Тәрбие сағаты Анам және мен

Раздел Воспитательная работа
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Аяулы анам және мен

Мақсаты: Оқушыларды сұлулықты тани білуге, көре білуге үйрету, ата-анаға деген сүйіспеншілігін, аналарды құрметтей білу қасиеттерін дамыту, сыйластықты, ілтипатты байыту, жан-дүниелерін ізгілендіру.
Көрнекілік: шарлар, плакаттар, сандар, марапаттау қағаздары

Барысы:

1-жүргізуші. Қайырлы күн, құрметті көрермендер!

2-жүргізуші. Бүгінгі " Аяулы анам және мен " атты сайысқа қош келдіңіздер!

1-жүргізуші. Мен қазақ қыздарына қайран қалам,

Жанары жаны жаздай жайраңдаған.

"Қыз өссе елдің көркі"деген сөзді,

Қапысыз қалай айтқан қайран бабам.

2-жүргізуші. Пір тұтқан махаббатты, адалдықты,

Көркімен таң қалдырған талай жұртты.

Қыздардың қылығымен өмір қызық,

Қыздардың ғұмырымен заман құтты.

1-жүргізуші.
Аналар бар өнерін салары анық,
Өнегелі тәлімді алған қанып.
Ал ендеше таныстырырып өтейін мен,
Бөлімдерін сайыстың бөліп жарып.
Сайыс бағдарламасы алты бөлімнен тұрады
1.Сәлем- сөздің анасы (таныстыру)
2. Білімді мыңды жығар (сұрақ-жауап)
3.Өнерлі өрге жүзер (өз өнері)
4. Анаңа гүл сыйла
-Балаңызды білесіз бе?
5. . Үй тапсырмасы (үйден дайындап келген ас мәзірін таныстыру)

6 .Қыздарға әсемдік жарасады «Көктем сән үлгісі 2015»

2-Жүргізуші: Ана сыны, Ана өнері, Ана әдебі,
Тал бойына жарасқан күлкі әдемі.
Бір көргенде болмай-ақ сахнада,
Өмірде сақталсыншы ұлт әдебі - дей келе алдымен біздің аналарымызға қоятын талабымыз бар.
-Сахна мәдениеті,өзін-өзі ұстау;
-Сөйлеу мәдениеті ,ой ұшқырлығы;
-Киім киісі, жүріп-тұрысы;
-Берілген тапсырма мен сұрақтарға дұрыс жауап беруі;
Мінеки осының барлығы сынға алынып,әділ-қазылар алқасымен бағаланады.

1-Жүргізуші:
Өнерпаздар өнерін салыстырып,
Бәйге үшін терлетер шабыстырып.
Әділдікті қолдайтын баға беріп,
Жіберейік қазыларды таныстырып.
Бүгінгі сайыстың әділ бағасын беріп, жеңімпазын анықтайтын әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар.
1.
2.
3.
Сайыс бес балдық жүйемен бағаланады

2-Жүргізуші:
- Бүгінгі сайысқа қатысушы аналарымызды балаларымен бірге қошеметтеп ортаға шақырайық.

7 «А»: Жұмадилова Наргиз анасы Құралай

7 «Ә»: Белгібаева Анель анасы Даурия Санатовна

7 «Б»: Рымбекова Гулнара анасы Сүлейменова Маржан

7 «В»: Ондабаева Аружан апайы Ошақбаева Индира

7 «Г»: Аяулым Нұржанқызы анасы Кәдірқызы Балнұр

7 «Ғ»: Александрова Зарина анасы ____________

1-Жүргізуші:

Келе жатқан мәңгілік дара салтын,
Мақтанышым, елдігім, парасатым.
Сенсің тілім, теңі жоқ тіршілігі,
Өміріме өң беріп жарасатын -
дегендей бірінші сайысымыз «Сәлем сөздің анасы» анасы мен баласы өздерін таныстырып өтсе.

2-Жүргізуші: ән

1-Жүргізуші:
Өзінің алғырлығын ұғындырып,
Көрсетер көп іздеген мығым қылық.
Келесі бұл сайыстың жоспарында,
Түседі бәсекеге білімділік-
деп сайысымыздың екінші бөлімі «Білімді мыңды жығар» .

Аналарға қойылатын сұрақтар:

Балаларға қойылатын сұрақтар:

2-Жүргізуші: 7 «Б» күй

1-Жүргізуші:
Өнер қуып арулар өтер дейміз,
Бір басына өнері жетер дейміз
Сайысқа келген аналар кезектесіп,
Өз өнерін көрсетіп өтсе дейміз.
«Өнерлі өрге жүзер» (өз өнері)-деп аталады

2-Жүргізуші: 7 «Ә» би

1-Жүргізуші:
Келесі сайыс «Анаңа гүл сыйла». Қазір балалар аналарына гүл сыйлауға жарысады.
Жүргізуші:
Ал қазір біз аналарымыз балаларын қалай біледі екенін соны тексереміз. Қазір біз аналарға сұрақ қоямыз. . Ал енді ендеше кеттік.

2-Жүргізуші:Үй тапсырмасы (үйден дайындап келген ас мәзірін таныстыру)

1-Жүргізуші: 7 «Ғ» квн

2-Жүргізуші: Сымбатына сын киім жарасатын,
Аспандағы айменен таласатын.
Өнеріне сәні сай келіп тұрған,
Аруларды қызығып қарасатын
Қыздарға әсемдік жарасатын бөліміне де кезек келді. «Көктем сән үлгісі 2015»

1-Жүргізуші:

Ана деген-асқақ ән,
Орындайтын әрқашан.
Анадай қымбат сыйлықты
Таба алмайсың ешқашан.
дей келе, әділқазылар өз шешіміне келгенше 7 «В» би: ән

Марапаттау кезеңі

Жүргізуші: «Қыз -ұлттың жаны» демекші,ата-аналардың аяулысы, құрбы-құрдастарыңыздың қадірлісі мен қымбаттысы , даламыздың гүлі, өміріміздің сәні бола беріңіздер.
Өнеріміз сайыста,
Жетелейді алысқа .
Бүгінгі күннің жеңісі,
Достық болып қалуда.
Баршаңызды наурыз мерекесімен құттықтай отырып, құт -береке тілей отырып, сайысымызды аяқтаймыз.


© 2010-2022