Сабақтың тақырыбы: «Дүниеге сәби келді!»

Раздел Воспитательная работа
Класс 9 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Генерал С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы

«Жас ұлан» республикалық мектебінің

Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

Қалыбаева Бағила Қаржаубайқызы

Сабақтың тақырыбы: «Дүниеге сәби келді!»

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Ұландарды қазақ халқының дүниеге сәби келгенде орындалатын ырым-жорғаларын, дәстүрлерін таныта отырып, қазақ тілінде қарым-қатынас жасауға үйрету.

2.Дамытушылық: Оқу мен дағдыны одан әрі қалыптастыру, сұрақтарға толық жауап беруге машықтандыру. Қазақ тілінде сауатты сөйлей білуге үйрету

3.Тәрбиелік: Білімді болуға, қазақ халқының салт - дәстүрін құрметтеуге тәрбиелеу

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың типі: жаңа тақырып

Сабақтың әдіс-тәсілі: Сұрақ-жауап, аударма, түсіндіру, қайталау, топтық жұмыс, сын-тұрғысынан ойлау әдістері

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, бейне жазбалар, кестелер, слайдтар, бағалау парағы

Сабақтың өту барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Оқушыларды үш топқа бөлемін. Бағалау парақтарын топ басшыларына таратамын.

1. Психологиялық дайындық

Менің айтар тілегім

Сәттілік саған тіледім

Ұландарым алға

Биікке ұшып самға

Өз тіліңде сөйлеп

Ең бастысы

үнсіз қалма ( мұғалімнің тілегі)

2. Өткен сабақтарды қайталау

«Суреттер сөйлейд» жұмысын жүргізу

(таңдап алған суреттер арқылы сол тұлға туралы мәлімет беру)

Қаныш Сәтбаев

Орынбек Жәутіков

Санжар Асфендияров

II.Жаңа сабақ

(Бейне жазбадан сәбидің жылаған үні шығады)

Мұғалімнің сөзі: Балалар біз кімнің жылаған дауысын естідік?

Бала дүниеге келгенде қалай келеді? (оқушылардың жауаптарын тыңдау)

Сондықтан бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Дүниеге сәби келді!

1. Топпен жұмыс:

1 топ. Қазақ халқының салт-дәстүрлерін жазу

2 топ. Балаға байланысты салт-дәстүрлер (әр топ плакатқа жазып, тақтаға шығып айтып шығады)

2.Кітаппен жұмыс

1.91 беттегі мәтінді әр топ өз бетінше оқып шығады.

2. Мәтіннің мазмұнын ауызша айтып шығады.

3.Мәтін бойынша бір-бірлеріне сұрақ қояды.

3. Берілген бейне жазбадағы сөйлемдерді қазақ тіліне аударып жазу (қазақ халқының салт - дәстүрлері бейне жазба орыс тілінде беріледі) Жазған сөйлемдерін оқып шығады.

4.Тақтада жұмыс. Берілген сөйлемдердің дұрыс, бұрыстығын анықтау

дұрыс

бұрыс

Сәбидің дүниеге келуі - ата-ананың қуанышы емес.

Дүниеге сәби келгенде ағайын-туғаннан сүйінші сұралады.

Әже сүйінші сұратып балалары мен келіндерін жан - жаққа жібермейді.

Сүйінші сұраушы адамға жақсы сыйлық беріледі.

Сәбилі болған отбасына туыстары, ауыл адамдары ізгі ниеттерін білдіреді.

Сәбиді көрген адам көрімдік бермейді.


5. Сергіту сәті «Тіл өнері»

Мақалдармен жұмыс көп нүктенің орнына тиісті сөзді тауып қазақ, ағылшын, орыс тілдерінде айту

1.Бала болғанын ...,

Батыр толғанын ... . Білмес Не знает Do not know

2. Бала кезде нені ... етсең, соның шырмауында қаласың.

Әдет Привычка habit

3.Бала адамның бауыр еті, ... нұры

Көз Глаза Eyes

4. Бала жетесіз болса ... ... жерге қаратады,

Бала жетелі болса ... ... елге қаратады.

ата -анасын родителей parents

6. Түртіп алу. Б.Асқарқызы «Бесік той»

Бейне жазба мен өлеңді тыңдап, көріп отырып

1топ. Өлеңнен туыс атауларын теріп жазыңдар

2топ.не? деген сұраққа жауап беретін зат есімдерді теріп жазыңдар

7. Семантикалық карта толтыру

Сөйлем

жалаң

жайылма

жақты

жақсыз

Менің жеңгем дүниеге ұл бала әкелді.


Отбасының келіндері келген адамдарға сәбиді көрсетіп көрімдік кәдесін алады.


Менің бесік тойға барғым келіп жүр.


Мүмкін, ертең тойға барармын.


Сүйінші сұраушы адамды бос қайтармайды.


Сәбиді көрген адам көрімдік береді.


8. Қорытынды «Ой қозғау»

Құттықтау тілек жазу



© 2010-2022