«Ғажайыптар алаңы» интеллектуалдық ойыны

Раздел Воспитательная работа
Класс 4 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Ғажайыптар алаңы» интеллектуалдық ойыныТақырыбы: «Ғажайыптар алаңы» интеллектуалдық ойыны

Мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың оқуға қызығушылығын, ынтасын, зейінін арттыру, алған білімдерін тереңдету.

Дамытушылық: Ой-өрісін кеңейту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік:Оқушыларды адамгершілікке, алғырлыққа, белсенділікке баулу және жеке тұлға етіп қалыптастыру.

Көрнекілік: интерактивті тақта, слайдтар.

Ойын барысы:

І Ұйымдастыру

Бәйгеге түсіп жарыспай,

Жүйріктің бағы жанар ма?

Білім мен өнер жарысып,

Тәрбие, тәлім табар мән.

Бұл бәйге ойдың бәйгесі

Кім жүйрік ойға, сол алда, - дегендей, біздің бүгінгі «Ғажайыптар

алаңы» атты ойынымызға қош келдіңіздер.

Ойын ережесімен таныстыру:

Плюс - ойыншы кез келген бір әріпті аша алады (егер бұл әріп бірнеше рет қайталанылса барлығы да ашылады).

х2 - ойыншының жиналған ұпайлары екі еселенеді.

Б - жиналған ұпайлары күйіп кетеді.

- жинаған ұпайлары күйіп кетпейді, бірақ жүрісті келесі адам орындайды.

Приз - ойыншы жүлдеден бас тартып, ойынды жалғастыра алады және де жүлдені алып ойыннан шыға алады.

  • Балалар, егер ойын шартымен таныс болсақ, алғашқы іріктеу кезеңіне жол берейік

І іріктеу кезеңінің сұрақтары:

  1. Ұлы ақын Абайдың анасының есімі? (Ұлжан)

  2. Қазақстанның тұңғыш ғарышкерлері? (Т.Әубәкіров, Т.Мұсабаев)

  3. Тұңғыш мектеп ашып, «Дала жұлдызы» атанған тұлға: (Ы.Алтынсарин)

  • Сонымен, балалар І іріктеу кезеңінің оқушыларын анықтап алдық, оларды ортаға шақырамыз.

Алғашқы үштік ойыншыдарымызға арналған сұрақ:

  • Көбейтудің қасиеті? Т Е Р І М Д І Л І К (10 әріп)

  • Сонымен балалар І кезеңнің жеңімпазы ______________ құттықтаймыз!

  • Енді, екінші іріктеу кезеңіне көшсек:

ІІ іріктеу кезеңінің сұрақтары:

  1. Ұша алмайтын құс? (түйеқұс)

  2. Сөйлем мүшелерінің қанша түрі бар? (5)

  3. Шоқан Уәлихановтың шын есімі? (Мұхаммедқанапия)

Екінші үштік ойыншыларымызға арналған сұрақ:

  • Әлемнің жеті кереметінің бірі? С Е М И Р А М И Д А (10 әріп)

  • Балалар ІІ кезеңнің жеңімпазы _____________ қошемет көрсетейік!

Ойын - толқын, айналған қатты ағысқа,

Табылғандай таным да, жат дауыс та.

Біреу озып келеді қатарынан,

Біреу мініп жатқанда аптығыста, - дей келе, үшінші іріктеу кезеңін бастайық.

ІІІ іріктеу кезеңінің сұрақтары:

  1. «...Ерте кезде ғажайып бір өлкеде мамыражай тірлік кешкен, кішісі үлкенін сыйлаған...» деген үзінді қай ертегіден? («Әйел-Ана)

  2. Рейхстагқа ту тіккен қазақ? (Рақымжан Қошқарбаев)

  3. Екі нүктені қосатын геометриялық дене? (кесінді)

Үшінші үштік ойыншыларымызға арналған сұрақ:

  • «Аққан жұлдыздар» деп нені атаймыз? М Е Т Е О Р И Т


  • Оқушылар, үш кезеңнен сүрінбей өткен дарындыларымызға сәттілік тілеп, ақтық сайысты бастаймыз:

  • Сонымен ақтық сайыстың қатысушылары:

  • _____________

  • _____________

  • _____________

«Ақтық сайыс» сұрағы:

  • «Желдің күші мен бағытын анықтайтын құрал? Ф Л Ю Г Е Р

  • Оқушылар, бүгінгі сайыста жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанып жеңіске жеткен _____________ қошеметтейік және де «Ғажайыптар әлемінің Дарабозы» деген мақтау қағазын ұсынайық!!!

  • Бүгінгі ойынға қатысып, өз білімдеріңізді сынаған қатысушыларға алғыс білдіреміз.


© 2010-2022