Қазақстан-тәуелсіз мемлекет 9 сынып

Раздел Воспитательная работа
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:



Сабақтың тақырыбы: .«Қазастан -тәуелсіз мемлекет»

«Сендердің білімдерің - ол сендердің еңбектеріңнің нәтижесі. Сендер өздігінен білім

алуға неғұрлым көбірек еңбектенсеңдер, соғұрлым көбірек білетін боласыңдар»

Н.Ә.Назарбаев

Мақсаты:

1. Қазақстан Республикасы туралы оқушылардың алған білімін жинақтап, одан әрі танымдылығын арттыру.

2.Оқушылардың ойлау, сөйлеу дағдысын дамыту өз ойын мәдениетті түрде жеткізе білу

3.Туған халқына, Отанына, оның тарихи тағдырына деген құрмет сезімін қалыптастыру.Патриоттық тәрбие беру.

Күтілетін нәтиже:

-алған білімдерін түрлі жағдаяттарда қолдана білу;

-сөйлеу мәдениетін көтері;

-аналитикалық, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту;

-танымдық қызметіне қызығушылық туғызу;

3 топқа бөлінеді әр топта 5 қатысушы болады.

Жүргізуші : Армысыздар,қадірменді ұстаздар, оқушылар! Отан, туған жер атамекен, елім, ауылым деген - жүрек тебірентіп, шаттық сезімді оятып қасиетті сөздер мен туған жердің тарихын, шежіресін білу - әрбір ұрпақтың азаматтық борышы.«Қазастан -тәуелсіз мемлекет» тақырыбында өткелі отырған интеллектуалдық сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Ойынымызды бастамас бұрын әділ қазылар алқасымен таныстырып өтейік.

Раева Қамаш -тарих пәнінің мұғалімі

Есқуатова.А - директордың тәрбие ісі - жөніндегі орынбасары

Тәлімгер-Досбосинова.А

Ойынның кезеңдерімен таныстырып өтейік.

I - тур: Командалар өздерін таныстыру

II- тур: Блиц-турнир(Әр топ тез жауап беру) 1минут 10 сұраққа жауап

III- тур: Маңғыстау -туған жерім

IY- тур: Тұлғаларды танып біл (қойылған сұрақтарға жауап беру)

Y- тур: Тарихқа саяхат

YІ-тур

I - тур: Командалар өздерін таныстыру

II- тур: Он сұрақ (әр топ ) 10 сұраққа жауап тез - тез жауап беру керек .Әр дұрыс жауап үшін 5 ұпай беріледі.

Сан ғасырлар тарихынан кешегі,

Туған жердің шежіресі өседі,

Менің елім Қазақстан - Отаным,

Болашағы бізбен бірге өседі - дей келесі кезекті сайысқа келген топтарға берейік.

I - команда

1.Қазақ хандығының тұңғыш хандары (Жәнібек пен Керей)

2.Белгілі ғалым «Әлемнің екінші ұстазы » Әл - Фараби

3.Конституция нешінші жылы жарияланды?(30 тамыз 1995 жыл)

4.Қазақстан терриоториясының ауданы (1,6 млн.км шаршы)

5.Жеті рет өлшеп… (бір рет кес)

6.Бір адам құдық қазса… (мың адам су ішеді)

7.Жануарлар арасындағы ұзындыққа секіру чемпионы кім? (кенгуру)

8.Абылай хан жерленген қала (Түркістан)

9. Ғылымдар атасы (тарих)

10. 12 -нің квадраты

II- команда

1.Ақмола Астана деп қай жылы аталды? (6 мамыр1998 жыл)

2.Тұңғыш Президенттің күні (1желтоқсан)

3. Ғылым патшасы (математика)

4.Ең ірі жәндік (кит)

5.Тұңғыш Қазақстан ғарішкері (Т.Аубакиров)

6.Отыз тістен шыққан сөз .....( отыз рулы елге жетеді)

7.Қандай астық дән суда өседі? (күріш)

8.Қазақстан аумағы бойынша дүние жүзінде нешінші орын алады? (9)

9.Еңбек ширатады… (өмір үйретеді)

10.Н.Назарбаев 960 ж.еңбек жолын жұмысшы болып бастаған қала (Теміртау)

III- команда

1.Қазақстанда неше облыс бар? (14)

2.Реестадқа алғаш ту тіккен қазақ батыры.

3.10 ның квадраты (100)

4.Назарбаев университеті қай жылы ашылды? (2011ж)

5.Қазақ тілінде неше әріп бар? (42)

6.Өнер ағып жатқан бұлақ,… (білім жанып жатқаншырақ)

7.4 маусым -Рәміздер күні

8.Бізге жазба деректерден белгілі сақ патшасы (Томирис)

9.Қазақстанның ең ірі қаласы (Алматы)

10.Пирамидалар қай мемлекетте орналасқан? (Египет)

III- тур: Маңғыстау-туған жерім

IY - тур: Тұлғаларды танып біл (қойылған сұрақтарға жауап беру)

1. Жалғыз Отан - адамның жүрегі ғой,

Ер жігіт туған жерін сүйеді ғой.

Ел үшін желтоқсанда құрбан болған (Қайрат)

2. Шағатайдың алты ай бойы басып ала алмаған Отырар қаласы туралы дастан жазған кім? (М.Шаханов)

3.Жүрегімнің түбінен терең бойла,

Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла ( Абай)

4. Білімсіздер білімдіге жау болды,

Надандардың аңсағаны дау болды.

Бұл сөзімді білімдіге арнадым,

Білімсіздің тілін ұға алмадым. (Ж.Баласағұн )

5. Қара қазан сары бала қамы үшін

Ат үстінде алмас қылыш сермедік ( М.Өтемісұлы)

Y - тур: Тарихқа саяхат

YІ-тур

Қорытынды:

Тауды биік деме сең,

Талаптансаң шығарсың,

Қарсылас мықты деме сен,

Білімді болсаң, шығарсың дей отырып сайысымыздың жеңімпазын анықтау үшін сөз кезегі әділ - қазыларға береміз.


© 2010-2022