Статья: на тему Независимоть -это наша достижение

Раздел Воспитательная работа
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тәуелсіздік -аңсаған арманымыз,қол жеткен мұратымыз!

Тәуелсіздік мағынасы зор,тамыры терең ұғым.

Тәуелсіз ел болу дегеніміз- кеудеңді кере дем алып, еңсеңді көтере ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып келе жатқан салт -дәстүрді, әдет -ғұрыпты айқындап көрсететін, өзіңнің өзгелермен тең екендігіңді сезіну және ана тілінде емін-еркін сөйлеуің деп білемін.

Біздің мақсатымыз: өткенімізді білетін,бүгінді түсінетін,ертеңімізге сеніммен қарайтын азамат тәрбиелеу.

Подгорное орта мектебінде Тәуелсіздік күні қарсаңында бірқатар іс-шаралар өтті. Тәуелсіздік жолында құрбан болған қазақ халқының ерлігі мен жеткен жетістіктерін жас ұрпақтың санасына жеткізе отырып, мектеп қабырғасында жас жеткіншектерді туған жерін,елін сүйетін,ұлтжанды, намысшыл,адамгершілігі мол азамат етіп тәрбиелеу әрбір Қазақстан азаматы, соның ішінде саналы, патриотшыл, рухы биік педагогтің міндеті.

Статья: на тему Независимоть -это наша достижение

Тәуелсіздіктің 24 жылдығын мектеп ішінде «Тәуелсіздік-елімнің ерлік жолы» салтанатты жиыннан басталып, «Еңселі елім -менің» патриоттық әндер байқауы, «Тәуелсіздік таңы» атты әдеби -музыкалық композиция, «Мой Казахстан»атты сурет көрмесі,бастауыш сыныптар аралығында «Тәуелсіздік -тұғырым менің!» сыныптан тыс іс -шара ұйымдастырылып өткізілді.

Мектепте өткізілген іс-шаралар соның айқын айғағы екенін дәлелдейді.









Подгорное орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Абай А.А.

© 2010-2022