Методическая разработка Көңілді старт

Раздел Воспитательная работа
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қарабау орта мектебі


Методическая разработка Көңілді старт



Өткізген: Аққожиев А.

«Көңілді эстафета» сайысы

Мақсаты: эстафеталық ойынға деген оқушылардың қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік міндеті: Эстафеталық қозғалыс ойындарын ұйымдастыра отырып, оқушыларды салауаттандыру, сауықтыру, достық пен инабаттылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық міндеті: ептілік, күш, жылдамдық қабілеттерін одан әрі дамыту.

Сайыстың жүру барысы:

Жүргізуші:

- Сәлеметсіздер ме, құрметті балалар мен қонақтар! «Тәні саудың - жаны сау, жаны саудың - дені сау» демекші, біз бүгін сіздермен бірге спорт әлеміндегі ең қызықты ойын «Көңілді эстафета» сайысын бастаймыз.

  • Қазір біздің спорт залымыз үлкен көңілді стадионға айналайын деп тұр. Біздің сайысымызға қатысқалы отырған командалар өздерінің жылдамдықтарын, ой - өрісін, күш - жігерін көрсетуден күш сынасады.

  • Ал енді сайысқа қатысушы командаларды қарсы алыңыздар.

Vа - «Барыс» командасы

Vә - «Тұлпар» командасы

Біз енді сіздерді бүгінгі сайыстың қазылар алқасымен таныстырамыз.

1.

2.

3.

Жүргізуші: - Құрметті қонақтар командалармен таныстық, қазылар алқасын сайладық енді сайысымызды бастайық.

  1. «Кім жылдам» ойыншы эстафета таяғын қолға ұстап, белгіні айналып келеді. Бірінші болып келген команда жеңіске жетеді.

  2. «Кедергілерден өту» Сөреден жүрелей отырып шығып, гимнастика орындығында екі қолмен тартылып, төсеніште алға аунап, жазылған есепті шығарып, белгіні айналып келеді. (Бірінші келген командаға және әр дұрыс есепке ұпай беріледі)

  3. «Кім епті» ойыншы допты шоршытып шығып, волейбол торынан допты асыра лақтырып, тосып алады, тосып алған допты баскетбол шығыршығына түскенше лақтырады ді кері оралады. (бірінші келген команда жеңіске жетеді)

Музыкалық номер


  1. «Хоккей - баскетбол» Бірінші ойыншы (ұл) шәкошпен кіші допты кедергілер арасынан алып жүріп келеді, екінші ойыншы (қыз) баскетбол добын кедергілер арасынан ыршытып белгіленген орынды айналып келеді. (бірінші келген команда жеңіске жетеді)

  2. «Өткел» Сөре сызығында ұлдар, мәре сызығында қыздар тұрады. Бірінші ойыншыда екі шығыршық, ол кезек - кезек еденге қойылған шығыршықтан - шығыршыққа секіріп мәре сызығына барады. Қайтарда қыздар қайтады. (бірінші келген команда жеңіске жетеді)

  3. «Арқан тартыс»

  4. «Қапшықпен жарыс»

Музыкалық номер

Жүргізуші: - міне, бүгінгі біздің жарысымыз да аяқталып келеді. Командалар өздерінің күштерін, ептілік пен жылдамдықтарын көрсете білді. «Көңілді эстафеталар» сайысын қорытындылайтын кез де жетті. Олай болса сөз кезегін қазылар алқасына берейік.

Командаларды марапаттау.


© 2010-2022