Планирование Ата-аналармен жұмыс (7 класс)

Раздел Воспитательная работа
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Баяндама

Өмірдің мәні - бала , сәні - бала ,

Баланың бас ұстазы - ата - ана.

Адам баласы үшін баладан артық байлық жоқ.Бала өміріміздің мәні де, сәні де , бала - бауыр етіміз.Ия , біз аялап өсіріп баптаған баламыздан үлкен үміт күтеміз.Ел таныған азамат атанғанын , өзіміз жетпеген биіктерге шыққанын армандаймыз.

Сонымен қатар , баламыздан өзімізге деген сыйластықты ,ата -ана ретінде құрметпен қарауын талап етеміз.Баламыз өз бетімізден алып бажаңдап отырса , оның сөзін көтере алмаймыз. «Неге әке-шешеге қарсы сөйлейсің ?» , «Неге бетімнен аласың -?» , «Қырсықпа , қасарыспа менімен !» , «Менімен ашық сөйлеспейсің , әңгіме айтпайсың !» т.б. осылай баламызға сын тағып отыратынымыз бар.Осындай «негелерді» баласына қоятын ата-аналар көп.Олар баласының өздеріне осындай қарым-қатынас жасайтындығына бірауық өздерінің қатысы бар екендігін білер ме екен? Ия , кейде іштей мойындау да мүмкін ,мойындамайтындар да бар ғой. «Өз балаларыңызды сүйе отырып , оларды сізді де сүюге үйретіңіз , үйретпесеңіз - қартайған шағыңызда көз жасыңызды төгесіз" деген екен өткен ғасырымызда бала тәрбиесі жөнінде біраз еңбек сіңірген ғалым - ұстаз В. А.Сухомлинский.

Осы мәселелерге байланысты өз 7 «Г» сыныбымның ата-аналарымен «Не ексең , соны орасың» тақырыбында ашық -тәрбие сағаты-тренингін өткіздім.Бұл жиын жаңа әдіс -тәсіл бойынша жүргізілді.Барлығы орнынан тұрып , шеңбер жасады. «Бала үшін ата-ана кім ?» деген сұрақ тастадым.Әр ата-ана кезегімен жауап берді.Үш топ боп бөлінетіндігімізді , яғни «Әке» , «Шеше» , « Бала» топтары боп не себепті бөлініп отырғанымызды сұрадым , бүгінгі тақырыбымыз болғандықтан осы атаулар алынған шығар деген мағынадағы жауаптар алынды. «Балаларыңызды қандай сөздермен еркелетесіздер ?» - дегенімде , қай - қайсысы да мейірімділікті, жақсы көрген кездеріндегі айтатын сөздерін атап өтті. Үш топқа да стикер таратылды , соған балаларына қатты ренжіген кезде қандай сөздер айтатындығын және жасырмай жазуын өтіндім.Сонымен бірге алдарындағы ақ қағазға жүректің суретін салу тапсырылды және топтаға ата-аналар әлгі стикерге жазғандарын жүрекке жапсырды.Осыдан кейін «Шеге» бейнеролигін көрсеттім.Ата-аналар бейнероликті қарап болған соң ,алған әсерлерін ортаға салды.Қатты әсер алғандығын байқадым.Бір ата-ана шынын айтып,өзінің бой жетіп отырған қызы барын ,соған кейде көңілінен шықпаған кездерінде ,жер - жебіріне жетіп қатты ұрысатынын мойындады.Дәл қазір өкініп отырғанын да жасырмады.Манадан бері көп араласа қоймаған ата-аналар кезегімен шешіліп сөйлеп , өз ойларын ортаға салды. Осы бейнеролик қатты әсер еткенін айтып жатты әрбірі.Өзім де қорытындылау мақсатында ,өз қолдарымен салған жүректеріне қадаған сөздерін көрсеттім.Бала жүрегі -өте нәзік.Сәл нәрсеге шыдас бере бермейді.Сол нәзік жүректерінің «Шегедегідей» орны қалып тесілуіне ,әрине ата-ананың ролі ерекше.Ол жара ешқашан жазылмайды , орны тыртық боп қалады. Ал ол баламыздан біз қалай өзіміз қалағандай азамат болуын күтеміз?Біз ол баламызды қалайша неге мейірімді емессің деп жазғырамыз? Неге сырыңды айтпайсың , бөліспейсің дейміз! Бәріне кінәлі өзіміз! Осындайда , Л.Н. Толстойдың «Ата-аналардың басты қателігі - олардың ең алдымен өздерін тәрбиелеп алмай ,балаларын тәрбиелеуге тырысатындығында» деген қанатты сөзі еске түседі.

Сонымен қатар ата - аналармен жұмыс жасағанда түрлі ситуациялық сұрақтар қойған да орынды.Ол сұрақтар күнделікті өмірде жиі кездесетін жағдайлар , оқиғалар болуы мүмкін.Ойқозғау арқылы ата - аналарымыздың шынайы шешіліп ,ой - пікір білдіруі - бұл үлкен жетістік.

«Ата- аналарға баласынан жаднама» - бұл бала үні болып табылады.

Екі оқушым : ұл мен қыз дайын слайд арқылы жалпы ата - аналарға айта алмай жүрген ойларды оқып шығады.Бұл , әрине , көпшілігінің ойы.

Міне , менің осы жиналыста бір бейнеролигімнің өзі -ақ ата-аналарымды біраз ойлантып тастады.Ситуациялық сұрақтар , «Ата - аналарға баласынан жаднама» , қай - қайсысы да - менің ата - аналарыммен жақынырақ араласуыма мүмкіндік берді.Күнделікті өздері мән бере бермейтін қателіктерін мойындатты.Қазіргі заман талабына сай ,баяғы ескі сүрлеумен жүре бермей ,баламен дұрыс қарым-қатынас жасауда да үлкен жауапкершілік керек екендігін , тек өзімбілемдікке салына бермей , баланың да ойымен санасып ,үнін тыңдауымыз тиіс екендігін айтып , жаңадан шығып жатқан түрлі психологиялық еңбектерді ересектердің оқып жүруі артықтық етпейтінін , қайткенде де өзгеруіміз керек деген қорытындыны өздері шығарды.

«Тегінде , адам баласы адам баласынан ақыл ,ғылым , мінез деген нәрселермен озады . Одан басқа нәрселермен оздым демектің бәрі де - ақымақшылық» , - деген шығыс даналығын келтіре отырып ,ой түйіндегім келіп отыр.

Тәуелсіз елдің ертеңгі қожасы , иесі - балаларымыз.Ертеңгі азаматтарымыз заман талабына сай озық ойлы , тәрбиелі , жан - жақты білімді болуы үшін оқыту саласындағы оң өзгерістерді ата-аналар жиналысында да сала отырып , көздерін жеткізуіміз қажет .Себебі , қазіргі ата - аналардың көбі ала таңның атысы - жұмысбасты боп кеткен.Біз мұғалімдер тек алдымыздағы оқушының ғана емес , ата-анасының да тәрбиесін назардан тыс қалдырмауымыз керек . Әйтпесе , тек мектеп болып берген , ұстаздардың тәрбиесі толыққанды бола алмайды.Үйде - ата - аналарымыз , мектепте - мұғалімдер қауымы жас жеткіншектерімізге үлгі бола білуіміз керек .Өмірді әлі дұрыс танып білмеген ,адамдармен қарым - қатынас жасауды жөнді меңгере қоймаған бала үшін - көп нәрсе алда. Жас буын үлкендерге қарап бой түзейді.Сол себепті , ата-аналарымызға да жаңаша бағыттағы тренингімізді ұйымдастыра білейік . Ата-анамыздың да көзін жеткізейік.Сонда ғана екіжақты тәрбиеден дұрыс нәтиже күтуге болады.Сонда ғана екі тарапқа да ортақ жаңа ғасырдың білімді де тәрбиелі ,еркін ойлы азаматын тәрбиелеп шыға аламыз.









Мәлімет

1.Автордың тегі,аты-жөні: Анесова Ақдариха Нургалиевна

2.Ғылыми дәрежесі, атағы:

3.Жұмыс орны , қызметі: №8 орта мектеп ,қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

4.Байланыс телефондары: 56 - 8 - 13

5.Е - mail :

6.Мақала тақырыбы: « Не ексең , соны орасың »



© 2010-2022