Доклад на темуХалық бірлігі-мемлекеттің негізі

Раздел Воспитательная работа
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Халық бірлігі-мемлекеттін негізі.

- Қазақстан халқы Ассамблеясы - ол әрі іргетас, әрі бейбітшілік, рухани келісім мәдениетінің негізгі қағидаты. Ассамблея- мемлекеттік органдардың халықпен жемісті үнқатысуын, барлық этностар өмірлерінің өзекті мәселелерінің шешілуін қамтамасыз етуші ұйым. «Дамудың сыры - бірлікте, Табыстың сыры - тірлікте». Мұратқа жолын тапқан жетеді. Еңбегіміздің жанбағы біздің ортақ үйімізді бейбітшіліктің бесігі етіп, барды бағалай білуімізге байланысты. Қазақты қасиетті қара шаңыраққа баласақ, еліміздегі барша этностар - сол шаңыраққа шаншылған уықтар.

- Ортақ ордамыз - Қазақстанның босағасын берік, шаңырағын биік ұстап, түтінін түзу ұшыру - елдік мақсат. Сонда ғана Қазақстан «2050» Стратегиясында айтылған үздік 30 елдің қатарынан табылады. Біздің Отанымыз - ортақ, тілегіміз - бір, мақсатымыз - жалғыз. Ол - жері гүлденген, елі түрленген, дамуы жедел, ұрпағы кемел Мәңгілік Қазақстан!

Нұрсұлтан Әбішұлы НАЗАРБАЕВ,
Қазақстан Республикасының Президенті

- Қазақстан халқы ассамблеясы қазақстан республикасы президентінің 1995 жылғы 1 наурыздағы жарлығымен мемлекет басшысы жанындағы консультативтік-кеңесші орган ретінде құрылды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстан халқы ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылы тәуелсіздіктің бір жылдығына арналған қазақстан халқының бірінші форумында жариялады. Мұндай институтты құру қажеттілігі саяси тұрғыдан, сондай-ақ жаңадан құрылған, тәуелсіз, полиэтносты, поликонфессиялық мемлекеттің тұрақты дамуы тұрғысынан туындаған еді. Бұл бастама мәдениетаралық диалогты нығайтудың жаңа кезеңінің негізін қалап, этносаралық қатынастарды дамыту мәселелерін жоғары деңгейде шешуге мүмкіндік жасайтын әлемдік тәжірибедегі тың бағыт болып табылды. Он тоғыз жылдық тарихында ассамблея қарқынды дамып, елеулі өзгерістерді бастан кешірді. Оның дамуы барысында н.назарбаевтың этносаралық толеранттылық және қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісі қалыптасты. Осы жылдар ішінде қазақстан халқы ассамблеясының институционалдық құрылымы нығайып, қоғамды ұйыстырушы әлеуеті толысты, ол - халық дипломатиясының маңызды күретамырына айналды. Бүгінде ассамблея ел президенті төрағалық ететін конституциялық орган болып табылады. Бұл - оның ерекше мәртебесін айқындайды.

- Кез келген мемлекет үшін қоғамдық келісімнің маңыздылығы ерекше. Халық үшін бейбіт заманда мамыражай өмір сүруден артық ешқандай бақыт жоқ. Сондықтан елімізде татулық пен тұрақтылыққа Тәуелсіздік алған жылдан бастап ерекше мән беріліп келеді. Қазақстанда өмір сүріп жатқан этнос өкілдерінің мүддесі Елбасымыздың тікелей қадағалауында. Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын да алғаш рет Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев 1992 жылдың желтоқсанында өткізілген Қазақстан халқының бірінші форумында айтқан болатын. Тарих қойнауында алтын әріптермен таңбаланған аталмыш форум жұмысында Мемлекет басшысы баяндама жасап, Қазақстан дамыған елдер қатарына қосылу үшін, ел тұрғындары бай, әл-ауқаты жоғары өмір сүру деңгейіне жету үшін халықтың ынтымағы, бірлігі мен татулығының негізгі рөл атқаратынын ерекше атады. Осыған орай, 1995 жылғы наурыз айында Қазақстан

- Республикасының Президенті жанынан консультативті-кеңестік орган ретінде Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды.

- Қазіргі таңда Ассамблея этносаралық және конфессияаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырушы маңызды құралға айналып, елімізде тұрмыс кешіп отырған барлық этностардың өзара тең құқықты қатынасын қамтамасыз етуші рөлге ие бірден-бір ұйым. Жиырма жылдық тарихында аталған құрылым қоғамдағы тұрақтылықты сақтаушы құралға айналғанын уақыттың өзі дәлелдеп отыр. Үстіміздегі жылы елімізде Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдық тойы республикалық деңгейде мерекеленеді. Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты халыққа арнаған Жолдауында «Ассамблея құрылуының 20 жылдығын атап өту арқылы біз қазақстандықтардың рухани күш қуатын арттыруымыз және толеранттылығын еселеуіміз керек. Сондықтан да, біз Қазақстан халқын ең үздік және мәңгілік құндылықтар - ел игілігі жолында ынта мен жігерді, еңбекқорлықты және мақсаткерлікті арттыруға шақырамыз. Этносаралық келісім - ол өміршеңдік оттегісі» деп ерекше атап өтті. Ассамблеяның негізгі бағыты барлық этностық топтарды ортақ мақсатқа жұмылдыру болып табылатындығын атап өткен Елбасы Ассамблеяның өміршеңдігінің ең басты ерекшелігі - ол этностық топтардың қызметін бақылаумен айналысатын қарапайым ұйымға ғана емес, сонымен қатар еліміздегі барлық ұлт пен ұлыстың мүдделерін бір арнаға тоғыстырушы, барлық азаматтардың этностық, діни ерекшеліктеріне қарамастан құқығы мен бостандығын сақтаушы толыққанды саяси институтқа айналғандығын айтты.

- Мемлекет басшысы көп ұлтты Қазақстанда 140-тан астам ұлттар мен ұлыстардың тату-тәтті өмір сүріп жатқандығын Қазақстан халқы Ассамблеясының әрбір сессиясында атап өтеді. Өткен жылғы Қазақстан халқы Ассамблеясының XXI сессиясында да Қазақстан Мәңгілік Ел атану үшін мемлекетте бейбітшілік пен келісім бекем болуын басты назарға ұсынды. «Қазақстан-2050» Стратегиясы: бейбітшілік, руханият және келісім мәдениеті» деп аталған сессияда рухани келісімнің айрықша жеті жоғары мәдени қағидатын айтып өтті. Онда діни тұрақтылық, ортақ жауапкершілік, мемлекеттік тілді өзге ұлттардың меңгеруі, конфессияаралық толеранттылық пен ішкі тұтастық, барлық ұлттың өмір сүру сапасын арттыру, әр ұлт пен ұлыстың мәдениеті мен өнерін дамыту және этномәдени бірлестіктердің жұмысына серпін беру қағидаттарына кеңінен тоқталды. -Ассамблея халық егемендігін шоғырландырушы саясатүстілік органға айналды. Ассамблеяның депутаттық тобының құрамына бүкіл парламенттік партияның өкілдері болып табылатын 25 мәжілісменнің кіруі үлгі тұтарлық жағдай. Ассамблея мемлекеттік органдардың халықпен жемісті үнқатысуын, барлық этностар өмірлерінің өзекті мәселелерінің шешілуін қамтамасыз етеді. Тек өткен жылы ғана Ассамблея 10 мың іс-шара ұйымдастырып, оларға 3,5 миллионнан астам адам қатысты. Көптеген өңірлерде Достық үйлері құрылып, жұмыс істеуде. Ассамблеяны 2020 жылға дейін дамыту Тұжырымдамасы жүзеге асырылуда. Жүргізілген сауалнама нәтижесінде қазақстандықтардың 97,5 пайызы Ассамблея біздің бүкіл халықтық мүдделерімізді бейнелейді деп айтқан. Бұл жақсы мойындау. Қазақстандық бейбітшілік руханият пен келісім мәдениетінің 7 арқаулық қағидаттары осындай. Бұл енді біздер өз ұрпақтарымызға ұлт байлығы ретінде беретін ортақ мәдени мұрамыз,- деді Мемлекет басшысы.

- Сондай-ақ, Елбасы бейбітшілік пен келісімді нығайту - 2050 Стратегиясын жүзеге асырудың басты критерийі екендігін тілге тиек етіп, бес мызғымас шындықты атап өтті. Әлемдік саяси ахуалды сарапқа салып, этносаралық тұрақтылықты сақтап қалудың жолдарын көрсетті. -Ассамблеяның бай халықаралық байланыстары бар. Мен барлығыңызды G-GLOBAL идеясын ілгерілету үшін өздеріңіздің халықаралық байланыстарыңызды пайдалануға шақырамын. Сондай-ақ, Ассамблеяда еліміздегі Астанада өтетін ЭКСПО-2017 Бүкіләлемдік көрмесі мен Алматыда өтетін Универсиада-2017 сияқты аса ірі халықаралық шараларға дайындыққа қатысу бойынша өзінің нақты Іс-қимыл жоспары болуы тиіс. Осы шараларда біз әлемге мәдениетімізді, еліміз халқының полиэтностық толеранттылығын, бейбітшілік пен келісім жағдайындағы табыстарымызды көрсетуге тиіспіз,- деп Ұлт Көшбасшысы барлық қазақстандықтарды бірлікте жұмыс жасауға шақырды.

- Ассамблея дүниеге келген 20 жылдан бері атқарған қызметі мен жүріп өткен сара жолы қазақстандық этносаралық және конфессияаралық келісім үлгісінің әлемдік қауымдастық алдында беделді ұйымға айналып, ел қоғамының құрамдас бөлігіне айналғанын көрсетті. Қазіргі таңда бүкіл әлемді шарпыған ғаламдық дағдарыс Қазақстанға да өз салқынын тигізіп отыр. Мемлекетте қоғамдық-саяси тұрақтылық болмай, экономикалық салада жетістік болмайды деген қағиданы тарих әлдеқашан дәлелдеген. Сондықтан Қазақстан халқының бірлігін бұдан әрі жетілдіру міндеті мемлекеттік саясаттың басым бағытына айналып отыр. Қазақстанның экономикалық дамуы, этносаралық қатынастардың әлемдік қауымдастық тарапынан мойындалуы, ең алдымен, қазақ ұлтының еншісінде екендігі анық.

- Халық бірлігі - мемлекеттілік негізі. Қоғамдық бірлікті ту етіп ұстау арқылы ғана біз алдымызға болашағы күшті, өркендеп, дамыған Қазақстан елі туралы ұлы мақсаттар қоя аламыз. Ел өміріндегі мәні мен маңызы орасан зор осынау саяси оқиға қарсаңында біз көп ұлтты Қазақстан халқын бір атаның балаларындай еліміздің өркениетті дамуы жолындағы игілікті іске жұмылдырып отырған Қазақстан халқы Ассамблеясы еліміздегі барлық этнос өкілдерін ортақ мақсатқа ұйыстырып, елімізде тұрақтылықты сақтау мен оның дамуына аса зор үлес қосып келеді. Ең бастысы, Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі нәтижесінде елімізде этностық немесе діни ерекшелігіне қарамастан әрбір азаматтың Конституциялық һәм азаматтық құқықтары мен еркіндігін толық қолдана алатын этносаралық және конфессияаралық келісімнің айрықша үлгісі қалыптасты. Сөйтіп, Қазақстанның көп-этностық кеңістігінде сенім, келісім мен өзара түсіністік берік орнады. Қазақстан халқы Ассамблеясының алдына қойған басты мақсаты және түбегейлі міндеті - этносаралық қатынас саласында мемлекеттік органдармен және азаматтық қоғам институттарымен тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз ету. Осы мақсатта халық бірлігін нығайту, қазақстандық қоғамның негізін қалаушы құндылықтар бойынша қоғамдық келісімді қолдап, дамыту, қоғамдағы экстремизм мен радикализмнің көріністеріне тойтарыс бере отырып, азаматтардың құқықтық бостандықтарына қысым жасауға жол бермеу, азаматтардың демократиялық нормаларға сүйенетін саяси-құқықтық мәдениетін қалыптастыру да осы ұйымның төл парызы. Ынтымақ ұйытқысына айналған ұйым бұл мақсаттарды жоғары деңгейде орындап келеді.

- Қазіргі уақытта Қазақстан халқы Ассамблеясы жанынан ғылыми-сарапшылық кеңес, журналистер мен сарапшылар клубы құрылған. Барлық аймақтарда Достық үйлері бар. Мемлекет басшысының тапсырмасымен Астанада «Бейбітшілік және Келісім сарайы» салынды. Мұнда жыл сайын Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиялары, әлемдік дәстүрлі діндер съездері, өзге де маңызды іс-шаралар өтеді. Ассамблеяның тағы бір ерекшелігі, этностық топ өкілдерінің мүдделерін жоғары заң шығару органы - ел Парламентінде білдіру болып табылады. Осыған орай 2007 жылы еліміз Конституциясына енгізілген өзгерістерге сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің 9 депутатын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлауға құқылы. Ассамблея сайлаған Мәжілістің тоғыз депутаты, елдегі барлық этностардың мүддесін білдіреді. Ассамблеядан сайланған депутаттар заң шығарушылық процесіне белсенді қатысып, заң шығарушылық, бастамашылық құқығын жиі пайдалануда. Еліміз тарихынан ойып тұрып айрықша орын алатын оқиғаның бірі Ұлт Көшбасшысы, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тәуелсіз еліміз дамуының ұзақмерзімдік «Қазақстан - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» деп аталатын маңызы орасан зор құжатты халық назарына ұсынып, алда атқарылатын ауқымды да асқаралы міндеттерді белгілеуі болды. Міне, сондықтан да Қазақстан халқы Ассамблеясы осы құжаттың мәдениет, бейбітшілік, руханият және келісім мәселелерін талқылауға арналуы тегіннен-тегін емес. Себебі, Елбасы айтқандай, Тәуелсіз Қазақ елінде бәрі бар. Тек қана көпұлтты ұлттар мен ұлыстардың арасында өзара түсіністік, тату-тәтті береке-бірлік пен ынтымақ және рухани құндылықтарға деген адалдық ауадай қажет. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, Қазақстан халқы Ассамблеясы бүгінде көпұлтты қазақстандықтардың береке-бірлігі мен ынтымағын жарастырған татулық темірқазығына айналып отыр. Туған елі - Қазақстанды әлемдегі өркениетті елдер қатарына қосуды жоспарлаған Елбасының басты арман-мұраты да міне, осы!

- Қазақ халқы қашанда бірлік пен татулық мәселесіне ерекше мән беріп, оны тірліктің тұтқасы, өмірдің өзегі ретінде бағзы заманнан бағалап келген. «Бірлік бар жерде - тірлік бар», «Береке басы - бірлікте», «Ырыс алды - ынтымақ» деген сияқты көптеген мақал-мәтелдер соның айғағы. Болашақтың бірліксіз болмайтынын болжай білген бабаларымыз бала тәрбиесінде де осы қағиданы басты бағыт етіп ұстаған. Ол атадан балаға мұра болып, әлі де жалғасын тауып келеді. Бірлік пен татулық тәлімінің қазіргі көпұлтты Қазақстан жағдайында маңызы ерекше. Мемлекет құраушы, елдің, жердің иесі ретінде қазақ халқы өзге ұлттар мен ұлыстарға оның асқан үлгісін көрсетіп келеді десек артық емес. Тарихымызға үңілсек, оған анық көз жеткізе аламыз. Қиын-қыстау кезеңге тап болған өзге ұлт өкілдеріне қашанда қамқор болып, ағалық мейірімін аямаған. Алаш елі тағдырдың жазуымен жер аударылып келген түрлі ұлыстарға төрінен орын беріп, бір үзім нанын бөліскені белгілі. Сол үшін көптеген ұлыстардың өткен және бүгінгі буыны қазақ халқына шексіз риза. Қазақ жерінде қазір 140-тан аса ұлт пен ұлыс өкілдері өмір сүріп жатыр. Оларға Қазақстан азаматтары ретінде тең құқық берілген. Олар білім алу, емделу, жоғары лауазымды қызмет атқару мүмкіндіктеріне ие. Елімізде мекен еткен ұлт пен ұлыстарға өз мәдениетін дамытып, салт-дәстүрлерін сақтауға лайықты жағдайлар жасалған. Олардың әрқайсысының ұлттық мәдени орталықтары тұрақты жұмыс істейді. Мәдени орталықтар әр халық өкілдерінің өз ұлттық дәстүрлерін сақтауға зор ықпал жасап келеді. Сонымен бірге, көпұлтты Қазақстанның мәдени жағынан әртарапта дамуына үлес қосып келеді.

- Ғасырлар тоғысында еркіндікті аңсаған ата-баба арманы жүзеге асып - егемендікке ие болдық. Қазақ жерінде арайлап атқан елдіктің ақ таңы, ең алдымен, осынау дархан даланы ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен, алғыр ақылмен, берік тақыммен қорғап, сақтап қалған ата-бабаларымыздың ұлы күрестерінің заңды да нақты нәтижесі.Қазақ елі қазіргі таңда қабырғасы қатайған, пікіріне халықаралық қауымдастық өкілдері құлақ асатын беделді елге айналды.

- 20 жылдық тарихы бар ұйым елдің саяси жүйесінің маңызды бір бөлігіне айналып, ол Қазақстанды мекендейтін барлық ұлттар мен этностардың мүдделерін, құқықтарын бір арнаға түйістірді. Әрбір ұлттың тегіне, дініне, көзқарасына қарамастан, барлық азаматтардың құқықтары мен еркіндіктерінің бұлжытпай сақталуын қамтамасыз етті. Түптеп келгенде, Ассамблея еліміздегі халықтардың тұрмыстық деңгейдегі ұлтшылдықтың пайда болуына жол бермейтін, бір-біріне төзімділікке, шыдамдылыққа тәрбиелеуді дәріптейтін ең маңызды ұйымның бірі болып саналады. Осының нәтижесінде әрбір қазақстандық кең ауқымды ойланып, достық пен өзара түсіністікті бағалауға жетелеу жолында жемісті еңбек етуде. Осыған байланысты бұл ұйым мемлекетімізді мекендейтін эстнос өкілдерін бірлікке шақырып, елдегі демократияның қалыптасуына да тікелей атсалысуда. Ел Президентінің бастамасы бойынша құрылған мемлекеттік, ұлттық саясатты дамыту мен жетілдірудің ерекше маңызды құралы болып саналатын Қазақстан халқы Ассамблеясы бүгінде елді біріктіруде, этностар мен ұлттар арасындағы бейбітшілік пен келісімді, татулықты нығайтуда аса маңызды қызмет атқарады.

- Біздің елдегі бірлік пен қоғамдық келісімнің бастауы - Қазақстан халқының ортақ тарихы. Ғасырлар бойы тағдыр талайына ұшыраған халықтарды құшағына сыйдыра білген қасиетті Ұлы Дала көптеген ұлыс пен ұлттың құтты қонысына айнала білді. «Бақ та, тақ та таласқанға бұйырмайды, халықтық істе жарасқанға бұйырады», деген дана бабаларымыз. Сондықтан да атқаратын игілікті істеріміз халқымыздың болашағын бірлігіміз бен берік етсін.

Пайдаланған әдебиеттер:

«Егемен Қазақстан» газеті,

«Қазақстан-2050» стратегиясы.











Қ.Нұрмаханов атындағы № 95 орта мектебі









Баяндама



Халық бірлігі-мемлекеттін негізі.



Саяжан Айтұған





























Қазалы,2015 жыл

© 2010-2022