Мақала Қазақ хандығының 550жылдығы

Раздел Воспитательная работа
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақ хандығына - 550 жылдығы Тәуелсіздік пен теңдіктің,

ынтымақ пен елдіктің нышаны

Қазақ хандығы - қазақтардың XV және XIX ғасырлар аралығында қанат жайған, тәуелсіз ұлттық мемлекеті. Қазақ хандығы қазақ халқының ғасырлар бойы сақтап, қорғап келген мемлекеттігінің нышаны. Ол ұлан - байтақ өңірді мекендеген қазақ тайпаларының басын қосып шоғырландыруда, қазақтың этникалық территориясын біріктуде, қазақтың байырғы заманнан басталған өз алдына жеке ел болып қалыптасуын біржолата аяқтауда аса маңызды және түбегейлі шешуші роль атқарды. Қазақ хандығы 1455-56 жылдары құрылды. Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Қаражал қаласы, №5жалпы білім беретін орта мектебінде 6-9 сынып арасында тәрбие жұмысының жоспары бойынша айтыс ұйымдастырылды. Мұндағы өткізу мақсатымыз оқушыларға қазақ хандары туралы мағлұмат беріп айтыс өнерін дамыту болатын. Айтыс - ауыз әдебиетінде ежелден қалыптасқан поэзиялық жанр, топ алдында табан астында суырып салып айтылатын сөз сайысы, жыр жарысы. 8 сынып жетекшісі қазақ тілі және қазақ әдебиеті пән мұғалімі Тилегенова А.Б «Қазақ хандығына 550жылдығы Тәуелсіздік пен теңдіктің,ынтымақ пен елдіктің нышаны» тақырыбында айтыс өткізді. Айтыс 2 кезеңнен тұрды. 1 кезеңге 4 жұп 8 оқушы қатысты. 6 сынып оқушылары Бірназар Д, Байшлаков Д, 7 сынып Ерболатұлы А, Айтбеков Н,8 сынып Бірназар Е, Сейлханов М, 9 сынып Даукен Н, Осажанова А. Әділқазы мүшелері оқу ісінің меңгерушісі Абдрахманова Н.А, АӘД пән мұғалімі Когабаев Д.К, бейнелеу пән мұғалімі Алмусин А.С оқушылардың өнерін бағалап 2 кезеңге 6 оқушы жіберді. Шешуші кезеңде оқушылар қазақ хандарын жоғары дәрежеде жырлады.

Мақала Қазақ хандығының 550жылдығы Мақала Қазақ хандығының 550жылдығы

Аламан бәйгеде бас жүлдені 7 сынып оқушысы Айтбеков Нұрлан қанжығасына байласа, тамаша қыз бен жігіт айтысын жасаған Осажанова А, Сейлханов М Абылай ханмен Әбілқайырды жырлай отырып сөз сайыстырды. Топты жарып І орынға Осажанова А, ІІ орынға Сейлханов М иеленсе, ІІІ орынды 8 сынып оқушысы мектебіміздің мұрагер ұйымының президенті Бірназар Е иеленді. Бұл бәйгеде оқушылар Қасым ханның қасқа жолын, Әбілқайыр мен Абылай , Керейлер туралы жырлап арасында бір - бірімен әзілдесіп суырып салма ақындықтарын көрсетті. Мектебіміздің оқу ісінің меңгерушісі Абдрахманова Н.А оқушыларды мақтау қағаздарымен марапаттап жыл соңында Айтыс өнерінің қайталап өтуіне ұсыныс жасады. Тәрбие жұмысының жоспары бойынша наурыз айында қазақ хандығының 550 жылына байланысты айтыс өнері жалғасын табады.

Қаражал қаласы,

№5 жалпы білім беретін орта мектебі

тәрбие ісінің меңгерушісі: Абдишева А.Ш

© 2010-2022