Тәрбие сағаты Қыздарға әсемдік жарасады (6-сынып)

Раздел Воспитательная работа
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тәрбие сағаты
Тақырыбы: "Қыздарға әсемдік жарасады"

Мақсаты: Қыз балалар тәрбиесін, қыз баланың әдептіліктің, әдеміліктің, сұлулықтың жаршысы екенін сөз ету. Ұл бала мен қыз баланың бірін - бірі шынайы құрметтеп, қастерлей білуге баулу, өзара сыйластықты, достық қарым - қатынасты қалыптастыру.
Сабақтың типі:Аралас сабақ
Сабақтың түрі:Сайыс сабақ .
Көрнекілігі: Нақыл сөздер, суреттер, интерактивті тақта, слайд,таратпа қағаздар.
Барысы:
І. Ұйымдастыру. Сәлемдесу.
"Жүректен жүрекке" тренингі.Оқушылар кезектесіп бір біріне жылы,жағымды сөздер айтады.
ІІ.Кіріспе сөз.

Мұғалім: Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі 6 "б" сынып арасында өткелі отырған «Қыздарға әсемдік жарасады» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер! Бұл тәрбие сағатымыз 8 наурыз аналар, қыздар мерекесіне арналады. «Қыздарға әсемдік жарасады» демекші қыз балалар тәрбиесін, қыз баланы әдеміліктің, әдептіліктің, жан - жақты сұлулықтың жаршысы екенін сөз етпекпіз.
Қыз емес, қыздың аты - қызыл алтын,
Көрінер толған айдай жүзі жарқын
Үлкеннің алдын орап, сөз сөйлемес,
Халқының сақтай білген ізгі салтын-
Демекші біздің халқымыз қыз деген сөздің өзі әдеміліктің, жан - жақты сұлулықтың символы ретінде қолданып келеді.
Қазақ халқының қызды ерекше қастерлеген, тұңғыш болып өмірге келсе, «ырыс» деп бағалаған. « Елдің көркі» деп олардың жүрегін жылылыққа бөлеп жандарын жаманшылықтан алыстап өсірген. Оның себебі - қыздың болашақ ана екендігін ескергендігінен.
Ән: "Мен қазақ қыздарына қайран қалам".
Орындайтын:6"б" сынып оқушысы Қайырғалиев Қасымхан
Бүгінгі тәрбие сағатымыз сайыс сабақ түрінде өтеді.Сынып оқущылары 2 топқа бөлінеді.
Сайысты бақылап,әділ шешімін беретін әділқазылар алқасымен таныс болайық:
1.Ағылшын тілінің мұғалімі: Халидуллина Ж

2.Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі: Байкенова А

Әр дұрыс айтылған жауапқа 1 баллдан қойып,белсенді қатысқан оқушыларды белгілеп отырады.Сайыс соңында жеңіске жеткен арнайы мадақтау қағазымен,ал белсенді қатысқан белгілі бір номинациялармен марапатталады.

І бөлім . "Кел танысайық".
ІІ бөлім. "Мені жалғастыр".
ІІІ бөлім. "Әсемдік әлемінде".
ІV бөлім "Бейнені тап" .
V бөлім. "Сиқырлы бақ " .
VІ бөлім. "Қол өнер шеберлері" .
VІІ бөлім."Жылы лебіз".
VІІІ бөлім.Қорытынды.
І бөлім. " Кел танысайық"


Оқушылар алдымен топтың атын қояды.Әр топ алдарына таратылған сөздерді байланыстыра отырып өздерін таныстырып мағлұмат береді.
Таратпа қағаздардағы берілген сөздер:
1-топ:арман,жол,белес,бару,бірге,талмай,тілеу,қарсыластар,сәттілік.
2-топ:алға,қыз,самғау,сыйластық,құлпыру,ана,барша адам,бірге,көктем.
ІІ бөлім. «Мені жалғастыр» деп аталады. Мұнда топтың шапшандылығын, біліктілігін аңғарамыз.Қызға байланысты берілген мақал-мәтелдерді жалғастыру.
«Қыз-өмірдің----------------қызғалдағы»
«Қызды асырай алмаған күң етеді, ---------------ұлды асырай алмаған құл етеді.»
«Қыз қуыршақ,---------------ұл-құлыншақ»
« Ұлың өссе, ұлы жақсымен ауылдас бол, --------------------------------------------------Қызың өссе,қызы жақсымен ауылдас бол.»
« Қыз балаға----------------------------қырық үйден тыйым»
«Қызым-үйде,-----------------------------қылығы-түзде»
«Қыз қылығымен-----------------------------------әдемі»
«Қыздың жиған-------------------------------------жүгіндей»
ІІІ бөлім «Әсемдік әлемінде» сурет салу, мағынасын ашып беру.Мағынасы терең,әдемі сурет жоғары бағаланады.
ІV бөлім «Бейнені тап» слайдтта көрсетілген бейнені бірінші оқушы ымдап екінші оқушыға көрсетеді.Бірінше оқушы бейнені тауып айту керек.Оқушылар әр топтан кезектесіп шығады.
Көрсетілетін бейнелер: гүл,киіз үй,табиғат,тау,домбыра,асық,теңге алу,садақ.
V бөлім"Сиқырлы бақ " Тақтада ілінген қағаздағы гүлдердін ішінен өз қалауымен біреуін таңдау.Қағаздың артынан шыққан санға байланысты слайдта көрсетілген сұраққа жауап береді.
VІ бөлім "Қол өнер шеберлері" екі топтан 2 ұл баладан шығып алдарына берілген заттардан мерекеге байланысты сыйлық жасаулары керек.Болғасын қарсы топтағы қыздарға сыйлау.
VІІ бөлім."Жылы лебіз".Сыныптың ер балалары қыздарға өз тілектерін айтып,мерекелерімен құттықтайды.
VІІІ бөлім Қорытынды.
Бүгінгі "Қыздарға әсемдік жарасады" атты тәрбие сағатымыз өз мәресіне келіп жетті.Сайысқа түскен 2 топтың қайсысы жеңіске жеткенің білу үшін сөз кезегін әділқазы алқаларына беремін. Жеңіске жеткен топты арнайы мадақтау қағазымен,ал белсенді қатысқан оқушыларды белгілі бір номинациялармен марапаттайды.
Қыздарға айтарым « қазақ қызы» деген қастерлі де қасиетті атқа лайық болыңдар. Білімді де тәрбиелі қырдың қызғалдағындай жайнап өсе беріңдер.Мерекелерін құтты болсын дей келе тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.Сауболындар.

© 2010-2022