Конспект внеклассного урока Әдепті бала - арлы бала

Раздел Воспитательная работа
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Конспект внеклассного урока Әдепті бала - арлы балаКонспект внеклассного урока Әдепті бала - арлы балаКонспект внеклассного урока Әдепті бала - арлы балаБекітемін:________ ТДЖО Л.Дүйсенбаева

«___» ________ 2016ж.

Пәні: Ашық тәрбие сағаты

Мұғалім: Аймағанбетова Б. Сыныбы: 2 «А»

Сабақтың тақырыбы:

Әдепті бала - арлы бала

Сабақтың мақсаты:

Балалардың өмірге қажетті білік дағдыларын терендете отырып, сыйластық, үлкенге құрмет көрсету, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу. Әдептілік қағидаларын меңгерту арқылы имандылыққа, инабаттылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже

1. Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру.

2.Оқушыларды әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.

Сілтеме

Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар (журнал)

Сабақта қолданылатын материалдар:

Слайд, суреттер, сызбалар

Оқыту әдістері:

Топтық жұмыс

Сабақтың барысы.

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  • Психологиялық дайындық:

«Жүректен жүрекке» ойыны

-Денің сау болсын

-Ұқыпты бол!

-Батыл бол!

-Кішіпейіл бол!

-Ізетті бол!

-Әдепті бол!

-Ақылды бол!

-Білімді бол!

-Сүйкімді бол!

-Қазақтың баласы бол!

-Отаныңның баласы бол!

-Еліңе қорған бол!

-Арманшыл бол!

-Әжеңнің шуағы бол!

-Атаңның ұрпағы бол!

-Өнерлі бол!

-Биші бол!

-Әнші бол!

-Өнерің өрге жүзсін!

-Нұр жаусын!

-Мерейің үстем болсын!

-Білім беріп, жақсылыққа тәрбиелегеніңіз үшін рахмет! -Рахмет!

-Міне, балалар, бір-бірімізге денсаулық тілеп, жақсылық жасасақ, ол өзімізге жақсылық болып оралады екен.

Топқа бөлу

  1. «Білімді бала»

  2. «Ақылды бала»

II. Жаңа сабақ

Тақырыпты ашу.

Ситуациялық жағдай. (тақтадан сурет көрсету)Конспект внеклассного урока Әдепті бала - арлы балаКонспект внеклассного урока Әдепті бала - арлы балаКонспект внеклассного урока Әдепті бала - арлы бала



Әдеп

Арман мен Аян қалада тұрады. Екеуі де бір мектепте, бір сыныпта оқиды. Бүгін автобустың алдыңғы орындығына жайғасқан екеуі мектепке келе жатты. Алдыңғы есіктен қолындағы сөмкесін әзер көтеріп әжей кірді.

Аян орнынан тұрып, әжейге орын берді. Ал Арман болса көрмегенсіп, теріс қарап отыра берді.

Бір уақытта әжей, орнынан тұрып, түсуге ыңғайланды да, сөмкесінен екі алма алып, Аянға берді. Әжей Аянның әдептілігіне сүйсініп, алғысын білдірді.

Бүгінгі ашық тәрбие сағатының тақырыбы «Әдепті бала - арлы бала!»

1-ші тапсырма:

Адам бойындағы жақсы-жаман қасиеттерді топтастыру. Жақсы және жаман қасиеттер жазылған сөздер берілген. Сол сөздерден жақсы және жаман қасиеттерді бөліп алып, күннің шуағы мен бұлттан жауған жаңбырды көрсету.

1-топ: «Әдепті бала» күн шуағы

2-топ: «Әдепсіз бала» бұлт

III. Ой- толғаныс

Топтық жұмыс.

2-ші тапсырма

Әдепті және әдепсіз бала туралы тақпақтар айтқызу.

1-топ: «Әдепті бала» туралы тақпақ айту

2-топ: «Әдепсіз бала» туралы тақпақ айту

3-ші тапсырма

1-топ:Қандай тыйым сөздерді білесіңдер?

2-топ:Жаман әдет туралы қандай мақал білесіңдер?

IY.Сергіту сәті

И.Нүсіпбаев ағамыздың «Жас дәуірдің түлегіміз» әнін хормен орындау.

Оқушымен жұмыс

-Ойын : «Жалғасын тап»

- Балалар, мен , мақалдың бірінші жолын оқимын, сендер жалғасын табасыңдар.

(экраннан көрсету)

-Ұқыптының тоны тозбас

............................................

(ұқыпсыздың ісі оңбас)

-Әдептілік белгісі

..............................

(Иіліп сәлем бергені)

-Сәлем түзелмей,

............................

(Әлем түзелмейді)

-Аға әдепті болса

................................ (іні әдепті)

-Әдепті бала ата-анасын мақтатар

........................................................

(Әдепсіз бала ата-анасын қақсатар)

-Ана әдепті болса

...............................

(қызы әдепті)

Музыкалық үзіліс (Би)

4-ші тапсырма

- Абай атамыздың жақсы-жаман әдет туралы қандай өлеңін білесің?

-Абай кім?

-Абай Құнанбаев қазақтың ұлы ақыны.

«Адам болам десеңіз»

-Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба

Құмарланып шаттанба,

Ойнап босқа күлуге,

Бес нәрседен қашық бол,

Бес нәрсеге асық бол

Адам болам десеңіз.

Өсек, өтірік, мақтаншақ

Еріншек, бекер мал шашпақ-

Бес дұшпаның білсеңіз.

Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рахым ойлап қой-

Бес асыл іс көнсеңіз.

Адам болам десеңіз.

1-топ: 2-топ:

Бес асыл іс Бес дұшпан іс

Талап Өсек

Еңбек Өтірік

Терең ой Мақтаншақ

Қанағат Еріншек

Рахым Мал шашпақ

Y.Қорытынды

Міне,балалар,біз бүгінгі тәрбие сағатында тапсырмаларды дұрыс орындап биік таудың шыңына шықтық.

-Әдептілік, тәрбиелілік-асыл қасиеттер. Адамдарды бір-бірінен осындай жақсы қасиеттері арқылы бағалайды.

Қазақтың мынадай жақсы мақалы бар. «Жақсы бала ата-анасының есіктегі басын төрге, жаман бала төрдегі басын есікке сүйрейді» деген халық нақылын естеріңде ұстаңдар.

Мен сендерді бүгінгі тәрбие сағатынан үйренген, білгендеріңді өмірде пайдаланып , әдепті, жақсы адам болады деп сенемін.

-Біз Отанның балдырған ұлдарымыз,

Әдептілік, батылдық ұранымыз.

Кері байланыс

«Тілек ағашы» Сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып жапсырады.

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады.

Конспект внеклассного урока Әдепті бала - арлы балаКонспект внеклассного урока Әдепті бала - арлы бала



© 2010-2022