Дүние аналармен көрікті ғой

Раздел Воспитательная работа
Класс 10 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Дүние аналармен көрікті ғой

(Көпбалалы жанұя аналарымен кездесу)

Тәрбие шарасының мақсаты: Адамзат -баласын жарық дүниеге әкеліп, оны тәрбиелеп өсіретін ана екенін түсіндіру. Ана еңбегін еш нәрсемен өлшеуге

болмайтынын, сондықтан да барлық ананы, болашақ ана болар қыздарды сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.Қыздарды әсемдікке, іскерлікке баулу.

Қатысқандар: Мектеп директоры,Мектеп әкімшілігі 5,7,8,11 сынып оқушылары.

  1. Жүргізуші:

- «Ана» деген сөзді естігенде қандай сезімде боласыңдар?

- Жұмақ ананың табанының астында дегенді қалай түсінесіңдер.

- «Анаңды Меккеге 3 рет арқалап барсаң да,қарызын өтей алмайсың» дейді.Неліктен?

- «Әке қарғысы оң, ана қарғысы боқ» деген сөз сіздерге қандай ой салады?

- Анаңды соңғы рет қашан қуанттың?

- Анаңды қандай гүлге теңер едің

- Ана туралы әннің 1 шумағын кім орындап береді?

- Сіздің жанұяда неше бала бар? Көп балалы жанұяда неше бала болу керек деп

есептейсің?

Саған ұнай ма көпбалалы жанұя?

Жүргізуші:Олай болса,балалы үйдің базары ешқашан тарқамаған.Қазақ халқы жанұя бақыты балада деп есептеген.Сондай берекелі, мерекелі жанұялар біздің мектебімізде де, көптеп саналады.Көктемнің әсем мерекесі-Аналар күні-қарсаңында біз де 6, 7, 8 бала тәрбиелеп, бақытты ана аталып отырған аналарға қошемет көрсетейік!

Бүгін бізде қонақта:

  1. Ардақты ана, отбасының ұйытқысы, балаларының сүйікті анасы «Алтын алқа» иегері Қожықова Ұлдай Қабдығалиқызы.

  2. Үлкен берекесі шаңырақтың ұйытқысы, кең пейілді, жарқын жүзді балаларының қамқоршы анасы, «Алтын алқа» иегері Жаннагүл Халимоллақызы.

  3. Үлгілі жанұяның қамқоршысы, үлкен жүректі ана, «Алтын алқа» иегері Қымбат Нығметоллақызы.

  4. Қазақ дәстүрін жалғастырушы, жас болса да өнегесі мөл, махаббаты мен бар жақсылығын балаларына сыйлаған аяулы ана Альфия Бисенбайқызы.

Құттықтау сөз кезегі мектеп директоры Т.З.Әшен

Жүргізуші: Қазақ әйел затын ерекше қадірлеген.Өмірдің ащы - тұщысын көріп, ысыла білген, тұяғы тасқа салса кетілер, суға салса жетілер деген оймен ұлын жел өтінде ұстаса, қызын аз күндік қонағым, алтынның сынығы, щұғаның қиығы деп бөркінің төбесіне үкі қадап, үлпілдеп өсірген.Міне жыл аралатып, көктемнің алғашқы күндерімен келетін «8 наурыз мейрамы құтты болсын!» демекпін.Осы жерде отырған барлық аналар отбасына береке, бірлік тілеймін.Мейрамдарыңыз құтты болсын!

Жүргізуші: Ана - әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, ақ сүтін емізіп аялаған, жанын да аямаған ардақтысы.

Ана - жүрек, жүректі құдіретте,

Ана - тірек, тіректі құрметте.

Ана - шыңың, шыңыңа сағынып жет,

Ана - күнің, күніңе табынып өт.

Расында да адамның әдептілігі мен жан дүниесінің сұлулығы ең алдымен балаға ақ сүтін беріп, әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады.Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды.Ананың нәзік үні, жұмсақ та аялы алақаны, жан жылуымен аялауы бізді әлдилеп жұбатады, көңілімізді сергітеді.Қайнар ана өз перзентін әдемі не ұсқынсыз, ақылды не ақымақ, мейірімді не рақымсыз, кесір-қырсық болса да бәрібір шексіз сүйеді.Дүниеде ананың көз жасынан салмақты, одан ауыр таразы басын басатын ештеңе жоқ.Өйткені ананың көз жасы өзінің киесімен ауыр. «Ат биеден туады, алып анадан туады» дейді халқымыз.Дүниеде анасыз адам жоқ.Қаламы жүйрік жазушы да, данышпан ғалым да, ел басқарған көсем де, күміс көмей әнші мен мың бұралған биші де анадан туып, соның көкірегінен нәр алып өскен.Ана - тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі.

Қазақ биі: 7 а сынып қыздары.

1.Ұлдай Қабдығалиқызына береміз. Балаларының ән шашуы

Жүргізуші:

О, ананың құшағының жылуы!

Сол жылудан тарайды адам ғұмыры.

О, анашым, таянышым, тірегім,

Бар бақытты бір басыңа тіледім!

Мені жақсы болса екен деп қашанда,

Лүпілдейді сенің қамқор жүрегің.

Туған жерім, жайнап тұрған даламның,

Өзіңе деп гүлін үзіп алармын.

Жүрек сырын, өзіңе арнап жинадым,

Міне гүлім!Мен де гүлдей балаңмын.

Күй: Айжан қыз. Орындайтын: 5а сынып оқушысы

Русланқызы Аружан

Жүргізуші:

Адамзат ең алдымен ана алдында қарыздар.Ана қарызы алтынға бөлеуді, ақ орда салуды қаламайды, ана баласының ер жетіп, адам болуын қалайды.Анаға осыдан артық тарту - таралғының керегі жоқ.

Халқымызға билік айтар даналар,

Даналардың өзі анадан жаралар.

Жүрегіңнің бір бөлшегі бала үшін,

Сізден жақын адам бар ма аналар?

Балаға ең жақыны сіз ғой ана,

Сіздің ыстық құшағыңыз бізге пана.

Сіздерге теңестірер еш нәрсе жоқ.

Теңсе алар бір - ақ нәрсе Отан ғана.

Би: Орындайтын: 5а сынып оқушысы Әміржан Аманжан

Сөз кезегін:Жаннагүл Халимоллақызына береміз.

Балаларының өнерлерін тамашалайық.

Жүргізуші:

Құрметті де,аяулы аналар сіздер өз өмірлеріңіз туралы айтып берсеңіздер?

1. Балаларыңыздың қайсысын ерекше жақсы көресіз?

2.Бала тәрбиесінде кімнен үлгі аласыз?

3.Ана бақыты дегенді қалай түсінесіз?

4.Балаларыңызға ренжіген кезде сабаңызға қалай түсесіз?

5.Балаларыңыздың мінездері бір-біріне ұқсайма?

6.Алтын алқаны алған уақытта қандай көңіл күйде болдыңыздар?

7.Қыз балаға лайық мамандық деп қандай мамандықты ойлайсың?

8.Өзіңізді бақыттымын деп есептейсіз бе?Неліктен?

9.Қызыңыздың тағдыры өз тағдырыңызға ұқсағанын қалайсыз ба?

10.Өнердің қай түріне жақынсыз?

11.Балалық арманыңыз қандай еді?Орындалды ма?

12.Балаларыңыздың бәрі тәрбиелі, еті тірі, пысық.Кімге тартқан деп ойлайсың?

13.Атам қазақ о бастан ұлды , бір саты жоғары қойған.Дей тұрғанмен, «Ұлтты

қыз сақтайды» деген ұғым тағы бар.Ол неліктен?

Жүргізуші:

  1. Қай елде болмасын әйелдерді құрметтейді.Түркия Парламентінің шақыруымен Қазақстан Парламенті делегециясы ресми сапармен Стамбулға барған.Түркияда 350 депутаттың 14- і әйел екен.Әйел адамдарды «Баян» деп атайды.Әр мәжіліске кірген сайын 14 әйелді тұрып қарсы алады екен.

Біздің елімізде де еңбек ардагерлеріне, көп балалы аналарға Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев қамқорлық көрсетуде.

  1. Қазақ жазушыларының ішінде ана туралы көп жазған - Ғабит Мүсірепов.

Мұхтар Әуезов «Адамдықтың негізі - әйел» деген шығармасын 20 жыл жазған екен.

  1. Қазақта аты аңызға айналған әулие аналар, ақын, батыр қыздар аз болмаған, жазба, ауыз әдебиетімізде «Айша-Бибі», «Домалақ ана», «Қыз ана», кесенелері бар. Дүние жүзіне белгілі Байқоңыр ғарыш айлағы көріпкел әулие Қоңыр анамыздың атымен байланысты.

  2. Әйел тәңірі - Ұмай ананы бүкіл түркі халқы пір тұтады.

Ән: Ана Орындайтын:Әлібек Ілияс.

Сөз кезегін:. : Қымбат Нығметоллақызын беріледі

Көңілділер мен тапқырлар жігіттеріне кезек береміз

Жүргізуші:

Анаға деген махаббат сенің құндақта жатқан күніңнен-ақ басталады.Ананың жолы басқа. «Ана» деген сөздің өзі ыстық.Ана десе толқымайтын жүрек, тасымайтын қан, сезбейтін сезім болуы мүмкін емес.Расул Гамзатовтың мынадай сөзі бар:

«Ана дегеніміз - әлемнің жан дүниесі, оның бастауымен таусылмайтын жалғасы.Ол - тіршілік, үлкен тағдыр, махаббат пен шабыттың нәрі. «Ана» сөзі бізді елең еткізбей,жылылық пен шуақты сездірмей коймайды».

Күй:Еркесылқым. Орындайтын:Бекжанов Жеңісбек

Сөз: Альфия Бисенбайқызы

Осы отбасының балаларына кезек береміз

Жүргізуші:

Бәрі де, ана , бір өзіңнен басталады,

Сен деп жаздым алғаш өлең - дастанды,

Қуандым ба?

Өзің бар деп қуандым ,

Жыладым ба?

Өзің жоқ деп жас толды,

Бәрі де, ана , бір өзіңнен басталады,

Жанарыңнан көрдім алғаш аспанды

Еркелесем бір өзіңе еркелеп,

Жасқандым ба?

Тек өзіңнен жасқандым.

Әжімі оның - ұлы өмірдің іздері,

Өзін емес, мені ойлайды түздегі.

Ән Асыл ана Орындайтындар Асылан мен Аманай

Жүргізуші:

Анашым, жыр арнады қалқаң бүгін,

Көмкерер сен дегенде бір таңды күн.

Болса егер уысымда бір өзіңе,

Сыйлар ем дүниенің дархандығын!

«Қой» десең балаң күнде «неге» дедім,

Өзіңде мені нұрға бөлеген үн...

Қанат жоқ әттең шіркін, асыл анам,

Жұлдыздың бәрін әкеп берер едім.

Анам менің, махаббатым, ақ гүлім,

Анам менің, бақытым мен шаттығым.

«Анашым» деп жыр арнаған балаңның,

Неге ғана естімейсің тәтті үнін.

Анам менің, кеудемдегі жүрегім,

Анам менің, өмірдегі тірегім.

Егер менің қасымда сен болмасаң,

Бұл өмірде қалай ғана жүремін.































© 2010-2022