• Преподавателю
  • Воспитательная работа
  • Тақырыбы: «Кітап - білім бұлағы». Мақсаты: 1. Оқушылардың кітаптың шығу тарихымен таныстыру 2. Оқушылардың сахынада өзін-өзі ұстауын және өз ойын айтуға үйрету

Тақырыбы: «Кітап - білім бұлағы». Мақсаты: 1. Оқушылардың кітаптың шығу тарихымен таныстыру 2. Оқушылардың сахынада өзін-өзі ұстауын және өз ойын айтуға үйрету

Раздел Воспитательная работа
Класс -
Тип Статьи
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қарғалы ауданы

В.И.Пацаев атындағы орта мектеп





«Балалар кітабы» апталығы






Тақырыбы: «Кітап - білім бұлағы»







Өткізген: Дүйсмағанбатова Д.Қ., кітапханашы










Тақырыбы: «Кітап - білім бұлағы».

Мақсаты: 1. Оқушылардың кітаптың шығу тарихымен таныстыру

2.Оқушылардың сахынада өзін-өзі ұстауын және өз ойын айтуға үйрету.

3. Оқушыларды оқулықты құрметтей білуге, кітапты ұқыпты ұстауға баулу.

Әдісі: ой-қозғау, сұрақ-жауап әдісі

Түрі: аралас сабақ

Көрнекілігі: кітап туралы қанатты сөздер, мақал - мәтелдер, сөзжұмбақ,слайд.

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру:

1. Сәлеметсіздерме оқушылар. Бүгінгі біздің тәрбие сағатымыздың тақырыбың білу үшін мен сендерге жұмбақ жасырамын.

Қабат, қабат, қаптама,

Ақылын болса аттама. (Кітап)

Дұрыс айтасындар бұл жұмбақтың ауабы «кітап», ендеше біздің тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Кітап - білім бұлағы».

ІІ. Кіріспе сөз. Кітаптың шығу тарихы

105- жылы, яғни біздің заманымыздың ІІ ғасырында қарапайым Қытай шебері Цой Лунь қағазды ойлап тапты. Ескі шүберектен жасалған Самарқанның сарғыш қағазы әлемге әйгілі болды. ХІІІ ғасырда қағаз жасау өнері Шығыстан Батысқа қарай тартады.Баспа кітап өнерінің тууы-кітаптың дамуына кең жол ашты. Алғашқы ағаш баспа қалыбы ХІ ғасырда пайда болды.1045 жылы Чин өнерпазы Би-Шен құймалы әріптерді жасап шығарды.

Қазақ жерінде кітаптың шығуы Қазақстанның Россияға қосылуымен байланысты. Бұған дейін қазақ халқының кітаптары көбінесе араб әрпімен жазылып, қолжазба түрінде тарады.1800 жылы патша үкіметі Россия халықтарының тілдерінде кітап шығаруға рұхсат етті. Осыған орай Қазақстанның: Қазан, Уфа, Орынбор, Ташекент, Семей, Омбы қалаларында кітаптар шыға бастады.

ІІІ. Сөзжұмбақ шешу.

1. 1800 жылы патша үкіметі Россия халықтарының тілдерінде кітап шығаруға рұхсат етті. Осыған орай Қазақстанның қай қаласында кітаптар шыға бастады? (Ташкент)

2. Қытай шебері Цой Лунь қағазды біздің заманымыздың нешінші ғасырында ойлап тапты? (Екінші)

3. Қай елдің шебері қағазды ойлап шығарды? (Қытай)

4. Ескі шүберектен жасалған Самарқанның қандай түсті қағазы әлемге әйгілі болды? (Сарғыш) 5. 1800 жылы патша үкіметі Россия халықтарының тілдерінде не шығаруға рұхсат етті? (Кітап)

IV.Сахналық қойылым. «Ауырған кітаптар».

1-ші оқушы. Дәрігерге жөтеліп қазақ тілі кітабы кіреді. Ол жөтелуінің себебін сұрайды. Дәрігер кітапті тексергеннен кейін былай жауап береді.

- Кітап атаулы тым нәзік. Сен салқын терезенің алдында ұзақ жатып қалыпсың. Беттерің бүлінген. Ендігі жерде құрғақ жерде жүруге тырыс.

2-ші оқушы. Дәрігерге бетіне дақ түскен математика кітабы келеді.

- Бетіне түскен даққа жұқалап сабын жағып, дымқыл шүберекпен сүртсек, сенің бетін өз қалпына келеді.

3-ші оқушы. Дәрігерге түшкіріп ана тілі кітабы кіреді.

- Кітапті аздырып тоздыратындардың бірі шаң-тозаң. Шаң-тозаң қолға жұмсақ болғанымен, өте зиянды. Сен шаңды көп жұтыпсың. Сондықтан сенің бетінді құрғақ шүберекпен сүртіп отырамыз.

4-ші оқушы. Дәрігерге бір беті жұлынып қалған музыка кітабы келеді.

- Сенің бетіңді жабыстыру үшін: қағаз, желім, скоч және қайшыны пайдаланамыз. Сөйтіп сенің де бетінді қалпына келтіреміз.

Соңында кітаптар дәрігерге алғысын айтады.

V. Кітап ұстау ережелері:

1. Кітап - адам өмірінің таусылмас қазынасы, дүниенің айнасы, ғылым-білімнің көзі, өнер мен тәрбие құралының ең мықты қаруы болатын ақылшы екенін түсінуі керек.

2. Кітап оқыған кезде бөлменің ауасын тазартып жарықтың жеткілікті болуын қадағалау керек.

3. Кітап жатқан үстел беті мен жарықтың ара қашықтығы 1 метрден кем болмауы керек.

4. Кітапты күнделікті үзбей оқып, дағдыға айналдыру керек. Ол үшін күнде кітап оқуға 3-4 сағат бөлуді жоспарлау керек.

5. Кітап пен көздің ара қашықтығы 35-40 см және әрбір 45-50 минуттан

соң оқудан үзіліс жасап отыру керек.

6. Кітапты қалай-болса солай оқымай, оларды белгілі мақсатпен жоспар бойынша оқуға дағдылану керек.

7. Кітапты төсекте жатып, ас ішіп отырып оқымай, үстелдің үстінде оқу керек.

8. Кітапты оқығанда ойға сақтауға, керектерін жатқа айта білуге, керекті сөздерді жазып алып, өмірде пайдалануға әдеттену керек.

9.Кітаптағы түсініксіз жерлерді қайта-қайта бірнеше рет ойланып, талдау жасап оқып, оның қиындығын жеңу керек.

10. Кітаппен қоса Республикалық балаларға арналған басылымдарға: "Ұлан" газеті, "Балдырған", "Бала би" т.б. журналдарына жазылу керек.

11. Кітапты үнемі тыстап, ұқыпты, кірлетпей ұстауымыз керек.

VI.Кітап туралы тақпақтар.

1-оқушы.

Адамның досы кітап, өмір кілті,

Тең келмесе оған жиған дүние - мүлік

Ақылшы, жанға серік жол бастаушы,

Асыл ой, қазынасы, өмір көркі.

2-оқушы.

Түлекті тәрбиелер кітап - мектеп,

Өседі сол кітаптан бұтақ көктеп.

Молайтып ақылыңды сан еселеп,

Береді білім нәрін кітап көптеп.

3-оқушы.

Кітаптар бейне жапырақ

Жырлайтын сырын өмірдің.

Оқисын кейде жаттап

Көтеріп күйін көңілдің.

4-оқушы.

Айдын шалқар кейде бір

Кітапты тұнған көл дерсің.

Ауадай қажет бейне бір

Таппасаң нәрін шөлдерсің.

5-оқушы.

Кітапты оқымайды сыйламаған,

Білімге жанын жанып қинамаған.

Өсірген кімнің болсың ой-өрісін

Сол кітап бек ақылшы еүнде маған.

VII. Қорытыңды. Балалар, кітапты жыртпай, бүлдірмей, таза ұстау - бәріміздің міндетіміз, сол себепті кітаптарымызға ұқыпты қарап, кірлетпей





© 2010-2022