Конспекты по Бәрі де күлкімен жарқын! 3 класс

Раздел Воспитательная работа
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Конспекты по Бәрі де күлкімен жарқын! 3 класс

Тақырыбы: "Бәрі де күлкімен жарқын!"

Мақсаты:

С.Назарбаева туралы мағұлмат беру.Оқушылардың өздеріне деген сенімділіктерін арттыру. Шығармашылыққа, белсенділікке тәрбиелеу.

Барысы:

-Құрметті оқушылар, ұстаздар! Бүгінгі "Бәрі де күлкімен жарқын" атты мерекелік концертімізге қош келдіңіздер!Бүгінгі әлемде оз орнымызды сақтап елімізді дамытамыз, тұғырын берік етеміз десек, біліміміз бен өнеріміз өзге елдермен тең дәрежеде болуы тиіс. Еліміздің болашағы сендерсіңдер балалар..Ендеше, бүгінгі кешіміз сендердің өздеріне деген сенімділіктерін одан әрі арттыруға арналады.Бәріңізге сәттілік!

-Күлімде,күн күлімде,

Жер жасарып көгерсін.

Кешегідей бүгін де

Қанат қақсын көгершін.

Ән: Ертегілер елі

-Айналамызға қарап,күн сәулесін бойымызға сіңіре отырып,айналамызға мейірім сыйлайық. Абай "Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп" деген сөзінде үлкен мағына жатыр.

-Күлімде,күн,күлімде,

Бүлдіршіндер қуансын,

Қырдың көкшіл түгіндей,

Қолдарына ту алсын.

Мәнерлеп оқу: "Өмірге" Ә.Есмағанбетов

(Оқыған: Әділгереева А.)

-Әкел,досым,қолыңды,

Татуласқан орынды.

Өкпелесіп не керек.

Көрсет, қане, соныңды.

Ән: Атамекен

Орындайтын: М.Болат

-Баққа бірге кірейік,

Қол ұстасып жүрейік

Татулықтың белгісі

Кел,қосылып күлейік.

Би: "Брек -данс" (4сынып оқушылары)

-Талаптымын тойлаймын

Талабымды жоймаймын.

Ұлы мақсат шыңына

Шықпай істе қоймаймын.

Мәнерлеп оқу. "Туған ел"

Оқитын: М. Болат

-Анам маған -Үлкенді сыйла деген,

Сол сөз маған ізгілік құйған ерек.

Үлкендерден ауысқан кішілікті

Үлкендердің өзне сыйға берем.

Ән: "Ақ мамам"

Орындайтын: Махамбетова Зарина

Қорытынды

-Елдер мен елдер,

Материктер мен материктер

Достасып жатыр

Татулық туын көтеріп.

Бауырластықтың жалауын біз де көтеріп,

Жарқын өмірден

Бір-бірімізге мейірім сыйлап өтейік.

Күлімде,күн,күлімде,

Күлсін барлық бала шат!

Мерекелі бүгіндей,

Бейбіт болсын болашақ!

Хор: Жас дәуірдің түлегіміз.


Қаракөл орта жалпы білім беретін мектеп-балабақшасы








Тақырыбы:



(мерекелік концерт)











Мұғалім: ҚоңыршиеваА.Х

© 2010-2022