Внеклассная работа на тему Ғарыш әлеміне саяхат

Раздел Воспитательная работа
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Талгар ауданы

Тұздыбастау ауылы

№13 орта мектеп










Внеклассная работа на тему Ғарыш әлеміне саяхат





Тақырыбы: «Ғарыш әлеміне саяхат»





Өткізген: Навий Сайлау














Тақырыбы: «Ғарыш әлеміне саяхат»

Мақсаты: ғарыш әлемі туралы білім беру, ойлау қабілеттерін, сөздік қорын байытуын,тілдерін дамыту.Берілген сұраққа толық, нақты жауап беруге тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру бөлімі.

Жылулық шеңбері.

Аспанға қарап ай көрдім,

Төмен қарап жер көрдім.

Оңға,солға бұрылып,

Егеменді ел көрдім!

Ұранымыз

Ұшамыз алға,Қапы қалма!

Ойымыз биікте,Жетеміз көкке!

(Есік қағылып, хат тасушы хат әкеліп береді)

Балалар,қараңдаршы бізге хат жіберіпті,қане оқып көрейін ішінде не жазылған екен?

Міне, қызық хаттың ішінде жұмбақтар бар екен, жұмбақтың жауабын тауып көреміз бе?

(Балалардың жауабы)

Таңмен көзін ашады,

Әлемге нұрын шашады.(Күн)

Күндіз бәрі қашады,

Түнде аспанды басады. (Жұлдыз)

Ұшады қанатсыз

Зырлайды аяқсыз (Зымыран)

Көлде жүрген ақ үйрек,

Түнде бар да, күндіз жоқ. (Ай)
Жарайсыңдар балалар!

Олай болса балалар зымыран,күн, жұлдыз, ай барлығы қайда орналасады? Аспан әлемінде. Ғарышқа автокөлік бара алмайды.

-Онда немен барамыз?

Олай болса аспан әлеміне бару үшін біз көлік дайындауымыз керек.

Балалар қазір біз геометриялық пішіндерден зымыран құрастырамыз.

(зымыран құрастыру)

Көлігіміз дайын.Енді ғарыш әлеміне ұшуға дайындалайық.

Көздеріңді жұмып, денелеріңді бос ұстаңдар. Міне ұштық.

-Ұшып келеміз, міне бір планетаға да жақындап қалдық.Әр планетада тапсырмалар бар екен. Сол тапсырмаларды жақсы етіп орындауымыз керек.

- Біз «Сиқырлы ағаш » планетасына келдік.

-Ағаштағы алма, алмұрттың қанша екенін санайық.

-Қанша алма?

-Қанша алмұрт?

(Балалар санайды,5 алма, 5 алмұрт)

Осылайша барлық алма мен алмұрттың сырын ашады. Ұшуды одан әрі жалғастырады.

Келесі планета «Таңғажайып табиғат» планетасына келеді. Бұл планетаның табиғаты біздің жердің табиғатынан өзгеше екен. Сондықтан бізге мынадай тапсырма беріпті. Планеталар біздің жеріміздегі жәндіктер мен балықтың қайда орналасқанын біле алмай өзара айтысады екен. Сондықтан біз оларға көмектесейік. Жылжымалы суреттерді өз орындарына орналастырайық.

(балықты суға, көбелекті гүлге, бақаны суға,тасбақаны жерге)

Ұшуды одан әрі жалғастырамыз.

Қараңдар алдымызда жарқыраған үлкен планета көрінеді. Балалар қонуға дайындалыңдар.

-Біз қандай планетаға тап болдық?

-Жарқырап тұрағн ай екен. Айдың қасында біреулер жүр.Олар кім болды екен.

-Роботтар.

-Балалар сендер қорықпаңдар қане робот ағаларға сәлем етейік.

-Сәлеметсізбе робот аға!

-Сәлеметсіңдер ме балалар?

-Өздерің қайдан келдіңдер?

Балалар: Жер планетасынан.

-Ұлттарың қандай?

-Қазақ

-Елбасшыларың кім?

-Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

Өте тамаша балалар! Онда менің көңілімді көтеру үшін бір би билеп берсеңіздер жақсы болар еді?

Өнерлерің барма?

Сергіту сәті «Мен қазақпын»

Рахмет балалар.

Робот ағағамен қоштасайық сау болыңыз!

-Балалар осы планетада енді қандай планета көрінбейді?

-Өзі ыстық, жарық беретін қандай планета?

-Әрине күн.

Күн болмағасын біз тоңып қалдық. Олай болса күннің шуақтарындағы тапсырмаларды орындап, өзімізге жылу алайық.

Ойын: «Күн жылуы»

Балалар ғарыш әлемінде көптеген тапсрымалар орындап, би билеп өнерімізді көрсеттік.Енді өзіміздің жерімізге оралайық.

-Көзімізді жұмып, денемізді бос ұстап жерімізге қайтайық.

Қорытынды

-Балалар, сендерге ғарыштағы саяхат ұнады ма?

-Қалай ойлайсыңдар, осы ғарыш туралы оқып білу бізге керек пе?

-Балалар, сендер ғарышта білімдерің мен өнерлеріңді көрсеттіңдер, жарайсыңдар, алтопта қандайсыңдар?

Біздің топта ұл-қыздар,

Тату-тәтті ойнаймыз.

Әлемдегі бар адамға,

Тек жақсылық ойлаймыз.

Өте жақсы сендерге робот аға елге барғасын берерсің деп тәтті беріп жіберді.

Соны сендерге ұсынайын.

Осымен сабағымыз аяқталды.

© 2010-2022