Круглый тол Религия и молодеж

Раздел Воспитательная работа
Класс -
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Батыс Қазақстан облысының Білім басқармасы «Орал «Сервис» технологиялық колледжі» МКҚК





Дөңгелек үстел

Тақырыбы: «Жастардың діни сауаттылығы және қазіргі қоғам»




Круглый тол Религия и молодеж






















21.10.2015ж

«Жастардың діни сауаттылығы және қазіргі қоғам» тақырыбындағы дөңгелек үстел жоспары.

Өтетін орны: Орал «Сервис» технологиялық колледжі

Өтетін уақыты: 21.10.2015ж. сағат 14:00

Мақсаты: ата-бабамыздың, ұлтымыздың әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін,

қадір-қасиетін бойына сіңірген, ұлттық намысы, ар-ожданы

бар жастар тәрбиелеу.

Қатысушылар: Жоғары және арнаулы оқу орындарының студенттері мен оқушылары.

Бағдарлама:

Кіріспе сөз

Н.Х.Галиева - Орал «Сервис» технологиялық колледжінің директоры

А.М.Кенжеғалиев - БҚГА студенттерінің «Дәуір» ЖҚБ төрағасы

Данияр Уалиахмет Аманқосұлы - БҚО Жастар саясаты мәселелері басқармасы жанындағы Жастар ресурстық орталығы ММ басшысының орынбасары

А.Е.Салекеев- Орал «Сервис» технологиялық колледжінің тарих, құқық және экономика пәнінің оқытушысы

Жүргізуші: Қайырлы күн құрметті қонақтар мен студенттер. Жастарымызды теріс діндерден сақтандыруға шақыратын «Жастардың діни сауаттылығы және қазіргі қоғам» атты дөңгелек үстелге қош келдіңіздер!

Баяндамалар

Василеев Данияр - БҚИТУ, педагогикалық факультетінің тарих мамандығының 3-курс студенті;

Булатова Айгөркем - Орал «Сервис» технологиялық колледжінің тамақтандыруды ұйымдастыру мамандығының 15-топ студенті;

Ғайнолла Арайлым - БҚИТУ, педагогикалық факультетінің тарих мамандығының 3-курс студенті;

Мәлікұлы Әл Фараби - Орал «Сервис» технологиялық колледжінің қызмет көрсету менеджері мамандығының 2-курс студенті;

Жүргізуші: Ұлттың бүгіні мен келешегі - білімді жастың қолында. Анығырақ айтқанда, тарихын терең білетін, ұлттың рухани құндылықтарын бойына сіңірген ұрпақ қана ел болашағын қалыптастыра алады. Осы жас ұрпақтың рухани дамуы бағытында діни сауаттылықтың алар орыны ерекше.Сондықтан қазіргі қоғамда дін гуманистік білім берудің ажырамас компоненті ретінде, мәдениеттің құрамдас бөлігі санатында қарастырылады.

Адам діни сауаттылығын арттыру арқылы қоғамға, қоршаған ортаға деген көзқарасы қалыптасып, кемелдену құбылысы жүзеге асады. Сондықтан жастардың заманға сай діни білім деңгейлерін арттырып, дәстүрлі құндылықтарды сақтау бүгінгі күннің басты мәселесі.

Жүргізуші: Діни сауаттылықтың адам санасының оңды дамуындағы рөлі маңызды болмақ.Қоғамның діни өмірінің тенденцияларын, діни ахуалды ескере отырып, оны жастарға жеткізіп отыру қажет. Кез-келген мемлекеттің жарқын болашағы мен кемелденуі осы жастардың болмысы мен санасына, мәдени дамуына, білім мен тәжірибе деңгейіне байланысты болады.

Елімізде өзара түсіністік пен дінаралық татулықты сақтай отырып

мемлекеттілікті нығайту үшін жас ұрпақ дәстүрлі діндер, олардың рухани құндылықтары, жалпы діни тәрбие туралы айтылуы тиіс

(Діни экстремизм тақырыбындағы видеоролик көрсетіледі)

Жүргізуші: Адамзат XXI ғасырға қадам аттағалы өткен жүзжылдықта шешілмеген көптеген мәселелерге ие болса, соның бірі - терроризм. Терроризм күрделі, сан қырлы теріс әлеуметтік құбылыс Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары пайда болған «діни құлазу» елімізде көптеген түрлі секталардың, діни бірлестіктердің пайда болуына себеп болды. Осылайша Қазақстанда қайырымдылықты жамылып, түрлі үкіметтік емес қорлар мен ұйымдар арқылы гуманитарлық және басқа да көмектер жасау, жеке оқу орындарында экстремистік, діни ағымдар өкілдері білдірмей қоғам санасын жаулай бастады. Терроризм заң шеңберінен тыс жолмен, қорқыныш ұялату үшін зорлық көрсету актілерін жасау арқылы, қазіргі кезде территориялық және ұлтаралық қайшылықтарды шешу тәсіліне айналып барады. Ал «діни экстремизм» дегеніміз қоғамдағы дәстүрлі діннің құндылықтарын жоққа шығару. Дәстүрлі дінге жат «идеяны» белсенді насихаттау. Зайырлы қоғамға қарсы әрекет ету.Әрине мұндай жағдайда мемлекет діни конфессиялардың арасындағы келісімді нығайту, осы діни экстремизмнің алдын алу сияқты келелі мәселелерге келгенде әрекетсіз қалмайтыны даусыз. Сондықтан да дәл қазіргі жагдайда діни экстремизмнің алдын алу, қалың бұқараны жан-жақтан ағылған әртүрлі діни ағымдардың жетегінде кетуден сақтандыру мақсатында көптеген істер атқарылып та жатыр.

Жүргізуші: Еліміз егемендік алған алғашқы кездері қазақ қоғамының жан дүниесі, діни сауаттылығы кешегі Кеңес үкіметі ықпалынан белгілі бір деңгейде әлсіреп қалған болатын. Яғни, халықтың діни сауаты төмен дәрежеде болды. Осындай нәтиженің салдарынан, түрлі деңгейдегі жаңа ағымдар мен жаңа діни бірлестіктердің саны артып кетті.Ал қазіргі таңда дінге бет бұрған жастар арасында діни сауаттылықты арттыру мақсатында Ислам мемлекеттеріне барып, ілім ізденіп келушілердің саны көбейді. Сол жастарымыздың Исламның қазақ қоғамының дәстүрлі ұстанымы мен ерекшеліктеріне, құндылықтарына ешқандай да қарама-қайшылық туғызбайтын тәлім үйреніп келіп жатқандар бар. Десекте, діни сауаттығының таяздығынан жат елде алып жатқан ілімнің парқына бармай, қазақтың ұлттық құндылықтары мен ерекшеліктерін мүлдем жоққа шығарып, кейбір мемлекеттердің идеологияларын алып, бүгінде ел арасына іріткі салып жүрген жастар да аз емес.Қазақ «іштен шыққан жау жаман» дегендей басқа дінді немесе теріс ағымды уағыздайтын миссионерлерден гөрі өзіміздің Ислам дінін бет перде етіп халықтың санасын улап жүргендер қаншама.Діни сауаты кешегі атеизм мен Исламның ортасында қалқып тұрған қазақтың кез-келген азаматы осы теріс пиғылды ағымдардың тұзағына түскендерін аңғармай қалады.Отбасынан айырылып, мәңгүрттеніп жат ағымның жетегінде кеткен жандар мәселесі қоғамның басты бір проблемасына айналды десе де болады.

Жүргізуші: Қазақ ежелден Исламды өзінің байтақ даласында мемлекеттік дін ретінде қабылдап, оны бойына терең сіңіргені белгілі. Сондықтан да, Ислам құндылықтарын жастарға ұғымды түсіндіру, оны бабалар ұстанған кейіпінде қайта жаңғыртып, халықтың сауатын қайта қалыптастыру жұмыстарын қолға алғанымыз жөн. Қазақ даласына ислам діні тараған сан ғасырдан бері келе жатқан дәстүрлі діни ұстаным - Әбу Ханифа мәзхабы. Бұл бағытты ұстанушылар өзінің қарапайымдылық, ізгілікті сипаттарымен ерекшеленеді. Мұны жақсы білген ата-бабаларымыз осы бағытты ертеден бері нық ұстап, мұсылмандар арасына жік түсірмей келген еді.Айта кететін жағдай, Қазақстан мұсылмандарының арасында Әбу Ханифа мәзхабын ұстанамыз дегендер 70% пайыздан асады. Деседе, ол кісінің кім екенін, оның өмір жолын білетін сауатты мұсылмандар, өкінішке орай, аз. Сонымен қатар діни әдебиеттер көптеп шығарылуда, осы жерде әкелінген діни әдебиеттермен таныстырып, оларды сараптамадан өткізуге кімнің құқысы, өкілеттілігі бар, Республикаға əкелініп жатқан діни əдебиеттерге кім бақылау жүргізеді, діни əдебиеттерді басып шығаруға кім рұқсат береді? - деген сауалдарға жауап беру.

Жүргізуші: Осы барысында біршама мәселелер қозғалып, түрлі тақырыпқа қозғау салып жатырмыз. Мүмкін әліде оқушылардың түсінбей қалған, көкейлерінде жүрген сауалдары болса осы мүмкіндікті пайдаланып мамандарға сұрақ жолдауға болады.(Мамандарға сұрақ қойып, пікір алмасу).

Ұсыныс сөз:

Жастардың санасына ұялата алсақ, біріншіден білімді жастар жиналған ақпараттардың қажетін алып, қажет емесін сүзгіден өткізіп үйренер еді.

Екіншіден, ислами діни сауатты жас сыбайластық, жемқорлық сынды қоғамдық кеселдерден аулақ болар еді.

Үшіншіден, ел санаты көбейіп, тастанды, жетім, қараусыз қарт мәселелері кемитін болса, төртіншіден, өз-өзіне қол жұмсау, қоғамға өзін қажетсіз деп тану сынды кеселдерден де арылар едік. Нәтижесінде жастардың білім аясы кеңиіп, діни және ұлттық қорғаныш қабатын қалыптастырып, көптеген кедергілерге қарсы тұруға мүмкіндік туады.

Жоғары оқу орындары және «Орал Сервис» технологиялық колледжімен біріге отырып ұйымдастырылған бүгінгі шара осы істің бір көрінісі деп айта аламыз және осы шарадан осы залда отырған студенттер өздерінің рухани дамуына қажетті ақпаратты ала алды деп ойлаймыз.

Сұрақтар:

1. Ваххабизм, салафизм т.б. ұйымдарды бір-бірінен қалай ажыратуға болады? (18 топ студенті Насыр А)

2.Діни білімді қайдан алуға болады? (4 топ студенті Айтжанова Ж)

3.Экстремизмнің негізгі белгілерін қалай ажыратамыз? (8топ студенті НеғметовЭ)
4. Қазақстанда болған экстремистік оқиғалар туралы айтып бересіз бе?( 22топ студенті Галиев А) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Батыс Қазақстан облысының Білім басқармасы «Орал «Сервис» технологиялық колледжі» МКҚК











Дөңгелек үстел

«Жастардың діни сауаттылығы және қазіргі қоғам»

Круглый тол Религия и молодеж


Круглый тол Религия и молодеж


Круглый тол Религия и молодеж


Круглый тол Религия и молодеж


Круглый тол Религия и молодеж

© 2010-2022