Ашық сабақ Сұлтанмахмұт Торайғыров

Раздел Воспитательная работа
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Сұлтанмахмұт Торайғыров

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өмірбаянымен танысу және оның шығармаларымен танысу

  2. Тәрбиелік: сабақ кезінде тәртіпті, ұқыпты болуға, үлкенді тыңдауға үйрету. Оқушылар сабақ барысында өзге оқушының сөзін(ойын) тыңдай білуге дағыландыру.

  3. Түзете-дамытушылық: өткен сабақты қайталау арқылы есте сақтау қабілетін жетілдіру. Сұрақ-жауап қою арқылы ойлау, сөйлеу, зейін психологиялық таным процесстерін дамыту.

Сабақтың түрі: дәстүрлі, жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, сұрақ-жауап

Сөздік жұмыс:

Қастерлеу- құрметтеу, сыйлау.

Роман- қара сөзбен, кейде өлеңмен жазылған кең көлемді әдеби шығарма

Поэма- оқиғаны өлеңмен баяндап айтатын, кейде жыр-толғау түрінде келетін көлемді шығарма.

Талғам-әдеміліктің белгісі

Көрнекілігі: С. Торайғыровтың портреті,

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

- сәлемдесу;

- бүгінгі күн: қандай ай, аптаның қай күні және нешінші жұлдызы

- психологиялық жағдайы: көңіл-күй, т.с.с.

2.Үй тапсырмасын тексеру: үйге берілген тапсырманы сұрау (Абайдың күз өлеңі)

3. Жаңа тақырып

Абайдан кейінгі қазақтың әдебиетінде еңбек етіп, ерекше көзге түскен көрнекті ақындардың бірі - Сұлтанмахмұт Торайғыров. Ол 1893 жылдың 28 қазанында қазіргі Ақмола облысы Қызыл Ту ауданында туған. Сұлтанмахмұт ана тілін қастерлеуге де баса көңіл бөледі. Ол оқытудан бос уақытында өз бетімен оқумен шұғылданады, өлең жазады. С. Торайғыров талғамы өте жоғары тұлға болған. Сұлтанмахмұт Торайғыров қазақ әдебиетінде тұңғыш рет өлеңмен және қара сөзбен романдар жазған ақын. 1920 жылдың 21 мамыр күні аурудан 27 жасында қайтыс болады.

Сергіту сәті

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай момақан,

Үп-үлкен боп өседі.

Жеке жұмыс: С.Торайғыровтың өмірбаянын дәптерге қысқаша конспект түрінде жазу

Сабақты қорыту: Сұлтанмахмұт Торайғыров тақырыбы бойынша арнайы сұрақтар қою.

  • Бүгінгі сабақта қай дарынды ақынның мәліметтермен таныстық?

  • Сұлтанмахмұт Торайғыров қай жылдарда өмір сүрген?

Үй тапсырмасы:

Кітаптағы__________ бетте жазбаша берілген сұрақтарға жауап жазып әкелу.

Бағалау.



© 2010-2022