Алаштану уйрмесине катысты Алаш ұйымы

Раздел Воспитательная работа
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: АЛАШ ҚОЗҒАЛЫСЫ ЖӘНЕ АЛАШОРДА ҮКІМЕТІНІҢ ТАРИХИ ДЕРЕКТЕРІ Ұраны: Ұлтарақтай болса да Ата қонысы жер қымбат. Ат төбеліндей болса да Туып өскен ел қымбат. Мазмұны Кіріспе....................................................................................................................3-8 І-тарау. Алаш қозғалысы мен Алаш партиясының құрылуы бойынша деректер ...................................................................................................................................9 1.1. Алаш қозғалысы және Алаш партиясының құрылуы.....................9-30 1.2. Алашорда үкіметінің қызметі мен күйреуі.....................................31-40 ІІ-тарау. Алаш зиялыларының қызметі мен ұлттық баспасөзде жарияланған мақалалары...............................................................................................41 2.1. Алаш зиялыларының қызметі мен соңғы тағдыр жолдары..........41-60 2.2. Ұлттық басылымдағы зиялылардың жарияланған мақалалары...61-78 Қорытынды..........................................................................................................79-80 Пайдаланылған әдебиеттер мен сілтемелер………………...………………..81-83 Кіріспе Жұмыстың өзектілігі: Қазақстан ұлттық мемлекетінің идеяларының қалыптасуы Алаш қозғалысының идеясынан және Алаш партиясының бағдарламасынан бастау алады. Алаш партиясының бастау көздері, Алашорда үкіметінің саяси рөлі және қазақ зиялыларының халық бостандығы жолындағы күресін және олардың ғылыми саяси еңбектерінің маңызын зерттеудің қажеттілігі өзекті болуда. Алашорда үкіметінің саяси процестегі ақ гвардияшылдармен және Совет өкіметі арасындағы қарым-қатынастары, Алаш зиялыларының Алаш қозғалысындағы рөлі толық зерттелмеуде. Қазақ автономиясын құрған кеңес өкіметі емес, Алашорда кеңесі мен Алашорда үкіметі болатын. Алашорда үкіметі 1917жылдың желтоқсан айында құрылды, ал 1919 жылдың желтоқсан айында оны кеңес өкіметі ресми мойындады. 1919 жылдың сәуірінде А.Байтұрсынов Қазақ Өлкелік революциялық комитетінің мүшесі болып бекітілді. 1920 жылы қазанда Қазақ АССР-і болып өзгертіліп, әкімшілік атқару комитеті қайта құрылды. Біздің тәуелсіздік алу идеямыз 1917 жылы желтоқсан айында құрылған Алашорда үкіметінің құрылуынан басталады1.[№1,85б.] ХХ ғасыр басындағы қазақ зиялылары бүкіл қазақ халқы атынан іс-қимыл жасай отырып, отаршылықтың нәтижесінде елді экономикалық және рухани дағдарыстан шығару жолын іздестірді, қазақ халқының мемлекеттігін қалпына келтіріп, халықты жалпы адамзат құндылықтарымен таныстыруға ұмтылды. Жұмыстың мақсаты: Алаш партиясы және Алашорда үкіметінің саяси тарих процесіндегі рөлі мен қазақ зиялыларының қызметін деректік материалдар негізінде тарихи зерттеулер тұрғысынан көрсету. Тарихшы ғалымдардың тұжырымдамалары мен берген бағаларын анықтау. Алаш партиясы мен Алашорда үкіметіндегі қазақ зиялыларының атқарған еңбектеріне деректік мазмұн беру. Жұмыстың міндеттері: 1.Алаш қозғалысы, Алаш партиясы мен Алашорда үкіметінің құрылуы және саяси рөлін тарихи тұрғыдан кезеңдеу. 2.Алаш қозғалысының бастау көздерін және Алаш партиясының бағдарламасын тарихшы ғалымдардың тұжырымдамалары негізінде мәнін ашып көрсету. 3.Алашорда үкіметінің заңдары мен іс-қағаз құжаттарына тарих, саясат тұрғысынан баға беру. 4.Қазақ зиялыларының қазақ мүддесін көтерген қызметтеріне тоқталу. 5.Қазіргі таңда жарық көрген әдебиеттер мен материалдар негізінде тұжырымдамалар жасау. Жұмыстың дерек көздері: 1.Архив материалдарынан Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік архивінен алынған №19,25,33,317,643 қорлары Ресейдің Қазақстандағы отарлау саясатының барысы мен нәтижелерін терең түсінуге мүмкіндік беретін деректер мен ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінде сақталған 20-30 жылдардағы ОГПУ архиві ІІ томнан тұратын №124, IV томдық №06610 тергеу және соттау істері материалдары көп мәліметтерді толықтыра түседі2.[№2, 27б.] 2.Оңтүстік Қазақстан облыстық саяси қуғын сүргін құрбандарының мұражайынан алынған «Алаш-Орда» құжаты Алаш әскерін құру және атты әскер құрамы туралы мәлімет береді3.[№3,1-7б.] 3.ҚРШҚО Қазіргі заман тарихының құжатнама орталығынан Р-37қор, 1-тізбе,126-ісі Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметінің құжаттары мен кеңселік іс-қағаз бланктері, мөрі баспаханалық әдіспен басылған құжаттары алынды4.[№4,44-47б.] 4.Құжаттар мен материалдар негізінде Алаш қозғалысының құжаттары мен материалдар алынды. Бұл құжаттар жинағында 1913-1918жылдар арасында «Қазақ», «Сарыарқа», «Бірлік туы»баспасөздерінде жарияланған мақалалар топтастырылған. [5.] 5.Интернет сайт материалынан: Egemen.kz\? act Ж.Самрат. Қазақтың Мемлекеттік Думаға сайлануы, iie freent kz\ gazag tarih 8html Қойгелдиев М. Мемлекеттік Думада қызмет еткен қазақ зиялыларының еңбегін талдап, терең зерделеу керек материалдары жарияланған5.[№6, сайт] 6.Бұқаралық ақпарат құралдары бойынша Саясат, Қазақ тарихы, Абай, Арай, Егемен Қазақстан газет-журналдарында жарық көрген тарихшы ғалымдардың, зерттеушілердің К.Нүрпейісовтың, М.Қойгелдиевтің, Е.Сайлаубайдың Алаш қозғалысына байланысты жарияланған мақалалары пайдаланылды6.[№7,6-9б.] Жұмыстың зерттелу деңгейі (тарихнамасы): Алаш қозғалысының тарихы бойынша жазылған еңбектерді екі кезеңге бөліп қарастырамыз. Бірінші кезеңі: ХХ ғасырдың басынан бастап- 50жылдарға дейін жарық көрген әдебиеттер; екінші кезең: ХХғасырдың 50 жылдардан қазіргі заман тарихшылардың еңбектері жатады. 1.ХХ ғасырдың басында жарық көрген А.Байтұрсыновтың «Ревлюция және қырғыздар» мақаласы 1917жылғы қазан, ақпан революцияларын қазақ халқының қалай қарсы алуына өз бағасын беріп, Алаш автономиясын жариялау мен оның үкіметін құрудағы себептерді ашып көрсетіп, Алашорданың Уақытша Сібір үкіметі, құрылтай жиналысы комитеті (комуч) және Колчак билігімен қандай қарым-қатынаста болғандығы туралы өз пайымдауларын баяндайды.[8.] 2.С.Сейфуллиннің «Манап Шамиль» деген бүркеншік атпен жазылған «Қазақ интелегенциясы туралы» мақаласы «Қырғыз интелегенциясының арасындағы партиялық» және «Қазақстанның кешегі революционерлері» деген екі бөлімнен тұрады. Мақала 1905-1912 жылдары қазақ зиялылар қызметіне арнаған.[9.] 3.Алаш қозғалысының тарихын ресми тұрғыдан таптық және партиялық тұрғыдан А.К.Бочагов 1971жылы жарияланған еңбегінде Алашорданың контрреволюциялық мәні жөнінде, деректер негізінде совет өкіметіне қарсы етіп жазған.[10.] 4.1929 жылы Алашорда тарихына арналған құжаттар жинағын құрастырған Қазақ Өлкелік Комитетінің Насихат бөлімінің меңгерушісі Н.Мартыненко, кітап редакциясын Қазақ АССР Халық комиссарлар Кеңесінің төрағасы Ораз Исаев жасады. Кітапқа енген құжаттарға берілген түсініктемелерден коммунистік идеология мен таптық принцип тұрғысынан Алаш қозғалысына теріс баға берілген. [11.] 5.1935 жылы С.Брайнин мен Ш.Шафиро «Алашорда тарихы бойынша очерктер» атты кітабы жарық көрді. Кітап «Алаш қозғалысының бастау көздері», «1916жылғы көтерілістегі алаш интелегенциясының ролі», «Алашорда- ұлтшыл контрреволюцияның үкіметі» Алаш қозғалысының тарихын дәріптеушілікке қарсы деген бөлімдерден тұрады.[12.] 6.М.Шоқайдың «1917 жылғы естеліктерден үзінділер» атты еңбегі 1917 жылы бүкіл Рессейдегі, бірінші кезекте Түркістан өлкесімен Қазақстандағы саяси хал-ахуалды жан-жақты, әрі терең түсінуге мүмкіндік береді7.[№13,106-181б.] 7.Американдық зерттеуші Марта Олкоттың 1987 жылы Стэнфорт университеті баспасынан ағылшын тілінде жарық көрген «Қазақтар» атты монографиясы үш бөлімнен көне дәуірден ХХ ғасырдан бастап, 80жылдарға дейінгі Қазақстан тарихының басты мәселелерін қарастырған. Үшінші бөлімі 1917-1920 жылдарға арналған тарауында 1917 жылғы екі ревоюция мен азамат соғысы жылдарындағы Қазақстанға арналған.Алаш партиясы мен Алашорда қозғалысының тарихының әртүрлі кезеңдеріне , 1917жылы болған жалпы қазақ сьездеріне шолу жасады.[№14] Тәуелсіздік алған жылдары тарихшы ғалымдарымыз архивте сақталған құжаттармен жұмыс істеуге қол жеткізді. Зерттеушілер бұл мәселені белсенді зерттеп, мерзімді баспасөз беттерінде ғылыми нәтижелерін жекелеген мақалалар топтамалары етіп жариялады. 8.К.Нүрпейісовтың «Алаш һәм Алашорда» еңбегі бойынша «Алаш» қозғалысының бастаулары, Алаш партиясының құрылуы, Алашорда мен Кеңес үкіметінің өзара қатынастары деген бөлімдерге бөліп қарастырған.[№2.] 9.М.Қойгелдиевтің «Алаш қозғалысы» атты монографиясында «1905-1916 ж.ж. қазақ зиялыларының қоғамдық саяси қызметі», «Алаш партиясы мен Алашорда үкіметінің құрылуы» бойынша тарауларға бөлініп қарастырылған.[15.] 10. М.Қойгелдиевтің «Ұлттық саяси элита. Қызметі мен тағдыры»[16.] 11.С.Өзбекұлының «Арыстары алаштың: тарихи очерктер» еңбектері қазақ зиялылардың өмірі мен қызметіне арналған көлемді шығармалар қатарына жатқызамыз8.[№16,24б.] 12.Г.Дулатова, С.Иманбаеваның «Міржақып Дулатұлы» еңбегі М.Дулатұлының қазақ баспасөзінде жарияланған «Жер мәселесі», , «Алаш азаматтарын», «Қайтсек жұрт боламыз» т.б. мақалалары топтастырылып, авторлар әр мақала бойынша түсініктеме берген9.[№17, 44-46б.] Жұмыстың мотодологиялық негіздері: Алаш қозғалысы, Алаш партиясының құрылуы мен Алашорда үкіметінің тарихын және қазақ зиялыларының ұлттық идеяларын жандандыруға байланысты күресін тарихилылық, партиялық, обективтік принциптерге сүйеніп, тарихи-салыстырмалық, проблемдік және нақты логикалық анализ әдістері арқылы зерттеулік жұмыстар жасалынған. Қазіргі таңда тарих ғылымында тарихи процестерді бағалауда тақырыпты хронологиялық шегін анықтауда ғалымдардың тұжырымдамалар негізі ретінде алынды. ҚР тұжырымдамасы Алаш қозғалысының ұлттық идеясы методология ретінде алынған. Дүние жүзінде Ұлттық тарихи мектептердің тарихи оқиғаларды баяндауда өркениеттік, мәдениеттік, фармациялық принциптер негізінде баяндалған. Алаш қозғалысы және Алаш партиясы мен Алашорда үкіметінің методологиясы осы принциптерге сүйеніп, қазақ ұлттық идеяларын негізі ретінде асырылған, бағаланған. Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметін сипаттап бағалауда тоталитарлық, модернизациялау, кооперативтік клиентализмдік топтардың идеясы тұжырымдамалық моделдер арқылы зерттеп баяндалған. Жұмыстың құрылымы: кіріспе, екі тараудан: бірінші тарауы Алаш қозғалысы мен Алаш партиясының құрылуы бойынша деректер деп аталып мынадай бөлімнен тұрады: Алаш қозғалысы және Алаш партиясының құрылуы, Алашорда үкіметінің қызметі мен күйреуі. Екінші тарау: Алаш зиялыларының қызметі мен ұлттық баспасөзде жарияланған мақалалары Алаш зиялыларының қызметі мен соңғы тағдыр жолдары, Ұлттық басылымдағы зиялылардың жарияланған мақалалары бөлімдерінен және қорытынды бөлімінен тұрады. І-тарау. Алаш қозғалысы мен Алаш партиясының құрылуы бойынша деректер 1.1. Алаш қозғалысы және Алаш партиясының құрылуы. Рухани жұбанышымызға орай, «ағылшын экономикасы», «француз утопиясы», «неміс философиясы», «славян идеясы» іспетті ұлттың саналық рухани болмысын анықтайтын «Алаш идеясы» қазақ топырағында да аса күрделі жағдайда қалыптасты. Ұлттық азаттығың, рухани тәуелсіздігің, жерің-Отаның, тілің- құдіретің, тарихың-тағдырың, саяси бас бостандығың мен экономикалық дербестігің - Алаштың Азаттығында дейтін Ортақ ұлттық мүддені ұран еткен, оны жүзеге асырған Ұжданды Ұлдар туды10. [№1, 87б]. XX ғасырдың бас кезінен өрістей бастаған қазақ қауымына тән қоғамдық қозғалыс өз алдына буржуазиялық-демократиялық мәні бар жалпыұлттық мақсат-міндеттерді: ұлттық тең құқылық, халықтың мәдениетін көтеру, оқу-ағарту ісін жетілдіру, әйел теңдігін қамтамасыз ету, көшпелілерді отырықшыландыру сияқты міндеттерді қойды. Басқа сөзбен айтқанда бұл істің басы-қасында болған жаңадан қалыптаса бастаған қазақтың ат төбеліндей аз ғана тұңғыш интеллигенттері жалпы ұлттық сұраныстарға жауап беруге және оларды шешуге тырысты. Бірінші орыс революциясы дүмпуі Ресей империясының шет аймақтарында да ұлт-азаттық қозғалыстың өрши түсуіне әсер етті. Осы жылдары қазақ зиялылары жалпы ұлттық мүдде арнасында іс-әрекеттерге көшіп, ұлттық бірлікті орнықтыруға, әрі тәуелсіздік жолында ұлттық, мұсылмандық, түркілік бірлік идеясы негізінде діндес, бауырлас, тағдырлас елдер өкілдерімен бірлесе кіріскенді11.[№19, 4б]. Олардың саяси көзқарастарының қалыптасып, қоғамдық-саяси қызметке араласуына бірінші орыс революциясы белгілі дәрежеде ықпал жасады. Мәселен, 1903-1909 жылдары Петербургтегі әскери-медициналық академияда оқыған, кейін Алаш козғалысының белгілі жетекшілерінің-бірі болған Халел Досмұхамедовтың саяси көзқарасының қалыптасуы мен саясат саласында белсене көріне бастауы оның осы Петербургте өмір сүрген кезеңіне дәл келді. Бұған Халел Досмұхамедовтың 1931 жылғы қыркүйектің 14-інде ОГПУ-дің тергеушісіне өз қолымен жазып берген мәлімдемесі дәлел бола алады. "Мен, - деп жазды өз мәлімдемесінде Халел Досмұхамедов, - Петербургке бірінші орыс революциясының қарсаңында келдім. Бұл кезде демократиялық күштер, оның ішінде студенттер қауымы да, жиі-жиі наразылық білдіріп жататын. Қым-қиғаш студенттік өмірге араласумен қатар саяси білімімді жетілдіруге кірістім. Әртүрлі саяси партиялардың бағдарламаларымен таныстым... Мені және басқа қазақ студенттерін ешбір саяси партия бағдарламасы қанағаттандырмады. Социал-демократтар тек қана жұмысшылар туралы айтса, социал-революционерлер шаруалар жөнінде сөйлеп жататын Кадеттер орыс халқының ұлылығы жөнінде сайрап, басқа халықтар туралы жұмған аузын ашпайтын, ал оңшылдар болса орыс емес халықтарды жамандап, оларды қудалаумен болатын. Сол кезде жолдастарыммен бірге митингіге кездейсоқ тап болғанымызда сонда сөйлеген Милюковтың айтқан сөздерін осы күнге дейін ұмытқан жоқпын. Ол "патша үкіметі орыс емес халықтарды аса дөрекілікпен және үятсыздықпен қанап отыр" деп еді ... 1905-1906 жылдары мен кейбір қазақ студенттерімен бірге Орал қаласында үгіт жұмыстарын жүргізіп, халықка елде болып жатқан оқиғаларды түсіндірдім. "Фикр" және "Уральский листок" газеттерінде мақалалар жарияладым. 1906 жылы қырдағы ауылдарды аралап жүргенімде полицляның көзіне іліктім де саяси жұмыс жүргізуіме тиым салынды12.[№20]. Бұл құжат қазақ интеллигенциясының алғашқы легінің Халел Досмұхамедов, Әлихан Бөкейханов, Мұметжан Тынышбаев, Жақып Ақбаев, Жаһанша Досмұамедов сияқты белгілі өкілдерінің көпшілігі ғасыр басындағы Россияда орын алған саяси хал-ахуалға сергектікпен әрі сын көзімен қарағандығын, ал содан кейін барып қандай саяси ұйымнан үлгі алу мәселесін шешкендігін көрсетеді. Солардың алғашқы көрінісінің бірі 1905 жылдың соңында Орал қаласында өткен Ә.Бөкейханов, Жаһанша Сейдалин, М.Дулатов, Б.Қаратаев, Б.Сыртанов сияқты қазақ зиялылары өкілдерінің "бес облыстық делегаттар съезі" аталған бас қосуда жасаған "қазақ конституциялық- демократиялық" партиясын құру жөніндегі әрекеті болды. Бұл әрекет сол кезде Петербургте оқуда болған Халел Досмұхамедов тарапынан да қолдау тапты. Демек, бірінші орыс революциясы жылдарында Ә.Бөкейхановтың төңірегіне топтасқан қазақ зиялылары өздерінің саясатқа араласқан алғашқы қадамдарында сол кезде патша үкіметіне оппозицияда болған кадеттер пар-тиясын өздеріне белгілі дәрежеде үлгі тұтты. Бұл пікірімізді Әлихан Бөкейхановтың 1910 жылғы жарияланған "Қырғыздар" (қазақтар - авт.) атты әйгілі мақаласындағы ой - тұжырымдары растай түседі13.[№21,14б]. Бұл мақала 1910 жылы Петербург қаласында А.И.Костелянскийдің редакциясымен жарық көрген "Формы национального движения в современных государствах" деген кітапқа енген болатын. "Қырғыз (қазақ - авт.) халқының арасында, - деп жазды Ә.Бөкейханов осы еңбегінде, - саяси партиялар әлі пайда бола қойған жоқ ... орыстандыру саясатының ауыртпалығын көтерген басқа шет аймақтардың халықтарындай, қырғыз халқы да үкіметке қарсы пікірде және орыстың оппозициялық партияларына көңіл қояды. Жақын болашақта қырғыздар арасында қалыптасып келе жатқан екі саяси бағытка сай екі саяси партия құрылуы мүмкін. Оның бірін ұлттық-діни бағыттағы деп атауға болар, ал оның мақсаты қырғыздарды басқа мұсылмандармен біріктіру болмақ. Екіншісі қырғыз келешегі кең мағынадағы батыс мәдениетін енгізуге байланысты деп есептейтін бағыт. Бірінші бағыт мұсылман - татар партияларын үлгі тұтар, екіншісі - оппозициядағы орыс партияларын, атап айтқанда, халық бостандығы партия-сын үлгі етпек". Осы үзіндіден анық көрініп тұрғанындай, XX ғасырдың алғашқы он жылдығында Ә.Бөкейханов пен оның пікірлестері қазақтың ұлттық саяси партиясын әуел баста патша үкіметіне оппозицияда болған либералдық орыс буржуазиясының өздерін халық бостандығы партиясы деп анықтаған конституциялық демократтардың (кадеттердің) үлгісінде құруға бейім тұрғандығын аңғару қиын емес. Европа мәдениетінжәне оның озық ойлы саяси-құқықтық ой-пікірлерін Ресей университеттерінде білім алу арқылы меңгерген қазақ зиялылары Ресейдің оппозициялық партиялардың ықпалы арқылы парламенттік, өкілетті демократиялық тетіктермен танысып, қоғамды реформаторлық, эвлюциялық даму жолымен жетілдіруді қабылдағандарға бір табан болса да жақын болды14.[№17,29б]. 1905 жылдың күзінде Ақмола облысының орталығы Омбы қаласындағы митингтен кейін Ж.Ақбаев Павлодар - Қарқаралы бағыты бойынша үгіт жүргізу сапарына шықты. Осы сапар барысында ол 1905 жылы қарашаның 7-сінде Павлодарда болған қалалық митингіде бостандық идеясын уағыздаған және жергілікті әкімшілікті қайта сайлауды талап еткен сөз сөйледі, осы мазмұнды сөздерді ол қарашаның 11-інде Баянауылда, 14-інде Қарқаралыда көп адам қатынасқан жиналыстарда да айтты. Қаркаралыдағы митинг 14,5 мың адам қол қойған Россия министрлер кеңесінің төрағасы С.Ю.Виттенің атына жолданған петиция (арыз-тілек, арыз-талапты) Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Жақып Ақбаев сияқты ұлттык-либералдық қазақ зиялылары дайындағаны айдан анық. Петицияда патшаның 1905 жылы қазанның 17-сінде жарияланған Манифесінде халыққа бсргсн уәдслсрдің орындалуы, ал қазақ өлкесі жағдайында жер мәселссінің әділ шешілуі, халықтың өшпснділігін тудырған патшаның жергілікті озбыр чиновниктерінің аластатылуы қазақ тілінде ұлттық басылым-дар шығару, т.с.с. талап етілді. Осы петиция туралы және оны дайындап, көптеген адамдарға қолдатудағы Ахмет Байтұрсыновтың ерекше еңбегін жоғары бағалаған Мұхтар Әуезов 1923 жылы жазган "Ахаңнын елу жылдық тойы" деген мақаласында былай деп баса керсетті: "1905 жылы Қарқаралыда Ақаңмен басқа біраз оқығандар бас қосып, кіндік хүкіметке қазақ халқының атынан петиция (арыз-тілск) жіберген. Ол петициядағы аталған үлкен сөздер: бірінші - жер мәсслесі. Қазақтың жерін алуды тоқтатып, переселендерді жібермеуді сұраған. Екінші - қазақ жұртына земство беруді сұраған. Үшінші - отаршылардан орыс қылмық саясатынан құтылу үшін, ол күннің құралы барлық- мұсылман жұртының қосылуында қазақ жұртын муфтиге қаратуды сұраған. Петициядағы тілек қылған ірі мәселелер осы. Ол күндегі ой ойлаған қазақ баласының дертті мәселелері осылар болғандықтан, Ақандар бастаған іске қыр қазағының ішінде тілеулес кісілер көп шыққан, көпшіліктің оянуына себепші болған'". Б.Нәсенов пен А.Исиннің «1905 жылғы Қарқаралы петициясына және патшаға жіберілген телеграммаға қол қойған қайраткерлер» мақаласы Орталық мемлекеттік мұрағатынан алынған және тың деректер береді15.[№22,26-29б] Құжаттар топтамасы «Дело об агитации среди киргиз Каркаралинского и Павлодарского уездов о посылке в Петербург депутатции для представления от киргизского народа петиции царю» деп аталады. Петицияға қол қойған қайраткелер: Павлодар уезі Атағазы болысының қазағы Омархан молда Мүсәпіров, Семей уезі Сейтен болысынан Темірғали Нұрекенов және Қарқаралы уезі едірей болысынан Апық Жолшарин.1905 жылдың 21 шілдесінде Қарқаралы уезінің бастығы халық өкілдігіне (Мемлекеттік Дума) уезд қазақтарынан Ә.Бөкейханов пен Ж.Ақбаев сенім өкілдері ретінде белгіленгендігі туралы хабарлайды. 1905-1907 жылдар Қазақстанның саяси өмірі мен ұлттық интеллигенциянын тарихында І жәнс II мемлекеттік Думаға сайлауға дайындық пен оны өткізуге байланысты оқиғалар ерскшеленді. Бұл науқандарға ұлттық интеллигенцияның белгілі өкілдері белсенді түрде араласты.Бұл тақырып көптеген ғалымдарымыз зерттеп, өздерінің үлкенді-кіші еңбектер жазды.Солардың ішінде Ғ.Ахмедовтың таңдамалы шығармасы осы тақырып бойынша жазылған деректер болып отыр16.[№23,204-211б.] І Мемлекеттік Думаға Семей облысынан депутаттыққа түскен Ә.Бекейханов кептеген кедергілерді және отырып, депутат болып сайланды. Алайда Ә.Бекейханов небәрі бірнеше ай ғана I Мемлекеттік Думаның депутаты болды, тіпті ол оның бірде-бір мәжілісіне қатынасып та үлгерген жоқ. Өйткені ол I Дума өз жұмысын бастаған кезде Омбы генерал-губернаторының негізсіз жарлығымен үш айлық мерзімге Павлодар абақтысына отырғызылған болатын. Өз жұмысын 1906 жылы сәуірдің 27-сінде бастаған I Мемлекеттік Думаны Николай II патшаның тікелей нұсқауымен елдің ішкі істер министрі П.Столыпин шілденің 9-нда күштеп таратып жіберді. Ә.Бөкейханов Петербургке Дума таратылғаннан соң жеткен еді. Патшаның осы әділетсіз жарлығымен келіспеген мемлекеттік Думаның либералдық, және социалистік ағымды жақтайтын депутаттарымен бірге Ә.Бөкейханов Финляндияның Выборг қаласына келіп, онда "Выборг манифесі" аталған наразылык, үндуіне қол қояды. Онда патша жарлығына наразылық ретінде халық жеңіл түрдегі қарсылық жасауға: салық төлемеуге, әскер қатарына адам бермеуге, т.с.с. шақырылды. Полиция осы үндеуге қол қоюшыларды, олардың қатарында Әлихан Бөкейхановты да тұтқындады. Екінші Мемлекеттік Дума депутаттары қатарында Ақмола облысынан Ш.Қосшығұлов, Орал облысынан Б.Қаратаев, Торғай облысынан А.Бірімжанов, Жетісу облысынан - М.Тынышбаев, Семей облысынан - Норакенов те болды. II Мемлекеттік Думаның аз-ақ уақыт (1907 жылгы акпанның 20-сынан маусымның 2-сіне дейін) жұмыс істегеніне қарамастан, оның қазақ депутаттары Россия парламентін өлкедегі жағдайдың шындығын жеткізуде мүмкін болғанның бәрін істеді. Осыған орай Бақытжан Каратаевтың II Мемлекеттік Думаның 1907 жылы мамырдың 16-сында өткен мәжілісінде сөйлегсн сөзін ерекше атау керек. Өзіне берілген 10 минут ішінде столыпиндік аграрлық реформаны, оның негізгі бағыттарының бірі - Орталық Россиядан Қазақстанның далалық облыстарына орыс шаруаларын жаппай көшіру ісін әшкерелеп, мұны Қазақстан мен Орта Азияны отарлауды күшейтетін және жергілікті халықтарды тонауды шырқау шегіне жеткізетін мемлекеттік саясат ретінде айыптады. Б.Қаратаев өз сөзінде қазақ депутаттарының орыс шаруаларының "... жерге мұқтаждықтарын жақсы түсініп, сезетіндерін" айта келіп, Қазақстанда қоныстанушыларға "ығысып бере қоятын" "басы артық" жердің өте аз екендігін ескертті. Сонымен қатар ол "қоныстандыру қазіргі кездс қырғыз-қайсақ халқын көшіріп жіберумен қат-қабат жүргізіліп жатқанын ... қырғыздарды жерінен емес, олардың тұрғын үйінен көшіріп жатыр" деп мәлімдеді. Б.Қаратаев патша үкіметінің осы саясатының нәтижесінде қазақтар өз ата қонысынан жаппай айырылып, өз жерінде босқындарға айналып отырғандығын ашық қанады. Сондықтан да деді ол Мемлекеттік Думадағы қазақ өкілдері үкіметке оппозициядағы фракциялдрдьң бәріне іш тартып отырды17.[№6, сайт.] 1-кесте. І Мемлекеттік Думаға сайланған депутатар тізімі. ІІ Мемлекеттік Думаға сайланған депутаттар тізімі. Семей облысынан-Ә.бөкейхан, Торғай облысынан-А.Бірімжан, Орал облысынан-А.Қалменұлы, Ақмола облысынан-Ш.Қосшығұлұлы, Жетісу облысынан- М.Тайынұлы, Астрахан губерниясынан-Б.Құлманұлы мен ДәуітНоян-Тұндұт , Уфа губерниясынан- С.Жантөре. Ақмола облысынан-Ш.Қосшығұлұлы, Торғай облысынан-А.Бірімжан, Семей облысынан-Т.Нұрекенов, Жетісу облысынан- М.Тынышбаев, Сырдария облысынан- Т.Аллабергенұлы, Орал облысынан-Б.Қаратаев, Астрахан губерниясынан-Б.Құлманұлы 1905 жылы желтоқсанда Оралға кадеттердің Орталық комитеті басшыларына етене таныс Әлихан Бексйханов,оған бас иуші Ж.Сейдалин, жетісулықтар атынан Б.Сыртанов және М.Тынышбаев келді. Қазақ интеллигенциясының аға, орта және жас буынының екілдері бас қосқан осы мәжілісте (жоғарыда айтылғандай, "Қазақстанның бес облысы өкілдерінің бас қосуында") Россиялық кадеттер партиясының үлгісімен қазақтың ұлттық саяси ұйымын құру әрекетін жасалды . Жаңадан дүниеге келген осы саяси ұйымның жетекшісі болып Ә.Бөкейханов бір ауыздан мойындалды. Зерттеуші Қойгелдиев өзінің Ә.Бөкейханов туралы зерттеуінде: қазақ кадеттерінің бағдарламасы... сол кезде Оралда Камиль Тухватуллиннің басқаруымен шығып түрған "Фикер" газетінде жарияланған", - дей келіп, "онда қазақ жерін бүтіндей сол елдің меншігі етіп жариялайтын заң қабылдау, ішкі Ресейден көшіп келіп қоныстану толқынын тежеу, кедей жұмысшыларға еркіндік, теңдік беру, оларға пайдалы заңдар шығару, қазақ балалары үшін мектеп, медресе, университеттер ашу туралы, , т.с.с. талап-тілектер айтылған", - деп жазды18.[№7,7б.] Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатов 1913 жылдан бастап Орынборда жалпы ұлттық биресмилік "Қазақ" газетін шығара бастады. Көп ойланудын, жақсы дайындық жұыстарының нәтижесіндс дүниеге келген осы газет бірден жалпы ұлттық мәнге ие болған басылымға айналды. Оны Қазақстанның барлық аймақтарының өкілдері жаздырып алып оқи бастады. Газет 1913 жылы ақпанның 2-сінн 1918 жылы наурызға дейін шығып тұрды. Осы кезеңде оның 265 саны жарық көрді. Алғашқы жылғы оның таралымы 3 мың дана болса, кейінгі жылдары 8 мыңға жетті. "Қазақ" газеті алғашқы санынан бастап халықты ағарту, онңн саясатқа деген ынтасын арттырып, тарихи зердесін ояту және ұлттық сана-сезімді тәрбиелеу міндеттерін қойды. Бірінші дүние жүзілік соғыстың басталуы, оған байланысты отарлық езгінің күшеюі, соғыс мұқтатдарына жиналатын алым-салықтардың қисапсыз өсуі "Қазақ" төңірегіене топталған ұлттық-демократиялық интеллигенцияның жағдайын күрделендірді. Соғысқа оның барысында 1916 жылы майданның қара жұмыстарына Қазақстан мен Орта Азияның жергілікті халықтарының өкілдерін шақыру жөніндегі патша жарлығына жән осылардан туындаған салдарларға байланысты өз көзқарастары мен позицияларын анықтау ұлттық-де-мократиялық қазақ интеллигенциясы үшін оңай болған жоқ. Қазақ қауымында патшаның маусым жарлығы мен көтеріліске көзқарас бірдей болған жоқ ауылдың феодалдық-байшыл билеуші тобы мен жергілікті әкімшіліктің ("Туземная администрация") белгілі бөлегі патша жарлығын толығымен қолдап, оны белсенді түрде жүзеге асырушылар болды; қазақ интеллигенциясының радикалды батыл іс-қимылға бейім аз ғана өкілдері (мәселен, Тоқаш Бокин, Жанабай Ниязбеков, Тұрар Рысқүлов, Әубәкір Жүнісов, Әліби Жангелдин, Сейітқали Меңдешев, Бәймен Алманов т.б.) халықты қарулы көтеріліске шакырып, оған өздері де қатынасты. Ал "Қазақ" газетінің төңірегіне топтасқан либералды-демократиялық интеллигенция өкілдерінің жетекшілері (мәселен, Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов) патша жарлығы мен 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысына байланысты радикал интеллигенттер сияқты батыл әрекеттерге бара қойған жоқ. Олар, бір жағынан, халықты жарлықты орындауға қарсы шықпауға үгіттеп, оны орындамаған жағдайда қазақтар қантөгіске ұшыруы мүмкін деп санады және осыған байланысты үлкен аландаушылық білдірді19. [№24,150б.] «Қазақ» газеті 1916 жылы шілденің 6-сындағы санында патшаның жарлығы - ақиқат, сондықтан оған қарсы тұруға болмайды, деп жазса, сол жылғы тамыздың 11-індегі санында Ә.Бөкейхановтың, А.Байтұрсыновтың және М.Дулатовтың атынан халықты ешбір қарсылықсыз патша жарлығын орындауға шақырды, ал бұлай етпеген жағдайда үкімет органдары елге жазалаушы жасақтарын шығарып, қантөгіске дейін баруы мүмкін деп сақтандырды. "Қазақ" газетінің 1916 жылғы 192-ші санында осы үш қайраткер "Алаштың азаматы" деген мақала- хаттарында:" ... қазақ қарсылық қылса, елге отряд шығады, отряд шықса, елдің берекесі кетеді, бас пен малға әлегі бірдей тиеді, елдің іргесі бұзылады", - дей келіп, қантөгіс болдырмау үшін халықты патша жарлығын орындауға шақырды. Осы газеттің 1916 жылы 207-санында "Торғай һәм Ырғыз уезінің халқына" арналған Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Сейітәзім Қадырбаев және Мүхамедияр Түңғашин қол қойған үндеу мақала жарияланды. Онда атап айтқанда былай делінді: "... біздің Торғай һәм Ырғыз уездерінен қазанның 15-інен бастап кісі алынбақшы еді, жастар келмеді. Сондықтан елге неше мың әскер зеңбірек шығып тұр ... көнбесеңдер Жетісу, Жизақтың күні сендердің де бастарыңа туады. Қырғын болады, босқа кан төгіледі, шаруа күйзеледі ... Қатын-бала бір қырылады, жігіт екі алынады... Бұл хатты жазушы біздер - өз балаларың, тумаларың. Бұл Кеңес осыған дейін айтылып жүргендей патша жарлығы шығысымсн "қазақтың буржуазияшыл ұлтшылдарының лидерлері ... өкімет органдарына көмек көрсету"' үшін шақырылған жоқ, керісінше, мүмкіндік болғанша қазак, жігіттерін майдан жұмыстарына жіберуді кешеуілдетудің жолдарын іздестіруге, ал майдан жұмысына алынғандар мен олардың отбастарына мемлекет тарапынан жеңілдіктер жасау мүмкіндіктерін қарастыруға арналды20.[№25,45б.] Бұған архив қорларында сақталған және бірнеше рет жарияланған жоғарыда айтылған Қазақстанның бес облыс өкілдері мәжілісінің 1916 жылғы тамыздың 7-сінде жазылған хаттамасы дәлел бола алады. Патшалық үкіметке тапсырылған осы қүжатқа мәжілістің төрағасы Ә.Бекейханов және оның хатшылары О.Алмасов пен М.Дулатов қол қойған. Осы қүжатқа байыппен баға берсек, кейінірек (1917, жылғы шілдсде) "Алаш" партиясын кұрып, Алашорда үкіметін үйымдастырған (1917 жылғы желтоқсанда) қазақтың көрнекті зиялылары патшаның маусымның 25-дегі жарлығын сөз жүзінде қолдап, ал іс жүзінде оған қарсы болғандықтарын аңғару қиын емес. Осының бәрін керіп, біле отырып, ең бастысы халықтың дәрменсіздігін, қарусыздығын ескере отырып, біз казақ халқын өкіметке қарсылық керсетпеуге шақырдық. Өйтпеген жағдайда қазақ даласы қанға бөгер еді деп санадық. Қазіргі кезде кейбір жолдастар ... сол кезде қазақ интеллигенциясы көтеріліеті басқара алмады ... патша үкіметінің соңынан ерді, онымен бірге әрекет жасады деген сияқты пікірлер айтады. Менің ойымша сол кездегі жағдаймен жақсы таныс адам осылай айтпаған болар еді. Қазақ еңбекшілерінің 1916 жылгы ұлт-азаттық қозғалысы 1917 жылғы ақпанда жеңіске жеткен буржуазияшыл-демократиялық революцияға ұштасты. 1917 жылы ақпаннын 27-сінде басталған Петроградтың солдаттары мен жұмысшыларының стихиялық көтерілісі нәтижесінде монархия құлатылып, елде республикалық тәртіптің орнатылуы бүкіл елдегі, оның ішінде Қазақстандағы қоғамдық-саяси жағдайды түбірімен өзгертті.Қазақ зиялыларының ұлттық интеллигенция өкілдерінің жаңа өмір құру ісіне белсенді түрде араласа бастауы елдің жоғарғы басшылығы тарапынан қолдау тапты. Уақытша үкімет жаңадан құрылып жатқан қазақ комитеттерін өлкедегі өзінің аса маңызды тіректерінің бірі деп есептеді. Уақытша үкімет құрыла салысымен Әлихан Бөкейханов 1917 жылы наурыздың 3-інде онын Торғай облысындағы комиссары болып тағайындалды. Сонымен қатар ол сәуірдің 7-сінде Уақытша үкіметтің Түркістан комитетінің мүшесі болып бекітілді. Мұхаметжан Тынышбаев та үлкен қызметке тағайындалып, Түркістан комитетінің құрамына енгізілді. Мүндай жағдай үзаққа созылған жоқ. Көп кешікпей жер-жерлерде буржуазияшыл уақытша үкіметтің органдары қүрула бастады. Бүлармен қатар ақпан төңкерісінің барысында жүмысшылар мен солдаттар өздсрінің тікелсй революциялық өкімет органдары болып табылған Советтер жүйесін үйымдастырды. Уакытша үкімет империяның Қазақстан сияқты отарлы аймақтарында кадеттерден, эсерлерден және өзінің саяси бағытын жүзеге асыруға сенімді деп табылған қазақтың ұлттық-либералдық интеллигенциясының жекелеген өкілдерінен өз комиссарларын тағайындады. Мәсслен, 1917 жылғы сәуірдің 7-сінде кадет Н.Щепкин басқарған құрамында М.Тынышбаев, Ә.Бөкейханов бар Уақытша үкіметтің Түркістан комитеті қүрылды. Көп кешікпей Ә.Бөкейхнов Семей облысындағы, ал халықшыл социалист О.Шкапский мен М.Тынышбаев Жетісу-облысындағы Уакытша үкіметтік комиссарлары болып тағайындалды. М.Шоқаев, А.Бірімжанов, А.Кенесарин сияқты қазақ зиялыларының өкілдері де Түркістан өлкесі мен Торғай өңіріндегі Уақытша үкіметтің жергілікті органдарында жауапты қызметтер атқарды. Облыс, уезд орталықтарында Уақытша үкіметтің жергілікті органдары-атқару комитеттер, коалициялық комитеттер, азаматтық комиттеттер жүйссі қалыптасты. Ақпан революциясы женіске жетісімен Ә.Бекейханов бастап қазақ зиялыларының 15 өкілі "Қазақтарға, жаңарған Россияның ерікті азаматтарына" арналған мәлімдеме жариялады. Онда атап айтқанда былай делінді: "... Россияның барлық халықтары үшін бостандықтын, тендіктің және туысқандықтың күні туды. Жаңа қоғам мен жаңа үкіметті қолдау үшін қазақтар ұйымдасуы керек. Жаңа коғамды қолдайтын барлық ұлттармен байланыса жұмыс істеу қажет. Қазақтар Қүрылтай жиналысына дайындалып, лайықты кандидаттарды белгілеуі керек. Біз сіздерді ескі казакшыл айтыстар мен отбасының ұрыс-керісін тастауға шақырамыз, халықтың ұраны-бірлік пен әділеттілік. Жер мәселесін тез арада талкылаңыздар. Біздің ұранымыз: демократиялық республиканы жәнс жерді одан мал шаруашылығы мен егіншілік арқылы табыс алатындарға беру. Құдайдан басқадан қорықпаңыздар ... Әділет жолымен жүріп, жаңа үкіметті қолдаңыздар. Министірліктін азық-түлік ісі жөніндсгі өкілдері мен майдандағы өзіміздің жұмысшыларға көмек көрсетушіз керек. Халықтың пікірін жеткізіңіздер..." Үндеу авторларытгың біразы көп кешікпей Петроградқа келіп, онда Мемлекеттік Думаның мүшесі И.А.Ахтянов шақырған мұсылмандар мәжілісіне қатынасты. Мәжілісте Қазақстаннан Н.Қүрбанғалиев, Ә.Бөкейханов, А.Кенжин, Ж.Сейдалин, М.Дулатов және М.Бозтаев болды. Пікір алыса келіп, мәжіліске қатынасушылар Россия мұсылмандарының іс-әрекеттерін үйлестіру органы - Орталық мұсылман бюросын құру және бүкілроссиялық мұсылмандар съезін шақыру қажет деп тапты. Қосөкметтілік өзінің дүниеге келуі арқылы ақпан төңкерісінің ішкі қайшылықтарын бейнеледі, елдің қоғамдық-саяси өмірінің тұрақсыз екендігін көрсетті. Мұндай жағдай ұзаққа бармайтын еді: ерте ме, кеш пе, қосөкіметтілік жойылып, барлық билік империалистік буржуазия мен оның одақтастарының мүддесін қорғайтын Уақытша үкіметтің немесе әлеуметтік жәнс ұлттық езгінің ауыртпалығын көтерген халықтың басым көпшілігі болған жұмысшылар мен шаруалардың революцияшыл-демократиялық өкімет органы болған кеңестердің қолына кешуге тиіс еді. Қазақстандағы саяси күштердің топтасуы мен жіктелуініц орталық аудандармен салыстырғанда айтарлықтай ерекшсліктері болды. Қазақстандағы саяси күштердің оң қанаты мен аралық (центристік) топтарының құрамы құбылмалы болды, кейде тіпті олардың ара жігін ажырату қиынга түсетін еді. Оның саяси тірегі кадеттер партиясының жергілікті ұйымдары мен топтарынан, Орал, Орынбор, Сібір және Жетісу казачестволарының билеуші элементтерінен, Қазақстанның оңтүстігіндегі (Әулиеата, Черняев, Түркістан, Қазалы) "Шуро-и-Ислам" партиясының жергілікті комитеттерінен тұрды. "Шуро-и-Ислам" партиясының Қазакстандық комитеттері кейде оңшылдардан іргесін аулақ, салып, эссрлермен одақтаса отырып центристік саясат жүргізді. Мұхаметжан Тынышбаев пен Мұстафа Шоқайұлы Уақытша үкіметтің Түркістан комитеті құрылып, өз қызметін бастаған алғашқы кезенде бүкіл Түркістан өлкесіндсгі барлық басқару жүйесінін жүұмысын жолға қойып, оны үйлестіру ісімен тікелей шүғылданды. М.Тынышбаев 1917 жылгы 9-16 сәуір аралығында Ташкентте мемлекеттік құрылыс процесін тездету мақсатымен Түркістан елкесіндегі (оның ішінде Сырдария мен Жетісу облыстарындағы) атқару комитеттері делегаттарының съезін шақырып, оның алғашқы үш күндегі мәжілісін басқарды. Съезге Түркістан елкесі облыстары мсн Бұқара хандығы атқару комитеттерінің 171 делегаты қатнасты. Қатарларында Г.Бройдо, Махмут Бекбуди, Ғубайдулла Ходжаев, Серәлі Лапин сияқты белгілі қайраткерлер бар съезд делегаттары көпұлтты өлкенін демократиялық бірігіуінің курделі мәселелерін жан-жақты қарастырды. 1917 жылы негізінен сәуір-мамыр айларында өткен облыстык, және уездік қазақ съездерінде құрылды. Атап айтқанда, мұндай съездер сәуір айында Орын-борда (Торғай облыстық), Оралда (Орал облыстық), Семейде (Семей облыстық), 27-сәуір - 7-мамыр аралығында Омбыда (Акмола облыстық), т.б. қалаларда болды21.[24,234б]. Торғай облыстық казақтары өкілдерінің Орынбор қаласында 1917 жылы сәуірдің 2-8-інде аралығында өткен съезінің жұмысына тоқталсақ. Мәжілістің төрағасы болып А.Байтұрсынов, оның орынбасарлары болып І-мемлекеттік думаның мүшесі Алпысбай Қалменев және Уәлихан Танашев, хатшылар бо-лып Ссйітәзім Қадырбаев, Омар Алмасов және Шафхат Беиухамедов сайланды. Атап айтқанда, съездін күн тәртібі 14 мәселеден тұрды: 1. Жер-жерлердегі азаматтық комитеттер. 2. Жалпы қазақтық және жалпы мұсылмандық съездер. 3. Мемлекеттік басқару формалары және құрылтай жиналысы. 4. Дін басқарма. 5. Халыққа білім беру. 6. Аграрлык мәселе. 7. Сот. 8. Земство. 9. Баспасөз. 10. Почта... 11. Қоғамдык қаражат. 12. Уездік бастықтар мен зиянды чиновниктер. 13. Соғысқа көзкарас. 14. Қазақтарды тыл жұмысына шақыруға байланысты Торғай облысында болған оқиғалар. Осы маңызды мәселелер бойынша қабылданған шешімдердің мәні мен мазмұны мынаған саяды: "I). Уакытша үкіметтің жаңа құрылысты, тыныштық пен тәртіпті ... нығайтуға ... бағытталған іс-әрекетін қолдау мақсатында жер-жерлерде азаматтық комитеттер кұру кажет. Комитеттерді кұру еркі халықтың өз қолында болады. ...2). Бүкіл қазак халкын біріктіру, оның мүқтаждықтарын анықтап, шешу үшін жалпы қазақтық съезд шақырылсын. Бұл үшін ерекше ұйымдастыру бю-росы құрылсын. Оған сьезд бағдарламасын жасау мен оның шакыру уақытын және өтетін орнын анықтау тапсырылсын. Бюро қүрамына Әлихан Бекейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Сейтәзім Қадырбаев, Омар Есенқұлов, Имам Өлімбеков, Иса Тұрмұхамбетов, Керей Тұрымов сайлансын. 3). 7-8 мамыр аралығында Москвада өтуге тиіс жалпы мұсылмандық съезге ... Торғай облысынан төрт делегат - Ораз Татиев, Сейтәзім Қадырбаев, Акқағаз Досанов және Сұлтанғазы Ысқақов - жіберілсін. ...6). Міндетті түрде бастауыш білім алу керек... мектептерде алғашкы үш жылда оқу ана тілінде жүргізіледі ... Мектептсрде ұл балалар мен кыздар бірге оқытылады. Мектептер земстволық және мемлекеттік қаражатпен қамтамасыз етіледі. ...8). Торғай облысында ... земстволық баскару енгізілсін ....". Съезд өз жүмысының соңында 1916 жылғы Торғай облысындағы тылдың қара жүмысына адамдар алуда және Торғай облысындағы үұлт-азаттық көтерілісті басып-жаншуда орын алған заңсыздық пен қатыгездікті тексеріп, айыптыларды жазалау үшін ерекше тсргсу комиссиясын құруды Уақытша үкіметтен талап етті. Жетісу облыстық қазақ съезі сәуірдің 12-сі мен 13-і аралығында Верный (Алматы) қаласында болды. Оған облыстың барлық уездерінен 81 делегат катынасты, олардың үштен екісі - 54 адам Верный уезінің өкілдері еді. Жетісу съезінің делегаттары көп жағдайда Торғай съезі талқылаған мәселелерді қайталады. Оған 17 мдәселеден тұратын съездің төменгі күн тәртібі дәлел болды. I). Соғысқа көзқарас. 2). Уақытша үкіметке көзқарас. 3). Жергілікті және өлкелік өкіметке, сонымен бірге атқару комитеттері мен басқа қоғамдық ұйымдарға көзқарас. 4). Россияны басқарудың келешектегі жоғарғы түрі. 5). Рухани-діни іс. 6). Азық-түлік мәселесі. 7). Жергілікті басқару. 8). Сот. 9). Партиялық араздықтыкты тоқтату шаралары. 10). Білім мен оқу ағарту. 11). Облыстағы жер мәселесі. 12). Су мәселесі. 13). Мал шаруашылығы. 14). Отырықшылыққа көшу. 15). Заттай салық. 16). Қырғыздар мен орыстардың қарым-қатынастарын рсттеудін жолдары. 17). Босқындарды Қытайдан қайтару тәсілдері. Съезд төрағасы болып Жетісуға кеңінен белгілі қоғам кайраткері Ибраим Жайнақов, оның орынбасарлары болып Ғ.Удербаев пен А.Қүдайбергенов сайланды. Съездің хатшылык міндеттері Қ.Шегіров пен Н.Жақыпбаевқа жүктелді. Съезд шешімдерінде басқару жүйесінің барлық деңгейлерінде міндетті түрде екі комиссардан - "бір орыс, екіншісі мүсылман" - тағайындау қажеттілігі көрсетілді. Бұл шешім Уақытша үкімет пен оның Түркістандық комитетінің (бірінші қүрамы) Жетісуга облыстық комиссарлар етіп Мұқаметжан Тынышбаев псн Орест Шкапскийді жібермек болған бағытына дәлме-дәл келдім. Бұл облыстаты жер мәселесін жан-жақты әрі қызу талқылай келіп, жетісулықтар торғайлықтардан өзгеше шешім қабылдады: "облыс шеттен қоныс аударушылар үшін мүлде жабық деп саналсын". Съезд күн тәртібінің соңғы мәселесі Қытайға ауып кеткен босқындарды қайтаруға байланысты болды. Осы мәселеге байланысты съезд шешімдері Жалпы алғанда осы сьездер шешімдері Уақытша үкімсттің сыртқы және ішкі саясатын қолдағанына қарамастан, оларда бүкілхалықтық ұлттық мүддеге сай келетін талаптар да аз болған жоқ. Ол талап-тілектер атап айтқанда ең алдымен жер-су (аграрлық), ұлттық теңдік, ұлттық мемлекеттік, оқу-ағарту мәселелеріне тікелей қатынасты болды. 1917 жылы мамырдың 1-інен 11-іне дейінгі аралықта Москва қаласында өткен Бүкілроссиялық мұсылмандар съезі империяны мекендеген мұсылман халықтарына ортақ көптеген проблемаларды қарастырды. Съезге жиналған 800-ге жуық делегаттар маңызды мәселелердің төмндегі үлкен тобын талқылады: мұсылмандарға үндеу, мұсылмандардың орталық органы туралы; Россияның мемлекеттік қүрылысы, аграрлық; әйел және жүмысшы мәселелері; Қүрылтай жиналысы сайлауына дайындық; әскери мәселе; діни мэселе; оқу-ағарту; жергілікті басқару; соғысқа көзқарас; Россиялық мүсылмандардың Орталық бюросы туралы. Мұсылмандар сьезі облыстық қазақ съездерінің дін мәселесі туралы қабылдаған шешімдерін жақтады. Съезд мұсылмандық Кеңес құрды, ол өзінің құрамынан атқару комитетін сайлады. Атқару комитетке мүше болғандардың қатарында Жаһанша Досмүхамедов, Уәлихан Танашев, Жақып Ақпаев және Көлбай Тоғысов болды. Аты аңызға айналған барлық түркі халықтарының атасы-«Алаш» атын алған партия -қазақ даласындағы алғашқы дербес партия болды. Бұл партия саясаттанушы Ғ.Телебаевтың «Алаш партиясы- Қазақстандағы алғашқы либералдық партия» деген мақаласында «либералдық көзқарасты жақтайтын ұлт зиялыларынан құрылды және идеялық қағидасы жағынан Ресей кадеттер партиясына (конституциялық демократар) жақын болды» көрсеттілген22.[№26,3б.] 1917 жылдың жазына қарай қазақтың либералдық-демократиялық қозғалысы жетекшілерінің Уақытша үкіметке деген сенімі әлсіреді. Өйткені Уақытша үкімет Қазақстанда түбірлі әлеуметтік-саяси мәселелер бойынша іс жүзінде құлатылған патша үкіметінің саясатын жүргізумен болды. Осыдан кейін Уақытша үкіметтегі шешуші позицияға ие болып отырған кадеттерге деген Ә.Бекейхановтың көзқарасы күрт езгерді. Мүны Ә.Бөкейханов кейінірек "Қазақ" газетінің 1917 жылғы 23 желтоқсандағы 256-санында жарияланған "Мен кадет партиясынан неге шықтым?" деген ашық хатында (хат "Сарыарқа" газетінің 1918 жылғы 25 қаңтарындағы № 29 санында көшіріліп басылды) жан-жақты негіздеді. Осы "сұраққа Ә.Бөкейханов негізгі үш мәселеге оқырмандардың назарын аударған: "кадет партиясы жер адамға меншікті болып берілсе жөн" дейді. Біздің қазақ жерді меншікті қылып алса, башқұртша көрші мұжыққа сатып, біраз жылда сытырылып, жалаңаш шыға келеді. " Кадет партиясы ұлт автономнясына қарсы. Біз Алаш ұранды жұрт жиналып, ұлт автономиясын тікпек болдық. Француз, орыс һәм өзге жүрттың тарихынан көрінеді, молда хүкіметтен ақша алса, сатылып кетеді. Рухани іс аяқ асты болмақ. Жалование алған молдалар хүкіметке жетекшіл болып, еріп кетеді. Біздің қазақ-қырғыз дін ісін көркейтетін болса, хүкімет ісінен бөліп қойған оң бола-ды. Мұны орысша "отделение церкви от государства" дейді. Кадет партиясы менің бұл пікіріме өзгеше қарайды. Осы үш жол айырылғаны биыл ашыққа шықты. Мен сонан соң қазаққа Алаш партиясын ашуға кірістім. Мен мүны июлдегі жалпы қазақ съезінде айтқан едім"23.[№21,174б]. Бірінші бүкілқазақтық съезд 1917 жылғы 21-26 шілдеде Орынбор қаласында өтті. Оған Ақмола, Семей, Торғай, Орал, Жетісу, Сырдария облыстары мен Бөкей ордасынан, сонымен қатар Фергана облысының қазақтар мекендеген аудандарының өкілдері қатынасты. Съезге қатынасушылар саны аса көп болмағанына қарамастан (20-дан аса адам), оның күн тәртібіне сол кездегі Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өміріне тікелей қатынасы бар аса маңызды 14 мәселе енгізілді. Бұл мәселелердің басым көпшілігі 1917 жылғы сәуір-мамыр айларында болған облыстық қазақ сьездерінде алдын ала талқыланған болатын және олардың ең маңыздылары болып саналғандары жалпықазақтық құрылтайға ұсынылар еді. Олар мыналар: " 1) Мемлекет билеу түрі. 2) Қазақ облыстарында авто-номия. 3) Жер мәселесі. 4) Халық милициясы. 5) Земство. 6) Оқу мәселесі. 7) Сот мәселесі. 8) Дін мәселесі. 9) Әйел мәселесі. 10) Учредительное собрание сайлануына даярлану һәм қазақ облыстарынан депутаттар. 11) Бүкіл Россия мүсылмандарының кеңесі (Шура и ислам). 12) Қазақ саяси партиясы. 13) Жетісу облысынан Петерградта болатын оқу комиссиясына қазақтан өкіл жіберу24.[№5,187б]. Халел Досмүхамбетовтың төрағалығымен, Ахмет Байтұрсыновтың, Әлмұхамбет Көтібаровтың, Міржақып Дулатовтың және Асылбек Сейітовтың хатшылығымен өткен бірінші жалпықазақтық сьезд делегаттары осы 14 мәселенің ішінде өздерінің басты назарын ұлттық автономия, жер, құрылтай съезіне дайындық және қазақтың саяси партиясын құру проблемаларына аударды. Съезде А.Байтұрсынов пен М.Дулатов "автономиялы тәуелсіз қазақ мемлекетін құру" идеясын ұсынды, ал Ә.Бөкейханов "демократиялық, федеративтік және парламенттік Россия республикасының құрамындағы" қазақтың ұлттық-территориялық автономиясы болуын қолдады.Съезд делегаттары күн тәртібіндегі жер туралы мәселені аса ұқыптылықпен әрі жан-жақты талқылады. Осы мәселе бойынша съезд 14 тармақтан тұратын шешім қабылдады. Оның бастылары мынаған саяды: "қазақ халқы өзіне еншілі жерге орналасып болғанша қазақ жері ешкімге берілмесін. Қазақ даласында жарамды жер аз болғандықтан қазақ пайдасынан алынып кеткен мынандай учаскалар қазақтың өзіне тоқтаусыз қайрылсын: дворянский, скотоводческий, торгово-промышленный, курортный, монастырский, переселенец... Бос учаскелерге жазылу тоқтатылсын ... Қазақтан алынған қыстаулар, тоғайлықтардағы қазак, шабындығы өзіне қайтарылсын ... Жер хақында қазақ өз алдына жер жобасын жасасын. Съезд Құрылтай съезінің болашақ депутаттарына "жер мәселесі туралы басқа саяси партиялармен келісуді" тапсырды. Бірінші жалпықазақтық съезд Құрылтай жиналысына сайлау туралы мәселені талқылап, оның депутаттығына кандидаттыққа әр облыстан ұсынылган 81 адамның тізімін бекітті. Олар Қазақстанның барлық облыстары мен Орта Азиядагы (Бұхара, Ферғана және Хиуа) қазақ қауымдастықтарының өкілдері болды. Депутаттыққа кандидаттар ішінде бірінші қатарда қазақтың либералды-демократиялық қозғалысының көпшілік таныған көсемдері. Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, облыс жетекшілері Әлімхан Ермеков, Халел Ғаббасов, Жақып Ақбаев (Семей), Айдархан Тұрлыбаев, Асылбек Сейітов (Ақмола), Міржақып Дулатов, Ахмет Бірімжанов, Сейітәзім Қадырбаев (Торғай), Халел Досмұхамбетов, Жаһанша Досмұхамбетов (Орал), Мұхаметжан Тынышбаев, Ыбырайым Жайнақов, Садық Аманжолов (Жетісу), Мұстафа Шоқаев, Әзімхан Кенесарин (Сырдария), Қоңырқожа Қожықов, Ғабдалрахман Оразаев (Ферғана облысынан), Бақыткерей Құлманов, Уәлихан Танашев (Бөкей), Алдабек Мангелдин (Самарқанд) т.б. болды. Бұлармен қатар Құрылтай жиналысы депутаттығына кандидаттар болып жалпықазақтық съезд бекіткендердің қатарында Ақмола облысынан Сәдуақас (Сәкен) Сейфуллин мен Мағжан Жұмабаевтың, Сырдария облысынан Сұлтанбек Қожанов пен Санжар Асфендияровтың, Ферғана облысынан Нәзір Төреқұловтың, Семей облысынан ғалым, қоғам қайраткері Григорий Николаевич Потанин, Ферғана облысынан Уақытша үкіметтің Түркістан комитетінің мүшесі Вадим Чайкиннің болғандығын ерекше атау керек.Бұл әсіресе дін, оқу--ағарту және әйел мәселелері жөнінде қабылданған съезд қарарларынан айқын көрінеді. Атап айтқанда съезд шешімдеріне сәйкес осыған дейін көп жағдайда діндарлардың ықпалында болып келген ескі сот жүйесі ("народный сот") таратылып, олардың орнына "қазақ тұрмысына лайық айрықша сот құрылуға" тиіс болды; "міндетті түрде бастауыш оқу енгізу", "бастапқы екі жылда оқу баланың ана тілінде" жүргізілуі білім алудың тегін болуы талап етілді; "әйелдер саяси құқықта ерлермен тең", "күйеуге тию еркі әйелдің өзінде" болып, "қалың малдың жоғалу" қажеттігі баса көрсетілді; "тұл қатын сүйгеніне тисін, әмеңгерім деп зорлық қылу болмасын", "жеті атаға келмеген жерден қазақ қыз алмасын" - делгнді. Бірінші жалпықазақтық сьезд өзінің күн тәртібіндегі аса маңызды мәселелердің бірі - қазақ саяси партиясын құру мәселесін талқылау барысында іс жүзінде осы партияны ұйымдастыруға арналған Құрылтай жиналысына айналды. Осы мәселе жөнінде съезд қабылдаған қарарда былай делінеді: "Қазақ халқының өз алдына саяси партиясы болуды тиіс көріп, бұл партияның жобасын жасауды съезд шораи исламға сайланған қазақ өкілдеріне тапсырды. Партияның негізгі демократическая федеративная парламентарная республика құрылмақ. Партия жобасын жасап болған соң өкілдер қазақ областной комитеттерінің қарауына жібереді. Онан кейін Учредительное собраниеге жиналған қазақ депутаттары қарап бекітеді. Қазақ саяси партиясының жобасы жасалғанша осы съездің қаулылары Учредительное собраниеге баратын қазақ депутаттарына наказ-аманат болады". Жаңадан құрылған партия "Алаш" деген атқа ие болды.Бүкілроссиялық мұсылмандар кеңесше (шорои-ислямға) съезд шешімімен Ақмоладан Айдархан Түрлыбаев, Семейден Әбікей Сәтбаев, Торғайдан Әлжан Байғарин, Оралдан Жаһанша Досмүхамбетов, Бөкейден Уәлихан Танашев, Жетісудан Базарбай Мәметов, Сыр-дариядан Мүстафа Шоқаев, Ферғанадан Ғабдалрахым Оразаев сайланды. Өлихан Бөкейханов, Ахмет Байтүрсынов сияқты қазақтың либералды-демократиялық интеллигенциясының көсемдері басқарған Алаш партиясының құрамына әуел бастан-ақ қазақтың ғылыми және шығармашылық зиялыларының белгілі өкілдері - М.Тынышбаев, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердиев, Ғ.Қарашев, С.Торайғыров, Х.Ғаббасов, Ә.Ермеков, Жаһанша Досмұхамедов, М.Дулатов, т.б. кірді. Съездің күн тәртібіндегі 14 мәселе бойынша қабылданған қарарлар тізбегі кейінірек, 1917 жылғы "Қазақ" газетінде қарашаның 21-күні жарияланған Алаш партиясы бағдарламасы жобасында өз бейнесін тапты. Сондықтан да 1917 жылғы Ақпан револю-диясынан кейін құрылған Алаш партиясының идеялық бастау көздерін бірінші орыс революциясы кезеңінен іздеген жөн. Осындай жағдайда 1917 жылы шілденің 21-26-сында Орынбор қаласында өткен бірінші бүкілқазақтық съезде Алаш партиясы құрылды. Осы партия құрылған 1917 жылдан бастап ол саяси ұйым ретінде өмір сахнасынан кеткен 20-шы жылға дейін Алаш немесе Алашорда қозғалысы Қазақстан тарихынан орын алды. Алаш партиясының құрылуы қазақ халқы өміріндегі елеулі оқиға болды, өйткені ол тұңғыш ұйым еді. Зерттеулердің бірі Алаш ұсақ буржуазияшыл партия десе, екіншісі либералдық-байшылдық пен ұсақбуржуазиялық демократиялық партия деп бағалады, ал үшіншісі Алашты партия деуден гөрі коғамдық-саяси қозғалыс деп анықтауды жақтайтынын білдірді. Алаштың әлеуметтік тегі туралы пікірдін осылайша болуы занды да, өйткені оның құрамында алгашқы кезде бай, жартылай феодалдық топтардың, "ақсүйектердің" өкілдсрімен қатар қазақ топырағының "әртектілерінің" (разночинцы), енбекші шаруалардың өкілдері болды. Сөз жоқ, бірінші жалиықазақ съезінде Алаш партиясының құрылғандығын жариялау оның дәстүрлі ұғымдағы саяси партия болып қалыптасуының алғашқы және аса маңызды қадамы боды. Алайда ол өзінің бірнеше айларға созылған қысқа ғұмырында шын мәніндегі саяси партия ретінде қалыптасып үлгермеді. Ол құрылған 1917 жылдың шілде айында оның нағыз саяси партияға тән Жарғысы да, Бағдарламасы да болған жоқ. Оның мүшелеріне партиялық билеттер берілгендігі жөнінде де архивте сенімді деректер кездеспейді. Демек, Алашты саяси ұйым ретінде қоғамдық қозғалыс дәрежесінен әдеттегі партияға ауысу (айналу) "кезеңін" бастан кешірген өтпелі саяси ұйым деп қарастырған Алаштың әдеттегі саяси партияға айналу процесі 1917 жылғы шілдеден сол жылдың соңына, яғни Алаш автономиясы мен Алашорда үкіметі қүрылғанға дейін айтарлықтай қарқынмен жүргізілді. Оның жергілікті комитеттері жекелеген облыстарда 1917 жылғы қазан-қараша айларында құрылғандығы жөнінде құжаттар да сақталған. Дей тұрсақ та, Совет өкіметінің орнауына байланысты, 1918 жылдың квктемінің соңы - жазының басында азамат соғысының басталуына орай Алаштың партия болып қалыптасуы аяқсыз қалды. Ал азамат соғысы жылдарында Алаштың, М.Дулатов дәл айтқанындай, "Алашорданың көлеңкесінде қалғаны" тарихи шындық. 1.2. Алашорда үкіметінің қызметі мен күйреуі. Алаш автономиясы туралы жазылғанмен, оның мемлекеттік белгілері мен нышандары туралы жүйелі жазылған еңбектер жоқ. 1917 ж. желтоқсандағы II жалпықазақ съезі ұлттық мемлекетітік құруға байланысты негізгі мәселелерді қозғағаны мәлім. Съездің күн тәртібіне қойылған он мәселенің арасынада мынадай аса маңызды мәселелер де бар еді: 1. Қазақ автономиясы; 2. Милиция; 3. Ұлт кеңесі; 4. Ұлт қазынасы; 5. Халық соты: 6. Ауылдық басқару. Съезд бұл мәселелер бойынша Әлихан Бекейхановтың Х.Ғаббасов, М.Шоқаев, Ж.Досмұхамедовтің баяндамалары мен жарыссөзде сөйлеген сөздерін тыңдады. Съезд қазақ автономиясы мен милиция -туралы Халел Ғаббасов жасаған баяндаманы тыңдап осы мәселе бойынша саяси мәні терең қаулы қабылдады25. [№5,153б.]. Ол қаулы "Сарыарқа" газетінде 1918 ж. 25 қаңтар, N29 санында жарияланды. Қазан-қараша айларындағы Ресейдегі саяси өзгерістер Алаш қозғалысы мен Алаш партиясының қайраткерлеріне жаңа міндет жүктеді. Алаштың мемлекеттік құрылымы - Ресей құрамындағы Алаш автономиясы мен үкіметі деген пікір Алаш партиясының бағдарламалық жобасында нақты көрініс тапқан еді. II жалпықазақ съезінде Ұлт Кеңесін құру мәселесі басқа да өзекті мәселелермен қатар қойылған. Бұл іс жүзінде Қазақстандағы саяси билікті қолға алатын дербес мемлекеттік құрылым кұру деген сөз. Сонымен, іргелес аймақтарда қалыптаскан саяси жағдайлар, Алаштың қайраткерлеріне саяси өмірдің күрделі қойнауынан қазақ қоғамын сүріндірмей алып шығу міндетін жүктеген еді. Жалпы автономия жариялауда 2-ші жалпықазақ съездерінің өкілдері екіге бөлінген. Бір бөлігі (33 адам) ресми түрде қазақ автономиясын дереу, сьезд үстінде жариялау керек деп тас салып дауыс берсе, екінші бөлігі (42 адам) қазақ автономиясын жариялауда Алашорда үкіметі шешсін деп тас салып дауыс берген. Дауыс беру қорытындысына қарамай бірінші бөлік топ өкілдері келіп отырған облыстардың (Орал, Сырдария, Бөкей ордасы Түркістан автономиясына кіретіндігін мәлімдейді. Осындай қазақ халқы үшін шешуші жағдайда съезд екі топқа да тиімді ымыралы қаулы қабылдайды: "1. Бір айдың ішінде Алашорда Түркістан қазағын бүкіл Қазаққа қосып алады, қосып ала алмаса да бір айдан кейін халыққа білдіреді. 2. Бір айда Түркістан қазағын Алашқа қосып ала алмаса, өз алдына автономия иғлан, етуге, ерікгі. 3. Егер бір айдан кейін Алаш баласы қосылмаса һәм қалған Алашқа автономия иғлан етілмесе, һәм кім өз күнін өзі көреді. 4. Егер Түркістан қазағы бір айдай бізге қосылса автономияны қашан иғлан ету ықтияры Алашордаға берілсін"'. Осы қаулы заң бойынша бір айдан кейін күшіне енуі қажет деп табылды. Алашорда Алаш автономиясының Ұлт Кеңесі. Оның қүрамына 15 адам сайланды. Үкіметтің 15 мүшелеріне орынбасар болып қазақ өлкесінің әртүрлі өңірінен тағы да 15 кандидатура бекітілді. Алашорданың төрағасы баламалы түрде сайланды. Оған үш кандидатура ұсынылды: Әлихан Бөкейханов, Бақыткерей Құлманов, Айдархан Тұрлыбаев жасырын дауыс беру нәтежесіңдс Ә.Бекейханов 40 дауысқа, А.Тұрлыбаев 20 дауысқа, Б.Құлманов 19 дауысқа ие болды. Әлихан Бөкейханов көп дауыс алып Алаш автономиясының үкіметі Алашорданьң төрағасы болып сайланды. Тарихқа Алаш автономиясы мен оның Уақытша Ұлттық Кеңесі "Алашорданың дүниеге келгені мәлім болды. Бүкіл қазақ қауымының басын ұлттық-территориялық автономия аясында біріктіру мақсатында автономияның өзін жариялау 1918 жылдың қаңтар айының 20-нан кейін іске асырылды. Алашорда өзінің уақытша орталығы Семей қаласына қаңтар айының соңына қарай кетіп орналасқанға дейін бұл өңірдің қоғамдық-саяси жағдайға қатысты өз көқарастарын анықтап жатты. Қалалық Думаның 5-қаңтардағы (1918 ж.) мәжілісінде Гласный Кузин Дума мүшелерінің назарына қазақ комитетінің өтінішіне аудартады. Онда Қазак Комиттетінің Қазақстанда ұлттық-территориялық автономияның толықтай жүзеге асуы мүмкін деген саяси көзқарасы келтірген болатын. Бұл факті қалалық Дума мүшелеріне саяси күштің дүниеге келгенін анық байқатты. Бұдан Семей облысында қалыптасқан саяси хал-ахуаллың аса шиеленіскенін көреміз. Саяси қарама-қарсылықта Алашорда, облыстық комиссариат, облыстық шаруалар Кеңесі, Қазақ Комитеті бір жақта болса екінші жақта облыстық жұмысшы және солдаттар депутаттары Кеңесінің большевиктік ағымы болды. II Жалпықазақ съезі қаулысына сәйкес ұлттық-территориялық Қазақ автономиясы 1918 ж. 28 қаңтарда "Сарыарқа" газеті арқылы ресми түрде жарияланды. Ал, нақты қазақ автономиясы және оның Уақытша Ұлтгық Кеңесі "Алашорданың" іс жүзіндегі көрінісі сол кезде бірден шешілмеді. Е.Сайлаубайдың30 «Семейдегі Алашорда үкіметінің құжаттары мен іс-қағаздары» атты мақаласы Алашорда үкіметі тарихының ғылыми зерттеу арнасын кеңейтуде әрі аталмыш үкіметтің қызметін жан-жақты көрсетуде Семей қаласындағы «Қазақстан Республикасы Шығыс Қазақстан облысы қазаіргі заман тарихының құжатнама орталығы» архив қорларында ҚР ШҚО Қазіргі заман құжатнама орталығы. Р-37-қор. 1-тізбе.126-іс. сақталған құжаттар біршама мүмкіндіктер береді26.[№4,45б] Алаш қозғалысы мен Алаш Орда үкіметіне қатысты құжаттар құжатнама орталығындағы Бүкілресейлік Уақытша үкіметтің Семей облыстық басқарушысы (48-қор), Бүкілресейлік Уақытша Үкіметтің Семей уездік басқарушысы (50-қор), Семей уездік земство басқармасы (Р-37-қор), Алаш қалалық қоғамдық басқармасы (Р-133-қор), т.б. қорлардағы істер кездеседі. Аталған мұрағаттық қорларда Алашорда қайраткерлері Ә.Бөкейханов, М.Тынышбаев, Х.Ғаббасов, т.б. қайраткерлердің қолтаңбалары қойылған іс-қағаздары сақталған. Құжаттарды бірнеше мағыналық топқа бөледі: 1) Алаш әскери ұйымын құру және оны жабдықтау; 2) Алашорда үкіметінің жергілікті ісіндегі түрлі саяси күштермен саяси экономикалық қарым-қатынас: 3) Алашорда үкіметі және Қазақ облыстық соты; 4) Алашорда үкіметінің орталық және жергілікті Колчак үкіметімен арақатынастық байланысын көрсететін құжаттар; Алашорданың кеңселік іс-қағаздарының қолданысы 1918 жылдың маусым айынан басталып, 1919 жылдың қазан айына дейінгі аралықты қамтиды. Алашорда үкіметінің кеңселік іс-қағаздарының бланктеріндегі әртүрлі қалыптағы штамптар баспаханалық әдіспен басылған. Алашорда үкіметінің мөрі 1918 жылдың маусым және қазан айларындағы кеңселік іс-қағаздары бланктерінде қойылған. Большевиктер партиясы мсн Кеңес өкіметі ұлттық-мемлекеттік құрылыс мәселесін шешудің негізіне таптық жіктелу принциптерін алса. Алаш көсемдері бұған керісінше ұлттық бірлік саясатын тандап алды. Сондықтан олар қазақ халқын ұлттық тұтастық пен бірлікке шақырды. Ә.Бөкейханов31 қазақ автономиясы құрыла сала, "Қазақ" газеті арқылы зиялы кауымға былай деп жар салды! ... Ресей мемлекеті енді жақын арада үйірге қосылмайды. Бірліктен айырылсақ, мына орысша қаңғып кетеміз. Көш бастаған ақсақал аға, зиялы іні, жергілікті жұрт, қызметін таза атқар. Жалпы жұртқа мұрындық бол!"27. [№27,271б]. Ал екінші жалпықазақ съезінің қазақтың автономиялы ұлттық-территориялық мемлекетін құру туралы шешіміне саяси баға бере келіп, Ә.Бөкейханов кейінірек (1919 ж. 11 ақпанда) былай деп мәлімдеген: ''Съездің бұл шешімі қазақтар мекендеген территорияда анархиямен болдырмау, өлкеде большевизмнің дамуына жол бермеу мүдделерінен туындады. Сол кезде Ресейде орьн алған жағдайда қазақтардың жарияланған автономиясын жүзеге асыру мүмкін емес еді. Кезекте бостандықтың жауы - большевизммен күрес тұрды". Әлихан Бөкейхановтың тікелей жарлықтарында Алаш әскери жасақтауға қатты көңіл бөлінді. Алаш әскері жасаын 30 атты милицияны алуды және оның материалдық жабдықталуы сол болыстықтарға тікелей тиесілі екендігі көрсетілді. Қазақстандағы қоғамдық-саяси өмірдің соғыс жағдайына бет алуына қарай Алашорда әскерін жасақтау ісі қазақ өлкесінің әр аймағында әр түрлі уақытта жүзеге асырылды. "Свободная речь" газетінің 1918 ж. 162, 164, 165 сандарындағы хабарламалары Алашорда атты әскерін ұйымдастыру мен жабдықтауда Ә.Бөкейханов пен Х.Тоқтамьшевтың басшылық қызметін жақсы қырынан көрсеткен28.[28,5б] Сонымен, 1918 ж. қаңтар-маусым айлар аралығында Семейдегі Алашорда әскерінің шағын жасағынаи Алаш атты әскер полкін құру деңгейіне жету қиын-қыстау заманға қарамастан іске асырылды. Алаш атты әскер полкінің Уақытша Сібір үкіметі қолдауымен жасақталуы Алашорда әскері тарихының ерекше кезеңін бастайды. Семейде Алаш атты әскерінің тез арада құрылуын, біріншіден, осы аймақта Ресейдегі азамат соғысыныа жаңа майданы ашылуымен байланыстырсақ, екіншіден, әскер құру арқылы Алашорда одақтастарын өзімен санасуға икемдеуге тырысты. Қолайлы саяси жағдай іздеген Алашорда үкіметі іске кіріседі. Алашорда үкіметінің төрағасы Ә.Бөкейхановтың Семей уездік Земство басқармасының төрағасы А.Қозыбағаровқа жіберген қатынас құжатында (N2. 25 маусым. 1918 ж.). Алашорда әскеріне уездің әр болысынан 30 адамнан алу және оларды Семейге жедел жеткізу жөнінде қадап айтылған. Алашорда әскерінің әскери-командалық құрылымының негізін орыс офицерлері құрғаны белгілі. Өйткені, ол кезде ұлттық әскери маман кадрлар бірен-саран ғана еді. Орыс офицерлерінің үйретуімен қазақ |жігіттеріттері әскери өмір тәртібіне, кәсіби шеберлікке шыныға түсті. Ұлттық әскери мамандардың жетіспеуі себепті Алашорда әскерін мамандармен толықтыру орыс офицерлерін қызметке шақырумен жүргізілген. Алашорда әскері мен Уаытша Сібір үкіметі армиясының арақатынасы 1918 ж. 29-30 шілде жөне 2-3 тамыз кезінде өткен екі жақты кездесуде шешілді. Онда Алашорда үкімет өкілдері Ә.Бөкейханов, Ә.Ермеков, Х.Тоқтамышев және Уақытша Сібір үкіметі мүшелері бірлескен комиссия құрып, өзара саяси, әскери және экономикалық қарым-қатынастар ретінде қаралды. Бұл шешім 1918 ж. маусым айынан басталған Алашорда әскері мен Сібір, армиясының өзара тығыз байланыстарын заңдастырып берді. 1918 жылы маусым айында Орталық Алашорда комитеті атынан бірнеше қаулылар қабылданды. Қаулылар Алаш автономиясының негізінде енгізу, Алашорданың әскери және саяси кеңесін құрьп жетілдіру, Алашорданың облыстық және уездік комитет орнықтыруды бекемдеді. Бұл комитеттердің қызмет аясы демократиялық бостандықтар, жерге иелік ету, мемлекеттік салық, қазақ соты мен тергеу комиссиялары жөнінде болды. Яғни, мемлекетгік істер кең ауқымдағы жүйенің түзілу мәселесіне нұсқаулар берді. Осы құжаттарға Ә.Бөкейханов Алашорда төрағасы ретінде, мүшелері ретінде М.Тынышпаев, Х.Ғаббасовтар қойған. Сөйтіп, Алашорда Алаш комитеттерімен Семейдегі облыстық қазақ комитеті және оның уездік, болыстық бөлімшелері түгелдей саяси күшср ретінде бірігіп әрекет етуте көшетіндігі мәлімделеді. Ендігі жердс қазақ өлкесінің нақты билігін қамтамасыз ету мәселесін шешу қажет болды. Яғни, Уакытша Сібір үкіметімен саяси қарым-қатынасты күшейтті. 1918 жылы маусымда Алашорда үкіметі өз арасынан Ә.Ермековты Уақытша Сібір үкіметімен байланыс жасауға жібереді. Шілде айында Алашорда өкілдерінің бір тобы Омбыдағы Уақытша Сібір үкіметіне келіп, автономия мәселесін анықтауға кіріскен. Онда мәдени, жергілікті автономия мәселесін шешу керек болды. '"Мемлекет билеу түрі" мәселесінде II бүкілқазақтық съезд өкілдерінің екі пікірде болғандығы байқалады. Оған "Қазақ" газетіндегі "Учредительноее собрание һәм оның істейтін ісі", деген дерек Богачов А. және С.Зиманов пен К.Нүрпейісовтың Алаш һәм Алашорда. пікірлері дәлел. Солай бола тұрса да, съезд "Қазақ облыстары ұлттық-территориялық автономия алуға тиіс" деген шешімге келді29.[№10,9б.] "Съезд құрамына 6 облыс қазақтары енетін Алаш автономиясы жарияланып, ал оны ресми жариялау кейінге қалдырылды. Оның себебін М.Дулатов "...арамыздағы анасы басқа жұрттармен сөйлеспей жариялап жіберсек, көршілерімізбен арамыз қандай болып кетпесіне көзіміз жетпеді. Бұл сақтық орынды екеніне жұрттың көзі енді жетіп отыр", -деп түсіндіреді30. [№18,65б.] Әскер түрі атты әскер болатындықтан, тұсында атты қазағы бар Орал, Торғай, Ақмола, Семей, Жетісу облыстарында түрлі деңгейде жұмыстар жүрігізілді. Алашорда үкіметінің алғашқы кезде казачествомен тығыз байланыс орнатып, ортақ жау большевизмге қарсы күрсесте бір бағытта болғандығын Ә.Бөкейхановтың Орынбордағы С.Қадырбаевқа жолдаған "қару-жарақ, әскер шығьнын үйрететін офицер туралы Дутовпен хабарлас деген жедел хаты және атаман Дутовтың Алашорда үкіметін құттықтап Ә.Бөкейхановқа жолдаған жедел хаты дәлелдейді31.[№24,281б] Автономияның елге түсетін салмағының ең ауыры - қазына жинау ісі болды. "Пұл жағынан істі тоқтатпастың жалғыз-ақ шарасы - ақшаны қазір қарызға алу, жұрттан ақша жиналған соң орнына салу. Олай болса Орданьң өзі де, жергілікті комитеттері де қарызға берілетін ақшасы бар жерлерді қарастыру" идеялары да көтерілді. Мұндағы мақсат ұлт қазынасы жиналғанға дейінгі уақытты бос жібермей, ұтымды пайдалану еді. Алаш жетекшілері Сібір, Самара (Комуч) үкіметтеріне, Уфа директориясына сенім артып, біртутас мемлекет ретіндс Алаш автономиясын мойындайды деп үміттенді. Соған орай Алаш автономиясын ресми тану жөніндс өтініштер жасап, әр турлі деңгейде көмек беруді сұрайды. Уфа мемлекеттік мәжілісінен (8 қыркүйек, 1918 ж.) автономияға ұмтылған халықтардың бәрі де үмітті еді, бірақ ол үміттері ақталмады. Уакытша жалпы Ресей үкіметінің 1918 ж. 4 қарашадағы жарлығы бойьшша Алашорда үкіметі таратылып, оның орнына қазақтардың мәдени-тұрмыстық және экономикалык мұқтаждарын қанағаттандыру ісін басқаратын Алаш жөніндегі Бас өкіл тағайывдалды. Мұндай жарлықтар Алашордадан басқа Сібір, Орал, Башқұрт, Самара сияқты облыстық үкіметтер туралы да шықты. Алашорда үкіметі 2-ші жалпы қазақ съезінің шешімдеріне сөйкес 1918 жылы 11-24 маусымында заңдық күші бар 8 пунктен тұратын қаулы-қарарлар қабылдады. Соған орай Колчак үкіметінің Ішкі істер министрі А.Гатгенбергер Ә.Бөкейхановқа бірнеше рет жеделхаттар жолдап, "Алашорда" шығарған жарлықтарды, жасаған зандарды ала келіңіз,"- дейді. Ә. Бөкейханов қазақ большевиктеріне қарсы нақты күрес жүргізуді назардан тыс қалдырмады. Оның С.Қадырбаевқа жолдаған "қазақтан шыққан большевиктерге еш рақым қылмаңыз" деген жедел хатынан Алашорда үкіметініц ісі қатаң тәртіпке негізделгені байқалады. Қазақ большевиктерінің іс-әрекеттері басқа облыстармен салыстырғанда Семей меи Орал облыстарында басымырақ болды. Солармен күресу мақсатында 1918 жылдың 8 маусымында "большевик заманында Алашқа қастық ойлап, зияншылық қылғандарды тергеуге "военно-полевой сот" ашу жөніңде, одан кейін 1918 ж. 31 шілдесінде "ерекше қазақ соты мен тергеу комиссиясын кұру жөнінде қаулы қабылдайды32. Сарыарқа. 1919.№67.[№5,295-297б.] Қазақ қоғамындағы мұндай жіктеліс заңды құбылыс. Ұлт өкілдерінің бұл әрекетін қазақ автономиясына жету жолындағы тандауынан деп түсініп, объективті бағалауъмыз керек. Екіншіден, олар автономия ісінде қазаққа қажет ұлт тұтастығьна нұқсан келтірді. М.Дула

овтың сөзімен айтқанда, "Орынбордағы съездің қаулысы жұртқа мәлім. Бірақ бұл қаулы орындалмады. Бұған екі түрлі себеп болды: 1) орыс һәм қазақтан шықкан большевиктердің кесірі, 2) елдің салақтығы Алашорданың аяғынан тік тұрып кетуіне осындай жағдайлар кедергі жасады. Алашорданың төрағасы Ә.Бөкейхановтың 1918 ж. 29 шілдедегі белгілі "циркулярында" "жорықтарда" Семей, Ақмола, Торғай облыстарыңда ұйымдастырылған ақтардың отрядтары болғанын айтады, бірақ онда шайқастар, өлгендер мен жаралылар жөнініде мәліметтер жок. Алашорда отрядтары әскери бөлімшелері жеңіліске ұшырап қашкан отрядтар мен большевиктерді, Кеңес депутаттары мүшелерін ұстаумен айналысты. Мұны үлкен "жорық" деп атауға болмайды. 20-ж.ж. Қазақстанда большевиктик ұлттық саясаттың негізіндс шешуді мақсат еткен территориялық мәселе маңызды болды. Мұсылман ұлтшылдары мен реформаторларының сол қанаты ынтымақтасу саясатын дұрыс қабылдады. Оның өкілдері коммунистік партияға кіріп, жаңа кеңестік әкімшіліктің алғашқы жергіліхті ядросын құрды. Бірақ ақырына дейін олардың ешқайсысы ортодоксалды коммунист болған жоқ, себебі олар өздерінің шыққан тегі мен дүниетанымдық позициясы жағьнан әрқайсысы бұл ынтымақты тәуелсіз мемлекеттіліктіі құратын әлеуметтік-мәдени топтасуға алдын-ала дайындық деп қарады. Қазақстанның Кеңестік мемлекеттілігінің алғашқы түрін құруға Алашорданың идеялық әсері басты фактор болды. Өлкенің болашақтағы статустық құрылымы жөнінде Ә.Бөкейхановтың реалистік позициясы мен М.Дулатов пен А.Байтұрсыновтың "тәуелсіз және автономиялық қазақ мемлекетін құру" туралы радикалды жобасы бойынша ішкі ауыз бірліктің болмауына қарамастан, қазақ автономиясының құрылуын Алашорда партиясының саяси платформасы негізінде бұл мәселені шешудің нәтижесі деп санау қажет33. Қазақ. 1917. 15 қазан. №244. 149б.[№5,149б.] Қазақ ұлтшылдарының көзқарасын көптеген жадидшілер бөлісті, сондықтан жаңа өкімет оны ескермей қалған жоқ. Саяси бағыты келіспеседе, алғашқы кезеңде соның мүддесіне жағына білу қабілеттілігін көрсетті. Ол кезде большевиктер либералды модельге ене білді. Осы уақыт шеңберінде ешқандай психологиялық қайшылық байқалмады. "Мұсылман лидерлері өздерінің ұлттық мәдениетіне шынайы берілген, отаршылықка ашық түрде қарсы тұра білетін шынайы коммунист ретінде көрсете білді. Олар пантюркистер болды. Бұл терминдер арасында қайшылық болмады. Интернационализмді шынайы көрсеткен өздерінің большевик жолдастарына сенді. Алашорда мен Уақытша Сібір үкіметі арасындағы келіссөздерге қатысты құжаттардан байқайтьнымыз, ол Алашорданың Уақытша Сібір үкіметі тарапынан ресми мойындауын талап етуі болды. Әлихан Бөкейханов бастаған Алашорда үкіметінің қайраткерлері саяси мәселеде Алаш автономиясын мойындауды бірінші орынға қойды, Алашорданың позициясын көрсете білді. ІІ-тарау Алаш зиялыларының қызметі мен ұлттық баспасөзде жарияланған мақалалары 2.1. Алаш зиялыларының қызметі мен соңғы тағдыр жолдары. Қазіргі уақытта Қазақстан ұлттық тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасып, Қазақстан Республикасы бүкіл дүние жүзілік тарихи және саяси үрдісте орны айқындалып жатқан кезде ХХ ғасыр бас кезіндегі саяси процес лидерлерінің қазақ халқының бостандығы жолында күресін және олардың ғылыми саяси еңбектерінің маңызын зерттеуді қажет етіп отыр. Өйткені ХХ ғасыр басындағы саяси процес лидерлерінің саяси қызметі, әлеуметтік саяси көз қарастары, жетекшілік рөлі жүйелі әрі саралана зерттелмеуде. Президентіміз 1997 жылды «Татулық пен еске алу» жылы деп жариялауы ХХ ғасырдағы тарихымызды тың тұрғыдан қарастыруға жүріп өткен жолымызға жаңаша баға беруге мүмкіңндік жасады,ал 1998 жылы Ел басының жарлығымен халықтың тұтастығы мен ұлттық тарих жылы деп жарияланып «жинақталып тәжірибені ескере отырып, тұғырдан тайса да, санадан әрі сырыла қойылмаған тоталитаризм идеологиясын әшкерелеуді жалғастыра түсем», деп көрсетті34. [№29,5б.]. 1991 жылы тәуелсіздігіміз жариялап, Алаш қайраткерлері туралы зерттеулерге жол ашылғаннан кейін ұлттық мүдде тұрғысынан олардың өмірі мен қоғамдық саяси істерін қарастыра бастады. Олардың қызметін жаңаша көзқарас тұрғысынан М.Қойгелдиевтің «Ұлттық саяси элита. Қызметі мен тағдыры» еңбегінде Ә.Бөкейхановтың, М.Шоқайдың өмірі мен қызметі баяндалған35.[№16,110б.] М.Қозыбаевтің «Ақтаңдақтар ақиқаты» еңбегінде «Қазақ зиялыларының кейіннен Алаш партиясына топтасқандары саяси күресті буржуазиялық демократия шеңберінде жүргізді. Олар заңмен шектелген праволық қоғам, конституциялық жинақталған кейбір саяси бостандықтар ғылым мен мәдениет даму көлемінде күресін бақты.»36.[№30,17-20б.] Т.Омарбековтың, М.Қойгелдиевтің «Тарих тағлымы не дейді?»,С.Өзбекұлының «Арыстары Алаштың: тарихи очерктер.» монагрфиялық зерттеулері, т.б. зерттеушілердің саяси лидерлер жөніндегі еңбектері баспасөз бетінде жарияланып тұрды37.[31,108б] М.Шоқай, М.Тынышпаев туралы тарихи-танымдық еңбектер де соңғы кезде жарық көрді. М.Шоқайдың таңдамалы шығармалары 3-томдық жинағы және Ә.Бөкейхановтың таңдамалы шығармалары 2-томдық қазіргі кезде баспадан шыққан. А.Байтұрсыновтың шығармашылығына арналған еңбектерден Р.Сыздықованың «Ахмет Байтұрсынұлы» атты кітабын атауға болады38.[№33,52б] Е.Серікбаевтың «Бүкіл ресейлік құрылтай және «Алаш» зиялылары мақаласында құрылтайға депутаттар сайлау барысы мен оның жұмысына шолу жасаса жекелеген зерттеушілер Алаш қозғалысына баға беру үшін алдымен оның көш бастаушыларының кімдер болғандығын анықтау мәселесі осы тақырыпты ғылими тұрғыдан игеруге шешуші түрде ықпал жасайды деп есептейді. Ашкееваның Н. ХХ ғасырдың бас кезіндегі Қазақстандағы саяси әлеуметтік процес лидерлерінің көзқарастары атты авторефераты ХХғасырдың басындағы саяси процестердің басында болған лидерлердің саяси қызметіне, шығармаларына талдау жасай келе ұлттық лидерлердің саяси-әлеуметтік көз-қарасын көрсеткен39.[№34,30б]. Қазақстан Республикасында 1997 жылды «Жалпы ұлттық татулық пен саяси қуғын сүргін құрбандарын еске алу жылы», 1998 жылды «ұлттық тарих және халықтар бірлігі жылы» ретінде жариялануына орай саяси әлеуметтік процес лидерлерінің көзқарасын зерттеп зерделеуге арналған баспасөз бетінде «Жас Алаш» газеті40,[№35,4б.] Нүрпейісовтың «Жетісулық Алаш қайраткерлері» «Қазақ тарихы» жарияланған ғылыми публистикалық мақалалардың да маңызы ерекшке болып табылады41.[№36,59б.] http: www iie freent kz\ gazag tarih 8html сайтында «Алаш рухы асқақтады» атты Г.Сәдірқызының мақаласы жарық көрді42. [№37,сайт.] Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтында Алаш партиясының 90 жылдығына орай әдеби тарихи кештің мақсаты Алаш зиялыларынын еске алу, жастарды алаш рухында тәрбиелеу керектігін баса айтқан. М.Қойгелдиев «Алаш қозғалысы мен идеясының ұлт тағдырындағы орны» атты баяндамасын «-Кеңестік дәуір тұсында Алаш қозғалысы емес, Алаш қайраткерлерінің есімін де атай алмадық, ал атағандар құрдымға кеттік. Осы күнгі тәуелсіздіктің арқасында жеттік,- деп қорытты.» Зерттеушілер Ғ.Ахмедов, Г.Сұлтанғалиева, В.Григорьев және М.Қойгелдиевтердің мәліметтеріне сүйенсек, ХІХ-ғасырдың 20-шы жылдарынан 1917 жылға дейінгі мерзімде Қазан университетінде 30-ға жуық қазақ жастары, ал XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың бас кезіндс Петербург университетінде 20-ға жуық қазақ студенттері оқыпты, олардың қатарында Б.Қаратаев, Б.Құлманов, Б.Сыртанов, А.Тұрлыбаев, Ж.Досмұхамедов, М.Шоқаев, Ж.Ақбаев, т.б. болды. Москва мсн Псетер-бургтің басқа жоғарғы оқу орындарын Ә.Бөксйханов, Х.Досмұхамедов, М.Тынышбаев, т.б. қазақ жастары бітірген. Қазақ жастары Россиядан тыс шетелдік шығыс оқу орындарында да оқыған. Ғалым Ахмедов жинақтаған мәліметтер бойынша 1917 жылға дейінгі кезенде Стамбул университетінде Ә.Ғайсин, С.Шанов, Д.Көлбаев, М.Тұрғанбаев және Ә.Машаев деген жастар білім алған. Толық емес мәліметтер бойынша 1917 жылға дейінгі уақытта 120-ға жуық қазақ жастары әр түрлі жоғарғы оқу орындарын аяқтағаны туралы диплом иемденсе, 700-дей қазақ жастары арнайы орта білім беретін оқу орындарын бітірген. Осы тоталитаризм құрбаны болған ХХ ғасыр бас кезіндегі Қазақстандағы саяси процес лидерлері Ресей демократтарымен үзеңгілес болып, иық тірестіріп, еңбек еткен Әлихан Бөкейханов, Тұрар рұсқұлов, Халел Досмұхамедов, Смағұл Садуақасов, Сұлтанбек Қожанов, Мұхамеджан Тынышбаев, Мұстафа Шоқай, т.б. болды. ХХ ғасыр басындағы саяси процес лидерлері бүкіл қазақ халқы атынан іс-қимыл жасай отырып, отаршылдықтың нәтижесінде елді экономикалық және рухани дағдарыстан шығару жолын іздестірді, қазақ халқының мемлекеттігін қалпына келтіріп, халықты жалпы адамзат құндылықтарымен таныстыруға ұмтылды. ХХ ғасырдың бас кезіндегі саяси-әлеуметтік процес лидерлерінің көзқарастарын тұжырымдайтындай арнайы зерттеу еңбектері жоқ. Көбінесе Алаш тарихына байланысты және сол кездегі саяси тұлғалардың шығармалар жинақтары шыққан. Ә.Бөкейханов, М.Шоқай, М.Тынышпаев, С.Сәдуақасов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Т.Рұсқұлов т.б. шығармалар жинақтары мен еңбектерінің жарық көруі біздің тәуелсіздігіміздің жемісі болып табылады. Ахмет Байтұрсынұлы XX ғасырдың басында-ақ хальққа ағартушылық, ғылыми-зерттеушілік, ақындық, журналистік қызметімен кеңінен таныс болды. Ол ғылым мен ілімнің, әдебиет пен жалпы мәдениеттің салаларында ондаған жылдар бойы ел игілігіне айналған және қазір де оған қызмет етіп келе жатқан асыл мұра қалдырды. Ахмет Байтұрсьнұлы азамат больш қалыптасқан кезең Қазақстанньң Ресей империясының отарына түгелдей айналып болған уақытқа тұспа-тұс келді. Патша үкіметінің 1867-1868 жане 1886, 1891 жылдары Қазастанда жүзеге асырған көп салалық реформалары (әкімішілік, сот, салық, т. б. мәселелерге байланысты) өлкеміздің империяньң отарлы аймағы, ал халқымыздың отаршылдардың боданына айналғандығын заңдастырды. Осыған орай патшаның жергілікті әкімшіліктері тарапынан әлеуметтік-саяси тұрғыдан езу, оның жекелеген намысқой өкілдерін жәбірлеу мен қорлау жаппай орын алды. Мұны Байтұрсыновтар әулеті де бастан кешірді. XIX ғасырдың сексенінші жылдарында өз ауылында жәбірлеп, қорлағаны үшін Торғай уезінің бастығы Яковлевті Ахметтің әкесі Байтұрсын соққыға жывққан. Сол үшін ол ұзақ мерзімге Сібірге жер аударылған. Бала Ахмет осындай озбырлықтың талайын көріп, тез есейген43.[№15,28-29б.]. XX ғасыр басында өрістей бастаған қазақ қауымына тән қоғамдық-саяси қозғалыс өз алдына әуел баста жалпы ұлттық-демократиялық мақсат-міндеттерді қойды. Бұл істің басы-қасында екі ғасыр тоғысында қалыптасқан қазақ зиялылары болды. Әлихан Бөкейханов төңірегіне топтасқан зиялылар, ең алдымен, Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатов, өздерінің әдеби шығармаларының беттерінде демократиялық мәндегі ұлттың тең құықтылық, халықтың мәдениетін көтеру, отаршылдардың жер мен суды тартып алуына наразылық білдіру сияқты әлеуметтік-саяси мәні бар мәселелерді көтерді. Бұған Ахмет Байтұрсынұлыньщ «Масасы» (1911 ж.), Міржақып Дулатовтың «Оян, қазағы» (1909 ж.) дәлел бола алады және олардың авторларының сол кездің өзінде-ақ коғамдық-саяси мәні үлкен әрекеттерге барғанын көрсетеді. Әлихан Бөкейхановтың бағыт беруімен Ахмет Байтұрсынұлының басшылығымен, Міржақып Дулатовтың қосшылығымен, озық ойлы, халық қамын ойлаған жекелеген дәулетті адамдардың демеушілігімен 1913 жылдан бастап Орынборда жалпы ұлттық биресми «Қазақ» газеті шыға бастады. Оның бірінші санында жарияланған оқырмандарға арнаған мақаласында Ахмет Байтұрсынұлы газетті «халықтьң көзі, құлағы һәм тілі» деп анықтай келіп, оның «жұртым деп халықтың арын арлап, зарын зарлап, халықтың сөзін сөйлеп, пайдасын қорғап, зарына қарсы тұрып, қарғаға көзін шоқытпасқа тырысады», - деген тұжырымы арқылы газеттің қоғамда алатын орнын, оның саяси маңызын барынша айқындап берді. Газет 1917 жылы шілде айында дүниеге келген ұлттық-демократиялық партияны дайындауда сан қырлы, салиқалы жұмыстар атқарды. Партия Россияда 1917 жылы ақпан революциясы жеңіске жеткеннен кейінгі елде орын алған саяси хал-ахуал берген мүмкіндіктер жағдайында 1917 жылы 12-26 шілдеде Орынбор қаласында өткен бірінші бүкілқазақтық сиезде құрылды. Бұл партияға «Алаш» деген ат беріледі. Сиезді шақыру мен оны өткізуде Ахмет Байтұрсынұлы үлкен белсенділік көрсетгі. Ол сиездің хатшылар тобын (құрамында М. Дулатов, Ә. Көтібаров, А. Сейітов бар) басқарып, оның маңызды құжаттарын жасауға жетекшілік етті. Сьезд өткеннен кейінгі екі-үш ай бойы оның шешімдеріне сәйкес Ахмет Байтұрсынұлы «Алаш» партиясы бағдарламасыньң жобасын жасау ісіне қатынасты. Партия бағдарламасыньң жобасын жасауға, Ахаңмен бірге Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатов, Елдес Ғүмаров, Есенғали Тұрмұхамбетов, Ғабдулхамит Жүндібаев, Ғазымбек Бірімжанов қатынасты. Петроградта қазан революциясы жеңіске жетіп, Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнау процесі жүріп жатқан кезде Ахмет Байтұрсынұлының белсенді араласуымен дайындалған «Алаш» партиясы бағдарламасының жобасы «Қазақ» газетінің 1917 жылы 21-қарашадағы санында жарияланды. Ахмет Байтұрсынұлы 1917 жылы 5-17-желтоқсанда Орынбор қаласында өткен Бүкілқазақтық екінші сиез жұмысына да белсенді түрде атсалысты. Сиез күн тәртібі Алаш партиясы бағдарламасы жобасының талаптарынан және орталықта социалистік революцияның жеңіске жетуіне байланысты орын алған қоғамдық-саяси өзгерістерден туындады. Сиез талқылап, шешім қабылдаған 10 мәселенің ішіндегі ең маңыздылары бүкіл қазақ жерлерін біріктіретін Алаш автономиясын (қазақ мемлекеттігін) құру оны басқаратын үкімет - Әлихан Бөкейханов басқарған - Алаштың Ордасы (Алашорданы сайлау) және «халықтық милиция» аталған Алаш автономнясының қарулы күштерін жасақтау жөнінде қабылданған шешімдер болды. Алаш автономиясы мен Алашорда үкіметінің құрылуын қазан төңкерісі мен большевиктік билік әкелген анархияға қарсы тосқауыл ретінде түсінген А, Байтұрсынұлы большевиктік үстемдіктің Казақстандағы алғашқы адамдарына мынандай баға берді; «Россияның орталық аудандарында большевиктік қозғалыстың қалай өткендігі қазақтарға белгісіз, шет аймақтарда ол барлық жерде зорлау, қиянат жасау және ерекше диктаторлық үкімет билігімен қатар жүргізіледі. Егер бұрын патша чиновниктері аталған адамдар тобы халақтарды ешбір шектеусіз езіп-жаншыған болса, енді мұндай әрекеттерді большевиктер - коммунистердің тобы жүргізіп отыр». Сондықтан да Алашорда Кеңес өкіметін мойындамай, 1918 жылы жазда басталған азамат соғысы жағдайында оған қарсы ашық күреске шыққан күштермен (атаман Дутов басқарған Орынбор казачествосымен, адмирал Колчак басқарған Сібір үкіметімен, Орал казачествосымен, т. б.) одақтасты. Жауласушы күштердің (Қазақстандағы) ара салмағы 1919 жылдың басынан Кеңес өкіметі мен Қызыл Армия жағына ауысуы Алашорданың жағдайын қиындатып жіберді. Сондықтан 1919 жылы көктемде Алашорда, бір жағынан Колчак үкіметімен байланысты түгелдей үзбей отырып, екінші жағынан, Кеңес өкіметімен байланысын жандандыруға мәжбүр болды. Бүл жолы Алаш басшылыгы (1918 жылы көктемдегі жағдаймен салыстырғанда) Кеңес өкіметімен байланыс орнату бүкіл Алашорда атынан емес, оның торғайлық тобының атынан жүргізілген жөн деп шешеді. Сондықтан да Ахмет Байтұрсынұлы, алдымен, Казақстанның Далалық өлкесіндегі Кеңес өкіметінің комиссары Әліби Жанкелдинмен байланыс орнатып, одан кейін Москваға барып, Ресей Федерациясының ұлт істері жөніндегі халық комиссары (министрі) И. Сталинмен келіссөздер жүргізеді. 1919 жылы сәуір айында Торғай қаласында азамат соғысы жағдайьнда қоғамнвң бір-біріне қарсы екіге бөлінуінің нәтижесінде Аманкелді Имановтың опат болуы Алашорданың торғайлық тобының Кеңес өкіметімен ымыраға келіп жақындасуын күрделілендіріп жіберді. Саяси хал-ахуалдың дамуындағы осындай өзгерістер келіспей жүргізу ушін Москваға барған А. Байтұрсынұлының жағдайын айтарлықтай қиындатты. Осыған қарамастан А. Байтұрсынұлы большевиктердің Алашордамен байланысқа барып, қазақ халқының тағдыры жөнінде келіссөздер жүргізу қажеттігін дәлелдеуге көп күш жұмсады. А. Байтұрсынұлының табандылығы аяқсыз қалған жоқ. Кеңес үкіметі қазақ халқының Ресей Федерациясы құрамындағы автономиялық мемлекеттік үйымдастыру ісін басқаратын орган құру туралы шешімге келді. 1919 жылы шілденің 10-ы күні В. И. Ленин «Қырғыз (қазақ - Н. К.) өлкесін басқаратын революциялық комитет жөніндегі уақытша ережеге» қол қойды. Казревкомның мүшелігне алғашында А. Байтұрсынов, С. Меңдешев, С. Пестковский (төрага) енгізіліп, кейін әр кезде оның құрамында Б. Қаратаев, М. Тұңғаншин, Б. Каралдин, Т. Седельников Т. Әлібеков, т. б. болды. Ахмет Байтұрсынұлының Кеңес өкіметі жағына шығуын және оньң Қазревкомның мүшелігіне тағайындалуын большевиктер айтарлықтай саяси науқанға айналдырып жіберді. Көп кешікпей (1920 жылғы сәуірде) ол Кеңес мемлекетінің сол кездегі белгілі әскери және саяси қызметкері М. Фрунзенің ұсьнысымен Ресей коммунистік (большевиктер) партиясының мүшелігіне қабылданды. Осыған орай Орынборда шығып тұрған «Известия Киргизского (Казахского - Н. К.) края» атты большевиктік газеттің сол жылы сәуірдің 15-і күнгі санында арнайы мақала жарияланып, Ахмет Байтұрсынұлы сияқты аса ірі «қайраткер және әдебиетшінің бейбіт үлттық либералзмнен Казан революциясын және Совет өкіметін тануға дейін кезеңдерден өтіп халықаралық коммунизмге келуін партияның ірі жеңісі және оның казақтар арасындағы ықпалының өсуінің жақсы көрінісі» - деп бағалады. Ал Ахмет Байтұрсынұлы болса коммунистік партияға бір жылдан ғана мүше болған болатын. ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінде сақталған Ахмет Байтұрсынұлының 1929 жылы маусымның 2-і күні ОГПУ тергеушісіне берген жауабында осы жөнінде былай делінген: «Мен, - дейді ол, - партиядан 1921 жылғы тазалау барысында енжарлығым (пассивность) үшін шығып қалдым. Менің енжарлығым ғылыми жұмысқа тереңдей берілгендіктен және жалпы алғанда саясатқа аз көңіл аударғандығымнан көрінді» (КР ҰҚК-нің архиві, іс-124, том-2, парақ-159)44.[№38,79б.] Ахмет Байтұрсынұлының бастамасымен 1919 жылы жаз бен күзде Қазревкомның мәжілістерінде Алашорданың Кеңес өкіметі жағына шықпаған басқа топтарымен, ең алдымен, оның Батыс бөлімімен байланыс жасау және оларға белгілі шарттармен кешірім (амнистия) жасау мәселелері сан рет көтерілді. 1919 жылы қазанның 27-сі Қазревкомның кеңейтілген мәжілісі болып (оған РКП(б) Орталық Комитетінің Бүкіл россиялық Орталық Атқару комитетінің осы екі орталық органының Түркістан істері жөніндегі Комиссиясының Түркістан майданының революциялың соғыс кеңесінің мүшелері қатысты), онда «қазақ халқын біріктіру және оны кеңес өкіметі жағына шығару» туралы мәселе талқыланды. Мәжілісте А. Байтұрсынұлы мынадан ұсыныстар жасады: «1) Кеңес өкіметі қазақ халқына жалған емес, іс жүзіндегі өзін-өзі билейтін автономия беретіндігіне оның көзін жеткізсін. 2) ...Ақтардың жағында қызылдарға күресіп жатқан Алашорданың Торғайлық және Оралдық тобына олардың кеңес екіметі жағына шығатын жағдайда кешіріп жасалатындығы жариялансын». (Протоколы Казревкома (1919-1920 гг.) Сб. документов А., 1993. с. 32-33.) Осы мәселелердегі А. Байтұрсынұлының табандылығы көп кешікпей өз нәтижесін берді. 1919 ж. қарашаның 4-інде Түркістан майданының революциялық соғыс Кеңесі «Совет өкіметіне тікелей және жанама түрде күрес жүргізіп келген барлық қазаіқтарға (алашордашыларға - авт.) толық кешірім жасау туралы қаулы қабылдады. Ахмет Байтұрсынұлы Қазревком төрағасының орынбасары әрі оның ішкі істер бөлімінің меңгерушісі ретінде 1920 жылы 4-12-қараша күндері Орынбор қаласында өткен Кеңестердің бүкілқазақстандың құрылтай сиезін шақыру және оның басты саяси құжаты «Қазақ АССР еңбекшілері праволарының Декларациясын» дайындауға үлкен үлес қосты. Бүл сиезде Ресей Федерациясының құрамындағы Казақ Кеңестік социалистік автономиялың республикасы құрылғаны белгілі. А. Байтұрсынұлы осы республиканың үкіметі - Халық коииссарлар Кеңесінің құрамына өтіп, оқу-ағарту комиссары (иинистрі) болып саяланды, ол 1922 жылдан оқу-ағарту комиссараты жанындағы ғылыми орталықты басқарды. Сонымен қатар ол Бүкіл россиялық Орталық Атыару комитеті мен Қазақ Республикасы Орталық Атқару комнтетіне мүше болды. 20-жылдардың басында (1920-1923 жж.) А. Байтұрсынұлы жоғарыда айтылғандай, Казақстанның оқу-ағарту комиссары, Мухтар Әуезов Қазақ автономиялы Республикасының Орталық Атқару комитетінің саяси хатшысы, жекелеген алаш-шыл азаматтар Қазақстан мен Тұркістан АССР-нің мемлекеттік басқару жүйелерінде жауапты қызметтер атқарды. Осындай адамдардың ықпалымен Алаш қозгалысының мүшелері баспасөз, оқу-ақарту, ғылым, өнер жүйелерінде басшылық етіп, айтарлықтай лауазым иелері болды. Сонымен қатар олар ғылым, әдебиет, өнер салаларьнда шығармашылық жұмыспен шұғылданды. Әлихан Бөкейхановтың Қазақстанда түрып, қызмет атқаруына мүмкіндік болмай, Москваға ауып кеткен жағдайында Қазақстандағы күннен-күнге бел алып келе жатқан әкімшіл-әміршіл мемлекеттік билікке қарсы рухани күрестің көсемінің рөлін Ахмет Байтұрсынұлы атқарды. Осының нәтижесінде 1921-1928 жылдар аралығында А. Байтұрсынұлының «Әдебиет танытқышы», «23 жоқтауы» (құрастырушы), Телжан Шонановтың «Қазақ жер мәселесі тарихы», Көшке Кемеңгеровтың «Қазақ халқының тарихы», К. Сатбаев құрастырып, өзінің алғысөзімен шығарған «Ер Едігенің» нұсқасы, М. Әуезовтің «Әдебиет тарихы», «Қилы заман» мен «Караш-қарашы», Досмұхамедовтың «Аламаны» мен «Исатай-Махамбеті», Мұхаметжан Тынышбаевтьң тарихи зерттеулері, т. б. жарық көріп, халық игілігіне айналды. Бұл еңбектердің басым көпшілігі 20-жылдардың ортасынан бастап елде тоталитарлық жүйенің күшеюіне орай ресми саясатта және әлеуметтік (коммунистік) тапсырысымен жазылған зерттесымақтарда қазақтардың арығ-бергі тарихы мен мәдениетінің өзекті мәселелері, ең алдымен, Қазақстанның Россияға қосылу тарихы, ұлт-азаттық қозғалыстар мәселесі, жер-су мен үлттық мәдениет тарихы өрескел бұрмалануына қарсы бағытталған рухани күрестің жарқын көрінісі болды. Егер 1917 - 1920 жылдар аралығында Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы, Мүстафа Шоқай және олардың сенімді серіктері Кеңес өкіметіне сөзбен де, қараумен де қарсы шықса, 20-жылдары ұлттың демократиялық қазақ зиялыларының Ахмет Байтұрсынұлы бастаған серкелері тоталитарлық жүйеге қарсы рухани майданда бетпе-бет келді. Енді сталиндік әкімшіл-әміршіл жүйе көш басында Ахмет Байтұрсынұлы бар бұрынғы Алаш қозғалысының жетекшілерін, белсенді мүшелері мен жақтастарын «Кеңес өкіметіне жау», «буржуазияшыл ұлтшылдар», «Террорлық әрекеттерді дайындаушылар» деген айыптар тағып, 1928 жылдан бастап түрмелерге жапты, 1930 және 1932 жылы екі сот процесінің үкімімен олар ұзақ мерзімдерге концлагерьлерге айдалды, басқа өлкелерге жер аударылды. Одан елге оралғандар 1937-1938 жылдары «үлкен террордың» құрбандары болды. Ахмет Байтұрсынұлы да алғашында ОГПУ, кейін НКВД жендеттерінің құрығына ілігіп, 1929 жылы тұтқындалып, 1930 жылы он жыл мерзімге концлагерьге кесіліп, ол жаза Солтүстік өлкеге (Архаигельск облысына) жер аударылуға өзгертілді. Одан 1934 жылы қазан айында елге оралған Ахаң үш жыл өткен соң 1937 жылы сегізінші қазан күні қайта ұсталды «халық жауы» деген жалған жазамен ату жазасына кесілді. Кеңестік шығыстағы түркі халықтарының қатарындағы ең озық ойлы қазақ зиялыларына, халқымыздың ақыл-ойының қаймағына келген сүргін зауал аса ауыр да қайғылы болды. «Әділет» қоғамы халыққа қазақ зиялыларының шындық ақиқатын ашып беруде зор істер атқаруда. С.Жандосовтың атына жіберілген құжат (түпнұсқа) КСРО Жоғарғы соты әскери коллегиясының Алматы қаласында 1938 жылдың ақпан-наурыз айларында өткен көшпелі сессияның үкімі бойынша аталған азаматтардың тізімі табылды. Азалы сыр шертетін қаралы тізімді жүйелей келгенде аталып отырған жылдың 25 ақпанынан 13 наурызына дейінгі аралықта 631 адамның атылғаны анықталды. Жендеттер күн сайын орта есеппен 43 адамды атып отырған45.[№39,128-130б.]. Шамамен 1914-жылдан бастап Мұсылман фракциясының қызметіне тартыла бастап, ал 1916-жылдан оның хатшысы міндеті атқарған Мұстафа Шоқай, белгілі дәрежеде, бүкіл ресейлік ұлт азаттық, мұсылмандық қозғалыстың эпицентрінен бір-ақ шықты. Мұстафа Шоқай Мемлекеттік Дума жанындағы фракция жұмысына 1916-жылғы Түркістандағы қайғылы оқиғаларға байланысты Дума және үкіметтің тыңдауына арнайы баяндама дайындау барысында белсенді түрде қатысты. Баяндама дайындау А.Ф.Керенскийге жүктелген болатын. Қажет материалдар жинап қайту мақсатында А.Ф.Керенский 1916-жылдың күзіне қарай Ташкентке келіп қайтады. Онымен бірге келген Дума депутаттарының арасында М.Шоқайұлы да болды. Сол жылдың соңына қарай жоғарғы билік орындарының назарына ұсынылған бұл өткір баяндаманы дайындауда М.Шоқайұлының да үлесі бар-тын. Ақпан төңкерісін М.Шоқай Петербургте қарсы алды. М.Шоқай басқа түркістандық зиялылар сияқты ақпан төңкерісі нәтижесін үлкен ынтамен қолдап, уақытша үкімет билігі тұсындағы Түркістанда болып жатқан саяси оқиғаларға қызу араласады. 1917-жылдың сәуірінде бір жеті бойы Ташкентте өткен өлкелік мұсылмандар съезі Түркістан Өлкелік Орталық Мұсылман Кеңесін құрып, оның төрағасы етіп Мұстафа Шоқайұлын сайлайды. Бұл факті оған түркістандық зиялылар тарапынан корсетілген ең жоғарғы сенімнің көрінісі болатын. Бұл қызметке қоса М.Шоқай осы жылы Ташкенде Сырдария губерниялық басқармасының бөлім бастығы, Түркістан Комитеті жанындағы Өлкелік Кеңес мүшесі және баска қызметтерді атқарады46.[№32,222б.] Осы жылдың 26-қарашасында Қоқан қаласында өз жұмысын бастаған Төтенше өлкелік мұсылмандар съезі "Түркістан халықтарының өзін-өзі билеуіне ықылас білдіре отырып, Түркістанды Ресей Федеративтік Республикасымен ынтымағы бір территориялық автономия" деп жариялап, Түркістан Уақытша Кеңесі үкіметін құрды. М.Шокай әуелде бұл үкімст құрамына Сыртқы істер министрі есебіндс еніп, екі жеті өткен соң оның төрағасы болып сайланды. Түркістан автономиясын жариялай отырып, М.Шокай мен оның серіктері бүл мақсатты іске асырудың қаншалыкты азапты, күрделі екендігін жақсы түсінді. Ал осы 1917-жылдың 11-ақпанында большевиктер күшпен Қоқан ойранын жасап, таратып жіберген Түркістан (Қоқан) автономиялық үкіметі нені көздеді? 1917-жылдың желтоқсан айында М.Шоқай Орынборда өткен екінші жалпықазақ съезіне қатынасып, съезд сайлаған Алашорда үкіметінің құрамына енді. Сөйтіп, ол жаңа құрылған екі үкіметтің де мүшесі болды. Оқиғалар ағымы бүл екі автономияның да ғұмырын ұзақ еткен жоқ. Құрамындағы халықтардың өзін-өзі басқару құқығын мансұқ еткен түрлі саяси топтардың өзара арпалыс күресі жағдайында мәселенің басқаша шешілуін күту қисынсыз еді. Бірақ бізге мәлім басы ашық жағдай сол, М.Шокайұлы өмірінің соңғы сәтіне шейін Түркістан халықтарының тәуелсіздігі олардың мемлекеттік тұтастығына байланысты деген ойда болды. Осы ойдың жалынды насихатшысы болып өмірден өтті. Сонымен, Ресей империясы көлеміндегі азаматтық карсылықтың шиеленісуі барысында М.Шоқайұлы алдымен 1920-жылы Маңғыстау арқылы Грузия асады да, соңынан, яғни 1921-жылдын ақпанында Ыстамбулға аттанады. Өз отанында қалған Алаш зиялыларына тиеселі басқа үлес жоқ-тын. Мұны Мұстафа Шоқайұлы жақсы түсінді. Түсінгендіктен де саналы түрде эмигрант тағдырын таңдап алды. Оның мұндай қадамға баруы, белгілі дәрежеде, азаматтық ерлікпен бірдей болатын. Бірақ Мұстафа Шоқай басқа отандастары сиякты Ыстамбулда ұзақ кідірместен ресейлік саяси эмиграцияның астанасы Парижге тартты. Оған Түркістандағы большевиктік диктатурамен күресу үшін европалық күрес құралы, тәжірибе және әдіс қажет еді. Керенскийдің "Дни" және Милюковтың "Последние новости" газеттеріне қызметке тұрғанда оның осы мақсаттарды көздегені анық47. [№32,232б.]. Бірақ Мұстафаның тұтас және еркін Түркістан идеясы большевиктерге қалай ұнамаса, париждік орыс демократиясына солай ұнай қойған жоқ-тын. Сондықнан да ол көп ұзамай-ақ (1923) орыс баспасөзімен байланысын үзіп, Керенский жөнс Милюковтардан іргесін алыс сала бастайды. Мұстафа Шоқайдың Парижге келудегі түпкі мақсаты, әрине, отаны Түркістанның азаттығы үшін күреске атсалысу еді. Түркістандағы кеңестік билікті сынауды өзінің тікелей ұйымдастыруьмен 1927-жылдан бастап Ыстамбулда шыға бастаған, белгілі қайраткер және ғалым Заки Валиди редакторлық етуші "Жаңа Түркістан" журналы атқаруға тиіс еді. Кейіннен бұл басылымды 1929-1939-жылдар аралығында үзіліссіз шығып тұрған "Жас Түркістан" журналы ауыстырды. Оған өзі бас редакторлық жасады. Журналдың алдына қойған міндетін түсіндіруге арналған "Біздің жол" атты кіріспе сөзінде М.Шоқай "егер біз халқымыздың ұлттық тәуелсіздік жолындағы талаптарының мән-мағынасын сол күйінде күшін әлсіретпей "Яш Түркістан" беттеріңде бере алсақ, онда бәріміз үшін қасиетті жене аса ауыр жауапкершілік артқан міндеттердің бір бөлігін өтеген болар едік. М.Шоқайдың "Кеңестер билігіндегі Түркістан" атты еңбегі мәселемен тек сырттай ғана таныс батыстық интеллигенттің еңбегі емес, Түркістанда атқарылып жатқан істердің түп-төркінінен, терең астарынан, мұндағы түрлі мүдделер қақтығысынан жан-жақты хабардар, мәселенің тарихын жақсы білетін осы өлкеден шыққан зерттеушініц талдауы болатын.Міне, сондықтан да жаңа күш ала бастаған тоталитарлық режим мен Сталинге Мұстафа Шоқайдың сыны өте жайсыз тиді, олар бүл сын батыста және Кеңестер Одағының өзінде социалистік құрылыс туралы өздеріне тиімсіз пікір туғызуы мүмкін деген қауіпте болды. Мұстафа Шоқай сынының ұтымдылығы оның аргументтілігінде, пайдаланған фактілерінің бұлтартпас дәлдігінде еді. Ал ол фактілерді М.Шоқай негізінен түркістандық орыс және қазақ тіліндегі басылымдардан алып отырды. Сол басылымдардың бірі Ташкентте 1920-1928-жыддары шығып түрған ресми басылым "Ақ жол" газеті болатын. М.Шоқай өзінің сынын Қазан төңкерісін Түркістан халықтарының "үлкен қуанышпен" қабылдағандығы туралы кеңестік тарихнамадағы пікірдің тарихи шындыққа сәйкестігін анықтаудан бастайды. Ол Түркістан халықтарының, соның ішінде қазақ жұртының да Қазан төңкерісіне ешқандай да қатысы болмағандығын, большевиктердің өз бағдарламасын түсіңдіру мақсатында қазақ жұрты арасында үгіт-насихат жұмысын тек саяси билікке келген соң ғана бастағанын, ал олардың сөзі мен ісі арасындағы алшақтық кеңес билігінің алғашқы күндерінен-ақ байқалғандығын нақты фактілік негізде талдайды. М.Шоқай Отанға қызмет жасаудың жолдары көп деп түсінген. Мария Шоқай естелігінде мынадай пікірді айтады: "Өмірінің соңғы сәттерінде, 1940-жылы соғыс тұсында ол үнемі Түркістанның большевиктерден , құтылуын армандайтын. "Алла елімнің тәуелсіздікке қол жеткізгенін көруді нәсіп етсе, мен тек үгіт-насихат ісімен ғана айналысар едім. Жастар үкімет құрса, мен елімнің тарихы және баска өлке халықтары туралы тамаша кітаптар, жазумен шүғылданар едім", - дейтін Мұстафа Шоқай. Бұл ретте ең беделді дерек - М.Шоқайұлының жары Мария Шоқайдың естелігі48.[40,389б.] Міне, осы естелігінде Мария Яковлевна Берлин қаласының "Виктория" ауруханасында 1941-жылы 27-желтоқсанда өмірден қайтқан жары , Мұстафаның бейнесімен соңғы рет қоштасқандығы туралы мынадай деп жазады: "Шыны қабырғаның ар жағында, ағаш табыттың ішінде Мұстафа үстінде жібек пижамасы бар жатыр екен. Бетін ақ салфеткамен жауып қойыпты, қолдары қарнының тұсында айкасқан, ұйықтап жатканға ұқсайды, жүзі жасарып кеткендей көрінді. Өлген емес, қатты ұйықтап кеткен секілді. Қарсы қабырғаға табыттың қақпағын сүйеп қойыпты. Мен Парижден кұран мен сәлде әкелген болатынмын. Қолының үстіне құранды қойдық, тақия мен сәлдені мұсылмандардың әдетіндей басына кигіздік"49.[40,407б.] Сонымен, "Мұстафа Шоқай кім?" деген сауалға қайта,оралайық. Мұстафа Шоқай - өз заманында Түркістанда, орнаған кеңестік биліктің отаршыл сипатын қатесіз тани білген және онымен ымырасыз күреске ғұмырын арнаған ұлы қайраткер. Оның омір жолы Ұлы Отаны - Түркістан - үшін от кешкен Ұлы Азаматтың жолы болатын. М.Тынышбаев туралы революцияға дейін Орынборда шығьп тұрған А. Байтұрсыновтың «Қазақ» газеті былай деп жазды: «Мұхаметжан Тынышбаев - IІ Государственный Дума ағзасы, инженер. Саясат ісіне жетік, халыққа тазажол мен қашаннан қызмет етіп жұрген алдыңғы қатар зиялы азамат. 25-июнь жарлығы тақырыпты Жетісуда бүліншілік болғаннан бері Мұхаметжан көзге көрінерлік көп пайда келтіріп жүр. Былтыр Түркістан уалаятында Куропаткин генерал-губернатор больп тұрған кезде, Жетісудағы бүліншіліктің не себепті болғандығьн, мәселенің бәрі Жетісу қырғыз-қазағьнда емес, жергілікті хакімдердің жауыздығънан болғаңдығын Куропаткинге жете түсіндіруші Мұхаметжан. Түркістан уалаятындағы қазақ, қырғыздардың жерін Жетісу Переселен мекемесінің зиянды саясаты бойынша мұжыққа алынғандығын, жергілікті халықтардың тау мен тасқа қамальп қалғандығын һәм мұнан былай да жер алынатын болса, қазақ пен қырғыз аса таршылықта қалатындығьн дәлелдеп доклад жазған Мұхаметжан»50.[№41,.85-89б.] М. Тынышбаев Уақытша үкіметтің Жетісу облысы бойынша комиссары қызметінде жүріп те бауырлас қазақ және қырғыз елдері алдындағы өзінің перзенттік борышынан бас тартқан емес, қайта оны нақты істерімен дәлелдеп берді. Жаңа қызметке бекітіле салысымен (1917 ж. көкектің соңы) ол қырғыз-қазак ауылдарын аралап, жергілікті ауыр жағдаймен танысып, нақты істерге көшеді. Осы сапарында бай-манапттардың, келімсектер мен солдаттардың зорлығына қарсы біраз шараларды іске асыра отырьп, ол Верныйға келген бет-те Петроградтағы 11 мекемеге, атап айтқанда, азық-түлік, егіншілік, юстиция, оқу-ағарту министрліктеріне, Түркістан Комитетінің төрағасы Шепкинге, Мемлекеттік Думаның мұсылман фракциясына және беделді газет редакцияла-рына жергілікті жағдайды баяндай отырып, нақты көмек көрсетуді өтінген те-леграммалар жолдайды. Телеграммада: «Ел ішіндегі жағдай өте ауыр. Бірінші июньде уездік комитеттердің және комиссарлардың өкілдерімен бірге Кытай-дан қайтып оралған Түптегі қырғыздзрды аралап қайттық. Олардың ауыр тұрмысы біздің жанымызға қатты батты. Елдің үстіне ілген киімдері әбден тозған, балалар өте аз, басым көпшілігі тамақтың жетіспеуінен рахит ауруына шалдыққан. Бойжеткен қыздар мен жас келіншектер жоқтың қасы, оларды Қытай Түркістанында нанға айырбастаған көрінеді. Киіз үй дегенміз - таяққа қыстырылған ескі киздің қиыңдылары, мал басы өте аз, оны да Қытай жерінде тонап алған көрінеді... Ең қорқыныштысы кырғыздардың жаппай аштықтан қырыла бастауы...»- деп көрсетіліп, елге ауыр тиіп тұрған жағдайдың бірі заңсыздық, отаршылдық пиғылдағы қазқ-орыстар мен солдаттардың онсыз да әлсіз халыкқа зорлық, қиянат жасап отырғандығы баяндалады. 1917 жылы иілде айында Орынбор қаласында бірінші Жалпы қазақ, съезі өтеді. Съезде Жетісу облысындағы жағдай жеке мәселе ретінде арнайы қаралып, сьезд біріншіден соғыс және Ішкі істер министрлігіне жедел телеграм-ма жолдап «Жетісудағы қазақ-қырғызды атып, жаншьп жатқан мұжықтардың һәм соғыстан қайтқан солдаттардың қолынан қару-жарағын сыпырып алып, халықты зорлықтан қорғауларын талап етеді; екіншіден, «Жетісу облысындағы ашаршылықтан қырылып жатқан қазақ-қырғызга Алаш баласы жәрдем беруін» өтінеді «Қазақ», 1917, № 238. Бұл шараны іске асыруда да М. Тынышбаевтың шешуші роль атқарғандығы даусыз51.[№24,115б.] Уақытша үкімет комиссарлары Шкапский мен Тыньшбаевтың жігерлі талабының нәтижесінде көп ұзамай Жетісу облысында астьққа монополия енгізілді. Оны іске асыру уездік азық-түлік комитеттеріне жүктеліп, ал оларға көмек ретінде 12 адамнан тұрған уездік Реквизиция комитеттері құрылады. Көңіл аударуға лайық тағы бір факті - М. Тынышбаевтың тікелей араласуымен Қытайдан оралған қырғыз бен қазақтар үшін шекаралық уездерде халықты тегін тамақтандыратын асхана-пункттердің ашылуы еді. Бұл асханаларды азық-түлікпен үздіксіз қамтамасыз етіп тұру уезд комиссарларьна тапсырылады. Мәселен, 1917 жылғы 27 қазаңда Тоқмақта өткен селолық жиналыстың протоколында босқындар үшін бірнеше тамақтандыру пункттерін ашу, осы пункттер үшін 500-600 пұт күріш, орыс шаруаларынан астық сатьп алу туралы шешім қабылдағандығы баяндалады52 [№42]. Әрине, М. Тьнышбаев қазақ және қырғьіз босқындарының тұрмыс жағ-дайына байланысты өзі ойлаған істерінің бәрін іске асыра алмаған еді. Оған уақыттың тарлығы және басқа объективті себептер кедергі жасады. Ол Уақытша үкіметтің комиссары қызметін бар болғаны 7-ақ ай атқарды. Жекелеген әдеби еңбектерді дайындау белгілі бір тәртіп бойынша жүргізіліп, ұйым мүшелеріне өзара бөлініп беріледі. «Алқа» атты астыртын әдеби үйірменің өмір сүруі әдеби еңбектерді белгілі бір тәртіп бойынша бөлісіп дайындауға ұйытқы болды, оның бағыт-бағдарын («Табалдырықтың») анықтауға Жұмабаев М., және айыпталушылар Ысқақов Даниял, Досмұхамедов X., Әуезов Мұхтар мен Кемеңгеров Қошмұхамед қатысты53.[№43,19б.] «Осы кезде әдебиет майданындағы жұмыстарымыз жандана түсті... Әуелі Аймауытов, содан кейін Кемеңгеров келіп қосылып, біздің ісімізді жүргізіп отырды. Өзіміздің ықпалымызды баспасөз арқылы кеңінен тарату үшін біз барлық күшіміз бен жағдайды пайдаланып қалуға тырыстық... «Алқа» үйірмесінің пайда болуы да соның нәтижесі. Бұл істі тікелей жүзеге асырған Ысқақов, Кемеңгеров және Байтасов маған жұмыс бабы бойынша кеңес алу үшін келіп тұрды, мен оларға өзімнің нұсқауларымды бердім» (Х.Досмұхамедов, № 2370 - іс, 1 т., 221 - парақ). «Бұдан кейінгі жылдарда кеңес өкіметіне қарсы ашық пікір білдіре алмадық, оны жүзеге асыра" қоятындай күш болмады, сондықтанда барлық күшті кеңес мекемелеріндегі қызметке ие болып, сол арқылы кеңес өкіметінің науқандары мен шараларына бөгет жасауға тырыстық» (Тынышбаев, № 2370-іс, 1 т., 131 -парақ). «...біздің ойлаған мақсаттарымыз кеңес өкіметінің мемлекеттік басқару аппараты арқылы жүргізіліп, іске асты. Басқа салаларға қарағанда мәдениет майданында біз көп іс тындырдық. Оқу-ағарту комиссариатының ғылыми комиссиясында Байтұрсынов, Досмұхамедов жэне Ысқақов қызмет істеді. 22-жылға дейін Оқу-ағарту комиссариатын Байтұрсынов басқарды, одан кейін Сүлеев Оқу-ағарту комиссариатының орынбасары болды, одан кейін Сәдуақасов келді, ОАК-ға Дулатов та жақын жүрді, бір кезде Ташкенттегі институттың директорлығының міндетін Әділов те атқарды. Қазақ мәдениеті мен ағарту ісінің жанашырларының қоғамы құрылды. Басқарма мүшелерінің құрамында: Х.Досмұхамедов төраға, Есболов орынбасар, Әуезов, Тынышбаев жэне Ж.Досмұхамедов пен Қашқынбаев болды. Қазақтың мемлекеттік баспаларында - Досмұхамедов пен Ысқақов Даниал (Ташкентте), Дулатов (Қызылордада), Бөкейханов пен Әуезов (Мәскеуде) қызмет істеді. Оқулықтарды - Байтұрсынов, Дулатов, Омаров Елдес, Досмұхамедов X. және («Алашорданың» кезіндегі идеологиялық бағыт-бағдар бойынша) жазды. Аударма әдебиеттерімен - Бөкейханов, Дулатов, Жұмабаев, Байтасов ж). Қазақ тілінде мыналар: X. Досмұхамедов (қазақтардың тәуелсіз кезіндегі өмірін жырлаған, батырлар мен қазақ даласының құдіретін баяндайтын ежелгі әндер мен халық аңыздары), Әуезов (өткен кездің табиғаты мен ауыл өмірін үлгі ете эпикалық сарында суреттеді, оларды үлгі етіп корсетті), Жұмабаев, Тынышбаев (орыс тілінде - кең байтақ кең далаға қоныстанған бұрынғы тәуелсіз өмірдің, өзге халықгарға тәуелсіз күн кешкен тарихын) кітап етіп бастырып шығарды. Ескі араб әліпбиін жақтап қорғағандар: Байтұрсынов, Е.Омаров, Байсейітов Әзіз. Тілдің тазалығы үшін күрескендер: (бұрынғы атаулар мен ұғымдарды): Байтұрсынов, Жұмабаев, Х.Досмұхамедов. Маркстік қондырғысыз, бұрынғы «Алашорданың» идеология-сының негізівде мектепке: Байтү.рсынов, Аймауытов, Жү-мабаев, Байтасов, Жэленов, Омаров Е., Омаров А.С., Байсейітов Әзіз, Әділев, Әуезов, X. Досмрсамедов, М. Тынышбаев оқулық жазды. Университетте (Алматыдағы) сабақ бергендер: Байтұрсынов, Ермеков, Досмұхамедов X., (университетгің ашылу кезінде Байтұр-сынов «Алашорданың» идеологиясы тұрғысынан сөйледі). Осы кезде шыққан кітаптардың көпшілігі «Алашорданың» идео-логиясы тұрғысынан жазылды, оқу орындарының түлектері сол идеямен қаруланып шықты (Тынышбаевтың 3. X. 30 ж. жауабынан. № 2370-іс, 1 т., 277-278 -парақгар. Қазақ ұлты рухани парасаттың даму баспалдағына неғұрлым биіктеп көтерілген сайын, өзі үшін құрбан болған алаш ғұламаларын соғұрлым құрметтеп, тағзым етуі тиіс. Өйткені, ұлттың рухани тәуелсіздігін сақтап қалғандар да, мәңгүрттіктен құтқарып кеткендер де, болашақтағы тәуелсіздіктің қасиетті ұлы жолын анықгап берген де солар. Таланттың тағдырын талқыға салған, тұлғаларды тұқыртқан жазалау науқанының кезекті бір науқаны былай аяқталды: «Қазақстандағы біріккен Мемлекеттік Саяси Басқарманың '' төтенше өкілеттігінің жанындағы үштіктің мәжілісінің № ІІІ/к мәжіліс-хатының көшірмесі. 1932 жыл. 20 көкек54.[№43,23б.] Тыңдалды: № 2370-іс бойынша : Тынышбаев Мұхамеджанды, Досмұхамедов Халелді, Досмұхамедов Жаһаншаны қылмыс кодексінің 58/10, 57/7, 58/11 жэне 58/3-статьялары бойынша; 2. Үмбетбаев Алдабергенді, Мурзин Мұхтарды ҚК 58/7, 58/11-ста-тьялары бойынша; 3. Мұңайтбасов Әбдірахманды ҚК 58/4, 58/11-статьялары бойынша; Кемеңгеров Қошмұхамедті, Бұралқиев Мұстафаны ҚК 58/10, 11-статьялары бойынша; Күдерин Жұмақанды, Қожамқұлов Нашимді ҚК 58/11-статьялары бойынша; Ақбаев Әбдұлхамитті ҚК 58/11 жэне 16-статья бойьшша; Ақбаев Жақыпты ҚК 58/10, 59/3-статьялары бойынша; Қадырбаев Сейтазымды ҚК 58/7, 11-ст. бойынша; Омаров Әшімді ҚК 58/10, 7, 11-ст. бойынша; Тілеулин Жұмағалиды ҚК 58/2-ст. бойынша; Ермеков Әлімханды, Әуезов Мұхтарды ҚК 58/7, 10, 11 -ст. бойынша Омаров Уәлиханды, Сүлеев Біләлді 58/2-статьясы бойынша; Ысқақов Даниалды ҚК 58/10, 11-статьялары бойынша жауапқа тартты. Шешім: 1. Тынышбаев Мұхамеджанды. 2. Досмұхамедов Халелді. 3. Досмұхамедов Жаһаншаны. 4. Үмбетбаев Алдабергенді. 5. Мұрзин Мұлтарды. 6 Мұңайтбасов Әбдірахманды. 7. Буралқиев Мұстафаны. 8. Кемеңгеров Қошмүхамедті. 9. Күдерин Жұмақанды. 10. Қожамқұлов Нашимді. 11. Ақбаев Әбдүлхамитті. 12. Ақбаев Жақыпты. 13. Қыдырбаев Сейтазымды. 14. Омаров Әшімді. 15. Тілеулин Жұмағалиды - бес жыл мерзімге концлагерые жіберуге, оны сонша мерзімге жер аударумен ауыстыруға... шешім қабылдады. 16. Ермеков Әлімхан. 17. Әуезов Мұхтар - үш жыл концлагерьге қамалсын, уақыттары 8/Х - 30 ж. бастап есептелсін. Ермеков пен Әуезовтің үкімі шартты түрде есептелсін. 18. Омаров Уәлиханды. 19. Сүлеев Біләлді. 20. Ысқақов Даниалды қамаудан босатсын, тергеу кезіндегі отырғаны еске алынсын». Қазақ ұлтшылдарының контрреволюциялық астыртын ұйымын әшкерелеуге арналған бес жылға созылған тергеу ісінің нәтижесі осындай үкіммен тәмамдалды. 2.2. Ұлттық басылымдағы зиялылардың жарияланған мақалалары. Бір өзі бірнеше ғасырға татырлық ХХ ғасыр тарихы да белгілі обьективті себептерге байланысты, тек соңғы жылдары ғана жалпы адамзат тарихы контексінде, ұлттық мүдде тұрғысынан бастап зерттеле бастағандығы белгілі. Бұл ретте тарих ғылымы үшін ғасыр айнасы іспетті болған мерзімді басылымда жарияланған материалдың деректік орны ерекше55. [№44.48б.]. 1998 жылы басында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «жадымызда сақталсын, таулық дәйім сақталсын» деген еңбегінде56 «тегінде тарихи сабақтастық пен заңдылықтарды әркім өзінше түсініп-түйсінеді, яғни өз елі, өз халқы өткен жолдың байыбына әр адам өзінше барады. Мұнда бәріне ортақ, әрі бәріне де жарамды әмбебап әдістеме жоқ және болуға да тиіс емес. Тарихтың соншама бай, сан қырлы болып келетіні сияқты танымның жолы да сан тарау» -деп жазды56.[№45,6б.]. Осындай біздер үшін өз еліміздің, өз халқымыздың өткен жолының байыбына бармай апаратын танымның тек бізге ғана тән жолдарының бірі, ол -ғасыр басында шығып тұрған ұлтық басылымдарды тарихи дерек көзі ретінде пайдалану. Соңғы жылдары алаш ардагерлерінің еңбектерін жеке жинақ етіп бастыруда ұлт басылымдары материалдарының ғылыми зерттеу жұмыстарына көптеп тарылу барысында дерек авторларын қате көрсету бірінің еңбегін екіншісіне таңу сияқты осы бастан абай болатын фактілер де кездесіп жүр. Мысалы, 1994 жылы М.Қойгелдиевтің құрастыруымен Әлихан Бөкейхановтың «Қазақ» газетінде жарияланған мақалаларынан тұратын, «Шығармалары»жарық көрді. Сол жинақтың 96-99 беттерінде , «Үшінші Дума һәм қазақ » деген басылған, осы мақала ,1997 жылы шыққан Міржақып Дулатұлының шығармаларының ІІ томының 64-67 беттерінде, соңына «М.Д.» деген белгі қойылған, М.Дулатұлының мақаласы ретінде басылған. Автор ын анықтау мақсатында түпнұсқамен салыстырып қарау бұл мақаланың «Қазақ» газетінде ,1913 жылы 2 , 13 сәуірдегі, 9-10 сандарында жарияланғандығын көрсетті.Ал, «Қыр баласы» Ә.Бөкейхановтың баршаға белгілі бүркеншік аты57.[№44,59-62б.]. 1997 жылы ұлттық басылымдардың белсенді авторларының бірі Міржақып Дулатұлының «Шығармаларының» 2-ші томы жарық көрді. Онда М.Дулатұлының баспасөз бетінде әр жылдары жарық көрген мақалалары жинағы басылған. Бірақ, бір өкініштісі жинақты құрастырушылар тарапынан мақалалардың деректік маңызына нұқсан келтіретін кейбір түпнұсқалық кемшіліктер жіберілген. Мысалыы, М.Дулатұлының өзі Қазақтың 1917 жылғы 239 санында , «Жер аудару» деген мақала басылған 9-нөмірінде бастап кешегі өзгеріске шейін тергеу, тексеру, тінту абақты, штрафтан «Қазақтың» көзі ашылған жоқ-деп жазды. Отарлаушылардың көзіне түскен сол, М.Дулатұлының 1913 жылы 6 сәуірінде жарияланған «Жер аудару» деген мақаласы, ғасыр басында Ақмлоа Семей,Жетісу, Орал және Торғай облыстарында кеңінен қолданылған 1891 жылғы 25-наурыздағы Дала ережесінің 17 статьясына қарсы наразылық ретінде жазылған еді. Мақаланы автор «Степнй положенияның 17-статиясы бойынша Дала уалаятының генерал-губернаторына үкіметке сенімсіз һәм мал ұрлаушы қазақтарды бес жылға жер аударуға ерік берілген » деген жолдармен бастар, одан әрі ол статьяның қазақ даласында орынды-орынсыз, оңды-солды пайдаланғандығы туралы нақты мысалдар келтіріп дәлелдеп берген еді58.[№5,158б.].Дулатов М. Жер аудару// Қазақ, 1913,№9,6 сәуір. Алаш қозғалысы. Құжаттар мен материалдар жинағы. Желтоқсан 1917ж-мамыр 1920ж Бейресми газеттің 5 жыл бойы үздіксіз шығып тұруы әрине патша өкіметінің жақсылығынан емес, сол газетті жаптырмау үшін барын салған Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулаұлының еңбектерінің арқасы еді. Біріншіден, олар газетті жабылудан сақтау үшін, әрбір сөзін аңдып сөйлеп, мың толғанып барып жазуға мәжбүр болды. Екіншіден- газетті сақтау үшін А.Байтұрсынов денсаулығының нашарлығына қарамастан бірнеше мәрте түрмеге отырды. «Қазақ» газетінің тарихы туралы АҚШ-ғы Висконсон университетінің ғылыми қызметкері Дениз Балғамыш ханым да өз «зерттеулерін» жариялады. Оның айтуынша , большевиктер бұйрығымен Орынбордағы «Қазақ» газетінің редакциясы жабылған соң: «Қазақ» газетінің негізгі бағытына қосылмайтын басым бөлігі «Үш жүз» деген социалистік саяси партия құрып, Ташкент қаласында осы аттас газет шығарды. Бұл газеттің редакторы К.Тоғысов болды. «Үш жүзге» қосылмаған «Қазақтың» қызметкерлері бұрынғы бағыттарын жалғастыру үшін «Бірлік туы» газетін шығарып, осының маңына топтасты. Бұл газеттің редакторы болып Қожақан Сұлтанбек, Мұстафа Шоқай, Балғынбай Хайретин қызмет еткен. Дениз Б. Газет неге «қазақ»аталды?//Қазақ әдебиеті.1993,№10,5 наурыз. Көлемі жағынан алақандай ған шағын мақалада тұтас бір ұлттың қадір тұтып қастерлеп отырған жәдігерлерінің тарихының өрескел бұрмаланғандығын айтуға тиіспіз. Біріншіден, «Үш жүз» де, «Бірлік туы» да1917 жылы, «Қазақ» газеті жабылмай шыға бастаған газеттер. Ол үш газет біраз уақыт қатар шығып тұрған. Екіншіден, «Үш жүз» партиясының құрылуына да, оның газетінің шығуына да «Қазақ» газетінің редакция мүшелерінің ешқандай қатысы болған жоқ. Керісінше «Қазақ» газетінің Алаш партиясының тілі ретінде «Үш жүзбен» жүргізген айтысы жалпыға белгілі факт. Үшіншіден, «Үш жүз» газеті Ташкентте емес Петропавл қаласында шыққан. Төртіншіден, Көлбай Тоғысовта, басқа аталған азаматтар да ешуақытта «Қазақ» газетінің редакциясында жұмыс істеген адамдар емес. Сондықтан, «Үш жүз» және «Бірлік туы» газеттерін жабылған «Қазақ» газетінің қызметкерлері шығарды деудің еш қисыны жоқ. Жалпы қазақ тарихының күрделі мәселелерінің бірі болып табылатын 1916 жылғы июнь жарлығына қатысты туындаған оқиғаға қатысты «Қазақ» газетінің шығарушыларының ұстаған бағытын Д.Белғамыш: «орыс үкіметінің сеніміне ие болып, жер мәселесінде өз мүдделерін өткізу үшін «Қазақ» газетінің шығарушылары 1916 жылғы патша жарлығына қолдау көрсетті» -деп, өзінше түсіндірген. Француз зерттеушілері А.Беннигсен мен Ш.Лемерсье-Келькежейдің сөзімен айтсақ: «ХХ ғасырдың басында патшалық Россияға деген жеккөрушілік бойын түгелдей билеп алған қазақ зиялыларының» отаршылдық езгіге қарсы күресте, баспасөздің қажеттігін терең сезінуі болса, екіншіден, бүкіл империяны дүрліктірген бірінші орыс революциясының әсері еді. Ол туралы «Серкені» шығарушылардың бірі, оның негізгі авторы Міржақып Дулатұлы: «1905 жылдан бері біздің қазақ жұрты да басқалардың дүбіріне елеңдеп, олардың ісіне еліктеп ұлт пайдасын қолға ала бастады»,-деді. «Серкенің» не жазғаны, не айтпақ болғны, жалпы бағыт бағдары мен мақсаты, неліктен «Серке» атанғандығы туралы газет шығарушылардың бірі, оның 22 жасар албырт авторы М.Дулатовтың59 , газеттің бірінші санында жарияланған «Жастарға» деген өлеңі мен екінші санында даярлаған «біздің мақсатымыз» атты бас мақаладан көруге болады.Өлеңінің бірінші шумағында: Найзаменен түртседе, Жатырсың, қазақ, оянбай. Мұнша қалың ұйқыны Бердің бізге, ой, аллай-ай! десе,соңғы шумағында: Халыққа, жастар, басшы бол! Қараңғыда жетектеп. Терең судан өтер ме, Мың қойды серке бастамай? Дейді59.[№46,37б.]. Бірінші шумақтан М.Дулатовтың бүкіл саналы өмірінің басты мақсатына айналған, қалың ұйқыдағы қазағын оятудың әрекеті байқалса, қой бастағансеркедей, халқын соңына ертер деген үміті байқалады.патшалық Россияның астанасы Петербургта басылып шыққан, алғашқы ұлттық басылымдардың бірі «Серкенің» 2-ші санында. «Арғын» деп қол қойған М.Дулатов «Біздің мақсатымыз»60 деген мақаласында: «Қазағым менің, елім менің!» Ең алдымен қазақ халқы- Россияға тәуелді халық.. Оның ешқандай правосының жоқтығ ыза мен кек тудырады.Халықтан жиналатын салық қаражатының көп бөлігі халыққа тіптен де керек емес нәрселерге жұмсалады... ... Өздеріңіз көз жазбай байқап отырғандай ...чиновниктер, урядниктер кедей қазақтарды ұрып-соғып, мал-мүлкін тартып, ойына не келсе соны істеді...Түрлі деңгейдегі министрлер, жоғары чиновниктер мен генералдар Россияда көбейіп келе жатқан мұжықтардан құтылу үшін оларды біздің қазақтардың арасына жер аударуда...»,-дейді60.[№18,29-30б.]. Кезінде Петербург баспа сөз істері комитеті, «Полицияға түскен мәліметтер бойынша, бұл қазақ халқын өкімет орындары мен оның өкілдеріне қарсы күреске шақыратын «барлық қазақ халқына арналған үндеу сияқты»-деп «өте жоғары бағалаған», сондықтан, «газеттің осы номіріне қатысты барлық адамдар жауапқа тартылсын»деп шешім қабылдаған, өзінің батылдығымен бүкіл петербург полициясын дүрліктірген мақаланың одан арғы тағдыры туралы мыржақыптанушы ғалым Марат Әбсембет былай дейді: «Полиция қанша іздегенімен мақаланың лақап атпен жүрген авторын таба алмады.Полицияның заңсыз әрекеттері ақын жанына қатты батты». Әлихан Бөкейхановтың 1910 жылы Санк Петербургте басылып шыққан «Киргизы» деген еңбегінде: «На киргизском языке пока нет ни одной газеты, точно так же киргизиы не распологают до сих пор своей типографией. Мысль о том и другом возникала в Киргизской степи в счастливые дни свободы, но не осуществилась... Киргизская степь покорно несла беззакония, глубоко затаив ненависть и злобу»-деп жазуы сол қажеттіліктен туындаған еді. Ол туралы тарихшы М.Қойгелдиев61: «ХХ ғасырдың алғашқы он жылдығында қазақ ұлттық интелегенциясы үшін жалпы елдік зәру мәселелерді көтеретін қоғамдық ойға қозғау салып, бағыт бере алатын газет журналдар шығару үлкен қоғамдық мәселеге айналған болатын. Қарқаралы петициясында өкімет алдына қойылған негізгі талаптардың қатарында қазақтардың «күнделікті мұқтажын айқындап отыру үшін қазақ тілінде газет шығару қажеттілігі» деп айтылған еді»,-дейді61.[№15,141б.]. «Қазақ» газеті, белгілі бір дәрежеде сол кездегі ұлт азаттық қозғалысының ең белсенді қайраткері А.Байтұрсынов және М.Дулатовтың үлкен еңбегінің ортақ жемісі еді. 1905-1907 жылдардағы қазақтарды да қамтыған саяси толқуларға басшылық жасап белсенділік көрсеткен келешек газет шығарушылар патша жандермериясы тарапынан саяси қуғын сүргінге ұшырад. «Алаш» көсемдерінің үшеуі де әр түрлі уақыттарда тұтқындалып, бірінен кейін бірі Семей түрмесіне жабылды. Аса қауіпті саяси қылмыскерлер ретінде Қазақстаннан тыс жерлерге жер аударылды. Тек, сондай тар жол тайғақ кешулерден кейін ғана, 1910 жылдан бастап, олар газет шығару ісімен тікелей айналысуға мүмкіндік алды. «Қазақ» газетінің пайда болуы және оның қайта шығуы туралы Тіней оразайдың Мұртазасының Файзолласы «Газеттің 80 жылдығына арнап баяғы 265 санынан 266 санын шығаруға ниет етіп отырмыз.Жалпы бұлай етуге Оразай әулетінің моральдық хұқы бар деп білеміз. өйткені «Қазақ» газетін шығару идеясы Ахмет Оразаев аулына Міржақып Дулатов барғанда осы екі кісі тарапынан идеяның мақұл тапқанын және Оразаев Ахметтің газетті шығаруға қаржы беріп, құрылтайшылық еткенін газет тігіндісі де, Орынбор губернаторлығының құжаттары да дәлелдеп отыр.» «Қазақ» газетін үзбей шығарып тұру үшін қазақтың кесек сома шығарарлық байлары аз еместігіне сенген А.Байтұрсынов пен М.Дулатов, 1913 жылдың соңына қарай «Азамат» серіктігін құрмақ болғандығы туралы,аталған газеттің 42-санында «Алаш азаматттрына» деген мақалада жарияланды. 1914 жылдың басынан бастап «Қазақ» газетін бастырушы міндетін атқарған «Азамат» серіктігінің іс әрекеттері туралы мәліметтер апталық бетінде жариялана бастады. Ол туралы «Айқап» журналы Орынборда шығатын «Қазақ » газетасының басқарушысы М.Оразаев бастырушылықтан шығып, орнына «Азамат» есімді серіктік жасады. Бұл серіктік 2-ші декабрьде ашылды. Бастап ашушылар Ахмет Байтұрсынов пен Міржақып Дулатов. Мұнан былай «Қазақ» газетін сол «Азамат» серіктігі бастырып тұрмақшы Бұл «Азамат» серіктігіне азаматтықпен қосыламын деген Алаш азаматтары болса салатын жарнамасының ең азы 100 теңге. Аталған серіктіктің бас мақсаты Алаш азаматтарының серіктескен пұлыменен ең әуелі «Қазақ» газетінің аяғынан нық бастырып жүргізіп тұрмақ. Онан соң істің ұлғаюы ақшаның көбеюіне қарап қазаққа пайдалы қазақша кітаптар бастырмақ. Бұл ерлік істің ілгері басуын тілейміз» -деп жазды. «Азамат» серіктігі. Айқап, 1913,№12,448б. 1915 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Қазақ» газетінің апттасына екі рет шыға бастағаны белгілі. Газетті аптасына екі рет шығару үшін ресми орындарының, газеттің бағдарламасын бекіткен арнайы куәлігі қажет болған. Сондықтан «Қазақ» газетінің шығарушысы және редакторы, «Азамат» серіктігінің билеушісі А.Байтұрсынов 1914 жылдың 8 желтоқсанында Орынбор генерал губернаторының атына арыз жазған. Көп ұзамай А.Байтұрсыновқа қайта бекітілген бағдарлама бойынша «Қазақ» газетін аптасына екі рет толық көлемде шығаруға рұқсат етілген №7021 куәлік тапсырылған Жаңа бекітілген бағдарлама алғашқы бағдарламамен толық сай келеді. 1914 жылдың басында «Қазақ» газетінің алғашқы жылы таралу географиясы мен таралымы саны туралы Басқарма, «Орынбор.9 январь» деген редакциялық мақалада: «Қазақ» газетасын 10 облысқа қараған киіз туырлықты қазақ байдың баласының 1913 жылдың ішінде алдырып тұрғандарының есебі мынау: № Таралым аумағы Таралым саны 1 Торғай облысы 694 2 Семей облысы 612 3 Ақмола 584 4 Сырдария 327 5 Орал 301 6 Жетісу 157 7 Ішкі ордалық 136 8 Ферғана 30 9 Самарқан 8 10 Закаспий 5 Бәрі 3007», деп жазды. 1913 жылы газет бетінде жарияланған материалдардың «жер мәселесі», «Оқу жайы», «Жер аудару», «Білім жарысы», «Қазақ һәм дума», «Сайлау», «Земство не нәрсе», «Шаруа жайы» т.б. атлған мақалалардағы көтерген мәселелердің шешілу жолдарын халыққа ұсынуы соның дәлелі. Осылай шыға бастаған бірінші, яғни 1913 жылдың өзінде -ақ газет ұлт өмірінің барлық жағын қамти білген. Ү.Суханбердина өзінің «Қазақ», «Алаш», «Сарыарқа» деп аталатын мазмұндалған библиографиялық көрсеткішінде газеттің жарияланған мақалалары мен хат-хабарларын тақырыптарына және мазмұныына қарай: «Россиядағы имперализм дәуіріндегі Қазақстан», «Самодержавиенің аграрлық саясты және қоны аудару қозғалысы», «Қазақ елінің әкімшілік және сот құрылысы», «Қазақстанның әлеуметтік экономикалық дамуы», «Қазақстанның ХХ ғасырдың бас кезіндегі мәдениеті мен әдебиеті» т.б. деп, барлығы 20 топқа бөліп көрсеткен. «Қазақ» газетінің бірінші күнен бастап ерекше көңіл бөліп, өз бетінде үздіксіз көтерген мәселелердің бірі оқу ағарту, білім беру, жалпы халықтың рухани өмірі туралы мәселесі болды. 1913 жылы ғана апталықта оқу ағарту ісі бойынша 30 астам арнаулы мақалалар басылған. Оқу жайы «Тілшілер сөзінде», «Ішкі хабарларда» айтылып тұрған. Ақмола, Петропавл, Қостанай,Қарқаралы, баянауыл, қотанқарағай, Шымкент, Қапалда оқу ағарту ісі, мектеп медресе салу жұмыстары туралы мағлұматтар сол хабарларда басылған. Осындай хабарлардың бірінде: «Қапал уезінде Тұрысбеков Мамановтардың мектебінде осы күні 130 дан артық қазақ баласы оқиды екен. Оқытушы бесеу.. маманов, Тұрысбековтер келісіп өз ауылында қыздар оқитын мектеп салмақшы болыпты. Ақсу деген жерде тағы да қазақтарға үлгі аларлық іс», деп жазған. «Оқу кітабы хақында»62 Азамат Алашұғлы Айқап журналының 1911ж. санынының №7. Міржақып қазақ жұртында бастаушы мектеп жоқ екенін айтады. Соның үшін Уфадағы Ғалия Медресесіндегі шәкірттеі «Әлифбә» тәртіп етіп қирағат кітабын шығару үшін өзінің мойынына алғанын айтады. Міржақып ағамыз кітапты мазмұнды шығару үшін көптеген материалдар жинап, орыс педагогтарының оқу кітабымен хрестоматияларын Ы. Алтынарсарин мен Александровтың қазақша материалдарын өзінің мұғалімдік тәжірбинсіне қоса отырып жазуға кіріскенін көреміз. «Қирағат» кітабын әлифбәдан соң 3 жылда оқитын қылып 3 бөлімге бөлдім де әлгі материалдардан үш дәфтергі бір бөліміне лайық сөздерді таратып жаза бастадым деп жазды. Бірақ бұл еңбегі ақталмай елдегі жағдай кедергі болып ісін бітірмей тастады62. [№18,41-42б.]. Ү.Суханбердинаның аталған мазмұндалған библиографиялық көрсеткішіне енген, 1913 жылы газетте жарияланған 215 мақалааның 44-ін Ә.Бөкейхан, 32-ін М.Дулатов, 23-ін а.Байтұрсынұлы жазған. Зерттеуші Ө.Әбдіманов газет алдына қойған бұл мақсаттарды шартты түрде: саяси-әлеуметтік мәселелер, шаруашылық-экономикалық мәселелер және мәдени-ағартушылық мәселелер деп үш желіге бөле отырып: «Газетттің осы мәселеге қатысты жарық көрген мақалаларын негізінен үш публицист жазып және дайындап отырғаны талассыз шындық. Олар Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Әлихан Бөкейханов. Қай-қайсысы да кез-келген тақырыпқа жаза алар хас шеберлер болғанымен де Ә.Бөкейхан көбінесе саяси экономикалық, Ахмет-мәден-ағартушылық, Міржақып әдебиет пен өнер мәселелеріне көбірек барғаны «Қазақ» беттерін ақтарғанда көзге айқын түседі. «Қазақтағы»көптеген бас мақалаларды А.Байтұрсынов жазған және бас жазушы ретінде қандай да бір мәселе болмасын өзіндік пікірін, өзіндік көз -қарасын білдіріп, газеттің бағыт-бағдарын айқындап отырған. Оның кейінірек «батысшылдық» тобының идеологы атануы себепші болған көбіне -көп осы «Қазақтың» мақалалары арқылы танылуы болса керекті»,-дейді. 1913 жылы ғана жер туралы айтылған. Жерге қатысты мақалалардың көбін ғасыр басындағы осы мәселенің ел таныған маманы Ә.Бөкейхан жазған. Дегенмен, мәселенің өте маңыздылығына, өткір қойылуына байланысты А.Байтұрсынұлы сол жылғы газетке «Қазақ жерін алу турасындағы низам», «Жер жалдау жайында», «Көшпелі һәм отырықшы норма» сияқты мақалалар жазды. Жер мәселесі М.Дулатұлы «Земство не нәрсе» атты мақалалар сериясында да айтылған. «Айқап» журналының 1911жылғы №11 саннында Азамат Алашұғлы бүркеншік атымен міржақып Дулатұлының «Жер мәселелесі»63 атты мақалада: қазақ жеріне мұжықтар орналастыруына байланысты қазақтарға бұрынғыдай көшіп жүру керек пе он бес десятинадан ер басына жер кестіріп, қала болу керек пе? Деген сұрақ төңірегінде зиялылар мен ноғайлар газет журнал арқылы мақалалар беріп, жақсы жерге орналастыруды пайдалы көрді. Атақты қазақ адвокаты бақытжан Қаратаев мырза өзіне ерген ағайындарымен тиісті жерін кестіріп алып, қала болды. Қала болу мәселесі бүкіл қазақ жерін қамтып, қала болудың пайдалы жақтарын оқыған азаматтар газет журнал бетттерінде мақалалар беріп халық сынынан өткізу керек деп жазды63.[№18,44-46б.]. Газет шыға бастаған бірінші жылы қазақ зиялылыарыныың арасында қызу талас тудырған бас қосып, сьез өткізу мәселесі туралы да үшеуі бірдей арнайы мақалалар жазған. Аса маңызды мақаланы «Алаш азаматтарына» 1913 31 декабрь. Екеуі бірігіп жазғандығын көрккеміз.Аталған авторлардың 1913 жылы газеттің бір нөміріне екі мақаладан жариялаған кездері жиі кездеседі. Ал, кейде, олардың бір нөмірде 3-4 мақаладан жариялаған уақыттары болған. Мысалы, апталықтың 7 санында М.Дулатұлының «Құлдар достығы» деген мақаласының жалғасы, «Адриянополь» деген мақаласы және «Қазақтың тарихының» жалғасы жарияланса, 9 нөмірінде: «Қазақ ақыны», «Ғабдолла Тоқаев», «Жер аудару» және «Қазақтың тарихы » атты төрт бірдей мақаласы басылған. Кезінде Абайды ойландырған, ақын жанын күйзелткен мәселелердің көбі «Қазақ» газетінің де өзекті мәселелеріне айналды. Абай сынына ұшыраған қазақ қоғамынан орын алған келеңсіз көріністер апталық беттерде сыналды. Сайлау төңірегіндегі дау мен жан-жал қазақ даласында Абайдан соң да тоқтау тапқан жоқ. Сондықтан өз кезегінде «Қазақ» газеті де оған қарсы күресуге мәжбүр болды. Оның беттерінде сайлауға арналған бірнеше мақалалар жарияланды. Соның бірінде Әлейхан Бөкейхан: «Үш жылда бір сайлау сайын жұрт өрт шыққандай, жау шапқандай жанталасып әбігер болады. Әке баладан, аға ініден, туған-туысқаннан айырылып, бірі атқа, бірі асқа сатылып сандалады. Өсітіп жұрт бүлініп іздегендегісі не? Болыстық, билік, ауылнайлық, елубасылық» -деп сайлаудың қазақ халқына әкелер бар «пайдасын» айтады. Абай мен Ә.Бөкейхан сайлауға байланысты қазақтар арасында қалыптасқан жалпы қоғамдық құбылыс туралы айтса, мұрағат құжаттары бізге жеңіл жолмен мал табамын деп жүріп қылмысқа барған көптеген болыс, би, ауылнайлардың нақты есімдерін жеткізіп отыр. Мысалы, Верный уезінің Көлді болысы Жабықбаев 1915 жылы Желдібаевтан 61 сом 70 тиын табыс салығын салып оны алғаны туралы ресми қағаз бермей өзі пайдаланып кеткені үшін қылмысқа тартылған. Кіші Алматы болысының 1-ші ауылының старшыны Қабылдай Асыров 1915 жылы 17 наурызда пара алғаны үшін жазаланған. Қысқаш Садыр болысының бұрынғы ауылнайы Сейдін Әбділдин қызмет бабын пайдаланып қылмыс жасағаны үшін, сол жылдың 11 маусымында сотқа тартылған64. [№44,249б.]. 1999 жылы шыққан «Қазақ халқының атамұраларында», «Айқап» бетіндегі «материалдар мен хат-хабарлардың» библиографиялық көрсеткіштерінің толықтырылып екінші рет басылуына байланысты Ү.Субханбердина: «1960,1963 жылдары «Айқап»журналы мен «Түркістан уалаятының газеті», «Дала уалаятының газеті», «Қазақстан» газетінің бетінде басылған материалдарының мазмұндалған библиогрфиясы басылып шыққан болатын. Бірақ өкінішке орай, ол көрсеткіштерде А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев т.б. жазған ең құнды материалдары қысқартылып берілген еді», -дейді. Ақпан төңкерісінен кейін қалыптасқан демократиялық жағдайда Қазақстанның әртүрлі аймақтарында шығып тұрған қазақ тіліндегі газеттеердің бәрі де қазан төңкерісінен кейін большевиктер туралы мақалалар жаза бастады. «Қазақ» газеті бастағанұлттық демократиялық бағытттағы басылымдар алдымен большевиктер тарапынан жалпы мемлекетке төнген қауіп туралы жазса көп ұзамай тікелей қазақтарға төнген қатер туралы айтып, халықты оларға қарсы күреске шақыра бастады. 1917 жылдың 1918 жылдың барысында қазақ тіліндегі негізгі тақырыбы большевизмге қарсы күресі тарихы.Бұл ретте сол жылдары Алаш зиялылары бас қосқан екі орталықта -Ташкент пен Орынбор қалаларында шығып тұрған «Бірлік туы» газеті «Қазақтың» орны ерекше. Егер біріншісі қасиетті Түркістан жерінде өз үстемдіктерін орнатқан большевиктер туралы айтса, екіншісі ел таныған Алаш көсемдерінің Дала өлкесінде большевизмге қарсы жүргізген бітіспес күресі туралы айтқан. Большевиктердің бүліншілік і-әрекеттерімен, 1917-ші жылан жылының күзінен бастап бетпе-бет кездесе бастаған ташкенттегі қазақ зиялылары, олар туралы «Бірлік туы» газетінің 8 қарашасынндағы 14 санынан бастап тұрақты жаза бастады. «Ташкентте болған оқиғалар салдарынан газетіміздің бұл нөмірі өз уақытынан кешігіп шықты. Оқушыларымыз айыпқа бұйырмағай» -деп қараша айының басындағы большевиктердің ұйымдастыруымен болған Ташкенттегі қан төгіс салдарынан газеттің кешігіп шыққан себебін айтудың басталған 14 санында «Екі талай күндер» және «Мемлекет халі»65 деген екі үлкен мақала басылған. Бұл мақалаларда Ресейде қазан төңкерісінен кейінгі қалыптасқан саяси жағдай туралы большевиктердің өкімет билігі үшін жан таласа жүргізіп отырған күресінің мемлекет үшін, жалпы ел үшін аса қауіпті авантюристік іс екендігі туралы айтылған.Мысалы, бірінші мақалада «Россияның көп шаһарларында большевиктер Уақытша үкіметке қарсы бүлік шығарып, мемлекеттің өз халқы бірін бірі қырып жатыр» делінсе екінші мақалада «Большевиктер Петрогратты жеңіп алған бұрынғы үкімет орнына жаңа хүкімет жасаған.. бұл хүкімет Халық комиссарларының Советі деп атап, һәр министрлікті басқаруға бір-бір комиссар құрылған.. Советтің төбе төрағасы Улянов деп оқырмандарды Кеңес үкіметінің құрлымымен таныстыра келе: «Петрогратта басталған большевиктер төбелесі Россияның басқа шаһарларында болды. Көп жерлерде солдаттар мен қара жұмыскерлер хүкіметке қарсы бүлік шығарып, көп қандар төгілді» -деп жаңа үкіметтің қол жеткізген алғашқы табыстарын халыққа жеткізді.»65[№5,96б.]. Мемлекет халі// Бірлік туы,№14 1917,8 ноябрь. Алаш қозғалысы. Құжаттар мен материалдар жинағы. Желтоқсан 1917ж-мамыр 1920ж. «Бірлік туы» газетінде «Түркістан автономиясы» деген мақалада: «Соңғы кезде бүтін Россияны астаң кестең қылған большевик пулеметінің салқыны Түркістанға да жетті. Түркістанның я тұрмысына я табиғатына тура келмейтін большевик саясатын Түркістанда күшпен жүргізбекші болып орыстың солдаттары мен жұмыскерлері қару жарақ жұмсап зорлықпен өкімет жүргізе бастады»-деп, жергілікті халқына жаткеңес өкіметін большевиктердің Түркіәстанда да қарудың күшімен орната бастағандығын айтады. Ал, «қазіргі күй» деген мақалада большевиктердің Түркістан топырағында алғашқы нақты қадамдары туралы: «Большевиктердің хүкімет басына мінгенне бері қарай істеп жатқан істері халықты үркітіп отыр. Олар әділдік, туралықты бір жаққа тастап, зорлық-зомбылық жолына бет алды.» Түркістан зиялылары газет беттерінде большевиктердің берген уәдесінің орындалмағандығын нақты түсіндіреді. Мысалы, сол жылдары қоғамдық саяси өмірге белсенді араласа бастаған түркістандық Алаш жастарының бірі Сұлтанбек Қожанов, «Большевиктер» деген мақаласында, бітім туралы: «Әзірге бар халге қарап айтсақ россияның большевик хүкіметі соғыс тоқтатылып бітім сөйлеспекпіз деген жарлығымен бұқараның көңілін аулағаны болмаса һеш патшалықтардың я досы, я дұшпанынан жылы жауап ести алмай сөзі ескерусіз қалып тұрса керек»-десе жер туралы: «Екінші бұқараға жағымды сөзі жер үлестіру болса, уәдесін орындау большевиктердің қолынан келмесе керек, бұл іс айтқанымен болала салатын іс емес. Бұл бірүлкен іс»,-деп жазды. Қожанов.С. Большевиктер Бірлік

туы,1917№16. «Қазақ» газетінің басты ерекшелігі сонда, ол алдымен большевизмге қарсы бітіспес күрес жүргізді, сол күрестің барысында тарихи деректерді дүниеге келтірді. Бұл ретте мына пікірге баса назар аударғымыз келеді. Егер большевизмнің халық аралық сипатқа ие болғандығын, демек оған қарсы «Қазақ» сол күрестің, әлемнің прогрессивті бөлігінің большевизм індетіне қарсы күресінің алдыңғы шебінде болды деп айта аламыз. Орыс большевиктерінің, өздерінің сандырақ идеяларын іс жүзіне асыру мақсатымен, көшеге шыққан 1917 жылдың 3-4 июльдегі Петроградтағы бүліншілігі туралы айтқан Қыр баласының (Ә.Бөкейхан) «Мемлекет халі» деген мақаласы басылған, «Қазақтың» 237 санынан бастап газет бетінде большевиктер туралы «Олардың көсемі, серкесі, - жазушы Ульянов, жұртқа мәшһүр аты «Ленин» туралы жазыла бастады. Өзінің соңғы 1918 жылы шыққан сандарында, «Қазақ» большевиктерге, олардың жергілікті ұлттан шыққан жақтастарына қарсы белсенді күрес жүргізді. Олардың айуандық іс-әрекеттерін, екі жүзділіктерін әшкереледі, түпкі ниеттері мен уақытша жеңіске жету себептерін ашып көрсетті. «Аттан Алаш азаматтары!» -деп ұран тастап, большевиктерге қарсы жалпы халықтық күресті ұйымдастыруға тырысты. «Аттан Алаш азаматы!» -деген ұран мақалада: «Ау, алаш! Сен кім? - Сен жауынгер түріктің орнын басып қалған үлкен ұлысың. Бабаларың ат үстінде жүріп, қылышпен өздерін дүниенің жартысына ие қылған, Стамбулды алған, Карпат тауларының қалың қамалын бұзған. Ер түріктің ер жүректі ұлдары, сілкін, аттұрманыңды даярлап атқа мін, жауға аттан! Жауың кім? Жауың большевик.. Ортақ жау -большевикке қарсы жорыққа аттану кеудесінде жаны, денесінде бабалары түріктің титтей де қаны болған алаш азаматына парыз»- деп, жазылған.«Қазақ» газетін шығарушылар бастаған қазақ жауынгерлерінің әртүрлі майдандарда большевиктермен жүргізген бетпе-бет соғыстары «Қазақ» бетінде бейнеленді. Міржақып Дулатов өзінің «Қайтсек жұрт боламыз» деген мақаласында қазақтардың өзін өзі қорғай алатын әскері болған жағдайда ғана жұрт бола алатұғынын дәлелдесе, «Торғай облысының қазағынан милиция алу тәртібі » деген мақаласында Алаш Орда бөліміне милиция алу туралы тәртібін айтқан. Біріншісінде, «Большевик деген бір пәле шығып.. Россия секілді зор мемлекет асты үстіне келіп ойран болғанда» біз қайтсек жұрт боламыз деген сұрауға, «Қайтсек жұрт боламыз дегенді ойласақ, жауап біреу-ақ, әскеріміз болса ғана жұрт боламыз» деп деп жауап береді.Екіншісінде, сол әскерді құрудың 18 пункттен тұратын нақты тәртібін көрсетеді66.[№5,76б.]. Мадияр. Қайтсек жұрт боламыз Қазақ. №264, 1918, 10сентябрь Алаш қозғалысы. Құжаттар мен материалдар жинағы. Желтоқсан 1917ж-мамыр 1920ж.Бұл жолдар қазақ зиялыларының, Алаш Орда көсемдерінің саналы түрде, өз ұлтына бас болып, большевиктерге қарсы күреске жан-жақты дайындықпен шыққандығын көрсетті. Көптеген мақалаларда сол күрестің барысы баяндалды. Мысалы, «Жолаушылар» атты мақалада: «Әлихан Бөкейхан Семей облысында өз еліне қызмет етіп жүр»-дей келе: «Жетісу облысында большевиктер атты -казак қалаларын бірін қоймай қиратқан. Қатын, бала-шағаны қырған, сондықтан сол бейшараларды большевик қолынан құтқару үшін біздің қазақ әскері тты-казак әскеріне қосылып Жетісуға қарай жолға шықты», деп хабарлаған. Ал, «Алаш құрбандары» деген мақалада большевиктердің қолынан алғашқылардың бірі болып, қаза тапқан Алаш боздақтары Семейлік 22 жасар Қази Нұрмағанбетұлы мен Ақтөбедегі І Бөрте болысында айуандықпен өлтірілген, 28 жасар оралдық Нұғман Сарыбөпеұлы туралы айтылған. Мақалада Қазының қазасына көп адам жиналып, «...құран оқылып болғаннан кейін, Шәкәрім ақсақал халыққа қарап сөз сөйледі:» .. Құдай тағала Алашқа шын ұл бергеніне көзім жетті. Алпыс жасқа келгенімде мұндай ұлт үшін құрбан болатын азаматтты көремін деген жоқ еді. Көрдім, енді бүгін өлсем де арманым жоқ.., дегендігі, Міржақып Дулатовтың өлең оқып Райымжан, Жанғали қажы, Мұстақым және Жүсіпбектердің сөз сөйлегендігі туралы айтылған. Одан әрі мақалада большевиктердің «Алаш туын көтеріп, ел жігітін бастайтын, соғыс ғылымын оқыған бірнеше жыл соғыста болып тәжірибе көріп ысылған офицер Нұғман Сарыбөпеұлын «қылыштың астына алып, мылжа-мылжа қылып, қарнын тіліп, басын шауып, көзін шығарып, ит көрмеген қорлықты көрсетіп»- өлтіргені туралы жазылған. Бұл ретте «Тағы құрбан» деген мақаланың деректік маңызы үлкен. Онда, Міржақып Дулатов, сол жылдың тамыз айының басында, Жетісу облысындағы Ұржар деген қаланың қасында большевиктермен соғысып, Алаш Орда һәм құрылтай ағзасы өмірі мен қызметін, ұлтына сіңірген еңбегін жан-жақты баяндайды. Мақалада: «.. большевиктер елге ойран салып, қазақ қырғызды қырғынға ұшыратуға кіріскен еді. Ұлтшыл ер, Отыншы бұл қорлыққа шыдай алмай, жолдастарымен бірігіп, жігіт жинап, елді қорғау жолына кірісті. Өткен июль басында мынадай хат келді: «Елдің басына мынадай пәле туып тұрғанда мен бұларды тастап кете алмайтын, өлсем-тірілсем де бірге көремін» деп.Марқұм айтқанын қылды, елді пәлегетастап, өзі бас амандап кетекн жоқ. Алаш жолында құрбан болды!» делінген67. [№18,121б.]. Ғалым Ахмедов өзінің 1996 жылы шыққан «Алаш Алаш болғанда»атты еңбегінде Қази Нұрмағанбетұлын ақтар атып өлтірді деуі. Ол бұрын мұғалім болған жас офицерді ақтардың солдаттарының атқанын айта келе: «Алашты» жамандаған кісілердің «олар ақтармен одақтас болды» дегенді «одақтастарының» түрі әлгідей. Шындығында «Алаш» пен ақтардың арасы жақсы болмаған, тек амалсыздан ғана «сен жақсы, мен жақсымын» жүрген. «Алаштың» көздеген мақсаты ағынан да, қызылынан да аулақ, өз алдына бөлініп шығу ғой»,- дейді68. [№24,20б.]. Еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, өзінің 1998 жылдың басында жарияланған «Жадымызда жатталсын, татулық дәйім сақталсын» атты еңбегінде, бүгінгі күннің биігінен қарай отырып, большевиктер билік құрған 74 жылдың қорытындысын ой елегінен өткізе келе оларға мынадай баға берген: «Большевиктік іс-әрекет қандай даңғаза идеологиялық ұрандарды желеу еткенімен, олар патша заманында басталған істі одан әрі және көбінесе барынша қатал әрі сұрқия нысанда жалғастыра берді. Екі жүйенің екеуі де өз мүдделерін көздеп, «ұлттық шет аймақтарға » қатысты қатаң бағыт ұстады. Екеуі де ешқашан және ешбір жағдайда жергілікті жұрттың мүддесін ескерген емес, олардың кез келген қарсылығы қашан да қатаң басылып тасталып отырды». Алданған орыс солдаттары мен жұмысшы шаруаларының зеңбірегіне сүйенген большевиктердің қазақ даласында кеңес өкіметін күштеп орнатуы салдарынан, 1918 жылдың 16 қыркүйегіндегі, 265 санынан кейін «Қазақ» газеті өзінің шығуын тоқтатты. Елде Кеңес үкіметінің, большевиктер диктатурасының орнауы «Қазақ» газетінің де, Алаш ардагерлерінің де, мұндай ата салтына, ұлт дәстүріне сай ерлік істерінің бұрынғыдай жыр-дастандарға арқау болып, ауыздан-ауызға тарап, атадан балаға жетіп ұлт, ұрпақ мақтанышына айналуына кедергі болды. Елін сүйген ерлерді өз халқына жау етіп, елін сатқан ездері ер етіп көрсеткен күндер басталды. Сонымен, қорыта айтсақ, газеттің 1913 жылдың басынан бастап шыға бастауы оны, өзінің еркінен тыс, әлемдік соғыс қарсаңындағы соңғы бейбіт жылғы қазақтардың саяси-әлеуметтік, экономикалық, мәдени өмірінің дерегіне айналды. Сол жылғы апталық бетінде жарияланған материалдарға талдау жасау оның деректік ерекшеліктері болғандығын көрсетеді. Біріншіден, газетте басылған мақалалар ел өмірінің барлық жағын дерлік қамтыған. Сондықтан біз олардан ұлтымыздың аласапыран алдындағы бейбіт өміріне, күнделікті тұрмыс тіршілігіне қатысты өздерін қызықтыратын мағлұматтар ала алады. Екіншіден, газетте жарияланған мақалалардың басым бөлігін, ел жағдайының терең белгілері, халқымыздың ойларын озық, қаламдары жүйрік азаматтары Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы және М.Дулатұлы үшеуінің жазғандығы. Қорытынды 1.Алаш қозғалысының кезеңдеуін қазіргі таңда Ресейдегі буржуазиялық-демократиялық революциядан бастап 1986 жылдың желтоқсан оқиғаларымен 1991 жылы тәуелсіз Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттігін алғанға дейінгі кезең тарихы. 2.Алаш партиясы мен Алаш зиялыларының тарихтағы орнын қайта сипаттау, зерттеу барысында олардың есімі тарихта обьективті түрде бағаланған. Соның салдарынан тарих ғылымының кеңестік 1953 жылы КОКП ХХ сьезі олардың есімдерін ақтау ісі жүргізіліп, ғалымдар олар туралы ғылыми зерттеулер жазылды 3.Қазақстан тарих ғылымында түрліше методолгиялық жүйелермен принциптерін қолдау мақсатында ұлттық тарихты жандандыру идеялары тарихшылардың еңбектеріне енгізілген. 4.Алаш зиялылардың тарита қалған қызметі, саясаты іс-әрекеттері Кеңестік және қазіргі заман тарихнамада түрліше тұжырымдалып, сипатталған. Ал, ҚР тарихшылары өздері оларды бағалау барысында тиянақты ой бермеген. Оның негізгі себептерінің Алаш лидерлерінің мүшелерін қос өкімет,Совет өкіметі, ақ гвардияшылдармен қарым-қатынастары толық нақты деректер берілмеген. 5.Қазақстан Республикасының тарихшы ғалымдар Алаш партиясы мен Алашорда үкіметінің тарихын біржақты қызметі арқылы ғана бағалап отыр. Және де Кеңестік дәуіріндегі идеологиялық саясатпен себеп-салдарын түсіндіруге мақсат қойған. 6. Алаш немесе Алашорда қозғалысы ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында Қазақстанда орын алған әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси және рухани-мәдени өзгерістердің нәтижесінде өмірге келді. Бұл қозғалыстың өзегі өзінің бастау көздерін 1905-1907 жылдардағы бірінші орыс революциясы әкелген өзгерістерден алған, ал саяси ұйым ретінде 1917 жылғы жазда құрылған Алаш партиясы болды. 7.ХХ ғасырдың басымен 30 жылдарға дейінгі баспасөз материалдарында Алаш лидерлерінің, зиялылардың партияға мүшелерінің берілген мінездемесі тарих ғылымында тарихилылық принцип бойынша обьективті болып есептелінеді. Ұлттық жандандандыру барысында Кеңестік идеологияда оларды бұқара арасында халық жауы деп жариялаған. Қазіргі таңда ұлттық идеяның құрбандары ретінде бағалаған. 8. жалпы ұлттық саяси ұйымды құру үшін ХІХ және ХХ ғасырлар тоғысында қалыптасқан ұлттық демократиялық қазақ интелегенциясының жұрт таныған жетекшілері Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Мұстафа Шоқай, Мұхамеджан Тынышбаев, Жаһанша Досмұхамедов, Әлихан Ермеков, Жақып Ақбаев, Халел Ғаббасов, т.б. ондаған қайраткерлер 12 жыл 1905-1917 жылдар аралығында қажырлы еңбек етті. 9.Шетелдік тарихнамада ХХ ғасырдың басы мен 50жылдары болған саяси оқиғаларда обьективті бағалауға тырысқан, ұлттық идеяны іске асыруда алғашқы идеологтары мен практиктері деп бағалаған. 10. ХХ ғасырдың басынан өрістей бастаған қазақ қауымына тән қоғамдық қозғалыс өз алдына буржуазиялық-демократиялық мәндегі мақсат-міндеттерді: ұлттық тең праволылық, халықтың мәдениетін көтеру, оқу-ағарту ісін жетілдіру, әйел тендігін қамтамасыз ету, көшпелілерді отырықшыландыру т.с.с.қойды. Бұл істің басы-қасында ат төбеліндей аз ғана тұңғыш қазақ зиялылары жүрді. 11.Алаш партиясының лидерлер мен мүшелері «Қазақ», «Айқап» баспасөз материалдарында Алаш партиясының бағдарламалық саясатын іске асыруда түрлі тактикалық іс-әрекеттерін қолданған.




© 2010-2022