Воспитательный урок Қош келдің Наурыз!

Раздел Воспитательная работа
Класс 1 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Қош келдің, Әз Наурыз!

Мақсаты: Наурыз айының шығыс халықтарында жаңа жылы, жыл басы саналатындығын оқушы санасына жеткізу. Наурыздың 22 - сінде күн мен түннің теңелетіндігін, одан кейінгі күндері күннің ұзарып, түннің қысқаратындығын айтып түсіндіру. Балаларға Наурыз мерекесінің тойлануы, наурыз көже туралы мағлұматтар беру.

Ұлттық салт - дәстүрлерді құрметтеп, оларды мақтан етуге, сақтауға тәрбиелеу.

Сапарбай

Наурыз айы жүректерге нұр сепкен,

Мандайымнан сүйіп жатыр нұр көктем

Жарығымен, шуағымен Күн - Ана

Алып келдің жер бетіне нұр көктем!

Ақерке

Осыншама жақсылық,

Алып келдің Наурызым!

Төрлет бізге нұр болып,

Шуақ шашып нұр жүзің!

Мұғалім

Қазақ халқының күнтізбесі бойынша Жаңа Жыл - Наурыз мерекесі көктеммен бірге келеді. Көктемде жер - дүние жасарып, табиғат жаңарады. Осы тіршілікпен бірге адамдардың да өмірі жанданады, жайнай түседі. Олай болса, бүкіл тіршілік атаулыны жаңартып, жақсартқан Наурызға шын ниетпен «Қош келдің, Әз Наурыз!» деп атайық.

Ән «Қош келдің Наурызым қазағыма!»

Ақерке

- Балалар, бізге Көктем де келіп қалыпты.

Көктем\К Айдана\

- Мен Көктеммін өзіммен бірге аналар мерекесін және ұлыстың ұлы күні наурыз мерекелерін ала келдім. Мерекелеріңіз мерекеге ұлассын!

Мен гүл жинау деген ойын әкелдім.

Ойын: «Гүл жинау»

Жүргізуші:

Келесі кезекті мерекеге арналған тақпақтарға береміз.

Абдіқадыр

Ой, халайық, халайық!

Әсем әнге салайық.

Наурыз тойын көңілді

Бірге қарсы алайық.

Маржан

Құтты болсын Наурыз,

Жалқаулық- қас жауымыз.

Дала толы егіске,

Малға толсын тауымыз.

Самат

Наурыз тойы әдемі,

Әжем еске түсірді.

Біздерге арнап әдемі,

Наурыз көже пісірді.

Ақбота

Кел, балалар, ойнайық,

Наурыз тойын тойлайық.

Баянды боп мереке,

Қыр гүліндей жайнайық.

Санат

Күттіріп келген жыл басы,

Бізбен бірге жырлашы!

Даласына елімнің

Береке, ырыс сыйлашы!

Назым

Құт береке, Наурыз айым келді деп,
Жер түледі, жасыл желек желбіреп,
Айналайын, атамекен, кең далам.
Толықсиды нұрға балқып, елжіреп.


Ән : «Ақ әжем» хормен

Жүргізуші:

-Әже демекші Әженің ауылына барайық

\Амандасамыз\

- Әже, Наурыз көже қалай дайындадыңыз?

Әже: Қарақтарым!

Наурыз көже - Наурыз мейрамының негізгі тамағы. Оған 7 түрлі тағам қосылады: қыстан қалған сүр ет, айран, сүт, тұз, құрт, тары, бидай. 7саны - киелі сан. Ал наурыз көже - тоқшылық белгісі.

Жүргізуші:

- Әже, біздің балаларымыз наурыз көже туралы тақпақ айтқылары келіп тұр екен, олай болса кезекті балаларға берейік.

Ботакөз

Арпа, бидай, тары бар,

Қатық, малта, тағы бар.

Ішілетін, жейтіннің

Бұл көжеде бәрі бар.

Иманғали

Бата беріп атамыз,

Бата беріп әжеміз,

Тәтті болып жасаған

Көжеден дәм татамыз.

Қаракөз

Құрт, бауырсақ шашылып,

Наурыз тойы ашылсын!

Бір- бірінен мына жұрт

Салтанатын асырсын.

Ерхан
Қош келдің, Науырызым ардақты
Халқым саған бар үмітті арнапты
Жылда осылай келе берсін жасарып
Гүлге бөлеп, жырға бөлеп аймақты

Би:

Жарас

Осыншама жақсылық

Алып келген Наурызым!

Төрлет бізге нұр беріп,

Шуақ шашып ақ жүзің!

Пошташы жігіт\Нұрбек\ келеді.

- Амансызба Әже!
Мерекеңіз құтты болсын! Жылдағы дәстүр бойынша ауыл әкімінің сізге арнаған құттықтамасын ала келдім. Біздің жұмысымыз осы. Алысты жақындатып, жақсы тілектерді жеткізушіміз


Әже

-Иә, балам, рахмет! Қандай жаңалығың бар. Айта отыр.
Пошташы: Алып отырмын. Алда үлкен сайлау келе жатыр. Үлкен дайындық жүргізілуде. Алда тек еліміз аман болсын, қариялар сіздер ақылшы болып жүре беріңіздер.
Әже : Тілегің орындалсын. Аман жүр.
(Пошташы кетеді.)

Сапарбай

Сүйінші! Қыдыр ата келе жатыр!

Қыдыр ата: Армысыздар халайық. Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!

Ақерке

Қош келдіңіз!

Ұлыс күні қазан толса,

Ол жылы ақ мол болар

Ұлы кісіден бата алса,

Сонда олжалы жол болар,- деп өзіңізден бата сұраймыз.

\ Қыдыр ата бата береді.\

Бата : Атабек
Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!
Қайда барсаң жол болсын!
Ұлыс бақты болсын!
Төрт түлік ақты болсын.
Ұлыс береке берсін
Пәле-жәле жерге енсін
Ұлыс күні қазан толса,
Ол жылы ақ мол болар.

Ұлыс күні үлкеннен бата алса,

Қайда барса да жол болар!
Менің берген бұл батам
Алланың құлағына шалынсын! Әумин!


Мұғалім

Халқымыздың ұлттық өнерінің керемет бір түрі - айтыс. Наурыз мейрамында ақындар айтысы болып отырған. Ақындар жақсылық пен жамандық, суық пен жылының күресін жырлаған. Ежелден келе жатқан төл өнеріміз бүгінгі ұрпақ бойында да өз жалғасын табуда. Тамаша өнерді жалғастыру өз парызымыз деп түсінген кішкентай айтыскерлерімізді қошеметтеп қарсы алайық:

Айтыс:

Біләл

Ұлыстың ұлы күнінде

Кім айтысар менімен!

Айтыс айтыс болады

Айтысқанда теңіңмен.

Аңсаған

Айтыс айтыс болады,

Шықса ақын теңімен.

Шешен болсаң көрейін,

Айтысып көр менімен!

Біләл

Бес нәрседен қашық бол,

Бес нәрсеге асық бол.

Қош алдың ба мән беріп

Қанша болды санап көр!

Аңсаған

Бірге төрт бес болады,

Оны бәрі білетін.

Сен дейсің бе саусағын

Санай алмай жүретін.

Жүргізуші:

Ал енді Ұлыстың ұлы күнінде еліміздің басын біріктіріп, еркіндікке жол салған ата -бабаларымызды еске алмасқа болмас. Ол үшін кезекті «Нақыл сөздерге» берейік.

Тимур

Төле би айтқан екен:

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді,

Тауып айтқан сөзге шың жетпейді.

Өзің білмесең білгендерден үйрен

Үйренгеннен ештеңең кетпейді!

Бексұлтан

Әйтеке би айтқан екен:

Ашу бар жерге ақыл тұрмайды.

Ашу деген ағын су,

Алдын ашсаң арқырар.

Ақыл деген дария,

Мөлдір су боп сарқырар.

Ардақ

Қаз дауысты Қазыбек би айтқан екен:

Арадан шыққан жау қиын,

Таусылмайтын дау қиын.

Құр айтылған сөз қиын,

Іске аспаған іс қиын.

Мұғалім

Бәрекелді, балалар! Даналарымыздың осындай ақыл сөздерін жанымызға сақтап, үлгі етіп жүрейік.

Ойын: «Арқан тартыс».

Нұрдәулет

Сәнді көктем нұрымен,

Наурыз тойы жырымен,

Көңіл гүлдей жайнасын,

Наурыз тойы тойлансын!

А Айдана

Жаңғыртқан дәстүрімді рахмет, елім,

Тербетсін шаттық әні қазақ жерін!

Той бастаған қадамың құтты болсын,

Салт - дәстүрім кеңінен өркендесін!

Ойын «Теңге ілу»

Арайлым
Жарқырасын Алатаудай жеріміз!
Асып-тасысын байлығымыз, кеніміз
Ел сүйсініп дәулетіне елімнің,
Малға толып жатсын барқыт беліміз!


Қарақат
Тойла бүгін тауларым мен боз далам,
Тойла бүгін қарттарым мен бозбалам.
Мереке боп келген бүгін Наурызым!
Береке бол ешқашанда тозбаған!

Айжан
Аспанымда ақша бұлттар аунайды,
Наурыз тойы көңілімді баурайды.
Тебіренген табиғат та - мейрам,
Аңқылдаған қазағымнан аумайды

Би :

Ән «Қазақ елі осындай»

Мұғалім

Сәулесіндей көріндей таңғы үміттің,
Басын қостың салт - дәстүр сан ғұрыптың.
Жаса Наурыз, жарқыра көкте күндей,
Мерекесі достықтың, мәңгіліктің - деп тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.





© 2010-2022