Қыз - өмірдің қызғалдағы тәрбие сағаты

«Қыз-өмірдің қызғалдағы» Мақсаты: 1.Қазақ қызының бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай әдептілік, көріктілік, ептілік, инабаттылық, кішіпейілділік, сұлулық т.б жан-жақты ұлттық қасиеттерін таныта білу; 2.Оқушылардың ойлау, есте сақтау, танымдық қасиеттерін дамыту; 3.Қазақ халқының әдет-ғұрпы арқылы қыз бала тәрбиесіне тән қасиеттерді бойына сіңіру. Көрнекілігі: суреттер көрмесі, нақыл сөздер, мақал-мәтелдер. Барысы. Ән тыңдау. «Қазақ қызы» (А.Керімбекованың орындауында) Қазақ халқы «...
Раздел Воспитательная работа
Класс 4 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Қыз-өмірдің қызғалдағы»

Мақсаты:

1.Қазақ қызының бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай әдептілік, көріктілік, ептілік, инабаттылық, кішіпейілділік, сұлулық т.б жан-жақты ұлттық қасиеттерін таныта білу;

2.Оқушылардың ойлау, есте сақтау, танымдық қасиеттерін дамыту;

3.Қазақ халқының әдет-ғұрпы арқылы қыз бала тәрбиесіне тән қасиеттерді бойына сіңіру.

Көрнекілігі: суреттер көрмесі, нақыл сөздер, мақал-мәтелдер.

Барысы.

Ән тыңдау. «Қазақ қызы» (А.Керімбекованың орындауында)

Қазақ халқы «Қыз» деген сөздің өзін әдеміліктің, инабаттылықтың, сұлулықтың белгісі деп таныған. Халқымыздың халық ауыз әдебиетінде көптеген ақындарымыз қызға көптеген керемет суреттемелер берген. Сондай-ақ қыз баланың ұқыптылығын, шеберлігін, сүйкімділігін, жанының нәзіктігін, өнер, білімге бейім тұратынын жоғары бағалап, оның ол қасиеттерін бейнелі сөздер арқылы ерекше көрсеткен. Мысалы: «Қыздың жиған жүгіндей», «Қыздың тіккен кестесіндей», «Қыз -елдің көркі, гүл жердің көркі», «Жақсы қыз - жағадағы құндыз», «Қызы бар үйдің қызығы бар» т.б.

Қыз емес, қыздың аты - қызыл алтын,

Көрінер туған айдай жүзі жарқын.

Үлкеннің алдын кесіп сөз сөйлемес,

Халқының сақтай білген ізгі салтын.

Қыз бала -бойжеткен, келін, ана,

Бәрі де дер кезінде дара тұлға.

Ұрпағыңның ойласаң болашағын,

Қызды сыйла, жамағат, қызды сыйла.

Бейнеролик: «Қыздар туралы» көрсету.

Мұғалім:

-Балалар осы біз қыз баланың бойынан қандай қасиеттер көргіміз келеді?

Ұл балалар:

- Нәзіктік пен сұлулықты, ұяңдық пен инабаттылықты, сыпайылықты, әдемілік пен ұялшақтықты, өнерлік пен іскерлікті, шеберлік пен ақ ниеттілікті, ақкөңіл қасиеттерді.

Мұғалім:

-Ия, дұрыс айтасыздар. Енді осы өзіміздің сыныбымыздың нәзік, сыпайы, сұлу аруларымыздың білімдерін сынап көрелік. Ол үшін сайысымыздың шарттарымен таныстырып өтейін.

1 кезең. «Білгенге маржан».

2 кезең. «Көркемсөз шебері».

3 кезең. «Ою ойғанның - ойы ұшқыр».

4 кезең. «Тіл өнері».

Сайысымызды ұл балалар бағалайды.

Қыздарымызды ортаға шақырамыз.

1.Аяулым қыз елгезек

Алады тез тіліңді.

2.Гаухар қыз өнерлі

Бойға жиған өнерді.

3.Ару қыз тұр үлбіреп

Көз жанары мөлдіреп.

4.Аружан қыз шығады,

Бұрымдары желбіреп.

5. Гүлдана қыз білімді

Меңгерген бар ілімді.

1 - кезең. «Білгенге маржан».

Әдет-ғұрып, салт-дәстүрі қазақтың,
Жарасымды үйлесімді ғажап шын.
Ұмыт болған дәстүрлерді сақтайық,
Насихаттап, жаңартудан қашпайық. Қыздарға салт - дәстүрге байланысты сұрақтар қойылады.

1. Малдың сүтінен дайындалатын кептіріліп, ұзақ уақыт сақталатын тағам (құрт)
2. Киізге ою-өрнек басып жасалған кілемше (түскиіз)
3. Кестелеуге ине мен жіптің қандай түрін алған жөн? (жіңішке ине, кесте жіп)
4. Қандай қолданбалы өнер түрлерін білесіңдер? (кілем тоқу, құрақ құрау, киіз басу, сырмақ сыру)
5. Табиғи жүнді неден алады? (қой, ешкі)
6.Қамырдың негізгі шикізаты (ұн)
7.Көкөністен дайындалған салқын тағам. (салат)
8.Иық бұйымына жататын қазақтың ұлттық киімі (камзол)

9.Тамақтан соң ауыз сүртуге арналған орамал. (салфетка)
10. Кестелеу үшін қандай құрал керек? (кергіш, оймақ, ине)
11. Сумоншақтың орысша атауы (бисер)
12. Шашбау, шолпы дегеніміз не?

13. Киіз үй бөліктерін ата.

14. Тұрмыс - салт жырларын ата.

15. Қандай ою түрлері бар?

2 -кезең. «Көркемсөз шебері».

Қыз балалар қалаған өлеңдерін мәнерлеп немесе жатқа оқиды.

3- кезең. «Ою ойғанның - ойы ұшқыр».

Сырмақ ойып, текемет, киіз басқан

Өнерлі шеберлер бар даңқы асқан

Шеше көрген тон пішер дегені рас

Аруларым шебер қолға араласқан.

Балалар ою-өрнек күнделікті біз пайдаланып жүрген заттарда көп кездеседі. Олар ұрпақтан- ұрпаққа тарап, жалғасып келеді. Олардың түрлері өте көп. Мысалы: қошқар мүйіз, итқұйрық, гүл, балта, жұлдыз, шеңбер, ирек,ағаш.

-Бұл ою түрлерін үй мүліктерінде, ұлттық киімдерде, зергерлік бұйымдарда, ыдыс-аяқтарда кездестіреміз. Әр бір оюдың түпкірінде терең мағына жатыр. Мысалы:Қошқар мүйіз молшылықты меңзесе, ағаш оюы ынтымақ- бірлікті, ирек оюы адамның өмір жолын, судың белгісін, шеңбер ою жарық өмір жолы дегенді білдіреді. Ал бүгіні біздің қыздарымыз қандай ою оя білетінін көрейік.

4-кезең. «Тіл өнері».
Ал, қанеки, қыздар, ойнайық,
Ойнайық та, ойлайық
Қандай жұмбақ болса да,
Шешпей оны қоймайық - дегендей жұмбақ шешіп көрейік.
1. Бар екен дүниеде жалғыз көзді,
Сол көзбен дүниенің бәрін кезді.
Әлемді он сегіз мың киіндіріп,
Дүниеден жап-жалаңаш өзі безді. (Ине)

2. Құрғақ жерде сақтайсың
Онсыз тамақ татпайсың. (Тұз)

3.Екі семсер айқасқан,
Оқта-текте шайқасқан. (Қайшы)

4. Арық ат қарны қабысқан
Бір көлді ішіп тауысқан. (Қасық)

5. Дәмді-дәмді тағамдарды жинайды,
Қонақтарды көңілдене сыйлайды. (Дастархан)
6. Бір сусын бар жұртымда,
Ішсең уыз ұртыңда.
Бәрі содан шығады,

Ірімшік май құртыңда.
7. Дастарханға шуылдап,
Күніне үш жиылар,
Жарты сағат қимылдап,
Жарты сағат жуынар. (ыдыс-аяқ)
8. Қимылдаса қос шебер,
Қыруар-қыруар іс өнер (Қол)

9. Инеден өзі бір елі де қалмайды,
Бөлшектерді тігіспен ол жалғайды. (Жіп)
10. Киім деуге жатпайды,
Киімді кірден сақтайды. (Алжапқыш)

Би билеп ән мен күйде аяқталды,
Уақытта біраз жерге таяп қалды.
Көктеммен қоса келген
Ару қыздар мерекесі аяқталды.

Әділ - қазылардың қорытындысын тыңдаймыз.

Марапаттау.








© 2010-2022