Планирование на тему Тәуелсіздік

Раздел Воспитательная работа
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тәуелсіздік күніне арналған ертеңгілік

Салтанатты музыка ырғағымен балаларына жалау ұстап мереке өткізілетін алаңға шығады.

Жүргізуші: Құрметті балалар, құрметті қонақтар, ата- аналар! Бүгін біз тәуелсіз Отанымыздың мерекесін атап өтуге жиналып отырмыз. Мерекелеріңіз құтты болсын.

Жүргізуші: Бүгін тәуелсіз ел деп Отанымыздың жасампаз болуын, ана тіліміздің киелі болуын, тарихымыздың жүйелі болуын ұлықтаймыз.

Жүргізуші: Біз бүгін тәуелсіз ел деп Ұлының ұлағатты, қызының инабатты, халқының салауатты болуына барлық мүмкіндіктерді жолдайтын мемлекетімізді мақтан етеміз. Ендеше тәуелсіздік- біздің бас ұранымыз, көгілдір туымыз,- біздің болашақ бағымыз, нұрлы таңымыз.

Қазақстан Республикасының Әнұраны шырқалады.

Туған жерге нұр шашып жарық берген,

Қуаныш пен мол бақыт алып келген.

16-желтоқсан шуақ болып,

Тәуелсіздік еліме алып келген.

Әрбір республиканың өз ерекшелігін білдіретін әнұраны, туы, елтаңбасы болады.

Балалар, залда қандай суреттер ілулі тұрғанын байқадыңдар ма?

Балалардың жауабы: Қазақстан Республикасының рәміздері, Ту, Елтаңба.

Жүргізуші: Балалар үлкен мерекелерде, салтанатты жиындарда туымыз көтеріліп, әнұранымыз орындалады. Осы рәміздерді үлкен де кіші де құрметтеп, жоғары ұстауы тиіс. Ал Әнұранды балабақшадан бастап біз жатқа айтып жүрміз. Сендер елтаңба мен туды әрқашан қастерлеуге тиіссіңдер.

Ән «Отан» орындалады.

Мәди: Отан біздің панамыз

Аман жүрсін анамыз

Нұрлы күн сөнбесін

Мұхамед: Дос болайық бәріміз,

Жарасып тұр әніміз,

Тыныштықты сақтаймыз

Атсын күліп таңымыз.

Санжар: Біз балдырған баламыз

Дос құшағын елге ашқан.

Тілегіміз тыныштық,

Ашық болсын көк аспан.

Әділет: Отан менің ата-анам,

Отан - досым, бауырым.

Отан - өлкем, астанам,

Отан - аудан, ауылым.

Мадина: Бір шаңырақ астында,

Тату-тәтті тұрамыз.

Бірге ішеміз асты да,

Бірге сайран құрамыз.

Әдемі: Отан - жерім,

Отан - суым.

Отан қуат нәр береді

Отан - ұран

Отан - туым

Отан мәңгі гүлденеді.

Жүргізуші: Балалар біздің бүгінгі мейрамға қонақ келді. Ол кім екен табайық.

Күлдір, күлдір кісінетіп,

Күреңді мінер ме екенбіз.

Жағасы алтын, жеңі без,

Сауыт киер ме екенбіз.

Балалар: Алтын адам.

Алтын адам сахнаға келеді, өзін таныстырады. Бүгінгі мерекеге арналған қандай өнерлерін бар көрсетіңдер.

Іңкәр: Елбасы тілегі,

Елімнің жүрегі.

Жасанған елорда,

Туған джер тірегі.

Әділхан: Сарыарқа төсінде,

Сән беріп Есілге.

Жас қала - Бас қала,

Астана өуде.

Элеонора: Елордам қуатты,

Шырайлы, шуақты.

Шұғыла шаша бер,

Алтын күн сияқты.

Жүргізуші: Егемен еліміздің ертеңгі тұтқасын ұстайтын адал да әділ болып қызмет ететін азаматтарымыз бен азаматшаларымызды ант беруге ортаға шақырамыз.

Әдемі: Мен Қазақстан Республикасының азаматшасы - дәрігерімін, халқыма адал қызмет етуге ант етемін.

Санжар: Мен Қазақстан Республикасының азаматы - заң қызметкерімін халқыма адал қызмет етуге ант етемін.

Әділет: Мен Қазақстан Республикасының азаматы - кеден қызметкерімін халқыма адал қызмет етуге ант етемін.

Іңкәр: Мен Қазақстан Республикасының азаматшасы - ұстазбын, халқыма адал қызмет етуге ант етемін.

Жүргізуші: Балалардың мерекеге дайындаған ұлттық танымдық «Алтын сақа» ойынын көріп тамашалаңыздар.

Асық ойнаған, азар,

Доп ойнаған, тозар.

Асық ойнаған, ақтық

Доп ойнаған, топтық.

Алтын адам балалардың өнерлеріне ризалық білдіріп, өзінің әкелген сыйлықтарын балаларға үлестіріп береді.

Жүргізуші: Қазақстанымыздың көк байрағы мәңгі желбіреп, аспанымыз ашық болсын, шаңырағымыз ешқашан шайқалмасын. Тәуелсіздік күніміз құтты болсын. Осымен ертеңгілігіміз аяқталды.



© 2010-2022