Аққан жұлдыз атты тәрбиелік іс-шара

Раздел Воспитательная работа
Класс 12 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Құсмұрын поселогі №28 Құсмұрын орта мектебі

Калимарданова Гүлшат Жамбылқызы Директордың ТЖ орынбасары

"Аққан жұлдыз" атты тәрбиелік іс-шара

Сахналық көрініс №1

Сахнада қазақ күйі орындалады.Баланың дауысы шығарылады. Осы кезде свет өшіріліп, экраннан жарық жұлдыз көрсетіледі.Аттын дүбірі, сүйіншілеген бала дауысы. Балалар сүйінші сұрап,жүгіріп шығады,

Сахнада атасы жаңа туған баланы жоғары көтереді.

«Уа, халайық, қазақтың жарық жұлдызы

Атына ел ұйыған асыл перзенті Мұхаммед-Ханафия дүниеге келді»

3 қыз шашу шашады. Әжелер баланы бесікке салады, сол кезде Шоқанның атасы күміс белдікті бір балаға сыйға тартады.

«Шашу» биі (оркестр Адай күйін ойнайды)

Рсалды Сәттібековна

Әр уақыттың әр кезеңінде халықтың біртуар данышпандары дүниеге келген. Ондай дана перзенттер біртұтас бір тарихи кезеңдегі халықтың мәдени өлшеміне, рухани биігіне айналып отырған. Сондай адамдардың бірі - ХІХ ғасырда өмір сүрген, кейінгі ұрпаққа рухани-әлеуметтік мұра қалдырған, әлем мойындаған дана ғалым - Шоқан Уәлиханов.

Қанат Сейтқасымұлы:

Чокан Чингисович Валиханов родился в 1835 г. в крепости Кушмурун (ныне ст. Кусмурун Костанайской области). Детство его прошло в степи, среди народа, первоначальную грамоту он получил в родном поселке Кушмурун в частной казахской школе, где научился арабскому языку, получил представление о восточной поэзии и учился рисованию. Рисование было его неподдельной страстью и сохранившиеся зарисовки Чокана говорят о том, что в нем жил талант художника. Отец с малых лет привлекал Чокана к сбору материалов, касающихся легенд и народных преданий, и вовлек его в круг высокообразованных русских ученых, инженеров, офицеров.

Рсалды Сәттібековна

Шоқан 1835 жылдың қараша айында қазіргі Қостанай облысының Құсмұрын бекетінде туған. Бұл деректің растығын КСРО Сыртқы істер министрлігінің мұрағатындағы Шоқан Уәлихановтың қызметі жөніндегі формулярлық тізім дәлелдейді.Құсмұрын бекетінде Уәлихановтар әулеті 20 жыл тұрған.

Әкесі Шыңғыс Уәлиханұлы сол жерде аға сұлтан болған. Өз атасы Уәли де хан болған. Шоқан- қазақтың ұлы ханы Абылайдың шөбересі. Жас Шоқан қазақ халық эпостарын алғаш Құсмұрында жазған.Шоқанның балалық шағы Сырымбет тауының баурайында өткен.

Қанат Сейтқасымұлы:

Халқымыздың ойшылы, ұлттық мақтанышымыз Шоқан Уәлихановтың қысқа да саналы ғұмырында артына қалдырған сан қырлы ғылыми еңбектері туралы кеңінен мағлұмат беріп, елі, халқы үшін істеген игі істерін мақтан, үлгі ету мақсатында және Шоқан Уәлихановтың туғанына 180 жыл толуына арналған «АҚҚАН ЖҰЛДЫЗ» атты кешке қош келдіңіздер! ( баяу күй орындалады)

1-оқушы Шамиль-2-А сынып:
Аққан жұлдыз атаныпсың,
Жан бабам!
Ғасырлардан ғасырларға самғаған.
Сорғалапсың қараңғыда тұңғиық,
Тамғандай - ақ ғарыштағы таңбадан.
Асыл бабам,
Аққан жұлдыз атанған,
Аққан жұлдыз,
Лапылдағын от - арман,
Аққан жұлдыз,
Ағып өткен найзағай,
Саналардың сағыныш тауын қопарған, -

2-оқушы: Мұхаммед 2-ә сынып
Әлемді шолып ой көзбен,
Тереңге сүңгіп бойлаған.
Қайғыны жазып бойды езген,
Толғанған әр кез ойлы адам.
Тарихшы елді зерттеген,
Сапармен барып Қашқарға!

3-оқушы: Ербол 2-а сынып
Тауларын кезіп Тянь-Шаньның,
Манасын жазған қырғыздың.
Жете алмай кеткен сан қыран
Нақ жұлдыз еді бұл біздің.
Жоңғардың батыс сілемін,
Мекендеп қалған мәңгілік.
Туған жер жауып кілемін,
«Алтынемел» тұр жаңғырып.
4-оқушы: Думан 2-ә сынып
Ғылым оқып, білгенше,
Тыным, тыныштық таппаған.
Дүние кезіп көргенше
Рахат іздеп жатпаған.
Құйрықты жұлдыз секілді
Туды да көп тұрмады.
Көрген, білген өкінді
Мін тағар жан болмады.

Қ.С.:
Ия, қазақ сахарасында «құйрықты жұлдыз » атанған Шоқан Уәлиханов есімі мәңгі ұмытылмайды. Шоқанның таланты телегей теңіз, оның ғалымдық өрістері ұлан-байтақ биіктерге серпілтіп жатады.
Оркестр

Р.С.:
«Тектіден текті туар қайталанбас...» дегендей қазақтың ұлы ғалымы, зерттеушісі, географ-саяхатшы - Шоқан Уәлихановтың жеті атасына көз жүгіртсек:
Шоқан Уәлиханов (Мухаммедқанафия)
Шыңғыс Уәлиұлы - аға сұлтан
Уәлихан - хан
Абылай (Әбілмансұр) - жүздердің басын қосқан хан
Әбілфаиз - Бұқара ханы
Есім - хан
Жәнібек - қазақ хандығын құрушы
Жошы - хан
Шыңғысхан - әлемді билеуші хан.
6 - оқушы: Ділназ Шагаева
Шоқанның тағы бір інісі- Мақы (Мақажан)Уәлиханов(1844-1923) суретші болған. Петербургтегі көркемөнерпаздар академиясының шеберханасында суретшілік қызметін атқарған. Мақы Петербургте 11 жыл тұрған. Қазақстанның атақты суретшісі Шота Уәлиханов Мақының немересі.
7- оқушы: Аруна Мұхамеуалиева
Шоқан орта жүз ханы Абылайдың шөбересі. Біз Абылай ханды ақылын, айбарын халқының азаттығы жолында жұмсаған ұлы күрескер және сандаған шайқастарда батырлығымен талайды таң қалдырған ержүрек жауынгер ретінде жақсы білеміз.
8-оқушы: Сымбат Салмағанбет
Шоқанның әжесі - Айғаным. Айғаным немересі Шоқанды 5-6 жасынан ертегі, қиссаларды тыңдатты, сұлулықты қастерлеуге, табиғатты сүюге оқуға ынтасын арттыруға көңіл аударған.
9- оқушы: Жансая Сүткенжеева
Шоқанның әйелі - Айсары. Шоқан өлгеннен кейін қазақтың әмеңгерлік ғұрпымен өзіне тетелес інісі Жақыпқа қосылады. Айсары Жақыптан Рабиға есімді қызды болады.

Сахналық көрініс №2. «Шоқанның балалық шағы»

«Мысық пен Шоқан» көрініс

4-оқушы: Жандос Сейтжанов 5-ә сынып

Степной аристократ на русской службе,
Потомок ханов, офицер, торе.
Учёный, с Достоевским в дружбе,
Не в фаворе у Николая при дворе.
Разведчик смелый и отважный,
Проник в таинственный Кашгар.
Исследователь на знанья жадный
Науке преподнёс открытий дар!
Казахский просветитель, патриот.
Народа друг, а баев неприятель.
Преодолел Судьбы водоворот,
По жизни был романтик и мечтатель.

«Асар» кіші топ би
Қ.С.: «Жеті жұрттың тілін білуге тиісті» хан тұқымы болғандықтан, ауыл мектебінде оқып, арабша хат таныған Шоқан араб, шағатай тілдерін меңгереді.
Р.С.: Арқада жер жетпейді Бурабайға,
Бөленген бұйра сыпсаң қарағайға.
Кербез сұлу Көкшетау Арқадағы,
Ертеде қоныс болған Абылайға.
Шоқанның ата - бабаларына қоныс болған жер Көкшетау елі.
Ән: «Күнге табыну»

Қ.С.:
1847-1853 жылдары оны әкесі сол кезде Сібірдегі ең таңдаулы оқу орны деп есептелінетін Омбы кадет корпусына береді. Онда әскери сабақтарға қоса жалпы және Ресей жағрафиясы мен тарихы, батыс, орыс әдебиеттері, философия, физика, математика негіздері, шетел тілдері жүрген.
Р.С.: Қазақтын көгінде,
Әлемнің төрінде,
Жарқырап, жайнаған
Жұлдыздай көрінді деп ақын жырлағандай тарихшы, публицист, лингвист, географ, археолог, этнограф, саяхатшы Шоқан Уәлиханов туған халқы үшін көп еңбек етті, оның салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, дінін,тілін және тұрмыстық ерекшеліктерін зерттеді.Бір сөзбен айтсақ, Шоқан - ғұлама.

10- оқушы:Ділназ Шагаева

Шоқан - суретші. Шоқаннан қалған мұраның бірі бейнелеу өнеріндегі зерттеулері. Бұл еңбектер оның өнердің осы саласындағы қазақтың тұңғыш профессионал суретшісі болғанын дәлелдейді. Ол негізінен портрет, пейзаж және халықтың тұрмыс салтын бейнелеумен айналысқан. Одан 150 - дей сурет қалған.

11- оқушы: Аруна Мұхамеуалиева
Шоқан - әдебиетші.Ш. Ш. Уәлиханов - қазақ және қырғыз халықтарының бай әдебиет қорын тұңғыш зерттеуші екендігі де ерекше. Оның еңбектері:«Қазақтың халық поэзиясының үлгілері

туралы», «Орта жүз қазақтарының аңыз- ертегілері», «18-ғасырдың батырлары туралы тарихи аңыздар», «Едіге мен Тоқтамыс туралы аңыз», «Едіге», «Шона батыр», «Манас» жырын тұңғыш зерттеуі және оның «Көкетай ханның асы» деген үлкен бір бөлімін орысшаға аударуы т. б.
12 - оқушы: Сымбат Салмағанбет
Шоқан - саяхатшы. 1856 жылы М.М. Хоментовский басқарған әскери ғылыми экспедицияға

қатысып, қырғыз елін жете зерттеп, Ыстық көл аймағының картасын жасасады. Қырғыздар мен Ұлы

жүз қазақтарының тарихы, этнографиясы жайлы мәліметтер жинайды, ауыз әдебиетінің нұсқаларын жазып алады.
13-оқушы:Жансая Сүткенжеева

Шоқан - саяхатшы.П.П.Семенов-Тянь-Шанский өзінің Жетісу бойындағы зерттеулерін жүргізген кезде Шоқан пікіріне үнемі ден қойып, ақылдасып отырған. Ыстықкөл сапарында біраз жерлерді бірге аралаған. Семенов-Тянь-Шанскийдің ұсынуымен 1857 жылы 27 ақпанда Шоқан Орыс

География қоғамының толық мүшелігіне сайланады. Бұл орыс қоғамы зиялыларының, орыс ғылымының жас ғалым еңбектерін зор бағалағандығы, ғылым мен мәдениетке қосқан үлесін мойындағандығы екенінің дәлелі.

Амирхан 11-а класс

Он умер рано, не достигнув тридцати,
Как многие ученые, поэты.
Прекраснейший из сыновей своей степи,
Впервые показав себя кадетом.
Казахский мальчик от природы одарен,-
Он превзошел в учениях вершины.
В походах смел, отважен, верен и умен,-
По праву влился в русские дружины.
Блестящий офицер, географ и знаток
Оттенков многочисленных народов
И "белых пятен", чем " грешил " Восток.
Он - покоритель азиатских " бродов".
Бесценный вклад в науку сделал Валихан,
А также русского с казахом дружбу
Открыл навек потомкам доблестный Чокан,
Себя прославил бескорыстной службой.

БИ «Асар» ортаңғы топ

Қ.С.: Дарынға бақ тілеп,
Айтылып ақ тілек,
Ғылымның шыңында ол,
Қанатын жоғары қақты - деп Шоқанды қазақ халқының ғана емес, жалпы ғаламның азаматы ретінде таниды. Келесі кезекті Шоқан туралы айтқан ұлы ғұламалардың естеліктерінен үзінділерге берелік.

14 - оқушы: Қуаныш Жақсылық

Шоқан - қоғам қайраткері. 1863-64 жылдары Шоқан Омбыға барып, Сібір қазақтары үшін жасалып жатқан сот реформасын дайындау ісіне қатысып, бұл реформаның елге тиімді, пайдалы болу жағынан қарастырады. Осы кезде Шоқан "Сот реформасы туралы жазбалар" атты өзінің атақты еңбегін жазды.

16 - оқушы: Аманжолова Алина
"Бізден жасы кіші болса да, өзімізбен салыстырғанда, ол үлкен сықылды еді де, біздер оған қарағанда бала тәрізді едік, өзінің бізден артық білетіндігін не біздерден білімі жағынан жоғарлылығын білдіруге тырыспаса да, жай әңгіменің өзінде - ақ, оның білімінің бізден артықтығы танылып қалатын. Жалпы жолдастарына, соның ішінде маған, ол еріксіз "Еуропаға ашқан терезе" сықылды болды" Г. И. Потанин.

Р.С.:Шоқтығы биік Шоқанның көзін көрген Қанатбек атамыздың баласы, Киров ауылының тұрғыны, 105 жастағы қария Ыбырай атайдың «Шоқан шоқтығында» атты өлеңін ұсынамыз:

Сахналық көрініс №3. «Еуропаға ашқан терезе»
«Көрініс»
17 - оқушы: Аружан Сапабек
«Шыңғыстың сүйген ұлы Шоқан еді,
Империя - патша жұрты тәмам көрді.
Өнері топтан асқан жігіт еді,
Сұм тағдыр сапар жолда қаза берді », - деп жырлады Ақан сері.

«Отаным» ән Жазықпаев Айдар
Р.С.: Науқасы меңдегендіктен Петербургтен елге оралған Шоқан туған халқының екі жақты қанауда езілгенін көріп, 1862 жылғы сайлауда Атбасар округының аға сұлтаны болуға талпынады. «Елдестеріме пайдамды тигізу үшін аға сұлтан болғым келді.Сөйтіп жүргенде ескі өкпе ауруы қайта қозып, Шоқан 1865 жылдың сәуірінде қайтыс болады. Оның сүйегі Алтынемел тауының баурайындағы Көшен тоған деген жерге қойылады.
Қ.С.: Шоқанның өмірі - ең үлгілі өмір. Ол не бары 30 жасқа келіп қайтыс болды. Сондықтан да шығыстанушылар оның өмірін аққан жұлдызбен, жарық жұлдызбен, дала жұлдызымен теңеп келеді. Шоқан - ғасырларға қызмет ететін ұлы тұлға.

«Асар» үлкен топ

Қ.С.:"... Чокан Валиханов является сыном двух народов, носителем двух побратавшихся демократических культур - русской и казахской... Его труды отличаются оригинальностью постановки важнейших проблем, тщательностью их разработки и высоким мастерством научного и литературного стиля..."

Р.С.: Қымбатты оқушылар, Ұстаздар және қадірменді қонақтар! Мектебімізде өздеріңізбен бірге ғұлама ғалым Шоқан Уәлихановқа арналған кеште біз Шоқанды қыр-сырынан таныдық деп білеміз. Шоқан- демократ ғалым, дін зерттеуші, әдебиет зерттеуші, барлаушы, суретші, полиглот, күй зерттеуші, географ, тарихшы, құқықты зеттеуші, этнограф ғалым, саяхатшы,
Қ.С.:Ия, айта берсек, Шоқан таусылмайтын жыр, сарқылмайтын сыр. Халқымыздың ұлы перзенті, өз елінің теңдігі мен өрлеп дамуы, елдік дәрежесі туралы армандап кетсе, ұрпақтары сол армандарды бүгінгі таңда жүзеге асырып, егеменді еліміз дүниежүзілік өркениетті елдердің қатарында тұрғанын мақтанышпен айта аламыз. Еліміздің шоқтығы биіктей түссін, Шоқандай жастар арқылы көркейіп, гүлдене берсін

«Құсмұрын ауылы» Мұғалімдер хор

Ән «Туған жер» орындайтын Айгүл Асановна,Айдар және барлық қатысушылар


© 2010-2022