„Берекелі де, ырысты алтын күз„ мерекесіне арналған сценарий

Раздел Воспитательная работа
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

„Берекелі де, ырысты алтын күз„ мерекесіне арналған сценарий

„Берекелі де, ырысты алтын күз„ мерекесіне арналған сценарий

«Берекелі де,ырысты алтын күз» мерекесіне арналған сценарий

Тәрбиеші:Келді міне алтын күз

Сары шашты жарқын жүз.

Мол өнімді ісімен

Тандандырып халқын күз.

-Сәлеметсіздер ме,қадірлі қоңақтармен ата-аналар!Бүгінгі берекелі де,ырысты алтын күз мерекесіне арналған мерекемізді бастаймыз!

( Көңілді әуенмен екі жүргізуші қыз кіреді)

Ділдә: Қуаныштың ағайын
Қоңырауын қағайын
Қуандырып біздерді
Өлкемізге күз келді!
Айнала сары ала
Қырманға дән тола
Жемістер пісіпті
Қоймаға түсіпті!
Айзат: Ендеше не тұрыс
Болмасын жан қалыс
Тойлайық, күлейік
Қуанып билейік!

«Құстар» биі

(Музыка жетекшісінің шешімімен жалпы би қойылады. Барлық балалар шығып көңілді би билейді. (балалар отырмайды)

Айзат:Алтын,сары,қызыл,көк

Алуан-алуан жапырақ

Күзгі бақта күлімдеп,

көз тартады атырап!

Ән «Күз жомарт»

(балалар отырады)

Тақпақтар:

Ералы:Гүл жайнаған даланың,

жапырағы солыпты.

Таңырқадым,қарадым,

Танымастай болыпты.

Айназ:Көрініп еліне,

Күндері береке,

Келді ғой желбіреп,

Күз деген мереке!

Науқас Саян: Тоқтаңдар, тоқтаңдар!
Бойымнан әл құрып
Көздерім бұлдырап
Басым айналып барады!
(Басқа балалар көмектесіп, демейді)
Дінали: Енді, енді не истейміз?!
Саянға қалай көмектесеміз?
Назерке: Сабыр сақта, саспайық
Дәрігер шақырайық!
Науқас Саян: Жо - жоқ! Дәрігер керек емес!
Қазір өзім тұрамын тез!
Дінали: Онда дәрі ішіп ал,
Менде міне, көп дәрі бар!
Айзат: Ауырмау үшін суық суға шомылу керек
Бұл - дәлелденген рецепт!
Науқас Саян: Ах!
Бәрі бірге: Дәрігер, дәрігер! ("Жедел жәрдем" машинасының дыбысы естіледі. Дәрігер киімін киген бала келеді)

(«Жедел жәрдем»дабылының дыбысы естіледі,дәрігер кіріп келеді)

Дәрігер Нұрғиса: Мені неге шақырдыңдар,
Қандай шағым, арыздар бар?

Бәрі бірге: Саянға дәрігерлік көмек керек!
Дәрігер Нұрғиса: Қазір қарап шығайын,
Неден ауырғанын ұғайын... (Фонендоскоппен кеудесін тыңдайды)
Дәрігер Нұрғиса: - А - а - а - деп қане, аузыңды ашшы...... (Тексереді)
Тістерің орнында, тамағың іспеген
Қол - аяғың әлсізденген
Қызуың ыссы екен
Білдім, неден ауырғаныңды...!
Жеткілікті мөлшерде ағзаңа
Дәрумендер жетіспеген!
Науқас Саян: Енді не істеймін?
Дәрігер Нұрғиса: Дәрумендер табиғи болғаны дұрыс,
Көп - көп көкөніс, жемістер жеуге тырыс!..
Назерке: Қазір күз мезгілі түсті ғой,
Жемістер де, көкөністер де пісті ғой!
Қоймаға қоңырау шалайық
Күз өнімдерін осында алдырайық!
Дәрігер Нұрғиса: Дұрыс айтасың! (қалтасындағы ұялы телефонымен қоңырау шалады)

(осы кезде интерактивті тақтадан қойма көрсетіледі)

Дәрігер Нұрғиса -Алло, алло! Қойма ма?
Бізге жемістер мен көкөністер керек
Машинаға тиеп жіберіңіз
Мүмкін болса тезірек!
(Жүк көлігінің дыбысы естіліп,жемістер мен көкөністерді «тиеп» алып келеді)
Алма Әділмырза: Мен - алмамын, алмамын
Таңдандырар бал дәмім
Пісіп толдым, мінекей!
Баптап ерек бағбаны

Валерия:Мен алмұртпын,алмұртпын

Жақсы көреді барлық жұрт.

Күзге қарай пісемін

Дастарханға түсемін.

Қияр Дінали: Мен қиярмын, сәндімін
Салаттардың сәнімін
Дәруменім мол менің
Жегенге қуат сыйлаймын!


Картоп Ибраһим: Мен картоппын, картоппын
Бір қарасаң - доппын?!
Немен жесең де жағам

Мені қоссаң тәтті болар тағам!

Менің атым - қызанақ

Қызанақ Нүрәли:Тұзды сеуіп молырақ
Банкілерге салыңыз
Аузын мықтап жабыңыз
Тағамға дәм қосамын
Қыста тәбет ашамын:

«Көкөністер» мен «Жемістер» биі

Ділдә: Жарайсындар,жемістер мен көкөністер!Орындарына жайғаса қойындар!(«көкөністер» мен «жемістер» отырады)

-Ал,балалар,балалар

Енді бері қараңдар!

Бізге қоңақ келмекші

Әуелі жұмбақ жасырам

Құлағынды асырам.

Таба алсаңдар шешімін

Қоңағымды дәл ортаға шақырам.

Айзат: (балаларға жұмбақ жасырады)

Жиіп-теріп болатын

Қамбаға астық толатын.

Қызыл қырман ойнайтын,

Қай мезгілде ойлайсын?

Балалар:-Күз мезгілі.

Ділдә:-Ал,күзде табиғатта қандай өзгерістер болады?

Балалар: -Күн суытады,жапырақтар сарғайып жерге түседі.....

Ділдә:Өте жақсы.Ендеше уәде еткенімдей ортаға қоңағымызды -Алтын Күзді шақырайық!

(музыка әуенімен Алтын Күз кіріп келеді)

Алтын Күз:Сәлеметсіңдер ме,балалар!Сәлеметсіңдер ме,қоңақтар!-Мен Алтын Күзбін!Жайдары жарқын жүзбін!Қоңаққа келдім сіздерге,сәбіз,картоп,тәтті алма оған достым таң қалма!Себетімде сыйқырлы ойын ойнар түр-түрлі!

Ділдә:-Рахмет саған,Алтын Күз!Қабылдадық сыйды біз!(қолындағы себетті алады)

Айзат:-Ал,ендеше балалар,бекер қарап тұрмаңдар,себеттегі сыйқырлы ойынды тез ойнандар!

«Борщ» пен «Компот» ойыны.

Айзат:-Жомарт күздің біздерге

Берерін алып шашпайық

Алтын Күз тойын сіздерге

Тамаша әнің айтайық.

Ән «Күз келгенде»

Ділдә:(қолында қолшатыр)

Жарқыраған күндейміз

Жайнап түрған гүлдейміз,

Жаңбыр жауса жайқалып,

Қолшатыр биін билейміз.

«Қолшатыр» биі

« Кім жылдам» ойыны ата-аналармен ойнатылады.

Ажар:Күз келді,күз келді

Табиғат өзгерді.

Сары ала жапырақ

Қараймыз бақылап.

Мирас:Ай жапырақ,сары алтын

Айналаның бәрі алтын.

Қуантып біздерді,

Мерекелі күз келді!

Саян:( (Алтын Күздің жанына келіп,қолынан ұстап ортаға әкеледі)

Келші,күзім ортаға

Жақсылық пен баршаға,

Жапырақтарды қолға алып

Би билетші баршаға.

«Жапырақтар» биі

Алтын Күз:-Рахмет балалар,өнеріне

Ризамын өнершіл өреніме.

«Үрме бұршақ пен бұршақ» ойыны.

Алтын Күз:-Рахмет,балалар

Уақыт өтпес тірліксіз,

Бақыт келмес бірліксіз,

Талмай еңбек етіңдер,

Қыстан аман өтіңдер.

Жеміс жидекті көп жеп дендерің сау болсын!(балаларға себетке салынған сыйлығын береді)

«Досвидание осень!» әні

Алтын Күз қоштасып шығып кетеді.

Тәрбиеші:-Алтын күздің сыйы жемістерден де дәм тататын кез келген сияқты.Ал келген қоңақтарымызға» «Сау болыныздар!» дей отырып күз берекелі,астықты болсын дейміз.

(көңілді әуенмен балалар топқа барады)





Келісілген: Бекітемін:

№114 «Бақыт» б\б КМҚК №114 «Бақыт» б\б КМҚК

әдіскер директор

Маклякова Н.Д. Мухтарова Б.Ж.



«Берекелі де,ырысты алтын күз» мерекесіне арналған сценарий

\№9 ересектер тобы\


Тәрбиеші:Аубакирова А.О.




Қарағанды қаласы 2015 ж.








© 2010-2022