Доклад на тему Салт - Дәстүр – Асыл қазына

Раздел Воспитательная работа
Класс 11 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Салт - Дәстүр - Асыл қазына

Мақсаты: Оқушыларға қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдет - ғұрыптың тәрбиелік мәнін ұғындыру, баланың бойына адамгершілік қасиетін қалыптастыру, халық өнегесін үйрету, ата - аналармен тығыз байланыс жасау арқылы ортақ тәрбиеге жұмылдыру.

  1. Ата салтым - асыл мұрам ардағым,

Бабалардың жалғастырар арманын

Сан ғасырда қалпын бұзбас қадірім,

Өткенімді бүгінменен жалғады.

  1. Қазағымның салт-дәстүрі жаңғырған,

Тәлімді ой сынағы, тәрбие көзі қалдырған.

Салт-дәстүрді ардақтайық, ағайын.

Қазақ атты үлкен, кіші, балдырған.

Жиналыппыз сәтті күні бәріміз де,

Үлкен, кіші, жасымыз, кәріміз де.



  1. Өнерлі халық - өмірмен халық, қазақтың әдет ғұрпына, салт-дәстүріне бағытталған. «Салт - дәстүр - асыл қазына»

Қазақ халқының салт-дәстүрі: отбасы, тұрмыс дәстүрі, еңбек дәстүрі, наурыз дәстүрі, ислам тағылымы, отау көрсету дәстүрі, тәрбие дәстүрі, қаза ғұрпы.

Әр ұлттың, халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс - тіршілігіне, ұлттық құрылым ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып, өмірдің өзі туғызған ғұрыптар тұғырының негізі салт ретінде қалыптасқан.

Шілдехана - Жаңа туған нәрестенің құрметіне жасалатын ойын-сауық той.

Кіндіккесер - Нәресте туған сәтте оның кіндігін кесетін әйелдер (кіндік шешесі) дайын тұрады. Кіндік кесу - мәртебелі, абыройлы іс.

Бесікке салу - Жаңа туған баланы бесікке салу. Бесік - қасиетті, киелі құтты мүлік, сәбидің алтын ұясы болып есептеледі.

Қырқынан шығу - Баланың туғанына қырық күн толған соң оны ыдысқа қырық қасық су қүйып шомылдырады. Ол сәбидің жан-жүйесінің қалыптасып дені сау болып өсуіне деген ақ тілектен шыққан.

Тұсаукесер - сәби қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрып. Қазақтың өмір салты, өнер салты қолдану мен дәріптеуді ғұрып дейміз.

Қазақ халқында қалыптасқан ғұрыптар

Ат қою ғұрпы - Қазақ халқы жаңа туған сәбиге жақсы есімдер мен әйгілі адамдардың атын қойған. Сонымен бірге бала есімін беделді адамдарға қойғызады.

Айдар ғұрып - Балалардың төбе шашын ұзартып өсіріп, моншақ араластырып өсіріп қояды. Бұл ғұрып ер балаға жасалады. Сәбилер шаш орнына тұлым кекіл қояды.

Кекіл ғұрып - Жас балалардың шашын ұстарамен алып тастайды да, маңдайына бір шөкім шаша қалдырып, оның жиегін тегістеп қиып қояды.

Дәстүр - Халықтан атадан-балаға көшіп, жалғасып және дамып отырған тарихи әлеуметтік, мәдени-тұрмыстық, кәсіптік, салт-сана, әдет-ғұрып, мінез -құлық, тәлім-тәрбие және рухани іс-әрекеттер көрінісі.

Тыштырма дәстүр - сәбиді бесікке салар кезде бесіктің түбесі тұратын тесіктен құрт, ірімшік, тәттілер өткізіп «Тыштыма, тышпады ма» деп ырым жасайды және оны «Тыштырма» деп айтады. Тыштырманы әйелдер ырым етіп бөлісіп, бала-шағаларына үлестіріп береді.

Базарлық дәстүр - алыс сапарға шыққан адамдардың жақындарына (жерлес, көрші көлем, жас балаларға) әкелген сыйлығы.

Байғазы дәстүр - балалардың, жастардың жаңа киімі, заты үшін берілетін ақшалай, заттай сый.

Тілашар - баласы жеті жасқа толған соң балаға жаңа киім кигізіп оқу - жабдықтарын дайындап, шағын той өткізеді. Мұны тілашар тойы деп атайды.

Жеті ата дәстүрі - халқымыз кейінгі ұрпаққа жеті атасын білуді міндеттеген.

Астау дәстүрі - ет желініп болған соң төрде отырған ақсақал табақта қалған етті жас балалар мен жігіттерге асатады.

Жеті жұт - құрғақшылық, мал жұтау, оба (індет) өрт, соғыс, жер сілкіну, сел тасқын.

Жеті қазына - Ер жігіт, сұлу әйел, ілім-білім, жүйрік ат, құмай тазы, қыран бүркіт, берең мылтық.

Жеті атаны атаңыз: әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат.

Жеті жетімге нелер жатады:

Тыңдаусыз қалған сөз жетім,

Қиюсыз қалған боз жетім

Иесіз қалған жер жетім

Басшысы жоқ ел жетім

Аққу қазсыз көл жетім.

Елінен айрылған ер жетім

Замандасы қалмаса

Бәрінен де сол жетім.



© 2010-2022