Тәрбие сағаты Жаңа жыл

Раздел Воспитательная работа
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жаңа жыл

Ертеңгіліктің мақсаты: Оқушыларға әстетикалық тәрбие беру. Оқушыларда ұжымдылыққа, бірлікке

Көрнекілігі: Шырша, газеттер, ойыншықтар, шарлар.

1-жүргізуші: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар

Таңырқап босқа тұрмаңыздар

Безендірілген шырша шақырады

Шырша жырын жырлаңыздар

2-жүргізуші: Келіңіздер, келіңіздер

Би де билеп беріңіздер

Қызығы мол жаңа жылдың

Тамашасын көріңіздер

1-оқушы: Жаңа жылда келеді,

Бізге қарай жылыстап

Өлең де әзір, бәрі әзір

Ойын да әзір, би де әзір

2-оқушы: Боранмен буып белді,

Жаңа жылым тағы келді

Берекесін ала келсін,

Нұрға бөлеп біздің елді

3-оқушы: Келді тағы жаңа жыл

Қуантумен біздерді

Құтты болсын қуаныш,

Құттықтаймыз сіздерді

Ән «Шырша жыры»

4-оқушы: Жаңа жыл, жаңа жыл

Сені күттім елеңдеп

Өзіңменен ілесіп

Аяз ата келер деп.

5-оқушы: Аяз беттен өбеді,

Ай барады жылыстап

Аспан жерге төгеді,

Ақ күмісін уыстап

6-оқушы; Жасыл шырша, қош келіпсің,

Сені аңсап жүрдік біз

Көркейсің деп сенің жүзің,

Ойыншықтар ілдік біз!

7-оқушы: Сұлу сінді шыраға,

Көз тоймайтын қарасаң.

Сендер үшін орманнан,

Жіберіпті мырза атаң.

8-оқушы: Жасыл шырша қош келіпсің

Сені аңсап жүрдік біз

Өзіңменен жаңа жылды

Қарсы алуға келдік біз.

9-оқушы: Жасыл шырша жанында

Ойнап күліп қайтамыз,

Жасыл шырша жанында

Өлеңін де айтамыз.

Ән «Жаңа жыл»

Мыстан: Сендер неге жиналып қалғансыңдар?

Тазша бала: Мыстан апа, жаңа жылымызға қош келдіңіз. Төрлетіңіз.

Мыстан: Бұл Жаңа жыл кешін болдырмаймын

Тазша бала: Мыстан апа, біздің өнерімізді тамашалап, көңіліңізді көтеріңіз. Ақылға келіңіз.

Мыстан: Жақсы өнерлеріңді тамашалаймын. Мыстан апаға арналған тақпағымызды айтайық.

Хормен: Қардан аппақ әдемісіз Мыстан апа,

Шашың күміс жылтыраған мұздай, апа.

Келіп қосыл арамызға қарсы аламыз,

Сіз боп, біз боп Жаңа жыл салтын апа.

Мыстан: Бәрекелді, өркендерің өссін.

11-оқушы: Қуант бізді таңырқат,

Шамдарыңды жарқырат

Енжарлықты тастайық,

Жаңа жылды бастайық.

12-оқушы: Жүзімізде күлкі ойнап,

Қанаттанды жанымыз

Жаңа жылды біз тойлап жазылады

Шаттанайық бәріміз

Балалар , балалар!

Мұғалім: Не болды сонша асығып, жөніңді айтшы

Аяз ата мен Ақшақар келе жатыр

Мұғалім: Бәріміз бірге Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық

Хормен: Аяз ата Ақшақар келіңіз,

Тамашаны біздің келіп көріңіз.

Балаларға арналған

Сыйлықтарды беріңіз

Аяз ата: Амансың ба, ұлдарым,

Амансың ба, қыздарым,

Қандай жарқын жүздерің ,

Қандай әсем жырларың.

Асулармен алысқан,

Асау желмен жарысқан,

Аталарың сендерге

Шаршап келді ау алыстан

Ақшақар: Кәне, тойды бастайық,

Өнері бар достарым.

Ортаға шық қасқайып,

Кімнің кіне әні бар,

Кімнің кәне, жыры бар,

Кімнің кәне, биі бар?

Өнерліге беретін

Аяз ата сыйы бар

1-жүргізуші: Ескі жылға рахмет!

Енді келетін жаңа жылды қарсы алайық.

Кәне балалар , Жаңа жылды шақырайық

Хормен: Жаңа жыл, қош келдің! Төрлет, елімізге бақ береке әкел жақсылық, тыныштық сыйла!

Мешін: Құтты болып сендерге,

Келдім жаңа жыл болып

Алаңдамай өсіңдер

Еркелеп ұл қыздарым.

Осы жылы сендерге

Береке, бақыт әкелсін,

Ырыс, ынтымақ сыйласын! Әумин

2-жүргізуші: Рахмет сізге, Мешін ата. Ортамызға келген жаңа құтты болсын. Аяз ата мен Ақшақарды шығарып салу.







Бастауыш мектеп мұғалімдері

Бастауыш мектеп мұғалімдерң оқыту процесінде қызықтыратын , тартымды элементерді енгізудің , әр түрлі ойындарды пайдаланудың қаншалықты тиімді екенін біледі. Методикалық әдебиеттерде келтірілген жіне ұстаздардың творчестволық ізденісінің жемісі болып табылатын көптеген дидактикалық ойындар пәндерді оқытуды жиі қолданылатынын тәжерибие көосетуде. Бұл осы жастағы балалар үшін қажеттілік , олардың психологиялық және жас ерекшеліктерін барынша ескертуден туындап отыр. Өйткені алтыжасарлардың оқытуда ойын ойын элементтерін пайдалану мектеп жасына дейінгі балалардың ойын қызметін аса күрдлі оқу қызметіне табиғи ұшырастырудағы негізгі методикалық әдістердің қатарына жатады.

Дидактиклық ойындардың тиімдлігі олардың сабақтың әр кезеңіндегі орны мен міндетін және мақсатын дәл анықтауға , оны пайдаланудың теориясы мен практикасын мұғалімнің жетік игеруіне , шеберлік танытуына қажетті материалардың жиынтығын алдын ала дайындап алуына , ойын процесіне оқушыларды сабаққа белсенді қатыстыруға байланысты.

Дидактикалық ойындардың шартын орындау процесінде балалар көптеген мағлұмат алады , әр түрлі дағдылар мен шеберліктерді меңгереді , сабақ процесінде ой еңбегін қажет ететін сан алуан қиындықты жеңеді , төзімділікке үйретеді. Дегенмен , оларды қандайда бір іс әрекетінің басым орындалуына орай да топтастыруға болады. Ойын барысында орындлатын іс әрекеттерді анықтау өте қажет мәселе. Балалардың жас ерекшеліктерін де ескерген жөн.

Сондықтан да, ойын түрлерін іс әрекеттерге орай алмастырып тұруға тура келеді. Кейбір дидактикалық ойындарда оқушылардың орындаушылық іс әрекеті басым болады. Мұғалімнің немесе оқулықтың нұсқауымен үлгісін басшылыққа алып отырып , соған еліктей оқушылар іс әреккетт орындайды. Ойындарды ойнау баысында математика сабағында есептеудің тәсілдері еске түсіріледі, қазақ тілі мен ана тілі сабағында ережелер қайталанады , пысықталып, тиянақталады. Қайсыбір ойындарды тексеру және бақылау іс әрекеті басым болады. Алайда ойынның қайсысына болмасын әр оқушының белгілі бір деңгейде қатысуына ерекше көңіл бөлу керек болады. Ойынды іріктеп алуда тек қана оқушының орындайтын іс әрекетімен шектелу жеткіліксіз. Мұндайда ойындарды ұйымдастырудың және басқарудың сипаты мен жолдары да жан жақты ойластырылады. Сонымен бірге ойын кезіндегі көрнекілік түлерін де, сабақтың қай кезеңінде өткізілуіне орай өзгертіп тұруын өзгерту жөн. Дидактикалық ойындарды тек ойын ойнату үшін емес, солар арқылы бастауыш класта өтілетін пәндер бойынша түсінік, ұғым, іскерлік дағдыларын дамытып , қажетті білім дағдыларды сапалы меңгеру мақсаты көзделді.

Жоғарыда дидактикалық ойындар мен ойын жаттығу түрлеріне және оларды пайдаланудың кейбір методикалық мәселелеріне шолу жасалады. Ондағы келтірілген пікірлер, ұсыныстар және нұсқаулар бастауыш кластарда пәндерді оқыту әдістерін жетілдірудің негізгі бағыттарының бірі дидактикалық ойындарды сабақ процесінде тиімді пайдалану керек.

Ойынның мақсаты: Үлкендердің еңбектерін құрметтеуге, еңбек сүйгіштікке, мамандық таңдауға баулу. Мамандықтың бәрі жақсы, оқу, білім алу бәрі еңбекпен келеді, еңбекті сүй деген ұғымды меңгеру.

«Сөйлем ойла» деген сөздік ойын.

Бұл ойынды ойнату үшін арнаулы орын іздеудің қажеті жоқ. Бұл ойынды барлық бастауыш кластарда өткізуге болады.

Ойынның мақсаты: оқушылардың сөздік қорларын молайтып , жүйелі, мәнерлі сөйлей білуге дағдыландару. Яғни, дұрыс сөздерді тауып, орынды қолдану, анық айту.

Ойын ережесі: Мен бір сөз айтып, қасымдағы балаға кубикті, тиінді беремін. Ол бала мен айтқан сөзге бір сөйлем құрауы керек. Мысалы: «қысыл»деген сын есім оқулықта жиі кездеседі. Сол сөзді айтамын. Ол апам қызыл көйлек сатып әкелді дейді. Сосын көйлек деп допты өз жолдасына береді. Ойын әрі қарай жалғасады. Көршіге айтқан сөз сөйлеммен алуыны керек. Бұл ойын алғашқы кезде мұғалімнің басшылығымен өтеді де балалар ойын шартын дұрыс түсініп, ойнауға жаттыққан соң әрі қарай өз беттерімен жүргізеді.

Осы тәріздес ойындарды сабақ мазмұнына сәйкес жүргізе отырып, мұғалім оұушылардың сабақта алған білімдерін тереңдеті, оларды ой қызметін жұмсап, дұрыс жауап беруге, өздігінен әрекет жасауға үйретеді.

«ҚАЙ ЕРТЕГІ ҚОНАҚТА?» ойыны.

Ойын бастауыш кластардың ана тілі сабақтарында өтеді.

Ойын тәртібі: қатысушы оқушыларға ертегі кейіпкерлеріне жасалған сурет не ойыншықтар үлестіріліп беріледі.

Мақсаты: «Түлкі мен бөдене», «Қарға мен түлкі», «Балықшы мен балық», «Аңқау арыстан», «Қызыл телпек» және тағы басқа ертегілердің суреттерін балаларға үлестіріп беріп, қай ертегінің кейіпкері екенін тапқызу, әр кейіпкердің іс әрекеті жөнінде үзінділер, әңгіме айтқызу. Қай оқушы өзіне тиісті кейіпкерді іс әрекетіне қарай дұрыс сипаттап, жүйелі әңгімелесе, сол оқушы жеңген болып есептеледі.

«Сыңарын тап» ойыны.

Оқушыларға үй жануарлары мен төлдердің суреттері үлестіріліп беріледі. Мұғалім оқушыларға төмендегідей сұрақтар қойылады.

Сиырдың төлі қайсы? (бұзау)

Қойдың төлі қайсы? (қозы)

Ешкінің төлі қайсы? (лақ)

Жылқының төлі қайсы? (құлыншақ)

Түйенің төлі қайсы? (бота)

Төлдер енесінің қасына басып тұрады. Суреттерді дұры орналастырған оқушы жеңімпаз болып салады.

«ЖҰМБАҚТЫ ШЕШ» ойыны

Бұл ойын бастауыш кластың бәрінде жүргізіледі. Ойын оқушыларды тапқырлыққа , жан жақтылыққа дағдыландырады. Ойлай білуге үйретеді. Сөздерді жазу дағдыларын қалыптастырады.

«Жұмбақтарды шеш» ойынды өткізу үшін жеке карточкалар дайындаған жөн. Көлеміне қарай 2 немесе 3жұмбақтар жазылады.

1карточка

Тұмсығы мықты

Қыр мен ойды

Тегістеп шықты

Қанаты бар демесең

Құс емес ол ұшпайды,

Жауын күні жеңешем

Төбесіне ұстайды

Шешулері: трактор

қол шатыр

2карточка

Үндемес серік

Ақылы берік

Әз қалдырған үнемі

Тұмсығымен жүреді

Алуан түрлі әз салғыштың өзі еді

Өзненде пайдалысы өзегі

Шешуі:кітап

қалам

қарындаш



Ойын тәртібі:Жұмбақтардың шешулері жазылған карточкалар немесе суреттер ойынға қатысушы оқушыларға үлестіріліп беріледі. Әр оқушы өз қолындағы жұмбақтардың шешулерін табады. Мұғалім ойнау шылардың жұмыстарын тексеріп шығады. Жұмбақтың шешуін дұрыс тапқан оқушы жеңген болып саналады.

МАТЕМАТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАР

«Кім тез?» ойыны.

Бұл ойынды жылжымалы тақтаға екі баған етіп төмендегідей есеп жазылады.

1баған (4бала) 2баған

18+6 24-6

Әліппені өткізу кезінде пайдаланылатын ойындар

Әліппе кезінде оқушылардың оқу мен жазуға үйретуде кеспе әліппе мен кеспе буындардың пайдасы мол. Ол арқылы оқушылардың білімдері мен дағдылары артады. Бірнеше әріпті өткеннен кейін «сөзді тез ойлан» ойынын өткізуге болады. Балалар қалтаға салып қойған әріптерден ойланған сөздерін құрайды. Кім бұрын және көп құраса, сол бірінші орынға ие болады. Дәл осы мақсатта бұл ойынды басқаша да өткізуге болады. Екі оқушы тақта алдында сқз құрастырады. Қайсысы бұрын құрастырса, сонысы жеңеді. Оқушылар: ас, ауа, аш, сау, ара, аша, шаш, асу т.б. сөздерді құрайды. Бүлдіршіндер кезде әріптерді ажырата алмай қиналғанмен, кейін үйренеді. Оқушылар сөз құрауды меңгерген соң бір ойынды қайталаудан жалығады. Сондықтан кеспе әліппенің әр түрлі формаларын қолданып, ойынды түрлендіру керек. Сабақта неше түрлі ағаш жапырақтары гүл формаларын кардон қағаздан қиып, өздеріне тән түспен боятып, астына тиісті әріптерді жапсырып ойнатуға да болады. Қалың қағаздан әріп орнатуға лайықтанып кесілген тор көздері бар дидактикалық құралды пайдаланып, оқушыларға жаңа сөздерді құратуға болады.

Мысалы; екі тор көзі бар қағаз берілсе, «от», «ат» сөздерін, үш тор көздері бар қағаз берілсі «ана», «сан», «нан» сөздерін құрайды. Жұмыстың бұл түрі де тақада да, партада да орындалады.

Әліппе кезеңінде лото ойындарын да өткізуге болады. Оны ойнау принципін басшылыққа алып, әріп, буын, сөз лотосын сабақта қолдануға болады. Лотоның бұл түрлерін ойнау шарттарын бірдей болғанмен, көзделетін мақсаттары әр түрлі. Әріп лотосында оқушылар карточкадағы суреттерден әріптер құрайды. Мысалы; ай, гүл, тай (суреттер карточкаларға салынған.) Буын лотосында суреттерді кеспе буындардан құрайды. Ша-на, ай-на (бұл суреттер карточкаларға салынған).

Ал сөз лотосында сөз жазылған карточкалардың ішінен керегін тауып жабады. Лотоның бірінші түрін ойнату арқылы оқушыларды әр сөздегі дыбыс, әріп санын дұрыс білуге дағдыландырсақ, екінші түрін ойнатуда сөздердегі буын санын дұрыс ажыратуға үйретеміз. Ал лотоның үшінші түрі бойынша оқушылар тұтас сөздерді дұрыс, шапшаң оқуға жаттығады.

«Бұл қалай өзгерген» ойынын бірінші класта дыбыстар мен әріптердің дауысты, дауыссыз және жуан, жіңішке болып бөлінуін өткенде жүргізеді. Ойынды жүргізгенде сөз ішіндегі әріптердің дұрыс жазылуына, бір әріптің өзгеруінен сөздің басқа мағынаға ауысуын кететіндігіне оқушылардың назарын аударуға болады.

  1. Көмір-өмір 2. Шар- қар

Сана -сона Таға -жаға

Бала -дала Бор- тор

Тон -том Түс- тұс

Қара -қала Күлкі -түлкі

Бірінші таблицаны іліп қойып, сөз ішіндегі қай дауысты дыбыстың өзгеруінен сөздердің мағынасы әр түрлі болып келетінін түсіндірген жөн. Ойнау барысында әріптердің өзгеруінен сөз мағыналарының қалай өзгергенін дұрыс айтқан бала жеңіске жетеді.

«Қай әріпті жағалттым» ойыны

Бұл ойын бірінші класта, әліппені өткен уақытта, қазақ тілінен дыбыс пен әріп: дауысты, дауыссыз дыбыстар, жуан және жіңішке дауысты дыбыстар: а, ә, и, у, й, ұ, о, ө әріптері бар сөздер тақырыптарын өткен кезде, екінші класта жуан және жіңішке дауыстылар; ы, і, у, ү, и, й, я әріптерінің жазылуы, дауысты дыбыстар тақырыптарын өткен кездерде, үшінші класта и, й, я, ю әріптерінің емлесі, сондай ақ ә, е, в, х, ч, ц, щ әріптері бар сөздерді қайталау кезінде пайдаланылады. Ойынға сөз ішінде бір әріп қалдырып кеткен (яғни бір әріп жоғалтқан) бірнеше карточкалар жасалынады. Ал, жеке сөздерге арналған карточкалар кіта... , б...лық, ...ғаш сияқты болып дайындалады. Жоғалған әріптер карточкаларын жасағанда сөздердің басынан, ортасынан немесе соқынан әріптер қалдырады. Карточкалар кластағы әр балаға 5-6-дан келетіндей мөлшерде, әр тақырыптың мазмұнына қарай (бір ойынға) лайықталып жасалуға тиіс. Ойынға ең алдымен оқушы (жаттыққанға дейін) оңай орындайтын карточка суреттерін қолдану керек. «Қай әріпті жоғалттым» ойыны сабақта жаттығудың бір бөлімі ретінде 4-5 минут көлемінде жүргізіледі. Сондай - ақ мектептердегі күн ұзағына болатын топтарда, мектеп интернаттарында, класстан тыс уақыттарда да ойнауға болады.

Ойын тәртібі: а) әріптері кем карточкалар класстағы оқушыларға үлестіріліп беріледі. Ойынға қатысушы ір бір оқушы өзіндегі әріптерден керектісін алып, әр сөздегі жоқ әріптердің орнына қоюға тиісті. Мұғалім белгіленген уақыт ішінде оқушылардың орындаған жұмыстарын көріп шығады, қай оқушының қалай орындағанына талдау жасайды. Қолына берілген карточкалардың жоғалған әріптерін түгелдей тауып қойған оқушы ойында ұтқан болады.

ә) ойынның екінші түрінде кластағы оқушылар екі топқа бөлінеді. Тақтаға әр топтың орындалуына арналған карточкалар ілінеді. Ойынға қатысушы оқушылар өз топтарына берілген карточкалардың жоғалтқан әріптерін тауып, сөздерді дәптерлеріне толық етіп жазып шығады. Мұғалім орындалған жұмыстарына қарап, қай топта қанша оқушының дұрыс орындағанын анықтайды. Қай топтың қатесі аз болса, сол топ ұтады.

«Ойлан тап» ойыны

Әр оқушының қолына карточкалар үлестіріліп беріледі. Кейбір суреттер астындағы сөздің бір буыны не бір әрпі әдейі жазылмаған. Оқушының өздері тиісті әріпті, не буынды әріп кассасы бойынша іздестіріп тауып, орнына жазады. Не қондырылған буынын айтады. Дұрыс қарап, дұрыс айтқан оқушы озған болып есептеледі. Кейде бұл суреттер, кейбір оқушыларға үлгі ретінде үйгеде беріледі. Бұл ойын оқушының оқуға қызығуына, ойлануына, логикалық ойының дамуына жол ашады.

«Сатылу» ойыны

Бірінші класта сатыға ктеріліп түскенше ойнауға болады. Бұл ойынды оқушылар сөз, сөйлем жазылуға төселу кезінде ойнатуға болады. Мысалы: Ат Ал

Ата Ала

Алма Алша т.б.

Әр сатыдан төмен түскен сайын бір әріптен қосылады. Алғашқы бүкіл кластағы жұлдызшалар бөлініп ойнайды. Бұрын жазып шыққандары жеңген болып есептеледі.

«Іздеген әріп бар ма?» ойыны.

Ойын бірінші класта әліппені оқыту кезеңінде пайдаланылады. Ол оқушылардың үйренген әріптерді толық меңгеруіне, ыждахатты болуына ықпал етеді.

Ойын тәртібі: Мұғалім оқушыларға бір сөзді дауыстап оқиды. Егер ол сөз ішіндегі кем әріптер өздерінде бар болса, оқушылар қолын көтереді. Ал жоқ болса, қалпынша отыра береді. Мұғалім қол көтерген оқушылардың біреуінен сұрайды. Ол оқушы табылған әріптің сөздің қай жерінде келетінін айтып береді.

Мысалы, мұғалім; тай, ат, ата деген сздерін айтқан болса, оқушылар іздеген «т» әрпініңі «тай» сөзде сөздің басында, «ат» деген сөздің аяғында, ал «ата» сөзінде сөздіңі ортасында тұрғанын айтып беруі керек. Егер мұғалім «апа» сөзін айтса, оқушылар өздерінде оған қажет әріп болмағандықтан қолдарын көтермейді. Жоқ әріптерді тез тапқан оқушы жеңген болып табылады.

«Бұл қалай өзгерген» ойыны

Бұл ойын бірінші класта әліппені үйрету кезінде д-т, ұ-ү, б-п, о-ө және а-ә әріптерін салыстыру сабақтарында, қазақ тілінен: дыбыс пен әріп, дауысты, дауыссыз дыбыстар тақырыптарын өткенде, екінші класта жуан, жіңішке дауыстылар ы-і, әріптерінің жазылуы, дауыссыз дыбыстар тақырыптарын өткенде ойланады.

Ойын барысында оқушылар сөз ішіндегі дыбыстардың дұрыс жазылуына егер сөздің дыбысы дұрыс жазылмаса, сөздің мағынасының өзгеріп кетеніне назар аударатын болады. Сол сияқты жуан, жіңішке дауысты дыбыстардың дұрыс жазылуына да көңіл бөлінеді.

«Бұл қалай өзгерген» ойыны төмендегідей бірнеше сөздерді салыстыру арқылы жүргізіледі.

1-таблица

2-таблица

3-таблица

Ата - ана

Бала - қала

Дана - тана

Ыс - іс

Ыстық - істік

Тыйын - тиін

Біл - піл

Бар - бер

От - өт

4-таблица

5-таблица

6-таблица

Жон - жөн

Он - өн

Тос - төс

Құм - күн

Ұн - үн

Тұр - түр

Ұш - үш

Сан - сән

Ал - әл

Дал - дәл

Ар - әр

Ойын тәртібі: мұғалім тақтаға «Бұл қалай өзгерген?» ойынына арналған таблицалардың жаттығуға тиістісін іліп қойып, оқушыларға салыстырылып отырған сөздердің қай дыбыстарын өзгергенін және өзгеріс әсерінен сөздердің мағыналарының өзгеріп тұрғанын тапқызады.

Таблицадағы сөздерді қай оқушы көп, әрі дұрыс талдаса сол бала ұтқан болып табылады.

Алфабиттік жұмбақтар

Әріптерді өткенде ойын ретімен алфабиттік жұмбақтар шешу оқушыларды тапқырлыққа, тез ойлауға, ойлау қабілетін дамыту мақсатында өткізледі.

  1. Суда бар, тұзда жоқ,

Буда бар, мұзда жоқ. (у)

  1. Аяқта бар, баста жоқ,

Таяқта бар таста жоқ. (я)

  1. Жылқыда бар, талда жоқ,

Жылда бар, айда жоқ. (Ж)

  1. Мұзда бар, тұзда жоқ,

Құзда бар, туда жоқ. (Ұ)

  1. Топырақта бар, күлде жоқ ,

Жапырақта бар, гүлде жоқ. (П)

Қазақ тілі мен ана тілі сабағында пайдаланатын ойындар.

«СУРЕТТІ БИЛЕТ» ойыны.

Бұл және кластарда қазақ тілінен «Сөз таптары» тақырыптарын өткен кезде ойналады. Ойынға суретті карточкалардағы сурет бойынша өтіліп отырған тақырыптың мазмұна сай ойларын сөйлемдер құрап жазады.

«Суретті билет» ойынына қажетті сөйлемдер класс жоғарлаған сайын күрделене береді. Онымен бірге әрбір оқушыдан өзі ойлап тапқан сөйлеміне байланысты сөз табының ережесін айтып беру талап етіледі. Сөйлемді дұрыс құрған, ережесін түсінген, қандай сұраққа жауап беретінін айыра білген оқушы ұтқан болып шығады.

«ТЫНЫС БЕЛГІСІН ТАП» ойыны.

Сөйлемнің үш түріне сәйкес үлкейтіліп жазылған бірнеше сөйлемдер дайындалады. Бірақ олардың тыныс белгілері қойылмайды. Мұғалім карточкаларға жазылған осы сөйлемдерді оқушыларға көрсетіп, қандай сөйлем екенін сұрайды, оған қандай тыныс белгілері қойылатынын айтқызады. Ойында белсенділік көрсеткен, сұрақарға толық жауап берген оқушы ұтқан болып есептеледі.

Мысалы: Сара гүлге су құйды. Сен киноға барасың ба? Жасасын май мерекесі! Тағы басқа.

Ойынның мақсаты: тыныс белгілерді ажырата білуге үйрету.

«БАЯНДАУЫШЫМ ҚАЙДА» ойыны.

Мұғалім баяндауышы жоқ таблицаны тақтаға іледі. Ойынға қатысушы оқушылар таблицадағы баяндауышты және оған қойылатын сұрауларды ойласады. Бұрын тапқан оқушы үстелде жаюлы жатқан карточкалардың ішінен сөйлемге қажетті баяндауыш пен сұраудытауып алып, тақтадағы таблицаның керекті жеріне іледі. Басқа таблицалар да осы тәртіппен ойланады. Ойынға белсене қатысқан оқушы озып шығады.

Тақта алдына жақ, жақ, жақ деген карточкалары үш оқушыға беріледі. Оқушылар карточканы алдына ұстап бір бірінен қашық тұрады. Енді ойынға қатысушы класс оқушыларына тәуелденген сөз карточкалары бір бірден үлестіріледі. Ойын басталысымен жақтағы оқушы «Қайда менің жағым» дейді. Осы кезде жақтың тәуелдеулі сөз карточкалары бар оқушы тәуелдеудің жекеше көпше тәртібі бойынша жақтың карточкаларына келіп, ал кітабым, кітабымыз, кітаптарымыз деген карточкалары бар оқушылар өздерінің қолдарындағы тәуелдеулі сөздері бар карточкаларын алдарына ұстап қатарға тұру керек. Ойында өз орындарында дұрыс тұрған және ережелеріне дұрыс айтқан оқушылар ұтады.

«ТОРДАН ШЫҚ» ойыны.

Ойын тәртібі: таблицалар тақтаға ілінеді. Жеке сұрақтар мен жалғаулар жазылған карточкалар ойынға қатысушы оқушыларға таратылып беріледі. Мұғалім «Тордан шық» дегенде, оқушылар өз қолдарындағы сұрауларын немесе жалғауларын таблицадағы тиісті орнына әкеліп іледі. Сұрауын дұрыс қойған әрі септеген оқушы тордан шықты деп есептеледі, орындай алмаған оқушы торда қалған болып саналады.

«ГҮЛДЕР»ойыны.

Гүлдер ойыны үшін жеке гүл тостағаншасы бейнеленген, оның астында гүл бұтағы мен оның жапырақтары салынады.

Ойын тәртібі: тостағаншалары суреті тақтаға ілінеді, онда септік атаулары көрсетілген. Оқушыларға жеті септіктегі сөздер жазылған карточкалар үлестіріліп берілелі. Сол карточкалар оқушылар әр септіктің тұсындағы тілікшеге апарып орналастыруы керек. Егер дұрыс орналастырылып және септіктің сұрағын айтса ол оқушы жеңген бөліп есептелінеді.

Ойынның мақсаты: Септік жалғауларын меңгеру.

«ПАРАШЮТПЕН ТҮСУ» ойыны.

Ойынның тәртібі: Парашют суреті салынған таблицаны мұғалім тақтаға іледі. Оқушылар парашютте орындары ауысып ретсіз ілулі тұрған оқушымын, оқушысың, оқушысыз, оқушы тағы басқа деген сөз карточкаларын таблицаның төменгі жағындағы белгілерге ретіне қарай орналастыруға тиіс. Екінші кезекте сөздерді жіктеудің көпше түрі қолданылады.

Тиісті орнын тауып орналастырған оқушы ұтқан болып есептеледі.

Ойынның мақсаты: Зат есімнің жіктелуін, жіктік жалғауларын меңгеру.

«ОЙЛАН ТАП» ойыны.

Ойын класта ы-і әріптерінің жазылуы тақырыбын өткен кезде пайдалынады. Ойынға -ш-ы, ш-і секілді бірде жуан, бірде жіңішке болып келетін кеспе буын және оларға оңнан не солдан қосқанда бүтін сөз болып шығатын буын карточкалары әзірленеді.

ОЙЫННЫҢ БІРІНШІ ТҮРІ.

Ші/ осындай он карточка және/кі, лік, тіл, ел, рік, көр, дер, ре, і, ен сияқты буын карточкалары жасалады.

Шығатын сөздер:

Кіші, шілік, тілші, елші, шірік, көрші, шідер, шіре, іші, енші.

ОЙЫННЫҢ ЕКІНШІ ТҮРІ

Шы /он дана/ және ал, ны, рын, рақ, нар, дам, лау, жық, мыр секілді буын карточкалары жасалады.

Шығатын сөздер алшы, шыны, шырақ, шырын, шынар, шыдам, шылау, шыжық, шымыр.

Әр ойынға арналған карточкалар жеке-жеке қалталарға салынады. Ұқсас буындарды дұрыс айыруға жаттықтыру өткізіледі.

Ойын тәртібі: Ойнаушылар екі топқа бөлінеді. Тақтаға шы, ші буындары он рет қайталанып жазылған карточкалар ілінеді. Жеке буыннан тұратын карточкалар екі топтың оқушыларына тең бөлініп беріледі. Ойынға қатысушылар қолдарындағы кеспе буын карточкаларының ішінен -шы және -ші буындарының сыңарын тауып, бүтін сөз құрауға тиіс. Егер бірінші топтың оқушылары сөзді тез құрай алмаса, ойын екінші топқа беріледі. Осылай қайталанады. Сөзді тез әрі дұрыс құрған топ ұтқан болады.

«ҰҚСАСЫН ТАП»

Ойын 2-класта түбір және қосымша тақырыбын өткенде, 3-класта өткенді қайталау кезінде пайдаланылады.

Ойынға төрт түбір сөз алынады. Олар қызыл түспен боялады. Сонан соң осы түбірден басталатын, әрқайсысы өз алдына мағыналы сөз болатын карточкалар мына төмендегідей, жасалады.

  1. Бас, бастық, басшы, басқа, баспалдақ, басшылық, басқарушы, басар, басам, бастама, басты.

Еңбек, еңбекші, еңбеккер, еңбектес, еңбекшіл, еңбекқор.

Бала, балалық балалы, баласыз, балажан, балапан.

  1. Су, сушы, суық, сусын, сулы, сусар, сушыл.

  2. Оқ, оқы, оқушы, оқытушы, оқымысты, оқулық, оқтау, оқшау.

  3. Ас, астық, астар, аспан, аспаз, асхана, асық, асыл, асфальт, Асқар, Асан.

Ой, ойшыл, ойын, оймақ, ойлау, ойлан, ойлағыш, ойпаң, ойық, ойыс, ойнақ.

Ойын тәрібі: Әрбір ойын үшін жасалған карточкала оқушыларға таратылып беріледі. Қызылмен жазылған төрт сөздің біреуін алған оқушы оны тақтаға іледі. Сонан кейін сол сөзбен түбірлері бірдей сөз карочкалары бар оқушылар отырған орындарына қарай карточкаларын тақтаға іледі. Қалған сөз таптары да осылайша ойналады.

Ойын соңына дейін қолындағы карточкасының қай сөздің қатарына қойылатынын білмеген оқушы ұтады.

Ойын мақсаты: түбір және қосымша туралы ұғымды меңгерту.

«Кім жылдам»

Ойын 1-класта әліппені өтіп болғаннан кейін 2-3 класта сөз таптарын өткеннен кейін өткізіледі.

Ойын тәртібі: Ойынға қатысушылар барлық сөздері бір түрлі әріптермен басталып жазылатын класс оқушылары үшін сөздерін тез тауып әрі қатесіз әдемі етіп жазып шығарулары керек

Мысалы: Б әріпін: балық, бақа, бөпе, бесік тағы басқа

«Алфабит ретін тауып қой»

Ойын 2-класта алфабит тақырыбын өткенде ойналады.

Ойын тәртібі: бірнеше жеке сөздер жазылған карточкалар қалталарға салынады. Ойынға қатысушы екі оқушы қалтадағы сөздерді алфабит ретімен орналастырады. Тез, әрі дұрыс орындаған оқушы жеңген болып есептеледі.

  1. Қалта, Айнаш, Әбен, барабан, вагон, Гауһар, Ерден, Зәуре.

  2. Қалта. Апа, Әнеш, бақа, гүл, егіс, жеңіс тағы басқа буындарды дұрыс айыруға осы ойындар өткізіледі.

Ойын тәртібі: Ойнаушылар екі топқа бөлінеді. Тақтаға: шы, ші буындары /он рет қайталанып жазылған/ карточкалары ілінеді. Жеке буыннан тұратын карточкалар екі топтың оқушыларына тең бөлініп беріледі. Ойынға қатысушылар қолдарындағы кеспе буын карточкаларының ішінен шы және ші буындарының сыңарын тауып, бүтін сөз құрай алмаса, ойын екінші топқа беріледі. Осылай қайталанады. Сөзді тез әрі дұрыс құраған топ ұтқан болады.

«ГРАМАТИКАЛЫҚ ДОМИНА»

2-класта «Зат есім» тақырыбын қайталауға арналған сабақтарында оқушылардың белсенділігін арттырып, мағынасын түсініп, дұрыс айтуға, қатесіз жазуға төселдіру мақсатында грамматикалық домина ойынын өткізуге болады.

Мұғалім көлемі 8-4 см қатты қағаздан 28 карточка әзірлейді. Ойынға барлығы жеті сөз салынады. Ол сөздердің әрқайсысы 8-рет қайталанып, әр карточкаға екі сөзден жазылады. Ойынға төрт оқушыдан қатысады. Мұғалім әр оқушыға 7-карточкадан таратып береді. Ойынды қызылмен жазылған карточкасы бар бала бастайды. Ойынға керекті сөздер: ана, апа, ата, іні, лақ, отан, Астана. Қолындағы карточкаларды бұрын бітірген оқушы жеңеді.

Ол сөз карточкасындағы сөзді қатесіз тақтаға жазып, мағынасын түсіндіреді. Карточкадағы сөздерді ауыстырып отыруға болады.

«КІМ ҚАНДАЙ МАМАНДЫҚТЫ ТАҢДАЙДЫ»

Ойынды бастауыш кластардың бәрінде жүргізуге болады. «Сиқырлы калтаның» ішінде мамандық иелері бейнелеген таблица суреттер салынады. Тақтаға шығарылған оқушы бірнеше суреттің ішінен өзі жақсы көретін мамандығы бейнеленген суретті таңдап алады. Қалтада ұшқыштың, жүргізушінң, шахтердің, шопанның, дәрігердің, мұғалімнің, шаштараздың суреттері бар. Ойынға қатысушылар: Бұл кім Не істейді - деген сұрақтарына жауап береді. Ойын жарыс түрінде өткізіледі. Ойын соңында мамандытар туралы тақпақтар оқылады.



© 2010-2022