Сценарий Жаңа жылдық ертегіге саяхат

Раздел Воспитательная работа
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жаңа жылдық ертегіге саяхат

Музыка ойнап ән орындайды.

1 жүр: Армысыздар, құрметті қонақтар, Күршім ауылының түкпір-түкпірінен жиналған кішкентай ертегі әлемінің кейіпкерлері және барша қауым! Жаңа жылдық шыршаға қош келдіңіздер!

Кел, Жаңа жыл, Төрле - төрле жеріме.

Құт - береке боп келгейсің еліме.

Үміт артып армандарға аяулы

Шаттығыңа бөлегейсің бәрін де.

2 жүр: Пусть вечер будет радостный для всех!

Пусть музыка звучит и звонкий смех!

Пусть елка будет серебром сиять!

Сегодня с Новым годом мы будем поздравлять!

На «елку» Аким пригласил всех ребят,

И вашим улыбкам он будет лишь рад.

Сказки ожили только для вас,

И будут в гостях сегодня у нас.

1 жүр: Қадірлі жас достар! Біздер бүгін жаңа жылды қарсы алу мақсатымен осында жиналып отырмыз. Енді жаңа жылды мерекелік көтеріңкі көңіл - күймен қарсы алуға мүмкіндік жасаған, мынадай сән - салтанаты келіскен Жаңа жылдық шыршаны ұйымдастыруға ұйытқы болған ағаларға шексіз алғысымызды білдіреміз.

2 жүр: Поприветствуем замечательного человека, который пригласил сегодня в этот зал на Новогодний праздник ребят со всего района.

Встречайте - Аким Курчумского района Алтайбек Сейтович Сейтов!

1 жүр: Халыққа қызмет ететін,

Ізгілік дәнін егетін,

Жалындаған жастарға

Бақыт нұрын себетін, - деп , құрметті ертегі әлемінен келген бүлдіршіндер, бүгінгі мерекені ұйымдастырып, шаттықтан мол шашу шашып, жер-жаһанға қуаныш сыйлап отырған мерекенің иесін құрметпен қарсы алайық. Ол - балдырғандар әлемінің демеушісі, қамқоршы қолдаушысы, балғын балалықтың сиқыр әлемін сыйға тартушы Күршім ауданының әкімі Сейітов Алтайбек Сейітұлы.

2 жүр. Қош келдіңіз Жаңа жыл кешімізге

Жаңа табыс тілейік ісіңізге

Келе жатқан Жаңа жыл құт әкелсін.

Мына отырған барша жан бәрімізге

Құрметті Алтайбек Сейтұлы және мерекеге жиналған қауым, сіздерге бишілер тобының орындауында қазақ биін тарту етеміз.Қабыл алыңыздар.



Есть немало праздников прекрасных,

Каждый наступает в свой черед.

Но на свете самый добрый праздник,

Это несомненно Новый год!

Он нам дарит веру в добрый случай,

В новый день и новый поворот.

Помогает становиться лучше

Всем на свете людям Новый год!

И в милый сердцу праздник новогодний

Мы от души поздравить вас хотим,

Ну, а теперь все дружно отвечайте,

Кто пригласил на елку вас?….

Дети отвечают : «АКИМ!»

Уважаемый Алтайбек Сеитович!

Дайте детям свой наказ

И поздравьте в этот час!



1 жүр: Бар қызықты көрсеткен ұландарға

Жақсылықтар көбейсін жылдан жылға.

Еңбегіңіз еленіп табысты боп

Мың рахмет аудандағы әкім аға, -деп жаңа жылдық кешімізді ашу және шырша шамын жағу үшін Сейітов Алтайбек Сейітұлын қошеметпен ортаға шақырайық.

2 жүр. Алтайбек Сеитович, ведь сегодняшний праздник это и ваш праздник, так примите от нас волшебную палочку и начните наше праздничное представление.

(Аким зажигает елку, его окружают маленькие феи и танцуют).

1 жүр: Қуан, шаттан, жадыра

Жасыл шырша жарқыра

Ақ ниетті қымбатты

Балалардың бағына

Жарқыра! Жарқыра! Жарқыра!

Шырша деген жарқырайды шамдайын,

Шырша астында биге басып самғайын.

2 жүр: Ну-ка, елка встрепенись!

Ну-ка, елка улыбнись!

Ну-ка, елка, раз - два - три!

Светом радости гори!

Высокая, нарядная, самая пушистая и сказочная елка.

Ах, как красива наша елка!

Искрится все она иголками!

С сияньем ее стал наш праздник чудесней



(Би «Кукарача»).

1 жүр: Балалар, қане енді әсем шыршаны айнала тұрып, шырша әнін шырқайық. Хоровод. «Аппақ-аппақ жапалақтап».

Барабаны

1 жүр: Міне, 2011 жылдың иелері қояндар да мерекемізге келіп қалды.

(Залға қояндар кіреді)

Бірінші Қоян: №1қоян байланыста. Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар. Барлық қояндарды жаңа жылдық шырша мерекесіне шақырамыз!

Екінші Қоян: Біз байланысқа шықтық. Бұйрық қабылданды. Бұйрықты орындаймыз.

Барлығы: Арнайы қояндар жасағы жаңа жылдық шыршаға дайын. Құрметті мереке қонақтары, балалар, біз сіздермен 2011 жылдың соңғы мерекесін бірге өткізуге келдік.

(Қояндар әні).

1 жүр: О жарандар, қараңдар.

Естімеген естіңдер,

Көрмегендер көріңдер

Тыңдамағандар, тыңдаңдар.

Қар Патшайымының жарлығына құлақ салыңыздар.

2 жүр: Всем вниманье! Сейчас!

В этот новогодний час

Вы услышете указ:

Королевы Снежной.

Боранның дауысы

Қар Патшайымы: Қар Патшалығының тұрғындары, менің Жарлығыма құлақ салыңыздар. Мен Қар Патшалығының Патшайымы ретінде өз Жарлығымды сіздерге жариялаймын.

Бірінші: Біз сіздермен тағы бір жылды артқа тастап отырмыз. Жаңа Жыл қуанышында еліміз қалай қуанамыз десе де әбден орынды. Өйткені біз толағай табыстарға толы, Жасампаздық пен ынтымақтастықтың 20 жылын сыйлаған қоян жылымен қош айтысқалы отырмыз. Қоян жылында еліміздің қарыштаған әр қадамы дастандай аңызға лайық толағай істерге, ұлан асыр рухани жеңістерге толы болды. Қоян өзі кішкене болса да нардың жүгін көтеріп, мемлекетіміздің Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерей тойын жоғары деңгейде атап өтті.

Иә, егемен еліміз еңбек көрігін қыздыра соғып, өрелі істермен ерен ерліктің, елдіктің үлгісін танытып келеді. Аудан өмірі де ауыз толтырып айтарлықтай жаңалықтарға толы. Жаңа мектеп ашылып, балалардың игілігіне берілді. Орталық алаңда «Бәйтерек» монументі бой көтеріп, ауылға ерекше сән-салтанат беріп тұр. Бұның бәрі - аудандағы ел ағаларының табысты істері.

Осындай игі істер мен жақсылықтың барлығы да болашақ ұрпақ, Сіздерге арналып отырғаны ақиқат. Құрметті балдырғандар, барлық әлем тек Сіздер үшін аянбай еңбек етуде!

Екінші: Қоян жылын 12 жылдық еңбек демалысына аттандыра отырып, осындай жақсылыққа толы жылдың жалғасы болатынына,елімізге береке-бірлік,тек жақсылық әкелетініне сенім білдіре келе, ұлу жылына осы жарлықтың бұлжытпай орындалуын тапсырамын.

Қоян: Аса мәртебелі Қар Патшайымы, сіздің жарлығыңызды орындау үшін биылғы жаңа жылдың иелері Ұлуларды шақырайық.

(Музыка қосылады).

2 жүр: Для вас ребята не секрет,

Заяц году уж не хозяин.

А кто на смену ему придет?

Скорее дружно отвечайте.

1 жүр: Кел, Жаңа жыл, жеттің бе тағы айналып

Қарсы алайық біз сені құшақ жайып

Сені күтті жыл бойы жақсы үмітпен

Талай ұлыс, талай ел, талай халық

Келген сайын көңілді өсіресің

Ұлы болсын бастаған осы көшің

Төгіп-шашпай тасытып кетсең екен

Қазақ деген халықтық несібесін!

Ұлулар: Қар Патшайымы, Ұлу жылы сіздің жарлығыңызды бұлжытпай орындайды және осы жылдың да жасампаз істерге толы болатынына ант етеді.

Ұлу: Қар Патшайымы, Біз балалардың жаңа жылдық мерекесіне және Еліміздің Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойына арналған арнайы шашуымыз ды ала келдік. Қабыл алыңыздар.

Барлығы: Бәрекелді. Ендеше тамашалайық.

«Радуга Востока» биі

1 жүр: Жаңа жыл мен ескі жылдың иелері бірігіп жаңа жылдық шырша тойын тамаша өткізіп жатыр, бірақ біздің ортамызда Аяз ата мен Қарша қыз жоқ қой. Оларды ортаға шақыратын уақыт жетті.

Қане бәріміз бірге: Аяз ата мен Қарша қыз

1,2,3, Аяз ата, Қарша қыз, ау!

1,2,3, Аяз ата, Қарша қыз, ау!

1,2,3, Аяз ата, Қарша қыз, ау! (Ешкім келмейді)

2 жүр: Балалар ,Аяз ата мен Ақша қар тезірек келсін десеңдер менің сұрақтарыма жауап беріп көріңдер:

  1. Аяз ата келе ме, тура сағат жетіде? ( балалардың жауабы)

  2. Жұртқа ол әйгілі ме, мәсі, кебіс кие ме? ( Жоқ пима киеді)

  3. Әй, сол атаңыз келе ме, бізге сыйлық бере ме? ( ия, келеді, сыйлық береді)

  4. Әсем екен шыршамыз

шауып оны аламыз.( жоқ )

  1. Әдемілеп тізілген,

Қауын-қарбыз ба ілінген?

Балалар: Жоқ, ойыншықтар!

6. Аяз ата ,балалар,

Қорқа ма екен аяздан? (жоқ)

7. Жағдайы жақсы ма екен,

Қаршақыз бен дос па екен?

Балалар: (иә, дос)

1жүр: Қар Патшайымы, Аяз ата неге келмей жатыр?

Қар Патшайымы: Қазір мен сиқырлы айнамнан көрейін. Балалар, Аяз Ата жалғыз емес екен.Ол өзінің достары Санта Клаус пен Дед Морозды кездестіріпті. Қазір олар мерекемізге келіп те қалатын шығар . (Видео, сулифа ойнап тұр)

Қар Патшайымы: Бірақ қасында Қарша Қыз көрінбейді ғой. (видео леса) Ой, балалар, мынау Қарша қыз ғой орманда адасып жүрген. Қарша Қыз ертегілер еліне кіріп кетіпті ғой. Енді қайттік? Қарша қыз «Бауырсақ» ертегісінде жүр екен. Оларды тезірек осында шақырайық..

(Экранда «Бауырсақ» ертегісі)

Қарша қыз: Апа-ата , мен өз Атамнан адасып қалдым.

Ата мен апа: Біздің «Бауырсақ» баламыз да сен сияқты адасып жүрген шығар. Біз де оны уайымдап отырмыз. Сен осында қал, бізге бала бол.

Қарша қыз: Жоқ, мені мерекелік шыршада балалар тосып жүр. Мен соларға баруым керек.

Ата-апа: Ендеше сен біздің көңілімізді көтер, содан соң біз саған жол көрсетеміз.

Қар Патшайымы: Қане, балалар, кім Қарша қызға көмектеседі. Ата мен апаның көңілін кім көтереді? Балалар, «Аруна» тобын әсем әнімен ортаға шақырайық! Бауырсақтың апасы мен атасының көңілі бір көтеріліп қалсын.

(Экранда «Алтын балық» ертегісі)

Қар Патшайымы: Балалар, Сиқырлы айнаға қарайықшы. Қарша қыз қайда екен? Ой, балалар, Қарша қыз «Алтын балық» ертегісіне кіріп кетіпті ғой.

Алтын балық: Ата, мені еркіндікке жіберші. Мен сіздің қандай тілегіңіз болса да орындаймын.

Ата: Ендеше тыңда, Алтын балық. Біз қартайдық. Бізге көмектесетін,ермек болатын немере керек. Менің тілегім - осы.

Алтын балық: Ата, Сіздің тілегіңіз орындалады. Міне, сізге сүйкімді Қарша қыз немере болады.

Қарша қыз: Жоқ, мен мұнда адасып келдім. Өзімнің атамды таба алмай жүрмін. Маған жаңа жылдық шырша болып жатқан сарайға жол сілтеп жіберіңізші.

Ата : Алтын балық, ендеше екеуміз бірге Қарша қызға көмек көрсетейік.

Алтын балық: Жарайды, егер балалар менің жасырған жұмбақтарымды шешсе, мен Қарша қыздың тілегін орындаймын. Оған жол көрсетемін.

Алтын балық:

Үлпілдеген күмістей,

Қолмен ұстай алмайсың,

Алақанға тисе-ақ,

Суға айналып кетеді. (Қар)

Көк аспанда ақ марқа,

Қозыларым жайылған. (Бұлт)

Қанаты ұзын,

Құйрығы ұзын,

Шықылықтап қоймайды,

Секеңдеуге тоймайды. (Сауысқан)

Жаз бойы қысты күтеді,

Қыс келсе,

Төбеден сырғанап түседі. (Шана)

Жылына бір рет келеді,

Тәттісін бөліп береді,

Шаттандырып баланы,

Қуанышқа бөледі.(Аяз Ата мен Ақшақар)

Ешбір тіреусіз күмбез,

Ешбір сүйексіз күмбез.

Ешкім көтере алмайтын күмбез,

Ешкім төңкере алмайтын күмбез. (Аспан)

Таудан керуен құлап келеді,

Ағыл - тегіл жылап келеді. (Бұлт).

2 жүр:

Загадки: Без рук, без ног, а рисовать умеет. (Мороз)

Белое покрывало всю землю покрыло. (Зима)

Алтын балық: Өте жақсы .Өздері сондай тапқыр екен. Қарша қыз, тілегің орындалды. Жолың болсын!

1жүр: Қарша қыз біздің мерекемізге келіп жеткенше кезекті Газизаның әсем әніне берейік. Қане тұрмайық, би билейік.

Қар Патшайымы: Қарша қыз қай жерде келе жатыр екен? Соны «Сиқырлы айнадан» тағы да қарап көрейікші. Балалар, бұл «Мың бір түн» ертегісі ғой! Қарша қыз осында екен!

(Экранда «Мың бір түн» ертегісі)

Шах: Шахеризада, маған әлемдегі ең әдемі, аққудай нәзік ару туралы ертегі айтып бер.

Шахеризада: Тақсыр, сіздің бұл тілегіңізді орындаймыз. Сізге ол ертегіні айтпай-ақ, сіз айтқан әлемдегі ең сұлу қызды алып келейін. Міне, Бұл -әлемдегі ең сұлу Қарша қыз.

Қарша қыз: Тақсыр, мен адасып сіздің ертегіңізге кіріп кетіппін. Мен Аяз атаны таба алмай жүрмін. Маған жол көрсетіп, атаммен кездесуге көмектесіңізші.

Шах: Қарша қыз, менің бір шартым бар , сол шартымды орындасаң , мен саған көмек көрсетемін. Мен қазір саған сұрақтар қоямын, сен менің сұрақтарыма «Иә-жоқ» деп жауап бересің. Егер дұрыс жауап бере алмасаң менің сарайымда қаласың.

Қарша қыз: Жарайды, шартыңызды орындап көрейін.

2 жүр: Қане , балалар, біз де Қарша қызға көмектесейік. Шахтың сұрақтарына біз де жауап беріп көрейік.

Егер «иә» деп жауап берсеңдер , қол шапалақтайсыңдар, «жоқ» деп жауап берсеңдер аяқтарыңмен тарсылдатасыңдар.

  1. Бүгін 27 желтоқсан ба?

  2. Далада күн жылы ма?

  3. Шырша әдемі ме?

  4. Ұлу бір жыл ұйықтай ма? Жоқ 3 жыл.

  5. Қоян сәбізді жазға қарағанда қыста 2 есе көп жей ме? Жоқ

  6. Піл секіре ала ма? Жоқ.

  7. Мереке ұнады ма? Иә

2 жүр: Жарайсыңдар. Енді Шах Қарша қызды жіберетін шығар.

Шах: Сен шынымен де көркіңе ақылың сай әдемі, тапқыр қыз екенсің, ал енді мен естімеген ертегі айта аласың ба?

Қарша қыз: Тақсыр, сол ертегіні айтпай-ақ, сізді керемет, сіз білмейтін ертегілер еліне апарайын.

«Шығыс биінің» аяғында залға барлығы бірге кіріп келеді.

Қарша қыз: Міне, сіз сұраған әдемі ертегілер әлеміне келдік.

Шах: Қарша қыз, мынадай әдемі сарай менің патшалығымда жоқ, қандай керемет, не деген ғажап сарай! Барлық сұлулық атаулы осында жиналған екен.

Қарша қыз: Сәлеметсіздер ме, балалар!

Good morning, dear children!

Здравствуйте, девочки!

Здравствуйте, мальчики!

Рада я встретиться с вами на празднике!

С елкой нарядной я вас поздравляю!

Радости, счастья всем вам желаю!

Но праздник удастся нам провести,

Если поможете Деда найти!

Балалар, қалың қарда Атам адасып қалған сияқты.

1 Жүр: Кане , балалар, Аяз атаны тағы да қатты дауыстап шақырайықшы. Біздің дауысымызды естісе осында келетін шығар.

Барлығы бірге: Аяз ата , келіңіз, Аяз ата, келіңіз, Аяз ата, келіңіз.

Қар Патшайымы: Қане, тағы бір рет сиқырлы айнаға қарайық. Аяз Ата келе жатыр ма екен?

Аяз Ата:

Мы идем, идем, идем,
Но к вам дорожку не найдем.
Ну-ка, сильно вы подуйте,
Снег с нашей дорожки сдуйте!
1 Жүр: Балалар , аталарға көмектесейік. Аяз Атаның жолындағы қарды қаттырақ үрлеп, жолын ашайық. Балалар сиқырлы айнаға қараңдаршы. Аяз Ата жалғыз емес . Қасында Дедушка Мороз бен Санта Клаус та бар.

1,2 и ведущий дуют в микрофон. Дети дуют. Звучит шум ветра. 1 Жүр: Бізге көмекке бізге кішкетай Ақшақарлар келіпті. Қане, солардың әсем биін тамашалайық.(АҚШАҚАРЛАР БИІ)

Аяз Ата бидің соңында шығады.

Қарша қыз: Қош келдіңіздер, аталар! Аман -есен жеттіңіздер ме? Сәлеметсіздер ме?

Аяз ата: Уа, жұртым, жиналған.

Көңілдерің дүр маржан.

Айналайын ұлдарым,

Айналайын қыздарым!

Аяз ата, Қарша қыз

Жетті жолдан қиналған.

Ештеңе етпес барлығы,

Алдымыздан күлді арман.

Мықтылығым мәлім ғой,

Өтіп кеткен жылдарым.

Дед Мороз: Сколько лиц кругом знакомых,

Сколько здесь друзей моих.

Хорошо мне здесь, как дома -

Среди елочек седых.

С новым годом поздравляю,

Счастья каждому желаю.

Пусть же этот новый год

Всем вам радость принесет.

Здравствуйте, ребята!

Целый год мы не виделись с вами,

Вы подросли, в школе побывали.

Стали чуточку взрослей, стали чуточку умней.

Санта Клаус: Из Лапландии далекой

По дороге по широкой,

По заснеженным полям,

Я спешил ребята к вам.

I wish you Happy! (Ай уйш ю Хәппи)

I wish you Health! ( Хилс)

I wish you Happy New Year!!! (Нью ие)

Аяз ата: Ал, енді, Қарша қыз, балалармен би билеп, олардың өнерлерін тамашалайық.

Қарша қыз: Ну-ка, друзья мои, веселые человечки, помогите мне.

1 Жүр: Дөңгеленіп тұрайық,

Ойын-сауық құрайық .

Шашуымыз шашылсын,

Жаңа жылға ылайық.

(Ән. «В лесу родилась елочка»)

Аяз ата: - Ал, құрметті балаларым, біз сіздермен бір жыл кездескен жоқпыз. Аяз аталарыңды немен қуантасыңдар? Кім тақпақ айтады? Кім ән шырқайды? Ау, кім бірінші бастайды? Ал, балалар келіңдер

Тақпақ айтып беріңдер.

(Балалар Аяз атаға өз өнерлерін көрсетеді.)

(Дети читают стихи, поют песни. Дед Мороз одаривает их сладостями.)

Аяз ата: Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,

Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.

Жаңа жылмен құттықтаймын сіздерді,

Балаларға сыйлық әкеп тараттым!

Жаңа жылдарың құтты болсын, ағайын!

Қарша қыз: Я в Новом году вам желаю успехов,

Побольше веселого, звонкого смеха,

Побольше надежных друзей и подруг,

Чтоб счастливо жили все люди вокруг!

Чтоб ясное солнце сияло с небес,

Чтоб вас ожидало немало чудес!

Қояндар: Қымбатты балалар, Біз сендермен бір жыл бойы бірге болдық. Сендермен осы жылды тамаша өткіздік. Ал енді жаңа жылдың кілтін жыл иесі ұлуға табыс етіп, сендермен қоштасатын мезгіл де келіп жеткен сияқты.

Жүр 1. Ерасылдың әнімен Қояндармен қош айтысайық.

Аяз ата мен Қарша қыз: Балалар, сау болыңдар, келесі жылы амандықпен жүздесейік. Біз енді басқа шырша тойына баруымыз керек.

Барлығы: Келесі , 2013 жылы амандықпен жүздескенше қош

сау-болыңыздар.

Қарша қыз: Прощаясь, всех хочу обнять,
Мы через год придём опять!
Планетою дружбы зовут Казахстан
2012 году старт дан!!!
Все персонажи прощаются с гостями.

1 жүр. Құрметті қонақтар, біз мерекемізді ары қарай жалғастырамыз. Ортаға «Позитив» тобын шақырайық. Қане, бәріміз бірге билейік.

( Би «Тек Тоник»).

2 жүр: Енді біраз ойын ойнасақ қайтеді. Ойын «Жұлдызқұрт» деп аталады. Ойынның шарты мынандай: Сейчас наши Клоуны соберут 3 команды.

Ойыншылар бір-бірінің белінен ұстап тұрады.

Кімнің Жұлдызқұрты ұзын болады екен. (Музыка) Мен әр түрлі қимылды айтып тұрамын. Оны Жұлдызқұрттар бұлжытпай орындауы керек.

Ал енді менің бұйрығымды кім жақсы орындайды екен? Көрейік.

Жұлдызқұрт алдыға жүреді. Енді солға бұрылады. Шыршаға қарайды. Шашын тарайды. Оң аяғын көтереді. Отырады. Билейді. Жұлдызқұрт шаршады. Есінейді. Ал енді ұйықтайды. Т-с-с-с! Олар ұйықтап жатыр. Жұлдызқұрт тұрып, жаттығу жасайды. Шыршаны айналып жүгіреді. (Музыка) Жұлдызқұрт шаршады. Молодцы. Жарайсыңдар.

1 жүр:Біздің мерекемізге сонау Үнді елінен бір топ бишілер келген екен . Соларға кезек берейік. Қане, балалар, біз де орнымызда тұрмай, бірге билейік.

2 жүр: Праздник новогодний

Все мы очень ждём,

Для гостей сегодня

Песни мы споём!

Ортаға Газизаны шақырайық.

Дискотечная музыка

1 жүр: Өтсін солай жаңа өмірдің күндері,

Шарпымасын жүректерді мұң лебі

Жарқылдасын Жаңа жылдың оттары,

Таусылмасын Жаңа жылдың дүрмегі.

2 жүр: Пора, друзья! Проститься нужно.

Всех поздравляем от души.

Пусть Новый год встречают дружно

И взрослые, и малыши!

1 жүр: Міне, Жаңа 2012 жыл да келді. Ал 2011 жыл біздің тарихымыздың бір бөлшегіне айналды. Жаңа жыл - біздің әрқайсымыз үшін ең қуанышты да тебіреністі мереке. Біз алдағы күндерге артқан үмітімізді онымен тығыз байланыстыра отырып, жаңа жылдың міндетті түрде аса мол жарқын және бақытты күндер сыйлайтынына, біздің барлық бастамаларымызға сенімді серпін беретініне сенеміз.

2 жүр: Жаңа жыл әрбіріңіздің отбасыңызға жаңа нұр, жаңа шуақ, табыс пен береке, қуаныш пен мереке алып келсін. Әрдайым қажырлы қайраттарыңыздан күш, жылы жүздеріңізден нұр кетпесін.

2 жүр: Жаңа жыл баршамыз үшін берекелі, мерекелі жыл болсын!!!! Біз сіздермен қоштаспаймыз, біз сіздерді аудан әкімі Сейітов Алтайбек Сейітұлының сіздерге арналған тәтті дастарханына шақырамыз.



© 2010-2022