Тәрбие сағаты: Тағдырын білем ауған соғысының

Раздел Воспитательная работа
Класс 9 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Маңғыстау облысы

Бейнеу ауданы

«Күйкен орта мектебі» ММ

Сапаргүл Жолдасова

Тағдырын білем ауған соғысының

Қазақсатан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты, ауған соғысының аяқталуына 27 жыл толуына орай «Тағдырын білем ауған соғысының» атты тақырыпта алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Төлегенов Тұрсынбектің ұйымдастыруымен мектебімізде ауған соғысының ардагерлерімен кездесу өткізілді. Бұл шараға ауған соғысының ардагерлері Хожаев Сәндібай, Нұрбаев Сейдалы, Демеуов Бейсенбай, Жаңбыров Нұрберген ағаларымыз келді. Мектеп оқушылары Ауған соғысының ардагерлеріне өздерінің соғыс жайында әртүрлі сұрақтарын қойды. Олардың көбі бұл соғыс жайлы мүлдем білмейді де. Біз Ауған соғысы ардагерлерінің мәртебесін көтеретін болсақ, егемендіктің іргесін нығайтатын боламыз. Жастардың да бойында Отанды қорғауға деген ұлттық сезім күшейеді. Ұлт өз батырын ұлықтамаса, не болғаны?! «Ерім дейтін ел болмаса, елім дейтін ер қайдан шығады?» Ендеше, егемен ел атанып, еңсемізді көтеріп, ел болған тұста батыр ұлдарымызды ұлықтайтын кез жетті. Ардагерлерді ардақтап, қазына қарттарымызға құрмет көрсету басты парызымыз. Жаңбыров Нұрберген ағамыз осы соғыста басынан кешкен қиын жағдайлар туралы оқушыларға баяндап берді. Кездесуіміз оқушылардың дайындаған ән, биімен жалғасты. Соңында мектебіміздің ата-ана ұйымының төрағасы Қоқаев Зайден мерекемен ардагерлерімізді құттықтап баршасына береке- бірлік, қажыр-қайрат тілеп, оқушылардың дайындаған сыйлықтарын табыстады.

Тәрбие сағаты: Тағдырын білем ауған соғысының



© 2010-2022