Кітапханалық сабақ беру бағдарламасы

Раздел Воспитательная работа
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Кітапханалық сабақ беру бағдарламасыКітапханалық сабақ беру бағдарламасыКітапханалық сабақ беру бағдарламасы

Кітапханалық сабақ беру бағдарламасы

«Зерделі оқырман»

Жазғы демалыс бағдарламасы

(Кітапханалық сабақ беру технологиясы бойынша)

Бағыты: қоғамдық-гуманитарлық бағыт



Дайындаған : Аманжолова Гүлнәр Шақизақызы

№2 мектеп-гимназия кітапханашысы



Түсініктеме хат

Балалар демалысының жазғы бағдарламасы балалар демалысын қызықты ойындар арқылы тиімді ұйымдастыруда ерекше орын алады.Жыл бойы уақытының көбі партада отырып оқып-жазуға кеткен оқушы, демалысын асыға күтеді. Бұл - табиғи нәрсе.Мектептегі дене шынықтыру сабақтары мен спорттық үйірме жұмыстары енді уақытша тоқтайды. Жаз уақытында ата-аналар ең ұзақ демалыс (каникул) кезінде балаларының тоғыз ай мектептегі уақыттары секілді дене тәрбиесі, спорт жаттығуларымен үзбей, жүйелі, тұрақты айналысуын ұйымдастыра ала ма? Ұйымдастыру қиынға соғады. Оның себебі ата-ананың уақыты да, мүмкіншілігі де жетпей жатады. Ата-ана үшін ең бір тиімді жолы бар. Ол жол көптеген жылдар бойы ұйымдастырылып жүрген балалардың демалыс-сауықтыру лагерлеріне балаңызды жіберу.

Балалардың жазғы тынығу лагерлері әр түрлі болғанмен олардың мақсаты мен міндеттері бірдей: балаларды тынықтыру, қызықтыру, денсаулығын нығайту, білімін кеңейту, тәрбиелеу. Осы мақсат, міндеттерді орындау үшін түрлі жұмыстарды ұйымдастырады. Ол жұмыстардың негізі болып әрқашан түрлі ойындар қала береді.Ал бұл бағдарлама тек қана сергіту сәтін сыйлап қана қоймай олардың бос уақытында кітаппен достасуына жол ашады. Қазіргі жағдайда керек ақпарат табу үшін аудио, видео, ғаламтор сияқты жеңіл жолдар табылып тұрғанда кітап оқуға деген құштарлық азайып кетті. Бала ерте жастан кітаппен достасса, болашақта ол көзі ашық, көкірегі ояу адам болып қалыптасады.

«Зерделі оқырман» бағдарламасының мақсаты:

«Кітап арқылы - рухани шыңдарға жету»

Жалпы, кітапханашылар қауымы оқырмандармен жұмыс жасауда жақсы қарым-қатынас орнатуға, олармен әңгімелесіп, пікірлесуде кәсіби шеберлікпен жұмыс жасауы абзал. Жеткіншектің бойында кітапқа деген құштарлықты ояту үшін кітапханашы әр уақыт ізденіс үстінде болуы шарт. Себебі, бабалар аманатын ұрпағына жеткізу жолында еңбек ету, кітапханашы болу - абыройлы іс, үлкен жауапкершілікті міндет етеді деп түсінгеніміз жөн.Сонымен қатар, әдістемелік әдебиетте қазақ тілінде кітапханалық жұмыстың қазіргі формалары мен әдістері аз берілген. Осы орайда, бағдарламаның мақсаты- қазіргі оқыту технологиялары арқылы әр түрлі кітапханалық іс-шараларды өткізу негізінде оқушылардың кітап оқу қызметін қалыптастыру, дамыту, сөйтіп, олардың білім сапасын арттыруына көмектесу.



Міндеттері:

-қазіргі оқыту технологиялары негізінде оқушыларды жұмыс істеуге баулу;
-кітапханашы қызметінде жұмыстың қазіргі формалары мен әдістерін игеруіне бағыт беру;
-балалардың өзіндік жұмыс жүйесін қалыптастыру, рухани байлықты кітапханадан алатындарына көздерін жеткізу;



Күтілетін нәтижелер:

-кітапхана жөнінде жаңаша көзқарас, пікір, ой қалыптастыру арқылы оқушылардың рухани қазынадан «нәр алу», яғни, кітап оқу қызметін қалыптастыру;
-қоғамдағы жағымсыз жайттардың ұрпақ тәрбиесіне тигізер әсерін оқушылардың кітап оқу жүйесін қалыптастыру арқылы болдырмау, оқушылардың білім сапасын арттыру;





Іс-шараның тақырыбы

Сағат саны

Формалары мен әдістері

1

Кітапханаға саяхат

1

Әңгімелесу
(Бұл жаппай іс-шараның диалогтық формасы кітапханашының хабарламасынан басталады және аудиториямен сұхбаттасу жүйесінде жалғасады)

2

Кітапхана- білімпаздар мекені

1

Кітапханалық сабақ

(Сабақтың алдында балалардың кітап оқу деңгейін анықтау үшін «Оқырман өмірбаяны» атты жазба жұмысын орындау)

3

Кітаптың шығу тарихын білеміз бе?

1

Қызықты ақпараттар сағаты

(Бұл баспасөзден, кітаптардан оқыған материалдардың өзіндік ауызша топтамасы

4

«Кітап қалай пайда болды?» призентациямен түсінік бер

1

Сабақ-викторина

5

«Тілім менің - тірлігімнің айғағы»

1

Тақырып бойынша көркемсөз оқу шеберлерінің конкурсы

6

«Атамекен - Алтын бесік»

1

Саяхат-сабақ Саяхат арнаулы туған еліміз туралы призентациямен түсіндіріледі

7

«Желтоқсан жұлдыздары»

1

Оқушылар мұғалімдермен бірлесе отырып, аталмыш тақырып бойынша кітаптардан, журналдардан, газеттерден белгілі бір уақыт ішінде материалдар іздейді, одан кейін соңғы іс-шараға жиналып, ізденіс нәтижелері туралы қандай қызықты материалдар тапқанын баяндайды, кітапханаға тапсырады


8

Менің қаламның бүгіні мен келешегі

1

Презентайия жасаудан жарыс, оны қорғау

9

Салауаттану сырлары

1

Медбикемен шолу өткізу

10

Салауатты өмір салты

1

Ауызша әдеби журнал (мәні жағынан ғылыми-танымал журналға ұқсайды. Ерекшелігі: қоғамды толғандыратын маңызды мәселелерді баяндау. Дайындау әдістемесі: беттері 3-5 болуы мүмкін, бірнеше кезеңнен тұрады

11

«Сенің денсаулығы- қоғам байлығы»

1

Тақырыптық викторина (бұл ойынның барысында оқырмандар сұрақтарға жауап береді. Мұны өткізу барысында төмендегідей көрнекі құралдар пайдаланылады: кәртішкелер, плакаттар, заттар. Олар «сұрақ» та

12

« Өз өлкеңнің табиғаты сені толғандыра ма? »

1

Дөңгелек үстел. (топ адамдарының аталмыш тақырып бойынша қысқаша сөйлеуі ұйымдастырылады. Оның мақсаты проблеманы немесе таласты шешу емес, аудиторияның дүниетанымын кеңейту мақсатында әр түрлі көзқарастарды баяндау, тыңдаушылар комментарий немесе сұрақтар беруіне болады

13

«Ынтымақты елде бақ тұрар»

1

Танымдық сабағы

14

Мемлекеттік нышандар -тәуелсіздік белгісі

1

Сұрақтар мен жауаптар кеші.(Бұл іс-шара еліміздің маңызды оқиғаларына арналады. Алдын-ала сұрақтар әзірленіп, ілініп қойылады немесе оқырмандар өздері сұрақтарды қояды, сұрақтарды жинау 5-10 күн қалғанда аяқталады, олармен мамандар танысып, жауаптарын әзірлейді. Жауап беру кезінде қолдануға болатын әдебиетті де айтады. Жүргізуші әр сұрақ бойынша қорытынды жасап, резюме береді.

15

Достықты қалай түсінесің?

1

Дөңгелек үстел

16

«Өз ұлын, өз ерлерін ескермесе, ел тегі алсын қайдан кемеңгерді»

1

Тақырыптық сабақ

17

«Бақыт деген....» (адамгершілік сағаты)

1

Тақырыптық сабақ

18-19

«Жылдың үздік оқырманы»

2

Конкурс Шарттары: «Менің рухани әлемім» фотоальбом

20

«Менің Мұқағалиым»

1

Мақатаев шығармашылығына арналған көрме.

21

Байтұрсынов әлемінде. Көрме

1

Көрмемен таныс ету

22

«Еңлік - Кебек»

1

Сахналық көрініс

23-24


Әдеби дастархан. Көрме

2

Әдеби дастархан (Дәстүрлі емес жағдайда әдебиет, өнермен байланысты сұрақтар төңірегінде әңгімелеседі, мұның ішінде кітапханашының, оның көмекшілерінің әзірлеген сұрақтары да болуы мүмкін. Сонымен қатар, іс-шараның өту барысында тоқыма тоқуға да болады. Әңгімелесу қатысушыларды жалықтырмас үшін оны өлең айтумен, өлең оқумен, қызықты оқиғалармен араластыруға болады

25

«Кітап- санаңа сәуле құяр шырақ»

1

Кітапханалық сабақ

26

«Рухани қазына -Болашаққа»

1

«Кітапханаға-кітап» акция конкурсы

27

«Үйренер нәрсең - білім мен мейірімділік»

1

Кітапханалық сабақ

28

Адам болудың алғы шарты

1

Кітапханалық сабақ

29

«Абайдың даналық қазынасы»

1

Қарасөздерін оқу, түсінік айту

30

«Бейбітшілік- адамзаттың асыл құндылығы» (Ұлы жеңіске арналады)

1

Тақырыптық сабақ

31-32

«Рухани қазынам -болашағыма бағыт-бағдар береді»

2

Дөңгелек үстел

33-34

«Кітап.Кітапхана. Оқырман».

2

Кітапханалық қорытынды сабақ


Пайдаланған әдебиеттер тізімі

1.Кітапхана жұмысының қазіргі формалары мен әдістері.
«Мектептегі кітапхана», Журнал, №1, 2009, 13-29 бб.

2. «Мектептегі мерекелер», Журнал, №3, 2008. 31-35 бб.

3. «Мектептегі кітапхана», №3, 2009, 15-16 бб.

4. «Мектептегі кітапхана», №5, 2009, 2-3 бб.

5. «Мектептегі кітапхана», №5, 2003, 11-12 бб.

6. «Мектептегі кітапхана» , №2, 2009, 5-6 бб.

7. «Мектептегі кітапхана» , №4, 2009, 12-13 бб.











Кітапханалық сабақ беру бағдарламасы

ЖҰМЫС КЕСТЕСІ

Дүйсенбі - жұма 9.00 - 17.00с

Бейсенбі - әдістемелік күн

Сенбі 9.00 - 13.00с

Кітапхананың тәртіп ережесі:

  • 1.Кітапханада тәртіп сақтау керек, шулауға және қатты сөйлеуге болмайды.

  • 2.Кітапханаға кіргенде кітапханашымен амандасу керек, ал кітап алғанда «рахмет» айту керек.

  • 3.Кітапты тек таза қолмен ұстау керек.

  • 4.Кітаптың бұрыштарын бүктеме, тілшемен пайдалан.

  • 5.Егерде кітап бүлінген болса, оны «емдеу» керек.

  • 6.Кітапхананың кітаптарын өте күтіп ұстау керек, неге десең олар көп кісілерге арналған.

Кітапхана - ақпараттық дерек.

Мектеп кітапханасы мұғалімдерге және оқушыларға арналған ақпараттық орталық. Біздің кітапхананың мақсаты:оқушыларды, мұғалімдерді және басқа дәрежедегі оқырмандарды оқу - тәрбие процесстерімен,өздігінен білім алу және ақпараттық - библиографиялық күту арқылы қамтамасыз ету және бастауыш буыннан бастап, арғарай барлық дамыту кезеңдерде оқушыларды ақпараттық мәдениетке тәрбиелеу. Кітапханашылар барлық қызметімен оқушыларды ылғи өздігінен білім алуға баулыйды,ойдағысын дамуға, ойланып оқуға, оқырмандарды өздерің ақпаратты іздеп табуға үйретуге тырысады және қандай қиын ақпарат болса да, өздігінен жұмыс істеп, осының бәрі оқырманды өздігінен білім алу әдетіне қалыптастырады.

Оқырмаңдар ылғи жаңа көркем әдебиеттерге көңіл бөледі.Тарихи әдебиеттерге сұраныс көбейеді,олар кітапханаға түрлі хаттауда түседі және екі,үш тілде бастырылады.

Кітапханада оқу бағдарламалары және оқу құралдары,әдістемелік нұсқаулар барлық пәндерден бар, олармен мұғалімдер және оқушылар пайдаланады.

Кітапхана оқырмандарды барлық білім саласынын талаптарымен, тақырып бойынша кештерге және сабаққа қажет мағлұматтарымен қамтамасыз етеді. Кітапханашылар жеке адамның шығармашылық дамуын қалыптастыру үшін жағдай жасауға тырысады.

Кітапханалық сабақ беру бағдарламасы

№8 БАЛАЛАР КІТАПХАНАСЫ

Оқырмандармен бағдарламамызды іске асыру мақсатында 2011 жылы оқуларға жеке және бұқаралық басшылық тәсілдері қолданылатын болады.

Күнделікті жұмыста абонемент пен оқу залында ұсыныстық әңгімелер, көрмелер, кітап сөрелері, каталогтар мен карточкалар жанында жеке кеңес берулерді, білім мен зердені нығайтуға ұмтыла отырып, оқып шыққанды талқылау - сауалнамаларды кеңінен қолдану. Күнделікті оқырмандарға қызмет көрсете отырып, кітапханамызға келіп тұруға шақыру, кітапхананың бай қоры, пайдалану тәртібі туралы әңгімелеп беру. Осындай тәсілмен кітапхана жарнамасын жасап отыру. Осы тұрғыда айта кетер бір жай, біз қызмет көрсететін ауданның көлемі орасан зор, біз осы аумақта балалар мен жасөспірімдерге арналған жалғыз кітапхана, ол үлкендер мен балаларға да белгілі.

Балалар оқуын бұқаралық басшылық жасаудың негізгі формалары ретінде кітап көрмелері, әдебиет шолу, түрлі әдеби ойындар, викториналар, саяхаттар мен әдеби кештер болып табылады. 2011 жылы кітапхана «Кітап арқылы үйлесімді дамыған, қоғами - белсенді тұлғаны қалыптастыру» бағдарламасы бойынша жұмыс істейтін болады.

Бағдарлама мақсаты: «Кітап арқылы - рухани шыңдарға жету»

Бағдарламаның негіздемесі: жан-жақты дамыған үйлесімді тұлғаны қалыптастыру әрбір адамның ең маңызды міндеті және адамзат тарихи дамуының басты мақсаты болып табылады. Білім арқылы рухани шыңдарға шығуға болады. Адамға өзін тану және «қалыптастыру» үшін жүздеген зейінді, қызықты кітаптар жәрдемдеседі.

Кітаптың мақсаты - адамға қызмет ету, оның бақытына ықпал ету, адамның және адами қатынастардың жетілуіне жәрдемдесу. Оқу тұрақты қажеттілік әрі ақылды адам мен «оқырман адамның» өсуіне қажетті шарт болды.

Мемлекеттік мекеме «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі»

№ 8 балалар кітапханасы

Оралхан Бөкеевтің

«Қайдасың, қасқа құлыным» повесі таңдалынды:

«Бір ел-бір кітап» акциясы 27 қыркүйек 2012 жыл

ЖОСПАР

1. Кіріспе.

2. Оралхан Бөкейдің өмірбаяны

3. Шығармашылығы

4. «Қайдасың, қасқа құлыным» повесімен танысу

5. Қорытынды

Кітапханашы: Жазушы-драматург, Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Жастар сыйлығының лауреаты, Н. Островский атындағы Бүкілодақтық әдеби сыйлықтың лауреаты, «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы болған Оралхан Бөкеев 1943 жылы 28 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Шыңғыстай ауылында дүниеге келді.

Ол 1961 жылы Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы Шыңғыстай орта мектебін бітірген соң, аға пионер вожатый және Алтай совхозында тракторшы болып жұмыс істеген.

1963-1969 жылдары О.Бөкеев С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетінде сырттай оқыды.

1965-1968 жылдары ол Большенарым ауданының « Еңбек туы» газетінде корректор, аудармашы, редактордың орынбасары, Шығыс Қазақстан облысының Коммунизм туы газетінде әдеби қызметкер болды.

1968 жылы О.Бөкеев республикалық «Лениншіл жас» газетінің шақыруы бойынша Алматыға келеді.

1974-1983 жылдары О.Бөкеев «Жұлдыз» журналының проза бөлімінің меңгерушісі.

1983-1993 жылдары «Қазақ әдебиеті» газетінде редактордың орынбасары.

1991-1993 жылдары бас редакторы болды.

Ол өз туған жерін жанындай сүйді, оған мәңгі ғашық болып, сол ұлы махаббатын ақтық демі біткенше қағазға түсіріп өтті.

Әдебиетке келудегі мақсаты да сол.

Кітапханалық сабақ беру бағдарламасы

Кітапханашы: «Көкшетау асқан сұлу болса, одан шыққан ақын, жазушылар одан әрі сұлуландырады. Біздің Өр Алтайдың сұлулығы одан да кем емес, бірақ оны жырға қосып, сұлулығын көрсететін ақын, жазушылар жоқ. Мен Алтайдың сұлу табиғатын, сарқылмас байлығын танытуды мақсат етемін. Мен мақсатыма жетемін деп сенемін», - деген екен қаламгер.

Кітапханашы О.Бөкеев журналист болып, жазушы болып қалыптасуына Шерхан Мұртазаның ағалық қамқорлығы ерекше әсер етті. Ешкімге белгісіз Шыңғыстайдағы тракторшы баланың бойынан жалындаған талант отын байқаған Ш.Мұртаза оны Алматыға жетелеп әкеп, дуылдаған қаламгерлер қауымының қалың ортасына салды жіберді, өмірінің соңына дейін ол журналистика мен жазушылықты қатар алып жүрді. Оның прозасы мен драматургиясында қоғам өмірінің өзекті мәселері, ар мен азаматтық алдындағы жауапкершілік рух тазалығы, жаратылыс пен адам арасындағы қарым-қатынас, жалпы адам проблемасы публицистикалық сарында өткір қойылды.

Кітапханашы 1970 жылы Алматы қаласындағы «Жазушы» баспасынан басылып шыққан «Қамшыгер» атты алғашқы жинағы жас жазушының атағын шығарды. Осы баспадан оның «Үркер» (1971), «Қайдасың, қасқа құлыным», (1973), «Мұзтау» (1975) әңгімелер мен повестері шығарылды.

«Ән салады шағалар» (1978), «Үркер ауып барады» (1981), «Біздің жақта қыс ұзақ» (1984) әңгімелер мен повестері «Жалын» баспасынан жарық көрді.

1986 жылы оның «Құлыным менің» деп аталатын драмалық шығармалары «Өнер» баспасынан, 1987 жылы «Ұйқым келмейді» деп аталатын творчестволық әңгімелері «Жазушы» баспасынан шығарылды.

1976 жылы О.Бөкеев «Құлыным менің» пьесасы үшін ҚР Жастар сыйлығының лауреаты, 1978 жылы «Найзағай ізі» повестері мен әңгімелері үшін Н.Островский атындағы Бүкілодақтық әдеби сыйлықтың лауреаты, 1986 жылы «Біздің жақта қыс ұзақ» повестері мен әңгімелері үшін Абай атындағы наградаларына ие болды.

Кітапханалық сабақ беру бағдарламасы

Кітапханашы: О. Бөкеев- есімі дүние жүзіне танымал жазушы. Оның шығармалары дүние жүзінің көптеген тілдеріне орыс, ағылшын, неміс, француз, жапон, араб, қытай және басқа да ұлы халықтар тілдерінде аударылған.

О.Бөкеевтің шығармаларынан «Кісікиік» (1985 ж. режиссері М.Самағұлов), «Сайтан көпір» (1986 ж. режиссері Д.Манабаев) көркем фильмдері және «Кербұғы» (1986, балетмейстер Б. Аюханов) балеті қойылды.

1994 жылы О. Бөкеевтің повестері « Таңдамалы» 1том болып шықты, ал 1996 жылы повестері мен романдары «Таңдамалы» 2 том «Жазушы» баспасында жарық көрді.

О.Бөкеев 1993 жылы 17 мамырда Үндістан жерінде, Делиде қайтыс болды.

Кітапханашы Бөкеевтың қара сөздің інжу-жақұтымен өрілген жырларынан әмәнда ерлік рухы атқақтап, шарасына сыймай асып-төгіліп жатқан асқақтық лебі өн-бойыңызды тоқ соққандай қалшылдатады-ай. Оралхан шығармашылыққа өмірдің өзінен дайын келді деген сөз. Оның әдебиет институты да, аспирантурасы да, академиясы да айналайын ауылы, соның ақеділ адамдары, Өр Алтайы, оның табиғаты болатын. Соған тамсануын тауыса алмай, таңырқауын түгесе алмай көз жұмды. Қат-қат сағыныштарын өзімен бірге ала кетті.

Оралханның үлкен, көлемді шығармаларын былай қойғанда, кез келген ұсақ әңгімесінен туған жеріне, тіпті оның әр бұта-қарағанына деген, жалпы адамзат баласына деген алапат сағынышы аңқылдап тұрады. Сағынышсыз адам - құр тұлып. Ал, Оралхандыкі тым ерекше.

Туған жерінің төсінде ойнақтап жүріп-ақ, әр тал ағашын, әр тал жусанын мың сан еңірей құшады. Сол от жалынға оранған алапат сағынышына тым ерте өртеніп кетті ме, кім білсін?

Кітапханашы : Оның қазақ әдебиетінде салып кеткен өзіндік жолы бар. Жазушы Алтайды, еңбектің сан түрлі саласында ерліктің үлгісін көрсетіп жүрген адамдарын тек өзіне ғана сыйымды, ғажап пейілмен сүйе білді. Олардың сан салалы, қилы-қилы тағдырларын өзінің үлкенді-кішілі шығармаларына өзек етті. Жазушының қандай да бір шығармасын қолымызға алып, парақтай бастасақ оның әр бетінен ауыл иісі, ауыл тұрмысы аңқып тұрады.

Асқар Алтайдың кербез табиғатын, тамылжыған сұлулығын О.Бөкейдей сүйіп, жырлаған жазушы әзірге жоқ. Ол табиғаттың асқақ жыршысына айналған табиғи тума талант. Оралхан кейіпкерлерінің тағы бір ерекшелігі-олар арманшыл, қияшыл болумен бірге ойшыл, мұңшыл, жан-дүниелерінде сағынышқа толы аңсау, ынтығу, күрсініс пен өкініш, шексіз ынтызарлық, жұмбақты сыр жатады. Олармен бірге белгісіз бір сағынышқа толы мұңға беріліп кеткеніңді өзің де байқамай қаласың.

Кітапханашы : О.Бокеев халқына адал қызмет етті. Мақсатына өзін-өзі тәрбиелеу, өз бетінше білім алу ізденімпаздығымен жетті, шындық пен образдар қосуын, тұнап жатқан қабілеті мен талантын бағалап әдебиет сүюші қауым, зерттеушілер, қаламдас достары Оралханға Кербұғы, Мұзбалағы, Өр Алтайдың күмбезі деген атаулар беріп, биікке көтерді.

Кітапханашы: Менің әкем Бокең дүниедегі ең асыл, ең алып жігіттің марқасқасы болатын, фермада істеген. Анау көрінген Таңатар тасы... Әкем| Мынау қара тастың құпиясын ұлыма айтудың керегі бола, қояр ма екен, біз балалақты тым ерте жоғалттық.

Таңатар ғана емес бүкіл азаматтардың қай-қайсысы да арғы беттен кең сарайдай боз үй табардай, бір-ақ түнде көшіп кеткен. Осы үкіметтің алғашқы ыстығы мен суығына шыдай алмады ма, әлде ертеңіне күдікпен қарады ма, әйтеуір жиырмасыншы жылдарда мынау Алтай ары-бері сабылған елдің өткелі, ұры мен қарының қанды қақпасы еді ғой.

Таңатарды кім өлтіргенін әкем сезетін, бірақ өне бойы аузынан шығармайтын еді, тек жарық дүниемен қоштасар сәтінде ғана маған «Ұлым, Сарқындыдан сақтан»-деп еді. Ана бір жылы, біздің бие егіз қара қасқа құлынын туғанда, қызғаныштан шыдай алмай, әрі шаранасы кеппеген жас құлынның біреуін Мынау менің бабамның жылқысынан қалған тұяқ, сондықтан менің де малым.

Бие егіз құлындаса, жақсы ырым емес, аяқтанбай тұрғанда,

Бірін өлтіру керек» - деп, сары мойын кездігімен қара қасқа құлынның бірін алқымынан орып жіберді.

Бірақ келесі күні сол мезгілде екіншісі өлді, жарықтық, содан кейін боз бие қайтып құлындамай, бедеу қалды-ау.

Әкем айтатын, соғыстан кейінгі жылдар қандай ауыр еді.

Кітапханашы : Жаралы ел бірден құлан-таза жазылып кете алды ма. Аққан қан мен төгілген тердің орны әлі де толып болған жоқ, қара жаулығын әлі тастамай отырған ақ шашты әйелдер қаншама, бес жыл от пен оқтың ортасында жүріп, мамыр заман, бейбіт өмір, қарапайым еңбектің қадіріне қанымызды айырбастап келгенде, әттең туған жер, өскен ел де көзімізден бұлбұл ұщып келгенде, артымызда ағалап қалған қара домалақ ұлдарды көрер күн туар ма деп сағыныштың садағасы болып келгенде, көзге шыққан сүйелдей боп, ққыңыратқып тұрған жетесіз ұлды көргендей, әкелер, қайсысың шыдап тұрар едің. Соғыстан біздер оралғанда осы ауылда дені сау бес-ақ еркек, елу қыз-кліншек бар еді. Соғыс кезінде елге бас көз боп қалғандар мен соғыстан шыбын жаны, қу сүйегін сүйретіп орадған еркектің бәрін қыз-келіншектерге қырындағаны ұшін жаппай жазғырып жүр.

Бүгін мен Қаршығадан хат алдым, әкемнің боз биесінен қара қасқа құлын туыпты, бірақ, жануар өз тумасынан өзі жеріп, тартып өлтіріпті.

Кітапханалық сабақ беру бағдарламасы

Оқушы :

Оралхан Бөкейге арналған өлең

Ел- ана сені ешқашан ұмытпйды

Жамылып қара бұлтын қасіреттің,

Үзілді ортамыздан қасиетті үн.

Ғұмырын соншалықты қысқа ғылып,

Адалдық, адамдығын басым еттің.

Қиятын жан емес ең кісі өлімге,

Сені ойлап аза-қайғым күшеюде.

Тағдыр-ай, арманына жеткізбедің,

Қырық тоғыз, алып кеттің мүшелінде.

Тербеген құштар жүрек, сонар-таңы,

Үзілді ширатылған ән арқауы.

Ұшырған Ақиығын шындарынан,

Алтайдың сөнді бүгін жанартауы.

Жан едің, жұрт жаудырған шын алғысын

Жан едің, шында өскен шынар-мүсін.

Шырылдап қалды артыңда қос балапан,

Қапыда кеткен қайран, қыран құсым

Маркетинг және әдістемелік көмек: кітапханалық сабақ

Кітапханалық сабақ беру бағдарламасы Қыркүйек 20, 2013

20 қыркүйек 2013 жылы ШҚО Абай атындағы әмбебап кітапханасында кітапханашыларға арналған «Маркетинг және әдістемелік көмек» атты кітапханалық сабақ өткізілді.

Өткізілген уақыты: 20 қыркүйек 2013 жылы. Өткізілген орны: Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы. Қатысушылар - ШҚО Абай атындағы әмбебап кітапханасының мамандары. Қатысушылар саны - 36 адам. Іс-шара мақсаты: көпшілік шаралардың жаңа формалары мен әдістемелік көмектің жүргізілу барысы жайлы топтық кеңес беру. Күтілетін нәтиже: кітапхана қызметкерлері біліктілігінің артуы.

20 қыркүйек 2013 жылы ШҚО Абай атындағы әмбебап кітапханасында кітапханашыларға арналған «Маркетинг және әдістемелік көмек» атты кітапханалық сабақ өткізілді.
Кітапханалық сабақтың негізі кітапханашылардың ауылдық кітапханаларға әдістемелік көмек көрсету мәселелерін анықтау болды. Бұл мәселелерді әдістемелік бөлімнің әдіскері Мальцева О. баяндап берді. Ол әдістемелік көмектің басты бағыттарын айқындады: аудандық және ауылдық кітапханаларға әдістемелік көмек көрсету, кітапханалық озат технологияларды енгізу және тарату, жұмыстың жаңа инновациялық және дәстүрлі емес формаларымен таныстыру, кітапхана кадрларының кәсіби деңгейін арттыру. Кітапхана, әдістемелік орталық ретінде Абай, Абралы, Бесқарағай, Бородулиха аудандарын, Мұқыр, Шүльбі ауылдарын және Курчатов, Семей қаласының жұмыстарына жетекшілік етеді. Кітапхананың әдістемелік бөлімі онлайн-орталықтардың жұмысы бойынша әдістемелік ұсыныстар дайындап, онлайн-орталықтардың ашылу сценарийлерін жасап, Бесқарағай, Канонерка, Мұқыр, Қайнар ауылдарына шақыру билеттерін жіберіп, осы онлайн-орталықтардың ашылу салтанатына қатысты. Аталған ауылдармен күн сайын хат жазысып, онлайн-орталықтардың жұмысы жайлы есептеме жасалады. Жұмыс қала колледждерінің кітапханаларымен үйлесіп отырады. Бөлім қызметкерлері әдістемелік қызмет көрсету мақсатында бірнеше рет Мұқыр, Қайнар, Қасқабұлақ ауылдарына барған.

Кітапханалық сабақ беру бағдарламасы

Кітапхананың маркетинг бөлімінің жұмысымен маркетинг және әлеуметтік-мәдени жобалар бөлімінің меңгерушісі Адикаева Р. баяндап өтті. Кітапханалық маркетингтің бастысы - қосбірлікті және бірін-бірі толықтыратын ықпал. Бір жағынан қарағанда, бұл - талғамдарды, сұранысты, қажеттілікті жан-жақты зерттеу, сұранысқа байланысты қызмет ету, ал екінші жағынан - сұранысқа, қажеттіліктің пайда болуына, қызметтің пайдаланылуына белсенді түрде әсер ету. Осылайша кітапханалық маркетингтің негізі анықталады: іскерлік серіктестіктің нығайуы, келісім шарт негізінде ұйымдар мен мекемелермен жүйелі түрде қызмет ету, кітапхана сұранысын зерттеу, ақпараттық нарықта кітапханалық қызмет көрсетуді жетілдіру және алға тарту; қаланың әлеуметтік мәні бар жобаларға қатысу; кітапханалық қызметтің сапасын арттыру.
Үлестірме материал ретінде «Кітапханалардағы көпшілік жұмыстың жаңа формалары» бүктеме дайындалды: «Кітаппен бірге әлемді танимыз» библиодесант, білім аукционы, жазушы бенефисі, библио-глобус, кітап бьеналлесі, әдеби жаңалықтардың бюросы, бейнекруиз және т.б. Бұл кітапханалық сабақ барысында «Книгоноша» және «Апельсиновые окна» жобалары баяндалды.

« Қазақ футболына 100 жыл: кітап көрмесі

Тіл - достықтың көпірі: а



© 2010-2022