Тәуелсіз елдің тірегі білімді ұрпақ

Раздел Воспитательная работа
Класс 6 класс
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Таныстым:

Күні,айы,жылы: 13.02.2016 жыл

Ашық тәрбие сағатының тақырыбы: Тәуелсіз елдің тірегі - білімді ұрпақ

Мақсаты: Жас ұрпақты өз Отанын құрметтеуге және әр пәндер бойынша алған білімдерін жүйелей отырып, оқушылардың ақыл-ойын, байқағыштық қабілеттерін, өз бетінше жұмыс істей білуін, ізденушілігін дамытып, қиялын ұштау. Зияткерлік , ақпараттық және мәдениеттілікке тәрбиелеу.

Түрі: интеллектуалды сайыс

Көрнекілігі: жұмбақтар, бағалау парағы, шарлар,суреттер топтамасы

Сайыстың жоспары:

І «Егемен елдің ертеңіміз»/таныстыру/

ІІ. Білімпаздар, зерделілер, алға!/ сұрақ-жауап/

ІІІ. Өнер -алды қызыл тіл. /өз өнерлерін көрсету/

ІҮ. Көп тілді білу- өмір талабы./жұмбақтың шешуін үш тілге аудару/

Ү. Тәуелсіздік- тірегім / үй тапсырмасы/

ҮІ. 25 жылға - 25 тілек

ҮІІ. Марапаттау

Жүрегі-жаз, тілегі,жаны-көктем,

Нәр алған Төле, Әйтеке, Қазыбектен.

Әділқазы алқасын таныстырып,

Өтейін сөз айтатын әділетпен.

(Әділқазылар алқасын сайлап аламыз. )

Біздің күнделікті тәрбиемізге көңіл бөліп жүретін ұлағатты ұстасымыз Бақтылы апай.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі:

Мектеп психологы: Сембекова Гулшат

Линара.

Егемен елдің ертеңі келешегі,

Болашағын ойлаған ел өседі.

Ендеше топтар өзін таныстырсын,

Таныстықтан терезе теңеседі.

Тәуелсіздікті ту қылып,

Болашаққа аттандық,

Білімді ертең күн қылып,

Ертеңге қадам аттар нық деп сөз кезегін топтар өздерін таныстырады.

Абылай.

Жалыны -жастық жігері бойда қайнаған,

Тәуелсіздікті бойтұмар қып байлаған

Білім тобы жасымайтын, жаспайтын

Тұғырын көктен , мінбесін биік сайлаған деп ортаға Білім тобын қошеметпен шақырамыз

Дамира.

Бізге Мағжан ата сенім артқан

Біздерміз келер - күнге атар ақ таң

Топбасшысы осы топтың Дамирамын

Жүрегінен жылы леп лүпілі аққан

Аягүл бар айдай толған ай дидарлы

Данияр мен Фархад спорттың шыңында жүреді

Әдемі қыз Салтанат аруымыз

Үнемі күліп жүрер, ол жайдарлы

Біз білімді азат елдің ұрпағымыз

Елімізбен бірге соғар жүрегіміз

Қазақстан мәңгілік жайнап тұрсын

Ол біздің перзенттік тілегіміз

Линара

Батыл алға қадам аттаған

Ата -салтын әдеппенен сақтаған

Болашақ тобы кемел елдің тірегі

Ұлағатты ұстаздары мақтаған дей келе ортаға Болашақ тобын қошеметпен қарсы алайық!

Сағындық

Болашағы біздерміз еркін елдің

Ертеңіне елімнің кәміл сендім

Біз Болашақ батылды, парасатты

Топ басшысы мен - дағы Сағындықпын

Шоқ емеспін маздайтын жалыннанмын,

Біздің топта Аружан бар белсенді

Спортшы Асыланбек, Алтынзер балаң ақын

Наурызбай әскери тұлға боламын деп,

Елімнің тыныштығын қорғаймын деп,

Келешекке нық сеніммен қадам бастық

Жұлдыздай тек биікте жанымыз деп.

Абылай

Тәуелсіздік таңына туған өрендер,

Бұл өрендер ойға тұнық тереңдер

Тәуелсіз елдің - егемендігін сақтайды,

Тәуелсіздік тобы, сенім артар , сенер ел дей келе ортаға Тәуелсіздік тобын шақырайық

Ерқанат

Кіл жүйріктер жиналған құрамымда

Тербеткен бізді тәуелсіздіктің белгісі

Топ бпсшысы мен болам Ерқанат атым

Жақсылыққа сыныбымен қуанатын

Әнші Назерке, өнерлі Анар бар

Құралай мен Әбдірахман болашақта жанар атың

Еркін ел тәуелсіздік қыранымыз

Тыныштық бейбітшілік ұранымыз!

Халқын сүйіп, өз елін қастерлейтін,

Біз ертеңгі елімнің шырағымыз.

Линара Таныстыру бөлімі бойынша әділқазы алқалары өз бағаларын береді

Абылай.

Бұл ғасыр - білімділік ғасыры

Білімдінің мерейі өсті, тасыды

Ендеше ойлы болсаң озайық шауып,

Тәуелсіздіктің біз болайық жалыны деп сіздерді білім бәсекесіне шақырамыз.

Шарты : мүнда өзін - өзі тану пәні, тарих, қазақ тілі мен әдебиет және тәрбие туралы бес сұрақ берілген Топ мүшелері бірлесе отырып, ұйымшылдықпен жауап береді.

ІІ бөлім. «Білімпаздар, зерделілер, алға!»

Линара

Қаза елі -өнерлі халық нағыз

Қызы сырлы, ұлдары - нағыз аңыз

Сайратып қойып өнер жұлдыздарын

Сабырмен тыңдай берсек тынығамыз дей келе келесі кезекті «Өнер алды - қызық тіл» бөліміне береміз.

Абылай . « Адам өмірінің шегі бар, ал білімнің шегі жоқ»- деп атап өткен Елбасы оқушыларды ғұмыр бойы білімнің тұңғиығына терең үңілуіне шақырды . Мемлекеттік тіл - мемлекет құрушы ұлттың тілі, ал, орыс тілін білу - ұлы байлық. Ағылшын тілі ілгерілеушілік пен технологиялардың тілі болғандықтан, біз оны үйренуге тиіспіз. Ал қазақ тілі барлық Қазақстанды біріктіріп, жақындастырып өзара түсіністік пен сүйіспеншілікке жетелейді, - дейді елбасы Н.Ә.Назарбаев Ендеше келесі кезекті « Көп тілді білу- өмір талабы» атты бөлімге берейік.Әр топқа үш жұмбақ беріледі. Жұмбақтың шешуін тауып үш тілге аударады.

Линара.

Тәуелсіздік дегенде естілер бүгін асқақ үн,

Сынаптай сырғып өтеді - ау уақыт қас -қағым

Туған тіліміз сән-салтанат танытсын,

Ана тілім- абыройым, асқағым.

«Болашақтың » кемеріне жол салып,

Жас өрендер ізденісі қаншалық

«Білім - теңіз» айдынында жүзбекші,

Өз жерінде, шет елде де шаттанып.

Жасампаз елім, жетістігің бәрі есте,

Атағың мәшһүр, танымал болдың емес пе?

Гүлдене берші, көркейе берші үздіксіз,

Тәуелсіздігің жайлы жазылуда әлі жыр -десте дей келе келесі кезекті «Тәуелсіздік -тірегім» атты бөлімде оқушылар тәуелсіздікке арналған жүрек жарды өз жырларын оқиды

Абылай. Еліміз өз тәуелсіздігін алғанына небәрі 25 жыл болса да, үлкен асулардан өтті деп айта аламын .Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай әр адам өз туған жерінің , өз елінің өркендеуіне ат салысуы қажет. Сонда біздің еліміз одан әрі дамып, өзге алпауыт елдермен иық теңестіре алады. Біз биыл мерекелі тойын атап отырған елімді мақтан тұтамын және оның дамуына өз үлесімізді қосамыз . Сайысымыздың соңында барлығымыз Тәуелсіздігіміздің 25 жылына арнап 25 түрлі тілек айтайық. Бірімізді - біріміз қайталамаймыз.

Линара

Оқы ізде талаптан сен достарым,

Бар ғылымнан нәр алғайсың бастау ғып.

Болашағын көркейтетін елімнің,

Тұлғасы бол, данасы бол, Достарым!

Тәуелсіздігіміз тұғырлы, егемендігіміз ғұмырлы болсын»

Назар салып тыңдағындарыңызға алғысымызды білдіреміз.



© 2010-2022