Сынып сағаты: Туған жер

Раздел Воспитательная работа
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Туған елдей ел болмас,

туған жердей жер болмас

Мақсаты: Оқушылардың атамекен, туған жерді, ауыл туралы қорғай білу, Отанын сүйе білу туралы түсініктерін кеңейту.
1. Атамекенді қадірлей білу, адам өмірінде ата мекеннің алатын орны туралы мағлұмат беру;
2. Атамекенді ардақтау сезімдерін дамыту;
3. Туған жерін көркейтуге ат салысу, еліне адал қызмет етуге тәрбиелеу.

Түрі:

І.Ұйымдастыру

Кіріспе сөз:

Туған жерге, кіндік қаның тамған жерге ештеңе тең келмес. Атамекен - туған халқының, ұлтының, мекен еткен, ата - бабасының қоныс тепкен жері. Туған жер әр адамның дүние есігін ашып, өмірге келген жері. Адам қай жерде, қандай биікке көтерілсе де, ол үшін ең қадірлі, қасиетті өлке ол - Атамекен.

Ауыл десе жайлайды жанымды үміт

Сонда ғана атардай таңым күліп

Жасыл шардың бетінде жалғыз ноқат

Мені мәңгі тартатын сағындырып

Туған жер, туған ауыл қымбат маған

Ешкімге бұл сезімді былғатпағам

Мен оның өзім ғана сезінетін

Қастерлі қасиетін жырлап бағам - деп ақын ағаларымыз айтып өткендей бүгінігі 3 сынып оқушыларының "Туған елдей ел болмас, туған жердей жер болмас" атты ашық өнеге сағатына қош келдіңіздер.

Назарымызды экрандағы бейнероликке аударайық

(Ауылымыздың тұрғыны Қаһарман Ғарипұлының " Көптоғай" атты өлеңін оқу)

Сынып сағаты: Туған жерСынып сағаты: Туған жер

Көптоғай

Армысың асыл мекен туған елім,

Кіндік кесіп, кірімді жуған жерім.

Бала шақтан өткізіп бақыттарын

Болашақты сағым қып қуған елім.

Көптоғай бір өзіңсің бақытты аймақ,

Сырымды ақтарамын саған жайлап.

Көптоғай жер жұмағы бір өзіңсің,

Өткізген талай бабам, тойын тойлап.

Көптоғай бар байлығым сен деп келем,

Ұрпағың ба, өзің жайлы сыр шертпеген.

Қариялар сақтап өтіп қасиетін,

Сәби де жырлап өтсін еңбектеген.

Көптоғай талай туды байлаған ел,

Төсінде төрт түлік мал жайлаған ел.

Қалайша жырламайын әкемменен

Анамның жастық шағын тойлаған ел.

Болған соң Көптоғайға мәңгі ғашық,

Жырлауға бір өзіңді болдым асық.

Тәуелсіздік тұғыры мықты болып,

Абыройың арта берсін жылға ұласып.

Сағынышым тек саған ала бөтен,

Өзіңнен шыққан талай небір көсем.

Көптоғайда күндей күліп кездесейік.

Деніміз сау әрқашан аман - есен!

-оқушылар біздің туған жеріміз, яғни біздің ауылымыз қалай аталады?

-дұрыс айтасыңдар. Өзіміздің туған ауылымыз Көптоғай ауылын әңгімемізге арқау етеміз.

1-оқушы:

Менің туған ауылым

Көптоғай деп аталған

Келеді ылғи мақталып

Қалған емес қатардан

Көк майсадай құлпырған

Даласы қандай даласы

Өзеннің бойы ен тоғай

Қиғашқа келіп карашы

2-оқушы:

Жер жаннаты осында

Ешкімнің болмас таласы

Көркімен баурап алады

Ауылдың айдай даласы

Данайға барсаң Қиғаштың

Сылаңдап ағар сағасы

Ажарын айтсам жерімнің

Өсе түсер бағасы

Мінекей біздің оқушыларымыз ауылымызды жырға қосып тебіреніп жатыр. Біздер бүгінгі күні ауылымызды көркейтуге өз үлестерін қосып отырған аға буындардың. еңбектеріне көз жүгіртсек. Олай болса әр елдің өзінің бір басшысы болады, сол сияқты Көптоғай елді мекенінің білікті басшысы, халық қалаулысы, яғни ауылымыздың әкімі Исабай Рыскалиев 2002 жылдан бастап осы Көптоғай ауылын басқарып келеді. Бүгінде ел алғысына бөленіп жүрген ел ағасын бізде мақтан тұтамыз. Олай болса ауыл әкімінің халық үшін жасаған игі жақсы істеріне паш етсек.

Сынып сағаты: Туған жер

3 - оқушы:Көптоғай менің ауылым

Барады көкке асқарлап

Ауылымды ардақты

Исабай ағам басқарады

4- оқушы:

Жаманымен жақсысын

Уайымында асап жүр

Әкім болып ауылыма

Бар жақсылық жасап жүр

5- оқушы:

Әрдайым жолды күретіп

Қуантып жүр халықты

Жақсылап салып берді ғой

Балаларға паркті

Мінекей аз ғана уақыт ішінде ағамыздың халыққа жақсы жағдай туғызып, жолды күретіп, кішкентай бүлдіршіндерге саябақ салдыртып халық үшін күні-түні ерінбей еңбек етіп көптеген жұмыстар атқаруда. Сол ағаларымыздың еңбегін бағалау, оларды құрметтеу, дәріптеу, кейінгіге үлгі ету біздің басты міндетіміз.

Олай болса осы ағамыздан Көптоғай елінің болашағы туралы не ойлайсыз, және осы ауылдың ертеңі үшін қандай істер жүзеге асырылып отыр? деп сұраған кезде ағамыз ..... (видео)

Сынып сағаты: Туған жер

Ән: "Көптоғайым"

Ауылымыздың сәні болып, жарқырап тұрған, мың сан ғасырлық тарихы бар, бүгінде білімді ұрпағымен аудан, облыс көлеміне танымал болған, жас өскелең ұрпақты білім нәрімен сусындатып отырған білім ошағы С.Мұқанов атындағы жалпы орта мектебі және де "Ақтоты" балабақшамыз бар.Білім ошақтарының ұлағатты ұстаздар қауымының беделді басшысы, заманауй өзгерістерге бейім Күнсұлу Үрпек қызы

Сынып сағаты: Туған жер

6- оқушы:Жырымды саған арнаймын

Ашылсын көңіл көктемім

Біліммен сусындатады

Аяулы менің мектебім

Шырқаласың мәңгілік

Оқушының әні боп

Жарқырап тұрсың ортада

Ауылымның сәні боп

7 -оқушы:Күнсұлу апай басшысы

Мектебімнің сыпайы

Дәлізден әрбір өткенде

Басымыздан сипайды

Мінекей оқушылар оз ауылымыздағы білім ошақтарының ұжымы өте ұйымшылдықпен жұмыс жасап келеді.

Мәнерлеп оқу: "Туған жер" (Жастілекұлы Д, Абай Г)

Ауылымызды басқа ауылдармен, ауданмен, қаламен қамтамасыз етіп отырған паромымыз бар.Осы паромымыз туралы сыр шертсек:

8- оқушы:Көптоғай мен Жасталаптың арасы,

Қиғаштайым өзегімнің саласы.

Паромым бар жалғастырар ортада

Риза оған бар қазақтың баласы.

9 - оқушы:Русландай ағамыз бар қолдаған,

Ешқашанда қиындыққа болмаған.

Елі үшін атқарылған істерін.

Бір жаратқан Алласы да қолдаған

10 - оқушы:Шаттанасың көптоғайдай еліңмен

Мақтанасың Русландай еріңмен,

Кәрі Қиғаштың сарқылмай бір сағасы

Паромымыз жасай берсін еліммен

Паромымызды да жырға қосып айтып жатырмыз.Осы паромымыздың басшысы Ұзағалиев Руслан ағамыздың паром жайлы және сіздерге айтқан тілегі бар еді.Соны тыңдап көрсек...(видео)

Сынып сағаты: Туған жер

11- оқушы:Арон менен Алтынбек

Оларға кім жетеді

Азық-түлікпен халықты

Қамтамасыз етеді

12 - оқушы:Дүкеннің іші керемет

Қызығып бәрін аласың

Керекті заттың барлығын

Біздің дүкеннен табасың

Я дұрыс айтасыңдар сонымен қатар ауыл тұрғындарын әркез балғын азық-түлікпен уақытылы қамтамасыз етіп, тұрмысқа қажетті дүниенің бәрі табылатын әмбебап дүкендеріміз бар.Бұл дүкенде де дүкенші апаларымыз аяқтарынан тік тұрып халыққа адал қызмет етуде

Сынып сағаты: Туған жер

Ән: Туған жер(Абай Г)

Қалай ойлайсыңдар оқушылар халыққа қызмет көрсетіп отырған тағы қандай мекемені білесіздер? Почта

Дұрыс айтасыңдар? Ал осы байланыс бөлімшесінің меңгерушісі кім екенін білесіздер ме? жооқ

Халыққа сан түрлі қызмет көрсетіп, жүрегі кең, мінезге бай, әркез асып-саспай сабырлылығынан танбайтын өз маманының майталманы Галина Едігеқызы

13-оқушы:Ай сайын ата анамыз

Почтаға барады

Галина апай күлімдеп

Оларды қарсы алады

14 -оқушы:Жалақы зейнетақыны

Кешіктірмей таратады

Газет журнал хаттарды

Міндетті жерге апарады

Дұрыс айтасыңдар оқушылар ал осы байланыс бөлімшесінде тағы қандай қызмет түрлері атқарылып жатыр екен. Оны мекеме меңгерушісінен сұрасақ........ (видео)

Мінекей оқушылар өз туған жерімізде халық үшін бірнеше мекемелердің қызмет атқарып отырғанын білдік және адам жанының арашасы, ақ халатты абзал жандар халыққа қалтқысыз қызмет етіп ел алғысын алған ақ халатты абзал жандар ұжымын бір отбасындай ұйыта басқарып отырған Бисененова Айман апамыз. Олай болса сөз кезегі оқушыларда:

15-оқушы:Ауруыңа шипа болар

Ниетпен берген ем ғана

Алғашқы көмек жасайды

Жанұялық емхана

16 -оқушы:Ақ халатты жандар ғой

Көмек берер жаны ер

Роза,Айман апалар

Білікті мықты дәрігер

Осы апаларымыздың да сендерге айтар тілегі бар екен, соны бірге тыңдайық

Сынып сағаты: Туған жер

Мінекей оқушылар өз туған жерімізде халық үшін бірнеше мекемелердің қызмет атқарып отырғанын білдік.

Келесі бөліміміз "Ауылымның келешегі менің болашағым!"
Сен ауылың үшін не істер едің? (постер қорғау)
1. Егер сен әкім болсаң...
3. Сен кәсіпкер болсаң. ...
(өз ой-пікірлерін тыңдау.)

Сынып сағаты: Туған жер

Сынып сағаты: Туған жер

Оқушыларымыз постер қорғап болғанша ата - аналарымызбен "Есте сақтау" ойынын ойнау

3 - 4 ата- ана

Шарты: "қызыл", "жасыл", "сары" түстерін қоса отырып және де бүгінгі тақырыпты да қамти отырып, бір толыққанды сөйлем құрастырып, келесі ата - анаға айту.

Сынып сағаты: Туған жер

Қорытынды: Аталарымыз ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап бізге жеткізген ұлан - байтақ жерімізді қастерлеп, келешек ұрпаққа аманат етіп қалдыру - біздің қасиетті парызымыз.Сондықтан да елімізді, жерімізді қорғау біздің басты - парызымыз.

Ән: "Ауылым"

Сынып сағаты: Туған жер

Сынып сағаты: Туған жер

Сынып сағаты: Туған жерСынып сағаты: Туған жер

Сынып сағаты: Туған жер

Сынып сағаты: Туған жер

Сынып сағаты: Туған жер



© 2010-2022