Тәрбие сағаты «Ұлыстың ұлы күні»

Раздел Воспитательная работа
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ұлыстың ұлы күні.


Сахнаны безендіру:Сахна іші наурыз мерекесіне сай нақыл сөздер,шарлар,әр түрлі гүлдермен безендіріледі.Мереке басталмас бұрын залда күй ойналады.

Ортада ұлттық киім киген жүргізуші.

Қарашаша:Мал төлдеп,қой қоздап,

Сүттен бұлақ ағызған.

Жаңа жылдың сипаты,молшылыққа аңыз боп,

Басталыпты Наурыздан,-деп халық ақыны жырлағандай,көктем мерекесі де келіп жетті.

Ғасырлар бойына атадан балаға мұра болып келе жатқан дәстүрлі осы Наурыз тойы бүгін,міне,тағы есігімізді ашып отыр.

Құрметті халайық!

Біздің өткен жылға еш өкпеміз жоқ.Солай ма?

Көпшілік дауысы:

-Иә,өкпеміз жоқ!

-Ризамыз! Дән ризамыз!

Қарашаш:

-Ендеше ең алдымен «өткенге - салауат,болашаққа - аманат» деген ата жолымен ескі жылды шығарып салайық.

Ескі жыл:

-Мен де халқыма ризамын.Әрдайым бақыт,бейбіт өмір болсын.Бөбектеріміздің жүзінен күлкі арылмасын!Көріскенше күн жақсы,халайық!

Қарашаш:

-Ал енді,халайық,ортамызға жаңа жылды шақырайық.

(Ду қол шапалақтаумен сахнаға жаңа жыл келеді).

Қарашаш:

-Қош келдің,жаңа жал! Төрлет,Наурыз - елімнің бақ-береке,ырыс мейрамы!

Ақ ана:

-Жаңа жыл есігімізден жақсылық болып енсін!

-Қадамыңа нұр жаусын,ортамызға келген жыл!

(Шашу,шашу !) (Ду қол шапалақ)

-Ал,халайық! Енді осы ұлыстың ұлы күні ата салтымыз бойынша ортамызға Қызыр бабамызды шақырайық.Қызыр баба баршамызға ақ тілек,оң батасын берсін!

(Жұрт оны қол шапалақтап қарсы алады).

Қызыр баба бата береді:

-Армысыңдар,халайық (қолын жайып)

Ұлыс оң болсын,

Ақ мол болсын,

Қайда барсақ жол болсын!

Ұлыс бақты болсын!

Төрт түлік ақты болсын,

Ұлыс береке берсін,

Пәле-жала жерге енсін!

Ұлы халқым тоқ болсын!

Көйлектерің көк болсын!

Қайғы-уайым жоқ болсын!

Қуаныштарың көп болсын!

Әумин!

Қарашаш:

-Қызыр баба,Ұлыстың ұлы күні «Наурыз жырын» айтайық.

Хор: «Наурыз біздің әніміз».

1-оқушы: 2-оқушы:

-Ұлыс күні кәрі-жас, -«Сақтай гөр,-деп-терістен»,

Құшақтасып көріскен «Кел,таза бақ,кел!»-десіп,

Жаңа ағытқан қозыдай, «Ием,тілек бер!»-десіп,

Жамырасқан өрістен. Шалдар бата беріскен.

3-оқушы: 4-оқушы:

-Ұлыстың ұлы күнінде, -Бәйбіше шығар балпиып,

Бай шығады балбырап. Күндігі баста қайқиып.

Қасында жас жеткіншек, Келіншек шығар керіліп,

Тұлымшағы жалбырап. Шашбаулары төгіліп.

5-оқушы: 6-оқушы:

-Ұлыс күні қар еріп, -Күлімдер дүние,ойнарсың,

Сай-салалар гүрілдер. Күрең тайың ат болып,

Көк шөбі шығып желкілдеп, Бәйгеге қоссаң,озарсың.

Дүние біткен күлімдер.

Қарашаш:

-Ал,Қызыр баба,енді өзіңіздің жолыңызды қуған тағы бір өнерлі өрендеріңізді тыңдайық.

Қызыр баба:

-Жөн-жөн! Тыңдайық.

Ән «Туған жер».

Қарашаш:

-Баба,халқымыздың салтында кез келген той-домалақтың ойын-күлкісіз,думансыз өтпесі белгілі.Ал сол ойын-күлкінің көркі мен сәні болған Қожанасыр,Алдар көсе,Тазша балаларды ұмытпаған боларсыз.Бүгінгі тойымызға сол кісілер де келіп отыр.Соларды ортаға шақырып,қызықтарын тамашаласақ қайтеді?

Қызыр баба:

-Өте орынды! Мақұл,айналайын!

Қарашаш:

-Шалқытып мерекеде ән салайық,

Өнерпаз өрендерге тамсанайық.

Аңыз бен ертегіден бізге жеткен

Құрметті қонақтарды қарсы алайық!

Алдар көсе:

-Әй,әпендем,үн-түнсіз сілейіп неғып тұрсың? Мына халқыңа аман-сәлемің қайда?

Қожекең:

-Әй,Алдарым-ай,құрғақ сәлем жұртыма тамақ болар дейсің бе ?Көк есегіме артып

әкеле жатқан бірер қап базарлығым бар еді,әне бір бұрышта рэкет деген бір бәлелер тартып алып ... содан есек те жоқ,базарлық та жоқ,мына жұртыма не дерімді білмей тұрғаным.

Алдар көсе:

-Апыр-ай,ә,шының ба?

Қожанасыр:

-Мен ешкімді алдап көрген жоқпын.Мына сен ғой ел-жұртты бүлдіріп жүретін,

қазіргілердің бәрі Тазша бала екеуіңнен ұрпақтарың көрінеді.

Алдар көсе:

-Қой,ойбай,мына жұрт шын көріп қалар.

Қожанасыр:

-Бәрі шетінен суайт.Бәрі бірін-бірі қайтсем алдап кетем деп тұрған алыпсатар болып алыпты.Сен екеуіңнің ұрпағың емегенде де?

Алдар көсе:

-Өйткені болсақ,Қожеке,дәл осы мектептің өзінен сенің де ұрпағыңды тауып берем.Апыр-ай,ә,мына бәледен қалай құтылсам екен? Айтпақшы,Қожеке,осы сенің есегің көк емес пе ? Қанарың қызыл ала ...

Қожанасыр:

-Иә,дәл солай !

Алдар көсе:

-Ендеше,әлгінде бір-екі мілисә жұртқа жар салып иесін таппай жүрген.Тұп-тура

мына базардың бергі бұрышында.Ұш ! жет тез.

Тазша:

-Айтпаймын өлтірсең де өтірікті,

Салт-сана,әдет-ғұрып кетіліпті.

Үлкен тұрып сөйлемес кіші қайда?

Бір шалға немересі жекіріпті.

Сәбилер тумай жатып жетіліпті,

Қарттарды интернатқа кетіріпті.

Ұрысып,ұрмақ түгіл молдалардай

Мұғалім қоя алмайды екілікті.

Аладар көсе:

-Әй,Суайтбегім,мынау тағы не сұмдық-ей ! Қайдағы жоқ пәлені бастап.Өтірік

айтудың жөні бар емес пе ?

Тазша:

-Ойбай,Алдеке,ол не дегеніңіз ? Имандай шыным бұл.Оллаһи-білләһи,мінеки !

Алдар:

-Тек-ей,ант-су ішіп не болды сонша ? Алдына жан салмаған өтірікші екенің баршаға аян.Обалы не,мен түскен ауылдың балалары шетінен кішіпейіл,елгезек екен.Бірі аттан түсіріп,бірі қолтықтап үйге бастап,наурыз көже беріп дегендей құрақ ұшып қарсы алды ғой.

Тазша:

-Е,е,алдап кетеді деп сенен қорыққандары да.Әлгінде анау бір той болып жатқан шеткі үйге түссем,бір қарадомалақ.

«Ой,аға,мұнда не бар сізге ? Біздің депутаттар мен әкім ағаларымыздың қасында өтірік айтудан жіп есе алмайсыз»,-дейді.-Содан абыройым барда осылай тартып кеткен жайым бар.

Алдар көсе:

-О не Қожеке,есегің табылды ма ?

Қожанасыр:

-Табылғаны құрысын,әлгілердің мың сом айып төлеттіріп,әзер берген жоқ па ?

Жол тәртібін бұзды,көшені ластады дей ме-ау.Әй,өздерің мұнда неғып тәжікелесіп тұрсыңдар ?Ана жақта,әне анау бір киіз үйдің артында алтын ділдә үлестіріп жатыр ?

Тазша:

-Алтын ?!

Қожанасыр:

-Иә,алтын болғанда,кәдімгі саф алтын,бұлардың тілінше бәлутә дей ме ...

Түсінбедім.(Тазша бала,Алдар көсе солай қарай кетеді).

Қожанасыр:

-Әй,мына жұрттың бәрі солай қарай неге ағылып барады ?! Жаңағы сөзім шын болып жүрмесін өзі.Қой мен де жетейін. (Ду қол шапалақтау).

Қарашаш:

-Ал,жігітер, «сөздің көркі-мән,тойдың көркі-ән» деген.ендеше ендігі кезекті әнге берейік.

«Дастархан» әні. «Наурыз» әні.

Қарашаш:

-Наурыз тойының тағы бір басты қызығы-Наурыз айтыс.Ендеше соны тамашалайық (ортаға айтыскерлер шығады).

Қарашаш:

-Бүгінгі ұлыс құрметіне біздің мың бұралған бишілеріміз бір өнер көрсетіп жіберсе.Ендігі кезекте би өнерін иамашалайық. Қазақ биі.

Қызыр баба:

-О-ой,бәрекелді ! Көп жасаңдар,айналайындар !Қарашаш қызым,жастарың,айтса

айтқандай,өнерлі екен.Рұқсат болса,бұрынғының жолымен мен енді олардың зерделері мен ой-өрістері біраз пайымдап көрсем.

Қарашаш:

-Жөн,ата,жөн ! Жастарымыз зердесіз де емес.Намысты қолдан бере қоймас.

Қызыр баба өзінің оқушыларға дайындаған сұрақтарын қояды.Оқушылар жауап береді.

Қарашаш:

-Ал,ағайын,қадірменді қонақтар,оқушылар !Үлкен үйден сәлемші жетті,ас та әзір болып қалған екен.Енді бәріміз сонда барайық.

Осымен бұл қызықты тәмамдасақ,

Бұл жайды айтамыз ба,жаман болсақ.

Үйрендік білмегенді осы жолы,

Тағы да үйренеміз аман болсақ.

Би: «Наурыз».


© 2010-2022