Ашық тәрбие сағаты: Ұлы Жеңіске 70 жыл!

Раздел Воспитательная работа
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ұлы Жеңіске 70 жыл

Ашық тәрбие сағаты: «Жеңіс оңайлықпен келген жоқ»

Тәрбие сағатының мақсаты:Студенттерді туған жерін,Отанын сүюге ,Ұлы Жеңістің маңызын түсінуге,Ұлы Отан соғысы ардагерлерін құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: мультимедиялық тақта, «Кеңес Одағының Батырлары» буклет, ерлік жайында жазылған нақыл сөздер, «Ленинград» бейне фильмі.

Оқытушы: Шығыста таң шапағы жаңа біліне бастаған кез.Еңбек адамдары қанен-қаперсіз ұйқыда.Келесі күн жексенбі еді.Ояу жүрген тек шекарашылар.Кенет батыс жақтан қызылды-жасылды оттар,гүрілдеген дауыстар шекараға тақап келді. Бұл-1941 жылғы 22маусымның таңғы сағат 4-тің кезі еді.Фашистік Германия жарияламастан қарақшылықпен Кеңес Одағына соғыс ашты.Ұлы Отан соғысы басталды. («Священная война» әні) 1-оқушы: Июннің сәбидей бір пәк күні еді,

Кенеттен жаба салды түн түнегі

Көміліп, көк түтінге көктің жүзі

Жарқылдап ,жасын атып күркіреді

Қан тілеп,соқты дүлей,бір долы жел

Өрт топан қызыл-ала құйылды сел

Жапырақ қаралы зар хатқа айналып

Тырысып жалын шалған жиырылды жер

Оқытушы: Неміс фашистері күшті армия құрды.Гитлердің бұйрығы бойынша фашистер күзге дейін Кеңес Одағын талқандаймыз деді.Партия халықты: «Бәрі де майдан үшін, бәрі де жеңіс үшін!» деп шақырды.

2-оқушы: Отаным, еркелеймін енді кімге?

Өзіңмен нені болса көрем бірге

Қалайша қабырғама батпас менің

Басыңа қатер бұлты төнген күнде

Ер елім көрсет тағы еңбек күшін

Еңбекпен қас дұшпанның өрті сөнсін!

Түр білек, түс еңбектің туы астында

Бәрі де майдан үшін, жеңіс үшін!

Оқытушы:Жау алғашқы күннен-ақ Кеңес Одағының ең негізгі қалаларына шүйлікті. Соның бірі тарихи көркем қала-Ленинград. Ленинград 900 тәулік бойы жау қоршауында қалды.1944 жылы қаңтарда Ленинград қаласы жаудан азат етілді.

3-оқушы: Жүрегімде жатталған ат

Ленинград,Ленинград

Алтын бесік,бір сен үшін

Керек болса қан береміз

Қанмен бірге жан береміз

Сөнгенше күн көктен құлап

Мызғымайды Ленинград!

Оқытушы: 1941жылдың күзінде жау Отанымыздың жүрегі-Москваға шабуыл жасады.

4-оқушы: Зұлым жаудың ниеті

Москваны құлатпақ

Кремльді күл етіп

Асыл тасын уатпақ

Содан кейін осында

Жеңіс тойын тойламақ

Қызыл алаң тасында

Жын ойнағын ойнамақ

Жеңілмеді астана

Берілуге болмайды

Артымызда Москва

Шегінуге болмайды

Оқытушы:Москваны қорғауда Қазақстандықтардан құрылған генерал Панфиловтың 8-гвардияшылар дивизиясының ерлігі Ұлы Отан соғысы тарихына ерлікпен жазылды. Саяси жетекші Клочковтың : «Россия кең-байтақ,бірақ шегінетін жер жоқ, артымызда-Москва! Отан-ана!Ұлдарыңа күш-қуат бер,қас дұшпанды қаусатайық!»деген сөзі тарихта қалды.

5-оқушы: Тастар көкке атылды

Орман шулап,тау құлап

Жиырма сегіз батырды

Жеңе алмады, жау бірақ

Жау жеңілді ақыры

Атты бейбіт таң күліп

Жиырма сегіз батырын

Ұмытпайды ел мәңгілік ( Ән «28 батыр»)

Ән «28 батыр»

Ақ қайың мүлгиді

Желегі қуарған

Шертеді бір күйді

Қырмызы ну орман

қ-сы: Жан бауыр егіздер

Жиырма сегіз ер

Жау тосып тұрған жер

Сарғайып сана, іздейді пана

О,жалған,о,жалған

Бір кезде гуілдеп

Ұраға толды жел

Сұм ажал гүрілдеп

Шайқалды туған жер

Оқытушы: Фашистер Украинаның астанасы-Киевті, Белоруссияның астанасы-Минскіні, даңқты қала-Волгаградты, Қара теңіздегі портты қала-Одессаны,Крымдағы-Севастополь қаласын, Брестьқамалын, Новороссийск,Керчь,Тула қалаларын басып алу мақсатында қиян-кескі ұрыстар жүргізді.Кеңес адамдары оқ пен оттың астында жүріп, әр қала, әр үй,әр көше,әрбір метр жер үшін аянбай шайқасты.

6-оқушы: Астан-кестен қирап жатты мол қала

Бомбы жауды өзен-көлге,жолға да

Кеудесінде кек қайнаған ер халық

Берілмеді, жеңілмеді сонда да

7-оқушы: Алған ұрлап ұйқымды

Алған ұрлап күлкімді

От қамшылап, оқ мінген

Көрдім ажал шіркінді

Жерден,көлден,аспаннан

Соқты жауды ел күнде

Берлинде алғаш басталған

Бітті соғыс Берлинде

Оқытушы: Кеңес Армиясы Москвадан Берлинге дейін даңқты жолдардан өтті. Фашистік Германия тізе бүкті. 20 миллионнан астам кеңес адамдарының өмірін қиған Ұлы Отан соғысы 1945 жылы 9 мамырда жеңіспен аяқталды.Кеңес Армиясы фашизмнің ордасы Рейхстагқа Жеңіс туын тікті. Оның ішінде алғашқылардың бірі болып,өз әскери бөлімшесінің туын тіккен- лейтенант Рақымжан Қошқарбаев.

8-оқушы:

Талқандап,әлем жауын түгел,тегіс Баянды тәмамдалды , бұл- қантөгіс 45, майдың айы, құтты болып, Әкелді Отаныма Ұлы Жеңіс !

9- оқушы: Жеңіс келді қалама

Жеңіс келді далама

Жеңіс келді әке боп

Елдегі бар балаға

Жеңіс келді ән болып,

Келді ауылға сән-көрік

Жеңіс келді алақай

Тоя жейтін нан болып (Ән «День Победы»)

Биыл Ұлы Жеңіске 70 жыл толады. Жеңіс оңайлықпен келген жоқ.Осы Ұлы Жеңіске қол жеткізіп,Отан үшін,біздің болашағымыз үшін құрбан болған жауынгерлер рухына тағзым ету үшін «үнсіздік»минутын жариялаймын. (Бір минут үнсіздік)

10-оқушы: Ұмыт болған, ұмыт қалған жоқ ешкім Айтады оны арманы да арыстың Ұрпақ үшін тозбайтұғын, бітпейтін Ардагерлер-естелігі соғыстың

Аман бол,қажырлы еңбек қайраткері, Аман бол,ақыл ойдың кемеңгері Аман бол, біздер үшін қанын төккен Ұлы Отан соғысының ардагері

Барлығы қосылып: «Ешкім де ұмытылмайды ,Ешнәрсе де ұмытылмайды»



© 2010-2022