Разработка внеклассного мероприятия по казахскому языку на тему Дана халықтың дара Абайы

Раздел Воспитательная работа
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:



Разработка внеклассного мероприятия по казахскому языку на тему Дана халықтың дара Абайы

Тақырыбы: «Дана халықтың дара Абайы»

Дайындаған: Сартаева Айзат





Тәрбие сағатының жоспары

Мақсаттары:


  • Білімділік - Оқушыларға Абай өлеңдерін және қарасөздерін мәнерлеп жатқа айту, сөз өнерінің қыр-сырымен таныстыру, халық даналығы, халық өсиеттерінен нәр алғызу, дәстүр мен жаңашылдық, оның адамзат тарихымен тығыз байланысы жайындағы білімдерін қалыптастыру;


  • Тәрбиелік - шәкірттерді туған жерге деген сүйіспеншілікке, Отан тыныштығын қорғауға, адамгершілікке, қасиетті нәрселерді қадір тұтуға тәрбиелеу;


  • Дамытушылық - өзіндік пікірі, эстетикалық талғамы бар сауатты оқырман дайындау.


  1. Абай Құнанбаевтың өмірімен слайд арқылы танысу;

  2. Оқушылардың Абай атамызға арналған өлеңдері;

  3. Абайдың қарасөздері;

  4. Шығармашылығынан мәнерлеп өлең оқу.




1-жүргізуші: Көрікті көңілде жыр, қолда қалам

Өмірдің өріне өрлей басқан қадам,

Қазақтың өлеңінің ұлы атасы -

Ол Абай, мәңгі жасар ақын адам

2-жүргізуші: Армысыздар,ұлағатты ұстаздар,жадыраған жас достар! Бүгінгі

«Дана халықтың дара Абайы » тақырыбындағы тәрбие сағатымызды бастаймыз.

1-жүргізуші: Ақын еді ол

Елдің мұңын жыр еткен

Жарыққа алып шығу үшін түнектен.

Ақын еді ол

«Мыңмен жалғыз алысып»,

Халқын ойлап күйінішпен күні өткен.

2-жүргізуші: Ақын еді ол

Жұртты аузына қаратқан,

Әрбір сөзі құйылғандай болаттан

Ақын еді ол

Жұлдыз болып жарқырап,

Қараңғы елдің ой санасын оятқан.

1-жүргізуші: Әлем халықтары бірі сәулет өнерімен, бірі музыкасымен, енді бірі шешендік өнерін алға қойып, мақтанатын болса, қазақ халқы қашанда бай сөз өнерімен, «ұлы ақыны» Абаймен мақтана алады.

2-жүргізуші: Қазақ әдебиеті тарихындағы қайталанбас зор тұлға,ұлы ақын, философ, ағартушы Абай Құнанбайұлы 1845 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысындағы Шыңғыс тауының бауырында,Тобықты елінде, ауқатты болыс Құнанбайдың отбасында дүниеге келген.Ел анасы Зере мен өз анасы, зор парасат иесі Ұлжаннан алған тәрбиесі Абайдың өнерге деген құштарлығын оятады. Абайдың бойындағы адамшылық пен сөз өнеріне деген сүйіспеншілік осы екі ананың өнегелі тәрбиесінен бастау алады.

1-жүргізуші: Ауыл молдасынан сауат ашқан абай 10 жасында Семейге оқуға келеді.Шығыстың ұлы шайырлары Низами, Сағди, Фирдоусидің туындылары Абайдың балалық шығармашылығына қанат бітіріп,қалам тербеуіне талаптандырады.Абайдың көп барар жері Семей кітапханасы болған. Осы кезден бастап, Абай жан саясын кітаптан тауып, орыс-батыс ілімімен танысады.

2-жүргізуші: Абай - соңынан бай рухани мұра қалдырған қазақ әдебиетінің классик ақыны. Таза әдебиет сарынына бой ұрсақ, «Абай» деген сөздің «қазақ» деген сөзбен теңбе-тең түсетін сәттері де бар.

1-оқушы: Өлеңнің биік көгіне

Шалқып бейне туған ай,

Кең даланың төрінде

Жаны ақын туды Абай.

Тозаңқы жыр тұсауын

Тот басты деп кесті де,

Жайды алға құшағын

Сөз ескегін есті де.

2-оқушы: Ар, әділет сәулесін арман еткен

Соқпақсызда соққы жеп, қажып өткен.

Ақын жанын аяйсың, сүйсінесің,

Ғасыр жүгін көтеріп, өлеңдеткен.

3-оқушы: Қуғаны бәрінің де өнер-ғылым,

Таппайсың мінезінің бір сынығын.

«Салынған бос ыржаққа» жігіт те жоқ,

«Еңбексіз, қарекетсіз» біз де бүгін.

Кірпіш боп дүниенің кетігіне

Себеп сол қаланып кетуіме.

Жол даңғыл, заманым кең, өзім өршіл,

Бөгет жоқ дегеніме жетуіме.

4-оқушы: Құр босқа ғылым таппай мақтанбадым,

Орынсыз және өнерсіз баптанбадым.

Орным бар, білімім зор, заманым кең,

Сондықтан көңіл шалқып, шаттанғаным.

1-жүргізуші: Абай өзінің азаматтық, ойшылдық, шығармашылық тұлғасы кемеліне жеткен шағында адамгершілік, сыншылдық, мораль мәселелеріне арналған өсиет сөздер жазды.

5-оқушы: Абайдың отыз бірінші қарасөзі.

Естіген нәрсені ұмытпасқа төрт түрлі себеп бар:

әуелі - көкірегі байлаулы берік болмақ керек;

екінші - сол нәрсені естігенде я көргенде ғибратлану керек,көңілденіп,тұшынып,

ынтамен ұғу керек;

үшінші - сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту

керек;

төртінші - ой кеселді нәрселерден қашық болу керек.Егер кез болып қалса,

салынбау керек.

Ой кеселдері: уайымсыз, салғырттық, ойыншы-күлкішілдік, я бір қайғыға

салыну, я бір нәрсеге құмарлық пайда болу. Бұл төрт нәрсе - күллі ақыл мен

ғылымды тоздыратұғын нәрселер.

2-жүргізуші: Шын хакім, сөзің асыл - баға жетпес,

Бір сөзің мың жыл жүрсе, дәмі кетпес.

Қарадан хакім болған сендей жанның

Әлемнің құлағынан әні кетпес, -

демекші, Абай поэзияға жоғары талап қоя білген, өнер, тәрбие, өнеге құралы деп

қараған,қазақ өлеңінің құрылысына,тақырыбы мен мазмұнына тың өрнектер қосқан

жаңашыл ақын. Кезек Абай атамыздың шығармашылығында.

6-оқушы: «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы»

1-жүргізуші: Ел қамын ойлап, «Жүрегі қырық жамау болған» ұлы ойшылдың өмір жолында жалғаз қалған кездері де болған. Осындай сәттің бірінде баласы Әбдрахманнан айрылып,бойын жия алмай, көк аспанға тіл қатқан

7-оқушы: «Тұла бойың ұят-ар едің»

2-жүргізуші: Қазақ халқының кемеңгер ұстазы, рухани айбары, елінің мың жылдық мұңын шерткен Абай мұрасы - мәңгілік мұра.

1-жүргізуші: Абай - халықтың мақтанышы ғана емес,біздің ұлттық идеологиямыз.Оның өшпес мұрасын әлемге таныту - бізжің ғұмырлық парызымыз.

2-жүргізуші: Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, «Абайды тану арқылы біз Қазақстанды бүкіл әлемге танытамыз,Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс».

1-жүргізуші: Ал, Мұхтар Әуезов «Мен Абайды тереңінен тек шөміштеп қана іштім» десе, «Даналықты іздесең, Абайды оқы, ерінбе» деген сөз және бар. Демек,білім нәрімен сусындағың келсе, Абайды оқы жас ұрпақ!

© 2010-2022