Көктем аруы мен ханзадасы сайыс

Раздел Воспитательная работа
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

1-жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, гүлдей құлпырған қыздар! Барлығымыз асыға күткен көктемнің алғашқы күндерімен бірге 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Бұл - бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен аналар мен нәзік жанды қыздар қауымының төл мерекесі. Көктем аруы мен ханзадасы сайысына қош келдіңіздер!

2-жүргізуші: Қош келдіңіздер мектебіміздің ұстаз, қыздары! Бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын! Сіздерге сарқылмайтын денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз. Осы күні өздеріңізге бағытталған тілектер періштенің құлағына шалынсын. Әрдайым біздердің жанымызда жүре беріңіздер.

2-жүргізуші:Мың бұралған арулар аңдап басып,
Келеді міне ортаға толқып тасып
Аруларын сыйлаған, халқым менің,
Көңілді қошеметпен қарсы алайық!

8 Ә сыныбы Аяжан мен Олжас

7 А сыныбы Акнур мен Рахат

7 Ә сыныбы Айнұр мен Қуаныш



1-жүргізуші:Ал, халайық, арулар мен жігіттерге тамсанайық,
Қыз қылықты дегенге ән салайық.
Атына заты сай аруларға
Тағы да бір қол соғып қарсы алайық.


Уа, арулар, арулар! Ешкімің жоқ алалар.
Ару болу үлкен сын, оны қазың бағалар. - деп әділ - қазылар алқасымен таныс болыңыздар.


Абусагитова Айгүл Саматқызы

Математика пәнінің мұғалімі

Қазыбаев Ерасыл

Тәлімгер

2-жүргізуші

Бойжеткен арулар мен жігіттер келіп жетті танытуға,
Бойындағы бар дарынды дарытуға.
Қорықпастан сахнаға келіп жетті,
Әдеппен, ізетпенен танысуға.

Бұл сайыста үзеңгі қағыстырып,
Көрейік, ару қыздар мен жігіттерді жарыстырып.
Бұл залда білетін бар, білмейтін бар,
Әрбір ару мен жігіт көрсін өзін таныстырып.

1-жүргізуші:Ендігі кезекте « Өнерлі өрге жүзер» бөліміне ару қыздарымыз бен жігіттеріміздің өнерлерін тамашалайық

2-жүргізуші:Ортада 7 А сыныбы

Келесі жұп 7 Ә сыныбы

Келесі жұпты ортаға шақырайық 8 Ә сыныбы

1-жүргізуші: 3 аруымызды ортаға шақырайық

«Зерделінің ойы озық»
(Лездік сұрақтарға жауап беру)

1-ші арудың сұрақтары.
1. Қозы Көрпештің серігі? (Баян Сұлу)
2. Ананың анасы сізге кім болады? (Нағашы әже)
3. Еттен жасалатын тағам? (Бесбармақ).
4. Қазақстанның Президенті кім? (Н.Назарбаев)
5. Қазақстанның бұлбұл әншісі атағына ие болған әнші анамыз? (Б. Төлегенова).
6.Абай Құнанбаевтың анасы? (Ұлжан)
7. Білім, оқу, жазуды үйретуші адам? (Ұстаз).
8. «Фариза, Фаризажан Фариза қыз» кімнің өлеңі (Мұқағали)
9.Қошақанның анасы? (қой).
10. Қыз бала туралы бір мақал айтыңыз.

2-ші арудың сұрақтары.
1. Еңліктің серігі? (Кебек)
2. Ананың қызы сізге кім болады? (әпке)
3. Қамырдан жасалатын тағам? (Бауырсақ, нан).
4. «Ана тілі - арың бұл»кімнің өлеңі? (Қ. Мырза Әли)
5. Қазақстандық әйгілі биші анамыз? (Ш. Жиенқұлова).
6. Абай Құнанбаевтың әжесі? ( Зере).
7. Ас пісіруші маман адам? (Аспаз).
8. Әнші Нағима… (Есқалиева)
9. Ботаның анасы? (түйе).
10. Бала туралы бір мақал айтыңыз.

3-ші арудың сұрақтары.
1. Мойынға тағатын әшекей бұйым (алқа)
2. Апа сіңлінің балалары (бөле)
3.Қазақ әйелдерінің сәндік әшекей бұйымдары? (сырға,білезік, жүзік, сақина, шолпы, алқа, қапсырма, шашбау, бойтұмар, түйреуіш, белбеу).
4. Ою өрнектің бір түрін ата? (қошқар мүйіз, арқар, сыңар, өркеш, төртқұлақ, түйетабан, қос алқа, сыңар).
5. Аққуда не жоқ? (сүт)
6.Абай Құнанбаевтың анасы? (Ұлжан).
7. «Мен қазақпын» поэмасының авторы (Ж.Молдағалиев)
8. Әнші Тамара… (Асар)
9.Ешкінің төлі ? (лақ).
10. Ана туралы бір мақал айтыңыз

1-жүргізуші: Көрермендер сайысы

Ойын шарты

Бұл ойынға 3 қыздар мен ұлдар керек .(фартук, орамал,гүл)

2-жүргізуші

Ендігі кезекте қыздар мен ұлдар өздерінің сәнді киім үлгілерін көрсетеді. (Әрқайсысы әуезді әннің сүйемелдеуімен шығады)

2-жүргізуші

«Дәм - думан». Бұл бөлімде дайындап алып келген тағамды қалай жасағанын айтып қорғау.

1-жүргізуші:Оңай ма әлде қиын ба

Құрамы

Неліктен бұл тағамды тандадыныз

2-жүргізуші

ұлдарымызбен қыздарымыздың биін тамашалайық.Вальс

Құрметті әділ қазылар сіздер бір шешімге келгенше, келесі ойынымызды бастайық.Ол үшін 3 ұл бала керек.

1-жүргізуші:

1.Сен онда жиі барасың ба

2.Сен онда көбінесе не істейсің

3. Өзімен бірге не апарасын

4.Ол жер саған ұнай ма

5.Жауабын


1-жүргізуші:Құрметті ұстаздар мен оқушылар біздің осы мерекелік кешімізді көңіл қойып тамашалағандарыңызға көп - көп рахмет!
Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Мезгілде біраз жерге таяп қалды.
Қош болып тұрыңыздар көріскенше,
Осымен концертіміз аяқталды.

Сау - саламатта болыңыздар!

© 2010-2022