«Құстар біздің досымыз »

Раздел Воспитательная работа
Класс 1 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ортаңғы топ балаларына ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні:

Білім беру саласы:Таным

Кіші саласы:Экология негіздері

Тақырыбы: «Құстар біздің досымыз »

Мақсаты: Құстарға жасалатын /әтеш, тауық, қаз, үйрек/ қамқорлық туралы қарапайым ұғымдарын қалыптастыру, сөздік қорын дамыту, жауаптарын дәлелдеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі:Құстар суреттері, геометриялық пішіндер.

Іс -әрекет кезеңдері

Тәрбиеші іс-әрекеті

Балалар іс-әрекеті

І.мотивациялық қозғаушылық

Балалар біз шаттық шеңберге тұрамыз, көңіл -күйімізді көтереміз.

«Арайлап таң атты»

Балапандар биі:

Б.қ. тік тұру

Қолдарын екі жаққа созу

Қолдарын екі жаққа ұстап айналдыру.

Отырып, аяқтарын қозғалту

Тұрып қолдарын екі жаққа созу. Жүру.

Шаттық шеңберге тұрады, көңіл -күйлерін көтеріп алады.

Балапандар биін билейді,

жүреді.

ІІ.ұйымдастыру , іздену

Құстардың суреттерін көрсетіп, әр суретке мынандай сұрақ қойылады: - Мынау құс қалай аталады ?

Олар немен қоректенеді?

Құстар қалай қоректенеді ?

Ал , осы құстарды біз қандай құстар деп атаймыз ?

Ендеше, үй құстары суреті бойынша әңгіме құрайық..

Балапандарым, сендер өте өнерлі балаларсыңдар, сұраққа дұрыс жауап бердіңдер. Әңгімелеріңде өте толық әдемі болды.

Балалпандарым, серуенге шығу үшін, алдымызда көптеген кедергілер бар, құлап кетпеу үшін, абайлап, жүруіміз керек.

1. Алдымен, мына жіңішке құрғақ жалғыз аяқ жолдан жүріп өтеміз..

2. Содан кейін мына құлаған ағаштан еңбектеп өту керек.

3. Ойпаң жерлерден аттап өту керек.

4. Таяз судың үстінен жүру

5. Бұлақтан секіріп өту.

- Баллапандарым, серуенге шығып ұзақ жүріп, шаршап қалдыңдар ғой, келіңдер, бойжазып алайық.

С ергіту сәті:

Ойын: Түлкі мен балапандар.

2-3 баланы түлкі етіп, қалғандарын балапан

етіп ойынды ойнату.

Балалар дала құстарын атаңдаршы:

Олар немен қоректенеді?

Біз дала құстарына қалай қамқор бола аламыз?

Керемет, ендеше ұя жасауға кірісеміз.

Түрлі- түсті қағаздан қиылған пішіндерден ұя құрастырып қағазға жапсырту керек.

Құстар туралы тақпақ орындаймыз.

Суреттерге жауап береді:

қаз, үйрек, тауық, балапан.

Жеммен қоректенеді.

Шұқылап жейді.

Үй құстары дейміз.

Тәрбиеші жәрдемімен әңгіме құрайды.


Серуенге шығады, қимылдарды бұлжытпай орындайды.



Қарлығаштай самғаймыз,

Құсқа ұқсап ұшамыз,

Бір отырып, бір тұрып

Біз жаттығу жасаймыз.

Ойынды қызыға ойнайды.

Торғай, сауысқан, қарға, қарлығаш, бүркіт т.б.

Даладан қоректерін тауып жейді.

Ұя жасап береміз.

Ұя құрастырып жапсырады.

Мен торғаймын,торғаймын,

Суықтанда тоңбаймын.

Құрт-құмырсқа, шіркейден,

Бау-бақшаны қорғаймын.

Рефлексивті түзету

Балалар бүгін қандай тақырыппен таныстық?

Құстарға қалай қамқор болуымыз керек екен?

Ал, дала құстарына ше?

Балаларды мадақтау

Үй құстарымен таныстық.

Құстарға уақытында жем беріп тұру керек.

Дала құстарына жем шашып тұру, ұя жасап беру керек.

Күтілетін нәтиже:

Білу керек:үй құстарын , дала құстарын біледі.

Меңгеру :құстар туралы өз ойларын жеткізу туралы меңгереді.

Игеру керек: табиғат туралы игереді


© 2010-2022