Сабақтың тақырыбы Мамандықтың бәрі жақсы

Раздел Воспитательная работа
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Білім беру саласы: Қатынас.

Оқу іс-әрекеті: Тіл дамыту.

Ұ.О. І. Ә-нің тақырыбы: Мамандықтың бәрі жақсы.

Ұ.О.І.Ә-нің мақсаты: 1. Балаларға еңбек етудің қажеттілігі, еткен еңбегінің жемісін көретіндігі,болашақта қандай маман болатындығына бағдар беру, мамандықтарға деген қызығушылықтарын арттыру.

2.Сурет бойынша қойылған сұрақтарға толық жауап беруге дағдыландыру арқылы зейіндерін дамыту.

3.Үлкендердің еңбегін бағалауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: түрлі мамандық иелері туралы суреттер, мамандықтар құралдары,кеспе қағаздар, мамандықтар киімдері.

Ұ.О.І.Ә-нің барысы:

I. Шаттық шеңбері.

  • Балалар, қазір мен сендерге сиқырлы суреттер таратамын. Арт жағында 3 түрлі сурет бар. Күлкі- жымиямыз, жүрек - құшақтаймыз, алақан - амандасамыз.

Балалар орындайды.

  • Балалар бізге бүгін қонақтар келіпті, амандасып алайық.

Аспан түрді түндігін,

Жерге сәуле жайылды.

Неткен ашық күн бүгін,

Қайырлы таң, қайырлы!

II. Ұйымдастыру кезеңі.

Бүгінгі оқу іс-әрекетімізді 3 топқа бөліп өткіземіз.

1. Құрылысшылар.

2. Дәрігерлер.

3. Қаржыгерлер.

Топ ережелері: тәртіп сақтау,тапсырмаларға жауап беріп,тобына ұпай жинау.

1-топ - ұпай орнына кірпіштер жинайды.

2-топ- дәрумендер жинайды.

3-топ- тиындар (ақша) жинайды.

1.Әзір ас жоқ дүниеде,

Сабақ өзі оқылмайды,

Көйлек өзі тоқылмайды,

Тұқым өзі себілмейді,

Үйлер өзі салынбайды,

Кендер өзі табылмайды,

Кітап өзі жазылмайды.

Барлық істің батыры- біз,

Екі қол мен ақылымыз.

Осының бәрін кім істейді? Кім айтады?

Асты кім әзірлейді?

Сабақты кім оқиды?

Көйлекті кім тігеді?

Тұқымды кім себеді?

Үйлерді кім салады?

Кенді кім табады?

Кітапты кім жазады?

Осы сөздерді бір атаумен қалай атаймыз ?Осы сөздердің ортақ атауы -МАМАНДЫҚ.

III. Негізгі бөлім

Мамандық таңдау әр адамның мақсаты." Армансыз адам, қанатсыз құспен тең", -деген даналық сөз бар. Барлық адамның арманы болады. Арманшыл адам болашақта дегеніне жете алады.Мамандық пен өнерді өз қалауымен таңдап алады. Мамандықтың түрі өте көп.

Көрнекілік арқылы мамандық түрлерімен, қызметтерімен, құралдарымен таныстырамын.

  • Ал сендер өскенде қандай мамандық иесі болғыларың келеді?

  • Мен ұшқыш болғым келеді.

  • Ал мен ақын болғым келеді.

  • Басқа балалардың жауаптары тыңдалады,тақпақтарын айтады.

Құрылысшы.

Қолда темір қалағым,

Саздан сарай саламын.

Алматыдан аумайтын,

Әсем қала саламын.

Дәрігер.

Мен дәрігер боламын,

Үлкеннің де баланың.

Қиналғанда қасына,

Бірінші болып барамын.

Ұшқыш.

Ар-намысын сақтаған,

Жүректе сыр жаттаған.

Жан-тәнімен сақтаған,

Ұшқыш болғым келеді.

Инженер.

Мен инженер боламын,

Жерден алтын табамын.

Жолын қуған әйгілі,

Академик ағаның.

Ақын.

Ал мен ақын боламын,

Сусылдаған қаламым.

Адамдардың жүрегін,

Жырмен жаулап аламын.

  • Дильназ гимнаст боламын деп отыр ,ол үшін дайындалып талпынып жүр екен.1-2 қимыл көрсетіп берші.

  • Мостикке тұрып жатқанда аяғын ауыртып алады.

  • Дильназ аяғын ауыртып алды, ауырған кезде кімге барамыз, кімнен көмек сұраймыз?

  • Дәрігерден.

" Мамандықтың бәрі жақсы " ойыны ойналады.

( Аспазшы, тігінші, дәрігер, шаштараз. )

Әліппе - дәптермен жұмыс.

Сергіту сәті: Қамажай биін қимылмен көрсетеді.

- Балалар мен сендерге жұмбақтар жасырамын, кәне, шешеміз бе?

1.Қолында қайшы тарағы,

Тәртіпке шашты салады. (Шаштараз)

2.Қалықтайды, бірақ ұшпайды. (Биші)

3.Ала таяқ ұстаған,

Жол тәртібін нұсқаған.

Өміріңді күзеткен,

Ысқырығы күшті адам, (Полиция қызметкері)

4.Көрінбейді өзі,

Естіледі сөзі. ( Радио дикторы)

5. Дабылға тез жететін,

Жалынға сүңгіп кететін.

Қақалса да түтінге,

Тайсалмайтын батыл кім? (Өрт сөндіруші)

"Кім тапқыр?" ойыны .

Шарты:Мамандық иелерін құралдарымен сәйкестендіру.

IV. Қорытындылау.

-Топтардың ұпайларын санайық. Бізге ең бірінші - денсаулық керек дәрумендеріміз көп болсын, екіншіден - бәрімізге де баспана керек кірпіштеріміз де көп болсын. Ал үшінші, ең соңғы кезекте әрине қаржы да керек.

-"5 саусақ бірдей емес" дегенді қалай түсінесіңдер?

Әрине, әр адам озінше ерекше.Барлығымыз бірдей құтқарушы, мұғалім, ұшқыш, бола алмаймыз. Әр адам өз қалауы бойынша мамандық таңдайды. Біздің таңдауымыз да әртүрлі. Біреуің ертең ақын, екіншің- инженер, үшіншің - құрылысшы боласың.Жаман мамандық жоқ. Мамандықтың бәрі жақсы.

Әсемпаз болма әр неге,

Өнерпаз болсаң арқалан.

Сен де бір кірпіш дүниеге,

Тетігін тап та, бар қалан.

© 2010-2022