Воспитательный урок на тему Қазақстанның жастары қаншалықты патриот?

Раздел Воспитательная работа
Класс 9 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Қазақстан жастары қаншалықты патриот?»

Мақсаты:

Оқушылардың еліміздегі патриоттық бағытта жүзеге асырылып жатқан игі істер мен айтулы шаралар, бағыттар туралы түсініктерін кеңейту;

Екі жақты позицияда оқушылардың сөз жарысымдарына қатыстыру барысында оларды обьективтілік, пікір алуындағы ұлтжандылық, принципшілдік қасиеттерге тәрбиелеу;

Тақырыпқа байланысты әртүрлі деректер, материалдар, фактілер, статистикалық мәліметтерді саралау арқылы оқушылардың танымдық-қабілеттерін арттыру.

Сабақ әдісі: Пікір таластыру

Жаңа технология: Проблемалық полемика

Пәнаралық байланыс: Тарих, саясат, экономика, әлеуметтану.

БАРЫСЫ:

Жүргізуші:

Сәлеметсіздер ме құрметті ұстаздар, оқушылар және бүгінгі дебатқа қатысушылар! «Қазақстанның жастары қаншалықты патриот?» атты дебатымызға қош келдіңіздер! Патриотизм дегеніміз - кең ауқымды, көп сатылы ұғым. Яғни оны қатып қалған бір сөзбен немесе бір сөйлеммен, немесе бір пікірмен түсіндіру мүмкін емес. Патриот болу ол қиын нәрсе емес өзіңнің тіліңмен, еліңмен мақтансаң, міне сен патриотсың.

Олай болса, бүгінгі дебаттың мақсаты оқушыларға патриотизм туралы түсінік бере отырып отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Мақсаты: барлық фактілік дәлелдерді ұсыну арқылы өз позициясына сәйкес конфликтілік жағдайын тудыру.

Міндеті: Әрбір спикердің сөйлеу уақытының шеңберден шықпауын, әдептілік этикасын сақтауын бақылауға алады.

«Парасат» тобы жақтаушы позицияны иеленді.

Бұл бағыт бойынша Қазақстан жастарына ұлтжандылық, отансүйгіштік қасиеттер тән деген пікірді ұстанды.

«Ақиқат» тобы даттаушы позицияны иеленді.

Дәл осы көзқарасқа сәйкес қазіргі заманғы жастарға патриотизм тән емесдеген оппозициялық бағытты ұстаушылар.

Екі топ та өздерінің ұстанған позицияларын айқын қорғап шығуға тиісті.

Жақтаушы топ өздерінің фактілерін ұсына отырып, нақты бір проблеманы көтеру арқылы оның:

Даттаушы топ әрбір спикерлері өздерінің алдында қорғап сөйлеп кеткен әр жақтаушы спикері сөзінен кейін, ең әуелі оның кейсіне тойтарыс беріп, содан кейін өз дәйектемелерін ұсынуға міндетті.

Марапаттау:

«Үздік топ» және «Үздік спикер» номинациялары бойынша марапатталады..


© 2010-2022