Ашық тәрбие сағаты Әке –тірек, ана-жүрек, бала-тілек

Раздел Воспитательная работа
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қызылорда Облыстық Білім басқармасы

«Жас өркен» колледжі


БЕКІТЕМІН

Колледж директорының тәрбие

ісі жөніндегі орынбасары

_____________ Н.А.Байсалбаева

«__1__»____09__ 2015 ж.





Ашық тәрбие сағаты Әке –тірек,ана-жүрек, бала-тілекАшық тәрбие сағаты Әке –тірек,ана-жүрек, бала-тілек


Тақырыбы: Әке -тірек,ана-жүрек, бала-тілек


Топ жетекші:Таңқыбаева Ботакөз Рахманқызы

Тобы: С-15-9
















Қызылорда, 2015ж.


Тақырыбы: Әке -тірек,ана-жүрек, бала-тілек

Мақсаты;

а) білімділігі: бала бойына сүйіспеншілікті , жылылықты ұялату, ата-анасын құрмет тұтып, адал да парасатты ұл мен қыз болуға тәрбиелеу;

ә)дамытушылығы: халқамыздың тәлім- тәрбиесінің ананың ақ сүтімен, әже өнегесімен, ата ақылымен берілетіндігін, өзіндік ұлттық қасиетімізді балалар бойына дарыту.

б) тәрбиелілігі: отбасы мүшелері арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.

Көрнекілік:

Мультимедиада дайындалған слайдтар: нақыл сөздер, сұрақтар.

Сабақтың барысы:

І-жүргізуші: Отбасы тәрбиесі туралы түркі ойшылы Жүсіп Баласағұн былай деген екен:

Бала нені білсе жастай ұядан-

Өле-өлгенше соны таныр қиядан.

Өнер - білім берем десең басынан

Бер оқуға балаларды жасынан. Дей келе бүгінгі Әке -тірек,ана-жүрек, бала-тілек атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялауға рұқсат беріңіздер.

ІІ-жүргізуші: Ғаниева Жансұлудың орындауында МЕРЕКЕ әнімен қарсы алыңыздар

І-жүргізуші: ӘКЕ,АНА. Осы бір сөздердің ішінде қаншама ұлылық жатыр десеңізші?!

ІІ-жүргізуші: Әкесі,шешесі қасында жүріп тәрбиесін көрмей немесе әкенің отбасындағы орнын түсінбей жүргендер қаншама десеңізші.

І-жүргізуші: Олай болса ӘКЕ мен БАЛА бейнеролигіне назар аударайық.

ІІ-жүргізуші: Ең бір қасиеттісі біздің қазақ халқында әкеге деген құрмет сонау ертеден қалыптасқан халықпыз.Әкеге қарсы келмеу.Әкенің алдында қарсы қылықтар көрсетпеу, отбасында әкенің орнын құрметтеп отыру қанымызға сіңген халықпыз. Десек те әке де бала тәрбиесінен қол үзбеуді үнемі естен шығарған емес. Осындай үлгі болар әкелер ортамыздан табылсын дегіміз келеді.

І-жүргізуші:Ал, ана. Ана деген 3 әріпті құдіретті сөзге тең келер жер бетінде ештеңе жоқ десек артық айтпаған болар едік. Қазақ аналарын пір тұтып, анасын құрметеуден еш таймаған халық. Олай болса «Соқыр АНА» бейнефильміне назар аударайық.

ІІ-жүргізуші: Баяндама Әке -тірек,ана-жүрек, бала-тілек

Отбасы - адамның өте маңызды, өте жауапты жан ұясы, себебі отбасы адамға бақыт, толық мәнді тыныс-тіршілік әкеледі. Отбасы қоғамдық құрылымның кіші тобы, алғашқы ұясы.

Қоғамның негізгі мақсаты - адамдарды бақытты ету, ал мұның өзі терезесі тең, берік отбасына байланысты.

Отбасы әлеуметтік институт есебінде адам қоғамының қалыптасуымен бірге пайда болады. Отбасының дербестігі болғанымен, отбасылық қатынастар қоғаммен, оның дамуымен тікелей байланысты.

Отбасы кіші әлеуметтік топ, ал оның мүшелері некемен немесе қаны бір туыстығымен, тұрмыстың ортақтығымен және өзара адамгершілік жауапкершілікпен байланысты. Отбасы - қоғамның әлеуметтік құрылымының негізі болып табылады.

Ер мен әйел - отбасының екі ірге тасы, бұл іргетас үйленумен құрылады. Отбасында адамдар ұрпақ жалғастырады. Сонымен қатар қоғамның қартайған, еңбекке жарамсыз мүшелеріне қамқорлық та осында іске асырылады.

Отбасының ең маңызды қызметтерінің бірі - тәрбиелеушілік міндеті, оны қоғамдық тәрбиенің ең тиімді деген жүйесі де алмастыра алмайды. Оның негізгісі - баланы өмірге келтіру ғана емес, сонымен бірге оған әлеуметтік-мәдени ортаның құндылығын қабылдаттыру, үлкен ұрпақтың тәрбиесін жас ұрпаққа жеткізу, бойына сіңірту, яғни балаларын өздерін қоршаған ортаға және қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру әке-шешенің ең маңызды міндеті.

Ата-ананың, басқа да отбасы мүшелерінің өмір сүру тәжірибесі, жүріс-тұрысы, өз міндеттерін таза атқару, бір-бірін құрметтеп сыйлауы - бәрі де үлкен мектеп, тәрбиелік мәселе. Отбасынан тыс та тәрбие бар. Қазақ «Ұлың өссе, ұлы жақсымен, қызың өссе, қызы жақсымен ауылдас, көршілес бол»,- дейді.

Қиналарлық жағдайлар да бар. Арақ ішу, тәртіп бұзу, бұзақы сөздер сөйлеу, жатып ішерлік - мұның бәрі адам тәрбиелеуге теріс әсерін тигізеді.

Отбасының тәрбиелеушілік міндетіне тікелей байланысты оның тағы бір қызметі бар. Оны дамытушы міндет деп атауға болады. Ата-аналар балалардың жеке ерекшеліктерін неғұрлым ертерек байқау керек. Сонда ғана балалар өздерінің ішкі қабілеті мен дарынын тез дамытады. Жас күнінен бастап олардың қабілетін байқап, соған сәйкес тәрбиелеу, бағдар беру қажет.

Балалардың үздіксіз дамуы, шығармашылық қабілетін іске асыруы отбасынан басталады. Әке-шеше балаларына жақсы тәрбие беруге қоғам алдында жауапкер.

ІІ-жүргізуші:Ермұрат Гүлсімнің өз шығармашылығынан «ОТБАСЫ туралы» өлең шумақтарын қабыл алыңыздар.

І-жүргізуші: Ақ сөйлеп адал күлетін бол,

Шындықты жақтап жүретін бол,

Сыйласудың сырын білетін бол. -дегендей берілген жағдаяттарға әр студенттің көзқарасын білейік

ІІ-жүргізуші: 1. Бала анасына деген махаббатын қалай жеткізеді?

І-жүргізуші: 2. Өзгенің баласын өзіңдікіндей сүю кез-келген ананың қолынан келе ме?

ІІ-жүргізуші: 3 Адам қай уақытты ата-анасының үмітін ақтай алады?

І-жүргізуші: 4. Өзің шеше алмаған мәселелерді ата-анаңмен еркін бөлісе аласын ба?

ІІ-жүргізуші: 5.Анаң немесе әкең қай уақытта саған риза болады?

І-жүргізуші: Малдыбаева Айжанның орындауында Мұқағали Мақатаевтың шығармасынан БҰЛҚЫНЫП ЖАТЫР өлеңі қабыл алыңыздар.

ІІ-жүргізуші: Мақал - мәтелдермен жұмыс жасайық отбасына байланысты мақал мәтелдердің алғашқы жатысын оқимыз екінші бөлігін жалғастыруыңыз керек.

І-жүргізуші: 1.Атаңның баласы болма, ... (Халықтың баласы бол).

ІІ-жүргізуші: 2.Ұяда не көрсең, ... (ұшқанда соны ілерсің).

І-жүргізуші: 3.Әдепті бала ата-анасын мақтатар, ...(әдепсіз бала ата-анасын қақсатар).

ІІ-жүргізуші: 4.Әке тұрып ұл сөйлегеннен без, ...(шеше тұрып қыз сөйлегеннен без).

ІІ-жүргізуші: 6.Ананың сүті - бал, ...(баланың тілі-бал).

І-жүргізуші: 7.Туған үйдің түтіні жылы, ... (туған ананың күтімі жылы).

ІІ-жүргізуші: 8.Үйінде ұлы-қызы бардың, ...(көгінде сөнбес жұлдызы бар).

І-жүргізуші: 9.Тәрбие басы-... (тал бесік).

ІІ-жүргізуші: 10.Балалы үй базар, ...(баласыз үй қу мазар).

І-жүргізуші: Сонымен балалар біз бүгін сендермен бірге үлкен тақырып аясында ой бөлістік.

ІІ-жүргізуші: Ата-анамызды ардақтап, құрметтеп, сыйлау біздің басты міндетіміз.

І-жүргізуші: Отбасы - бұл қоғамның негізі.

ІІ-жүргізуші: Баланың да болашақта жақсы азамат болып өсуі, тәрбиелі болу отбасына берілген тәрбие байланысты болмақ.

І-жүргізуші: Бугінгі тәрбие сағатымыздан жақсы әсер алды деген ойдамыз

ІІ-жүргізуші:Қорытындылау сөзін ___________________________________ береміз

І-жүргізуші: Қош сау болыңыздар!

© 2010-2022