Тәрбие сағатына арналған материалдар

Раздел Воспитательная работа
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сынып жетекшісінің

тәрбие жұмысы

Тәрбие сағатына арналған материалдар



6 «А» сынып




Сынып жетекшісі: Кобегенова Гульзат Кобегеновна


Сыныптағы сынып жұмысын ұйымдастыру үрдісінде сынып жетекшісі келесі міндеттерді жүзеге асырады:

  • оқушыны жеке зерттеуді;

  • білім беру үрдісіндегі және сыныптағы қарым-қатынасты талдау, үйлестіру мен түзетуді;

  • сынып оқушыларымен жұмыс істейтін педагогтардың білім берудегі жұмыстарын үйлестіру;

  • сынып ұжымындағы өмір тіршілігінің және сыныптың іс-шараларын, сынып сағаттарын, ақпараттық минуттар мен пікірлесулерді, ұжымның шығармашылық жұмыстарын, байқауларды жоспарлау, дайындау, өткізу және қорытындысын жасауды ұйымдастыру;

  • оқушыларды әлеуметтік қорғау;

  • оқушылардың ата-анасымен жұмыс;

  • сыныптағы оқушылардың өзін-өзі басқару қызметін педагогикалық тұрғыда қамтамасыз ету;

  • оқушылардың күнделігі мен мен сынып журналын жүргізуді ұйымдастыру.

Сынып жетекшісі өз міндетін жүзеге асыру барысында

А) оқу жылының басында:

  • сынып тізімін жасайды және сынып журналы мен тәртіп дәптерін толтырады;

  • мектеп кітапханасынан оқулықты алуды ұйымдастырады;

  • оқушылардың отбасындағы тәрбиесімен танысады;

  • сыныптың әлеуметтік паспортын жасайды;

  • сынып оқушыларының қосымша білім мекемелеріне қатысуы туралы толық ақпарат жасайды;

  • оқушылардың бейімділігін дамыту мақсатында оларды әртүрлі қызметке, шараларға тарту жұмысын жүргізеді;

  • сынып өмірінің қызметін ұжымдық жоспарлауын ұйымдастырады;

  • сынып жетекшілерінің ӘБ жетекшісімен келісе отырып, сынып жұмысының тәрбие жоспарын жасап, тәрбие жөніндегі мектеп директорының орынбасарына бекітуге тапсырады.

Ә) күнделікті:

  • оқушылардың күнделікті сабаққа қатысуын бақылауды жүзеге асырады;

  • сыныптағы оқушылардың өзін-өзі басқару органына педагогикалық көмек көрсетуді жүзеге асырады;

  • оқушылардың сырт пішінін бақылауды жүзеге асырады;

  • іс-шаралар өткізу кезіндегі сынып оқушыларының тәртіп мәдениетін бақылауды жүзеге асырады;

  • асханада оқушылардың ыстық тамақпен тамақтануын бақылауды жүзеге асырады;

  • оқушылардың үзіліс кезіндегі тәртібін қадағалайды;

  • оқушылардың сабаққа қатысуын бақылау дәптерін толтырады.

Б) әр аптада:

  • оқушылар күнделігін тексереді;

  • пән мұғалімдерінің сынып журналын толтыруын қадағалайды;

  • сынып сағатын және жарты сағаттық ақпарат және пікірлесуді жүргізеді;

  • сыныптарға бөлінген жер үлескілерінің тазалығын бақылауды жүзеге асырады.

Г) ай сайын:

  • мектеп жұмыстарына сынып ұжымының қатысуын ұйымдастырады;

  • жол жүру ережелері, құқықтық жалпыға міндетті оқу туралы сабақтар, өмір мен техника қауіпсіздігі бойынша жоспарланған нұсқаулықтар өткізеді;

  • мектеп жоспарына сәйкес жалпы мектептік кештерде және басқа да іс-шараларда кезекшілік атқарады;

  • ерекше педагогикалық қадағалауды қажет ететін өз сынып оқушыларының үйірме, секция, клуб т.б. бірлестіктерге қатысуын бақылайды.

Тоқсан аралығында:

  • оқушылардың денсаулығын қорғау бойынша медицина қызметкерлерінің ұсынысын орындауды ұйымдастырады;

  • сынып жетекшілердің ӘБ-не, семинарларға, тәрбие жұмысы жөніндегі жиналыстарға қатысады;

  • ата-ана жиналысын өткізеді;

  • педагогикалық консилиум өткізеді

Тоқсан соңында:

  • оқу-тәрбие жөніндегі мектеп орынбасарына сыныптың үлгірімі туралы есепті және сынып журналын тапсырады.;

  • оқушылардың каникул кезіндегі бос уақытын ұйымдастырады және ұйымдастыру есебін мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына тапсырады.

Каникул кезінде:

  • сынып жетекшілердің ӘБ-ң демалыстағы жұмысына қатысады;

  • оқушылардың бос уақытындағы іс-әрекеттерін тексереді;

  • әлеуметтік педагогпен рейдке шығады.

Жартыжылдық аяғында:

  • сыныптың тәрбие жұмысына есеп береді (мәтіндік есеппен қоса фото коллаж тапсырады).

Оқу жылының аяғында:

  • оқу жылындағы сынып жұмысының қорытындысын шығаруды ұйымдастырады;

  • сыныптың оқу-тәрбие үрдісіне педагогикалық сараптама жасап, оны ТЖЖ мектеп орынбасарына өткізеді:

  • сынып кабинетін жөндеуді ұйымдастырады;

  • мектеп кітапханасына оқулықтарды өткізуді ұйымдастырады;

  • баласының жазғы демалысы туралы ата-анасынан мағлұмат алады.

Жоғарыда көрсетілген сынып жетекшісінің қызметтік міндеттерімен келісемін және орындауға міндеттімін.






« Келісемін» Тәрбие ісінің меңгерушісі

Мектеп директоры ------------------Асхар. Х

---------------------Н.Д.Ластоверов ------------------хаттама

« Теректі орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2015-2016 oқу жылына арналған 6a сыныбының тәрбие жоспары

Мерзімі

Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие

Рухани-адамгершілік тәрбие

Ұлттық тәрбие

Отбасы тәрбиесі

Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие

Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие

Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі

Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты

Қаңтар

Құқығыңды біл! (т\с) 11/01/16

Қ.Р Президентінің Жолдауы Тәуелсіздік толғауы (т\с) 18/01./6

Қазақ халқының ұлттық киімі (әңгіме)

Абайдың сөзі- қазақтың бойтұмары ( т\с) 25/01\16

Ақпан

Ақылды қария -ағып жатқан дария (т\с) 01/02/16

Ұлтымыздың ұлы мұралары (т\с)08/02/16

Әдеп -ең қымбат мирас (т\с)15/01/16

Ақиық ақын Мұқағали ( т\с) 22/02/16

Ұрлық түбі- қорлық (т\с) 29/02/16

Салауаттану- болашағыңды сәулелендіру (дәрігермен кездесу)

Наурыз

Аналар асыл жандар ( т\с) 07/03/16

Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні (т\с) 14/03/16

Ата-ана жиыны

Білім инемен Құдық қазғандай (әнгіме)

Сәуір

Табиғат- сұлулық қайнары (т\с) 04/04/16

Ел сүйсінер ұлан бол ( т\с) 11/04/16

Атамның шеберханасы (т\с) 18/04/16

Керек кәсіп бәрі де (т\с ) 25/04/16

Мамыр

Ешкім де,ешнәрсе де ұмытылмайды ( т\с ) 02/05/16

Адал дос (т\с) 10/05/16

Ұлт тағылымы-ұрпаққа үлгі (т\с)16/05/16

Ынтымақ- достық кепілі (т\с)23/05/16

Дені сау ұрпақ-жарқын болашақ(әнгіме)









© 2010-2022