-И-14 тобыммен «Ата-бабам аңсаған Тәуелсіздік» тақырыбында тәрбие сағатын өттім.

Ондағы мақсат: Оқушыларды ҚР-ның жеткен жетістіктерімен таныстыру. Тәуелсіздіктің мәнін терең ашып түсіндіру. Қазақ халқының ерлігін,даналығын паш ету, оның ізгі қасиеттерін ардақтап, өнеге тұту. Қоғамдық дамудың қазіргі рухани жаңғыруында жаңаша ойлайтын, әлемді қайсарлығымен таңғалдырған қазақ елінің, жерінің қадір - қасиетін түсінетін, Отанын, елін, жерін сүйетін, бабалар өсиетін орындайтын, білімді, саналы азамат тәрбиелеу.

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Ата - бабам аңсаған Тәуелсіздік»

Мақсаты: Жас жеткіншектерді еліміздің тәуелсіз алғалы жеткен табыстарымен таныстырып, білімдерін нығайту. Отанын құрметтей білетін, болашақта Қазақстанды өркендетуге өз үлесітерін қосатын азамат тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Слайд, бейнероликтер, желтоқсан қаһармандарының суреттері, нақыл сөздер

Кіріспе:

1) Мемлекеттік әнұран. (Бейне көрініс арқылы Қазақстан Республикасының Әнұраны хормен)

2) Желтоқсан оқиғасының құрбандарын еске алу. 1 минут үнсіздік

3) Бейне көрініс арқылы (осы күнге дейінгі жеткен жетістіктер)

4) 16 желтоқсан 1991 жылы Республикамыз егемендік алды. (Еліміз егемендік алғаннан бергі жылдарға шолу)

5) Ән: «Туған жер»

6) Ой-толғаныс.
Оқушылар өз шығармашылықтарынан өлең-жырларын оқиды

Тәрбие сағатын қорытындылау.



Кіріспе:
Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 23 жылдығына арналған «Ата бабам аңсаған Тәуелсіз Қазақстан» атты кешімізге қош келдіңіздер!

-Мемлекеттік әнұран орындалады. (бейне көрініс арқылы хормен оындаймыз)

«Ата - бабам аңсаған Тәуелсіздік»«Ата - бабам аңсаған Тәуелсіздік»«Ата - бабам аңсаған Тәуелсіздік»«Ата - бабам аңсаған Тәуелсіздік»

1 - жүргізуші:

Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 23 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш ел басымыз Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз.
Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.

2-жүргізуші:
Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік - ел бақыты, ертеңі,
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!

Азат өлкем күндей күлген шығыстан,
Асыл елім жан - жүректі ұғысқан.
Ата бабам аңсап өткен бақытым,
Айналайын, Қазақстан - Гүлстан!

1-жүргізуші:

1986 жылғы желтоқсан оқиғасына биыл 23 жыл толды. Алаңға шығып өз ойларын айтуға тырысқан қазақтың өрімдей қарусыз жастарына мұздай құрсанған солдаттар мен милиция қызметкерлері қарсы қойылды. Қыз - жігіттерді аяусыз таяққа жықты, түрмеге қамады. Қайрат Рұсқылбеков, Ербол Спатаев, Лаззат Асанова сынды жаңа ғана бүршік атып келе жатқан талшыбықтай жастарымыздың өмірін көктей үзді.
Ендеше сол желтоқсан оқиғасының құрбандарын 1 минут еске алайық.

1 -жүргізуші:
-Қаз дауысты Қазбек би айтқандай: -Біз қазақ мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Басымыздан құт-береке қашпасын деп, найзаға үкі таққан елміз. Ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз. Достықты сақтай білген елміз, дәм-тұзды ақтай білген елміз.

2 жүргізуші:
-Ия, осылай деп тебіренген Қазақ елінің қамын ойлаған қаз дауысты Қазыбек би болатын. Ата-бабамыз аңсаған сол тәуелсіздік алғанымызға 23 жыл толып отыр. Осыған орай осы күнге дейінгі жетістіктерімізді бейне көрініс арқылы көрейік. Бейне көрініс «жеткен жетістіктер»

1 жүргізуші:

16 желтоқсан 1991 жылы республикамыз егемендік алды. Еліміз егемендік алғаннан бергі жылдарға шолу жасайық.

Бес оқушы кезек-кезек слайд арқылы жетістіктерді хабарлайды
Дана:1991 жыл-нарықтық экономикаға көшкен жыл.
Қолқанат:1992 жыл-қазақтың тұңғыш ғарышкері Т.Әубакіров ғарышқа ұшты.
Жанар:1993 жыл- Ұлттық теңгеге көшу жылы.
Абылай:1994 жыл-Еуразия одағын құру туралы конференция болды.
Ұзақ:1995 жыл-Қ.Р.конституциясы қабылданды.
Дана:1996 жыл-Мемілекеттің жаңа әнұраны. елтаңбасы, туы қабылданды.
Қолқанат:1997 жыл-жалпы ұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы.
Жанар :1998 жыл-халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы.
Абылай:1999 жыл-ұрпақтар бірлігі мен сабақтастық жылы.
Ұзақ:2000 жыл-мәдениетті қолдау жылы.
Дана:2001 жыл-тәуелсіз Қазақстанға 10 жыл.
Қолқанат:2003 жыл-Н.Назарбаевтың «Қазақстан -2030» стратегиялық бағдарламасы жарияланды.
Жанар:2005 жыл-«Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты жолдау жарық көрді.
Абылай:2008-09 жыл-Қазақстанда берілетін жәрдем ақы, айлық табыс, пенсия көлемі жоғарылап халықтың әлауқаты артты.
Ұзақ:2010 жыл-Елбасы Назарбаевтың «жаңа он жылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстан жаңа мүмкіндіктері» жолдауы жарияланып, ел экономикасы жоғарғы қарқында дами бастады. 2011 жыл- тәуелсіз Қазақстанға 20 жыл. 2014 жыл-тәуелсіз Қазақстанға 23 жыл

«Ата - бабам аңсаған Тәуелсіздік»«Ата - бабам аңсаған Тәуелсіздік»

Ән: «Туған жер»

орындайтын: Жетес Бегіс

Ой-толғаныс.
Оқушылар өз шығармашылықтарынан өлең-жырларын оқиды

Диалог

- Көңіл пердесін аштым ба түріп,

Көкжиек көрінді нұрлы?..

- Көгілдір аспанның астында тұрып,

Көтердім көгілдір Туды!

- Кезген бір тылсым Даланы мәңгі,

Кие боп кеудеме енді ме?

- Көгілдір туға оранып алды,

Күн күліп сәулеленді де!

- Керуен жолдан мың адасыпты,

Көнерген жылдар аңсар боп...

- Көзұшындағы Қыран да асықты,

Көгілдір туға қонсам деп!

- Көңіл пердесін аштым ба түріп,

Көкжиек көрінді нұрлы?..

- Көгілдір аспанның астында тұрып,

Көтердім көгілдір Туды!

(Көркем бір бейне кетер деп үнсіз,

Көкіректе әуен үздікті...)

- Көгілдір туды көтерген... кімсіз?

- ТӘУЕЛСІЗДІКПІН!!!

2) Берікбол:

Еркіндігім.
Қасиеттім.
Қастерлім.
Өзің барда өзегімде жоқ шер мұң!
Кеше сенің келбетіңді арман ғып,
Боданына бұғауландық басқа елдің.
Бабалардың басын тігіп бәйгеге,
Аналардың жанарына жас бердің!
Уа, Еркіндік,
қош келдің!
Өзегімді өртке ораған қоғамда,
Өз үйіме өзім өгей болам ба?!
Алшаң басып жүре алмаса алты алаш
Азаттығым! Қадірің де жоқ онда!
...Саған жету қиын болса қаншалық,
Сақтап тұру қиынырақ одан да!
Алла берген азаттықтың әр сәті-
Аманат қой
Маған,
Саған
Оған да!
Саясатқа сермей алмай семсерді,
Езгі күнге тері қылдым еңсемді!
Желтоқсанда жалын атып жастығым,
Құрсау болған темір қоғам теңселді!
Есте даңқы қыршындардың қалды ма,
Сексен алты ерлігім бе-ей, ең соңғы!?
Уа, еркіндік,
Құның немен өлшеңді!?
Уа, еркіндік!
Құның немен өлшенді?!
Сені көксеп
Боздақтарым өлсе өлді!
Сенсің менің ең ғажайып өлеңім,
Ең шуақты,
Ең шырайлы,
Ең шерлі!
Әр таңыңды сүйіншілеп тұрайын-
Құдай берген ғұмырымда өлшеулі!

Тәрбие сағатын қорытындылау.

1 -жүргізуші:

Міне егемендігімізді алып, Елбасымыздың салиқалы саясатының арқасында Қазақстан жылдан-жылға көркейіп, небір қиындықтарды артқа тастап, жаңа экономикалық өрлеу үстінде. Өз халқын жақсылықпен жетістікке жетелеген Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдау елдің тағатсыздана күтетін жаңалыққа толы бастамасы. Әр жылғы жолдаудан еліміз жаңа серпіліс пен батыл қадамдар күтеді. Еліміздің экономикасын өркендетуге сендер де ат салысады деп сенемін.

2 -жүргізуші:

Құрметті ұстаздар, қонақтар, оқушылар! Бүгінгі Тәуелсіздік ата-бабам аңсаған атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Ендігі сөз кезегін тәрбие сағатымыздың арнайы қонақтарына береміз.

Еліміздің Егемендігі жасай берсін!

«Ата - бабам аңсаған Тәуелсіздік»

Ән: Көк тудың желбірегені (бейне көрініс арқылы хормен оындаймыз)


© 2010-2022