Сынып сағаты: Ризашылық пен Алғыс

Раздел Воспитательная работа
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Ризашылық пен Алғыс

Мақсаты: Оқушылардың «сыйластық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері: - ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру; - үлкен - кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым-қатынасын дамыту; - әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу;

Көрнекі құралдары: кеспе бата қағазы, қоржын, Шаттық шеңбері:

Ризашылық Сөзі мен әнін жазған Луиза Хей

Ризамын бүгінге,

Ризамын бүгінге,

Ризамын бүгінге,

Ризамын бүгінге!

Ризамын, ризамын, ризамын, ризамын,

Ризамын, ризамын, ризамын, бүгінге,

Ризамын, ризамын, ризамын қазірге.

«Қазақстан Республикасындағы кәсiптiк және өзге де мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 20 қаңтардағы № 3827 Жарлығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Жарлыққа қол қойды.

Алғыс дегенді қалай түсінесіңдер?

Адам өзінің ризашылығын, алғысын қандай сөздермен білдіреді?

Сендерге кім қандай жағдайда алғыс айтты?

Өздерің қандай жағдайда алғыс айтып көрдіңдер?

-Ризашылық-адамның басқа адамнан көрген жақсылығы, көмегі, көңілі үшін қанағаттанушылық және алғыс білдірушілік сезімі

-Алғыс-адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай-ақ оның ойы мен іс-әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беруі.

Анасы балаларына алғысты не үшін айтты?

Сендерге алғыс айтқанда қандай сезімге бөленесіңдер?

Шаңырақ - күн,

Уықтары - нұр, шашқан.

Екі пырақ, көк аспанға ұласқан.

Жарқырайды темірқазық жұлдызы,

Жол көрсетіп, алға бас - деп, Қазақстан! (Герб)

Ыстық дейді оны оттан,

Патриот оны ұнатқан.

Оңбайды бұл өмірде,

Адам оны жоғалтқан. (Отан)

Баспана көшпендіге өте ыңғайлы,

Әдемі мекен екен, жанға жайлы.

Тентектік істеп қойсаң, әке - шешең,

Сені тағы бұрышқа қоя алмайды. (Киіз үй)

Данышпан атамыз бізге Ақботаның қоржынына өзінің алғыс батасын салып жіберіпті. Сол қоржыннан шыққан хатты әр оқушы алып оқиды және оның мағынасын ашып айтып кетесіңдер.(қоржындағы әр бата сөзі кеспе қағазда жазылған) Рахмет! Жасың ұзақ болсын! Таудай бол! Өренің өссін! Бақытты бол! Білімді бол! Өнерлі бол! Бағың жансын! Мұратыңа жет! Өнерің өрге жүзсін! Азамат бол! Еліңе қорған бол!

Сахналау: Балалар өмірде кездесетін жағдайларға қарай ризашылық білдіруге, алғыс айтуға дағдыландыру мақсатында сахналау ұйымдастырылады. Әлгінде оқыған Данышпан атаның алғыс сөздерін сахналау кезінде қолдануымызға болады.Оқушыларды үш топқа бөлу. Әр топқа жеке-жеке сахналау тапсырмалары беріледі.

І топ: Мұғалімнің және сыныптастардың қыз баланы туған күнімен құттықтау сәтін сахналау;

ІІ топ: Ағалы-қарындас туыстардың үйге келген қонақтарды күтіп алу сәтін сахналау;

ІІІ топ: «Ұландар» тобының қарттар үйіне барып, қайырымды іс жасау сәтін сахналау.

Дәйексөз «Өмірге риза болып, алғыс айт» тақтада жазулы болу керек.

-Адам өзінің өмірге келгеніне қуанып, риза болады. Қолындағы барын қанағат тұтып, осының да бар болғанына рахмет деп алғысын білдіреді. Алғыс пен ризашылық білдіру өзіңді, өмірді, өмірде барды бағалаудан басталады. Жаңа ақпарат Балалар, ризашылық пен алғыс сөздерінде көп мағына жатыр. «Адам өз ісіне қанағаттанып, сүйсінген кезде ризашылық сезімге бөленеді. Ал өзіне жасалған жақсылыққа ризашылық білдіруді алғыс дейміз.»

Қортындылау: -Балалар, жылы сөз, қайрымды іс, жақсы ой, кіршіксіз сезімдеріңді ешкімнен ешқашан аямаңдар, «Рахмет» деген қасиетті сөзді жиі айтыңдар. Адам алғыс пен ризашылықты естіген сайын, жақсылық жасағысы келіп тұратынын естеріңде сақтаңдар. Өмірдің әрбір сәтін бағалай білуге үйреніңдер және Табиғат -Анаға мейірімді күні үшін, көңілді жаңбыры мен ақ қары үшін, жұмсақ ұлпа бұлты үшін, жақын адамдарға қайырымдылығы мен риясыз махаббаты үшін алғыс айтуды ұмытпаңдар.

№33 жалпы орта білім беру мектебі













Сынып сағаты



Тақырыбы: Ризашылық пен Алғыс













Сынып : 8 «б»

Сынып жетекшісі: А.М.Аспанова















2016 оқу жылы

© 2010-2022