Урок Жаксы деген не жаман деген не

Раздел Воспитательная работа
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

№19 ОРТА МЕКТЕП











Тәрбие сағаты

Тақырыбы: «Жақсы деген немене, жаман деген немене»


Класс: 6 «Д»

Сынып жетекшісі: Байжанова Гулсим Набиевна






2015-2016 жыл


24.11.2015ж

Сабақтың тақырыбы: Жақсы деген немене, жаман деген немене?
Мақсаты: Оқушыларға А. Құнанбаевтың жақсы мен жаман туралы айтқандарын түсіндіру, адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту.
Өз халқының салт - дәстүрлерін, әдептілік туралы нақыл сөздерді, алтын ақылдарды, тыйым сөздерді үйрету арқылы адамгершілікке, ұқыптылыққа, кішіпейілділікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қанатты сөздер, мақал - мәтелдер, Абай Құнанбаевтың суреті
Кіріспе.
Мұғалім: «Адамға ең бірінші білім емес, рухани тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім - азаматтың қас жауы. Ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі » деген ұлы ғұлама Әл-Фараби Олай болса, білім бере отырып елін, жерін сүйетін азамат тәрбиелеу үшін отыз баланың артында, алпыс ата-ана бар екенін ұмытпауымыз керек.

1 - кезең. «Балам - менің болашағым»
1. - Бала деген кім?
* Ата -аналар жауабы:
"Ертеде бір адам ғұламаға келіп:
- Баланы неше жастан бастап тәрбиелеген дұрыс? - деп сұрапты.
Ғұлама:
- Балаңыз қаншада? - деп өзіне сұрақ қояды.
- Бес-ақ ай толды, - дейді анау. Сонда ғұлама басын шайқап:
- Бес айға кешіккен екенсіз, - деген екен". Халық арасына кең тарылған бұл аңыздың айтпағы баршаға түсінікті. Яғни, баланы туған сәтінен бастап тәрбиелеу керек. Демек, бала тәрбиесінің негізін құятын ең алдымен - ата-ана.

2. Сұрақ-жауап.
1. Отбасының қорғаны кім?
2. Сіз балаңыздың қандай азамат болғанын қалайсыз?
3. Отбасыңызда ұлттық салт-дәстүрімізді қалай насихаттайсыз?
5. Балаңызға кімді үлгі тұтасыз?
6. Баланы еркін тәрбиелеген дұрыс па?
Ата - аналардың пікірі тыңдалады.

2 - кезең. «Аталар сөзі - тәрбие көзі»
- Ата сәлеметсіз бе? Айтыңызшы жақсы деген немене?
- Амансың ба, балам? Жақсы дегеніміз мыналар:
- Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым, ойлап қой, бес асыл іс көнсеңіз. Өмірде осы бес істі орындаған, өзінің қажетіне асырған адам - жақсы адам, балам. Жақсы дегеніміз осы.
- Ассалаумағалейкум, ата !
- Айтыңызшы, жаман дегеніміз не?
- Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек бекер мал шашпақ, бес дұшпаның білсеңіз. Өмірде осылардан аулақ болсаң, сенің жақсы азамат болғаның, балам.
Қане енді оқушылардан сұрап көрейікші. Абай атасының өсиеттерін білер ме екен? Жақсы дегеніміз не, балаларым?

1- оқушы: Жақсы бала құлақ сап,
Айтқаныңды ұғады.
Төсегінен тұра сап,
Таза ауаға шығады.

2 -оқушы: Жақсы бала, ол анық,
Істемейді шалалық.
Тап - таза боп жуынып,
Алады ол таранып.

3 - оқушы: Жаман бала құрысып,
Өз - өзінен тырысып.
Түске дейін жатады,
Шешесімен ұрысып

4 - оқушы. Жақсы бала әрдайым ,
Деп «Ұятқа қалмайын»
Сабағына барады,
Күнделікті дап - дайын.

5 - оқушы. Үлкенді де сыйлайды,
Достарын ол жинайды
Әлсіздерге қамқор боп,
Жамандыққа қимайды

6-оқушы. Анау бала, қолын қара,
Кір қожалақ қап -қара.
Тырнағы өскен, шашы көптен
Алынбапты -ау масқара!
Демек, адам бойында жақсы - жаман қасиеттер болады екен. Ал біз жақсы қасиеттерді ананың ақ сүтімен, бал тілінен бойымызға сіңіреміз. Жақсы бала осы қасиеттерді үйреніп, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысады. Ал енді ақылды, әдепті балалар қандай болуы керек?

1. Білер қазақ баласы:
Сәлем -сөздің анасы.
7- оқушы.
Бақшамызға барғанда,
Жолыққан бар жандарға
Ертемен ақ пейілмен:
«Қайырлы таң!» - деймін мен.
Күндіз де елді елеймін:
«Қайырлы күн!» - тілеймін.
Үйге кешке келемін,
Не дерімді білмеймін:
«Кеш жарық!» - деп кіремін.
(Е. Өтетілеуұлы )

8- оқушы.
Атам менің әманда
Әдепті жан бол деген
Ата сөзі санамда -
Жасы үлкенге жол берем.
Алдын орап кісінің
Кесіп өтпей көлденең,
Ізетімен кішінің
Сәлемдесіп қол берем.
(Ә. Асылбеков )
Ән: «Болайықшы осындай »

2. Тазалық пен ұқыптылық.
Мұғалім:«Тәні саудың дені сау» - дейді халық. Әрқашан да мұнтаздай таза да сүйкімді болып жүру үшін не істеу керек?

10- оқушы.
Дос бол сабын, сумен сен,
Жиі - жиі жуын сен.
Таңертен де, кеште де,
Жуын күндіз, түсте де.
Жуын тамақ алдында,
Жуын тамақ соңында.
Жуын ұйықтар кезінде,
Жуын тұрған мезгілде.
Су мен сабын - бір жолдас,
Жоймас олар кір болмас.
(Е. Өтетілеуұлы )
3. Бәрін өзім жасаймын.

Мұғалім: Қолынан көп іс келетін адам өзін сенімді де, күшті сезінеді. Жалқаулық ең жаман әдет.
11 - оқушы. Ата - анамыздың көңіл күйі жақсы болсын десек, үй - ішін жинақы, таза ұстауымыз керек. Бөлмені жинастырып болған соң міндетті түрде желдетіп алу қажет.

12- оқушы. Тамақ ішіп болған соң үлкендердің ескертуісіз өз ыдысымызды жуып қойған жөн. «Табағы таза адамның тамағы да таза» дегенді ұмытпайық.
4. Ас үстінде.
13- оқушы. Асқа отырар алдында міндетті түрде қолды жуу керек. Кір қолмен тамақ ішу - тәрбиесіздік қана емес, денсаулыққа да қауіпті. Дастарқан басында өзгелердің тәбетін бұзатын қылық жасама. Тағамды, табақты езгілеп, берекесін алма.
14- оқушы. Ас үстінде көп сөйлемеген дұрыс. «Ас үстінде жалқаумын, саңырау да, мылқаумын» деген мәтел сөз бар.
15- оқушы Үй іші дастарқан басына жайғасар кезде жасы кішілер үлкен адамдар отырып болғанша күте тұруы керек. Нан турасып, ыдыс - аяқ қойысуға көмектесуге болады. Тамаққа үлкендерден бұрын кірісуге болмайды.
5. Телефонмен сөйлесу.
16 - оқушы. Таң атпай немесе түнге қарай ерекше бір жағдай болмаса, телефон шалған дұрыс емес Егер нөмірді дұрыс термесең кешірім сұра.

«Жақсыны үйрен, жаманнан жирен»
(6-7 бала футбол ойнап жүреді. )
Мұғалім: Балалар жүр көшеде
Естіледі шу - айқай.
Ербол шықты елеңдеп,
Қағып кетті көршіні
Қапылыста байқамай.
Мұндайда не деу керек?
Оқушылар: «Кешіріңіз» деу керек.
(Мұғалім мен Ербол оқушы)

Мұғалім: Ерте тұрып, мектепке
Ербол келді сабаққа.
Қарсы алдынан кезігер
Ұстазы оның әр уақытта.
Ұмытты Ербол бұл кезде
Ұстазына не дейді?
Мұндайда не деу керек?
Оқушылар: «Сәлеметсіз бе» деу керек.

Мұғалім: (Ауыр сумка арқалап әже өтіп келе жатады).
Ауыр сумка көтеріп,
Белі кеткен иіліп,
Келе жатты қарт ана.
Ербол қарсы кезікті,
Өте шықты жанынан.
Мұндайда не деу керек?
Оқушылар: «Көмектесейін» деу керек.

Мұғалім: (Апасы базардан келе жатыр, Ербол қуанып алдынан шықты)
Апаң сенің базардан
Алма сатып әкелді.
Ең үлкенін жақсысын
Саған таңдап әперді.
Мұндайда не деу керек?
Оқушылар: «Рахмет»деу керек.

Мұғалім: Сыйлап үлкен адамды, сәлем берген баланы «Кім дейміз?»
Оқушылар: Әдепті екен бұл дейміз.

Мұғалім: Бұғынбай қорғалап,
Болсын үлкенге қолғанат,
«Кім дейміз?»
Оқушылар: Еңбексүйгіш бұл дейміз.

Мұғалім: Өтірік сөз айтпаса,
Уәдесінен қайтпаса
«Кім дейміз?»
Оқушылар: Шыншыл екен бұл дейміз.

17 - оқушы: Қанағат, рахым, терең ой,
Талап, еңбек - өркенді,
Бәрі саған керек қой,
Ұлы өмірің - ертеңгі.
Бес асыл іс - бұл арлы,
Үлгі болған ғасырдан.
Қастер тұтып бұларды,
Ардақтап өс жасыңнан.

18 - оқушы: Бес жаманнан қашық боп,
Армандайық алысты.
Бес асылға асық боп,
Қамшылайық намысты.
Есте ұстап аруақты,
Өсиетін атаның.
Көбейтейік әр уақта
Әдептілік қатарын,

3 -кезең. « Ескірмейтін есті сөз»
1. Бас киімді лақтырма.
2. Таңдайыңды қақпа.
3. Малды теппе.
4. Отпен ойнама.
5. Бос бесікті тербетпе.
Ата - аналар тыйым сөздер айтып, мағынасын түсіндіреді.

6. Әдептілік туралы мақал - мәтелдер.
Әдепті әдепсізден үйрен
Әдепсізге қарап не істемеуді үйрен.
Мейірімділікті анадан үйрен,
Әдептілікті данадан үйрен.
Сәлем беру де парыз,
Сәлем алу да парыз.
Аға әдепті болса, іні әдепті,
Апа әдепті болса, сіңлі әдепті.
Әдепті елдің баласы
Алыстан сәлем береді.
Ата -аналар мақал-мәтелдердің жалғасын табады.

Абай ата бата береді.
- Балаларым мен сендерге ризамын ! Өркендерің өссін. Менің өсиеттерім, өлең - нақылдарым да жетеді. Үлкейгендеріңше білмегендеріңді біліп алыңдар. Егемен еліміздің ел билейтін азаматтары болыңдар. Әумин!
Мұғалім:- Халқымыздың аяулы ұлы зиялы азаматы Б. Момышұлы былай деген екен: «жаудан да, даудан да қорықпаған қазақ едім. Енді, қорқынышым көбейіп жүр. Балаларын бесікке бөлемеген, бесігі жоқ елден қорқам. Дәмді, дәстүрді сыйламайтын балалар өсіп келеді, оның қолына қылыш берсең, кімді де болса шауып тастауға даяр. Қолына кітап алмайды. Үйреніп жатқан бала жоқ , үйретіп жатқан әке, шеше жоқ»
Бауыржан атамыз бүгін де арамызда жоқ, ол кісі көтерген мәселе бәрімізді де алаңдатуы тиіс. Бұл ата - анаға да, ұстазға да ой салады деп ойлаймын.
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, баланы бірлесе отырып тәрбиелейік.


© 2010-2022