Күзгі демалыс уақытындағы іс-шара Сұрақтар әлемі (1-3 сыныптар)

Раздел Воспитательная работа
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күзгі демалыс уақытындағы іс-шара Сұрақтар әлемі (1-3 сыныптар)Күзгі демалыс уақытындағы іс-шара Сұрақтар әлемі (1-3 сыныптар)Сабақтың тақырыбы: «Сұрақтар әлемі»
Сабақтың мақсаты: бастауыш сынып оқушыларының өз елін туған жеріне, мемлекеттік тіліне деген құрмет сезімін қалыптастыру, қазақ тілінің мәртебесін көтеруге, оқушылардың тез ойланып, жауапты жүйелі түрде шапшаң қайтара білуіне үйрету.

Сабақтың түрі: Викторина
Сабақтың әдісі: ойын, сұрақ - жауап, көрнекіліктер
Сабақтың көрнекіліктері: кеспелер, суреттер, шар, плакат
Сабақтың барысы:
мұғалім: Білім сайысының парызы
- Қош келдіңіздер, құрметті қонақтар!
- Құрметті оқушылар сендер бізде қандай апталық болып жатқанын білесіңдер ме?
- Дұрыс, қазір бізде «Тіл апталығы» өтіп жатыр
Қазақ тілі өте бай, әрі көркем тілдердің бірі. Мемлекеттік тілді меңгеру - Қазақстан Республикасының азаматтық парызы. Қазіргі қазақ тілі - дамыған тіл.
- Балалар, сендер байқайсыңдар ма бүгін бізге қонақ келіп отыр
Қонақпен амандасайық!
- Сәлеметсіз бе! (Балалар амандасады)
Ал енді сіздердің алдарыңызға «сұрақтар әлемі» викторинасының қатысушыларын шақырамыз.
Қарсы алыңыздар!
Сайыс 4 аялдамадан тұрады:
I аялдама - «Сәлем - сөздің басы»
II аялдама - « Кім жылдам?»
III аялдама - «Тапқыр болсаң - тауып көр»
IV аялдама - «Сиқырлы сөз»

Сайысымызыды бастамас бұрын мен сіздермен мынандай ойын ойнағым келіп тұр.

«Ормандағы ағаштар» ойыны.

Мақсаты: Балаларға қозғалуға, демалуға мүмкіндік беру. Музыка ойналады.

Мәтін: Сендер ағашқа айналуға дайынсыңдар ма?

Бір-біріңнің артына тұрыңдар. Орманда күн шығып барлық ағаштар оған жапырақтарын жайып қарап тұрды. Күнге әрбір жапырағы жылыну үшін жоғары-жоғары созылды. Саусақ-жапырақтар күннің астында билеп тұрды. Кенеттен қатты жел тұрып, талдарды жан-жаққа шайқай бастады. Бірақ талдың тамырлары тереңге кеткен, олар жәй ғана тербеледі. Желдің артынан жаңбыр жауып, талдар алғашқы жауын тамшыларын сезінді.

Алдыңғы тұрған ттұрған баланың арқасын саусақтарыңмен жауын тамшыларындай тырсылдат. Кәдімгі майда жаңбыр жауып жауып тұрғандай қимыл жеңіл болу қажет.

Жауын одан әрі күшейіп қатты жауа бастады... Талдар бір-біріне жанашырлық білдіріп жаңбырдың қатты соққысынан қорғапр, сипалай бастады. Көп ұзамай көкжиектен күн көрініп, талдар қуанды, олар өздеріндегі артық жауын тамшыларын сілкіп тастады. Өздерін сенімді, сергек, тап-таза сезініп қалады.

Ендеше бірінші аялдамамызға көшейік
I аялдама - «Сәлем - сөздің басы»
Әр топ өзінің тобын, топ басшысын, топ мүшелерімен таныстырады.
Бұл аялдамаға 5 мин уақыт беріледі. Бұл аялдамада тобын жақсы таныстырып шыққан топқа 2 жұлдызша таратылады.
II аялдама - « Кім жылдам?»
Бұл аялдамада берілген әріптерден тез сөздер құру. Қай топ жылдам сөзді құрап шықса сол топқа жұлдызша таратылады.
Құрылатын сөздер:
М Ө С Л Й Е - СӨЙЛЕМ
У Ғ А Л Ж А - ЖАЛҒАУ
З С Ө - СӨЗ
Л Т І - ТІЛ
Қ А Б А С - САБАҚ
III аялдама - «Тапқыр болсаң - тауып көр»
Бұл аялдамада әр топтың топ басшылары сыналады. Әр топтың топ басшысына 10 сұрақтан қойылады. Әр сұрақтың дұрыс жауабы 1 жұлдызшамен бағаланады.
Бірінші топқа қойылатын сұрақтар:
1. Мектеп қай көшеде орналасқан?
2. Күз айларын ата?
3. Неше рәміз бар?
4. Туда не орналасқан?
5. Қазақстан қандай мемлекет?
6. Көктемде не болады?
7. Қандай азық - түліктерді білесің?
8. Қазақ тілінде неше тән дыбыс бар?
9. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі?
10. Аптаның төртінші күні қалай аталады?

Екінші топтың топ басшысына қойылатын сұрақтар:
1. Апта күндерін ата?
2. Жазда не болады?
3. Әнұранның авторларын ата?
4. Сен қай қалада, қай көшеде тұрасың?
5. Біздің мектеп қандай?
6. Қандай мерекелер бар?
7. Қазақ тілінде неше мәтін бар және оны ата
8. Қазақстан Республикасының Президенті кім?
9. Қыс айларын ата?
10. Елтаңбада не орналасқан?

Жарайсыңдар, балалар! Шаршадыңдар ма? Ендеше мен сіздерге тағы ойын ұсынғым кеп тұр. Ойын : « Дайын бол» деп аталады

Шарты:. Балалар шеңбермен жүреді. Жүргізуші бір сөз айтады, ал балалар сол сөзді іс - қимылмен көрсетеді. Мысалы: қоян - секіреді, құс - ұшады, т. с. с.

IV аялдама - «Сиқырлы сөз»
Бұл аялдамада екі топқа бір сөзден беріледі. Әр топ өзінің сөзін сөйлемге дейін күрделі өрбітуі керек. Сөзі жақсы өрбітілген топқа 2 жұлдызша беріледі.

I топ Күз
II топ Жапырақ
- Ал, балалар бүгінгі «Қазақ тілін білесің бе?» викторинамыз аяғына жақындап келеді. Сайысымыз өте қызықты болды. Қазақ тілін жақсы біледі екенсіңдер.
Ойынды бекіту: Әділқазылар алқасы сендердің берген жауаптарыңды бағалап, жеңімпазды анықтады.
Қорытынды: Балалар біздің викторинамыз соңына жетті.
Жеңген топты әділқазы мүшесі марапаттайды.


Ақмола облысы

Аршалы ауданы

Волгодон орта мектебі



Күзгі демалыс уақытындағы іс-шара

Тақырыбы: Сұрақтар әлемі

Сыныбы: 1-3 «Б»

Өткізген: Кенжеғұлова Қарлығаш Ертайқызы





2015-2016оқу жылы


Күзгі демалыс уақытындағы іс-шара Сұрақтар әлемі (1-3 сыныптар)Күзгі демалыс уақытындағы іс-шара Сұрақтар әлемі (1-3 сыныптар)Күзгі демалыс уақытындағы іс-шара Сұрақтар әлемі (1-3 сыныптар)







Күзгі демалыс уақытындағы іс-шара Сұрақтар әлемі (1-3 сыныптар)



© 2010-2022