Тәрбие сағаты Біз Жеңістің ұрпағымыз!

Раздел Воспитательная работа
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

1- қыркүйек Білім күніне арналған Ерлік сабағының жоспары.

Сыныбы: 5 Күні: 01.09.15ж

Мақсаты:

Оқушылардың бойына патриоттық сезімін қалыптастыру, ерлікке, Отаншылдыққа, елжандылыққа, аталар ерлігін мақтан тұта жалғастыруға баулу, рухани-адамгершілік қасиеттері дамыған және ел тағдыры үшін жауапкершілік сезімі бар, ынтымақтастық пен мәдениетаралық өзара әрекетке қабілетті, «Қазақстан − 2050» − Мәңгілік Ел стратегиясының басты мақсатына қол жеткізуге белсенді қатысатын тұлға қалыптастыруға тәрбиелеу.

Тәрбие сағатының түрі: топтық жұмыс, пікір алмасу

Көрнекілігі: слайд, нақыл сөздер, үнтаспа

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу.

Оқушылардың көңіл-күйлерін сұрау. Жазғы демалысты қалай өткізгендері туралы сұрау.

ІІ. Кіріспе бөлім:

Мұғалім сөзі:

-Бүгінгі бірінші тәрбие сағатымыз Ерлік сабағына арналады.

Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Бұл күнге сан ғасыр бойы армандап жеттік. Тәуелсіздікке қан төгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізіп, елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қостық. 20 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Барша қазақстандықтар үшін Тәуелсіздіктің мәні де, маңызы да айрықша. Өйткені біз Тәуелсіздіктің арқасында тарихымызды түгендеп, тілімізді, дінімізді және ділімізді қайта оралттық.

Әрине тәуелсіздік бізге оңайлықпен келген жоқ. Қазақ халқының небір қайтпас қайсар батырларының жасаған ерліктерін оқулықтардан оқып білудеміз. Елім, жерім деп жаудан ұлтарақтай жері үшін, небір қазақтың батырлары өз өмірлерін қиып, қанды шайқастарда қаза болды. Біз үшін қай замандағы тарихымыз болмасын қымбат, айтулы кезеңдерде ту ұстаған бабаларымыздың барлығы да құрметті. Исатай, Махамбеттер патшалық Ресейдің озбыр саясатына қасқайып қарсы тұра білді. Сан зұлматты өткерген еліміз ұлт-азаттық көтеріліске келгенде де тосылып қарап қалған жоқ. Бұл күрестер азаттық үшін өткен сан күрестің соңы емес еді. Елін,жерін жау аяғына таптатпай, сол туған жерінің қарсы қадамы үшін басын өлімге тіккен аталарымыздың бойындағы ерен күш, биік рухқа әр кез таңданамын. Аталарымыздың сол қасиеті елге- мұра, ұрпаққа-ұран болып келе жатыр.

Ұлт - азаттық көтерілістер, Ұлы Отан соғысы мен желтоқсан оқиғалары, соғыстың қатал сынағынан өткен жандардың жанқиярлық ерлігі арқасында, біздің барлығымыз өмір сүру бақытына ие болдық. Бұл соғыстың салған жарасы әлі күнге дейін барлық ұлттың жүрегінде жазылмады, әлі де сақталуда. Мұны ешқашан ұмытпаймыз. Осы жарқын өмірді сыйлаған әке, аға, әпкелеріміздің ерлігі мәңгі үлгі.

Фашистік Германия 1941 жылы 22 маусымда соғыс жарияламастан, тұтқиылдан КСРО-ға шабуыл жасады. Кеңес Одағының Ұлы Отан соғысы басталды.

Тарихта Ұлы Отан соғысындай қасіретті соғыс болған емес. Соғыста 27 миллионнан астам кеңес адамы қаза тапты. Соның ішінде 410 мыңы қазақстандықтар болатын. Қай соғыста болмасын елін, жерін, Отанын қасық қаны қалғанша қорғаған батырлар болған.

Ұлы Отан соғысының құрбандары соғысында қаза болған ағаларымызға тағзым етіп 1 минут үнсіздік жариялаймын.
Иә, Ешкім де, ешқашан да, ешнәрсе де ұмытылмақ емес!

Ал, осылайша екінші дүниежүзілік соғыс жариялады. Иа, қара жерді дөмбекшітіп, жазықсыз жандардың жанын жазылмас жарамен қан жылатқан, көп ұлтты кеңес халқының ер жүректілігі мен ханға сінген қаһармандығы әлем алдында тағы әйгілі еткен екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына биыл 70 жыл толып отыр. Ерліктің салтанатты жеңісіне 70 жыл уақыт өтсе де , соғыс қан төгісін басынан кешірген адамдар соғыс салған азат пен қасіретті бүгінгі күнге дейін ұмытқан емес және бұл еш уақытта да ұмытылуы мүмкін емес.

Қазақстандық батырлар туралы суреттерді сөйлету.

Тәрбие сағаты Біз Жеңістің ұрпағымыз!Тәрбие сағаты Біз Жеңістің ұрпағымыз!


ІІІ. Негізгі бөлім: Топтық жұмыс:

Топтарға мынадай тақырыптар беріледі.

«Батыр» деген сөздің мәнін ашып беріңдер

1-топ: Ерлік дегенді қалай түсінесіңдер?

Қазіргі таңда ерлік жасайтын адамдар болуы мүмкін бе?

2-топ: Тәуелсіздік дегенді қалай түсінесіңдер?

Әлемде тәуелді мемлекеттер бар деп ойлайсыңдар ма?

3-топ: Бейбітшілік дегенді қалай түсінесіңдер?

Бейбітшілікті сақтау үшін не істеу қажет?

Топтар өз ойларын айтады.

Қорытынды бөлім. «Жеңіс», «Гимназия», «Ұрпақ» сөздерін қатыстырып тілек білдіру, сөйлем құрастыру «Қазақстан 2050 жылы қандай болады?» бір ауыздан қиялмен айту.


Теректі аудандық лингвистикалық гимназиясы


«Біз Жеңістің ұрпағымыз!»

(1 қыркүйек Білім күніне арналған Ерлік сабағы)




5- сынып жетекшісі : Бердибекова Ж.Ж













Подстепный ауылы

2015-2016 оқу жылы



Тәрбие сағаты Біз Жеңістің ұрпағымыз!Тәрбие сағаты Біз Жеңістің ұрпағымыз!


Білім күні алғаш гимназия табалдырығын аттаған

5-сынып оқушылары ата-аналарымен алғашқы сабақ кезінде.


Тәрбие сағаты Біз Жеңістің ұрпағымыз!Тәрбие сағаты Біз Жеңістің ұрпағымыз!


«Қазақстандық батырлар» кітап көрмесімен таныстыру.


Тәрбие сағаты Біз Жеңістің ұрпағымыз!

Тәрбие сағаты Біз Жеңістің ұрпағымыз!Тәрбие сағаты Біз Жеңістің ұрпағымыз!Тәрбие сағаты Біз Жеңістің ұрпағымыз!


Ерлік сабағынан көріністер.

© 2010-2022