Тәрбие сағаты Менің құқығым мен міндетім 7-сынып

Раздел Воспитательная работа
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сыныбы: 7

Күні: 23.11.15 Бекітемін:

Тақырыбы

Менің құқығым мен міндетім

Мақсаты

Оқушыларға адамзаттық басты құндылықтарын ажырата білуге, оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру. Ата Заңымызға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастырып, шыншыл да әділетті және парасатты тұлғаны қалыптастыру.

Міндеттері

1) адамзаттың басты құндылықтарын айыра білу;

2) дұрыс сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, заң, құқық, міндет, борыш сияқты сөздердің мағынасын ашу;

3) оқушыларды жауапкершілікке, адамгершілікке тәрбиелеу.

Керекті жабдықтар

Интер белсенді тақта, нақыл сөздер, маркер,флипчарт т.б.

Сабақ барысы:

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Кіріспе

-Сәлематсыздар, ма?

-Көңіл күйлеріңіз қалай?

Топқа бөлу

Кестелер арқылы топқа бөлу.

Тұсаукесер


Әуен тыңдау. «Бал балалық» әні.

Қандай әуен? Не туралы?

Бақытты балалық шақты сіздер қалай түсінесіздер?

«Балалық шақ -әр адамның ең тәтті , ең адал , алаңсыз кездерінің куәсі болып қала береді» Балалақы шақта әр бала бақытты болуы керек. Сондықтан балалық шақты қызықты, бақытты, лайықты өткізу керек. Олай өткізу үшін біздер құқығымыз бен міндеттерімізді білу керекпіз.

Бүгінгі тақырыбымыз «Менің құқығым мен міндетім» деп аталады.

Негізгі бөлім


Интелект карта беріледі. «Менің бақытты балалық шағым»

Кіріспе.

Ертеде адамдар пайда болғаннан кейін олар не қолымыздан келеді? не істей алмаймыз? Олардың неге , қандай құқығы бар? Сонымен құқық дегеніміз не?

Ересек адамдардың әр түрлі құқықтары бар екенін білеміз?

-Ал сендердің қандай құқықтарың бар?Оқушылар ойын тыңдау.

Бүгін біздер сіздердің құқықтарың мен міндеттерің туралы айтамыз.

Сен сияқты қаншама адам дүниеге келуде. Осы адамдардың барлығы бір заңға бағынады. Ол - конституция деп аталады. Әр елдің, мемлекеттің өз азаматтарына арналған Заңы - Конституциясы бар. Бұл Заңда біздің құқықтарымыз ғана емес, міндеттеріміз де қатар жазылған. Оның дәлелі міне, сен бүгін мектепте отырсың, сен барлық адамдар сияқты оқуға, білім алуға құқыған бар.Сонымен қатар, сенің де міндетің де бар. Ол - сен орта білім алуға міндеттісің. Мына үлкен мектеп, жарық та, кең әдемі бөлме жақсы білім алып, тәртіпті, саналы азамат болып, өз Отаныңа қызмет етуің үшін жасалған.

- Адамға не қымбат? - Өмір

15 бап. 1. Әркімнің өмір сүруге құқығы бар.

16 бап. 1. Әркімнің өзінің жеке басының бостандығына құқығы бар.

29 бап. 1.ҚР азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар.

1. Азаматтар заңмен белгіленген кепілді медициналық көмек көлемін тегін алуға құқылы.

- Дүние жүзі елдеріне ортақ заңдар бар. Біз ол заңға да бағынуға міндеттіміз. Ол былай аталады: «Адам құқықтары жайлы жалпыға бірдей декларациясы».Дүние жүзінің балаларын қорғауға арналған «Балалар конвенцияның 6-бабында былай делінген: «Сіздің өмір сүруге құқығыныз бар, ал мемлекет сіздің жан-жақты еркін дамуыңызға көмектесуге міндетті. Денсаулығына, өміріңе қамқорлық жасап, қорғауға міндетті».

«Рұқсат немесе рұқсат етілмейді» ойыны.

-Сіздер бұл ойында 1 топ рұқсат, 2 топ рұқсат емес, 3 топ қолдарын шапалақтайды.

Презентация арқылы «менің құқығым, менің міндетім» деген сауалдарға кезек берейік.

Тренинг «Ақ пен қара». Бір оқушының көзін байлап , кабинеттің ішінде жүреді. Ал бір оқушы оны қасына алып жүреді.

Екі оқушыға:

-Сіздер қандай сезімде болдыңыздар?

- Қандай қорытынды жасар едіңіздер?

Бұл тренингтің қорытындысы заңды білетін адам өзін еркін,тыныш, қорқынышсыз өмір сүре алатынын сезінеді, ал көзін байлаған оқушы өзінің қорқыныш сезімде болғанын, заңдыбілмейтін адам қалай қайда жүретінін білмейтінін байқауға болады.

Оқушылардың құқық туралы жазып келген ойларын, эсселерін, суреттеріне кезек берейік.

Қорытынды


Әр оқушы стикерге өздеріңнің бір міндеттерін жазып, терекке жапсырасыңдар.

Бүгінгі қатысып, өз ойларыңды ашық айтқандарыңа рахмет





























































Сыныбы: 5

Күні: 23.11.15 Бекітемін:

Сабақтың тақырыбы

Жас математик

Мақсаты

Логикалық тапсырмалар, қызықты есептер арқылы жас математиктерді анықтау.

Міндеттері

1)Оқушылардың ойлау қабілеті мен математикалық қабілеттерін арттыру,

2)Математика пәні бойынша білімдерін тереңдету;

3)Пәнге деген қызығушылығын арттыру;

Керекті жабдықтар

Презентация, математиктердің нақыл сөздер жазылған плакаттар, зал шарлармен безендірілген.

Сабақ барысы:

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Кіріспе

-Сәлематсыздар, ма?

-Көңіл күйлеріңіз қалай?

Ойынға 2 топ қатысады, әр топта 4 оқушыдан.

Әр топ ұранын, эмблемасын флипчартқа салып қорғайды

Тұсаукесер


Жүргізуші:

Мінеки залда тыныштық

Естілмейді дыбыс түк

Мұны бізде қоштаймыз.

Кешікендерді тоспаймыз.

Ғылымдардың ғылымы

Математика ғылымы жайында

Бәйгемізді бастаймыз.

Жүргізуші:

Армысыздар, қадірлі ұстаздар мен шәкірттер !

Ғылымдардың патшасы атанғансың,

Евклид, Фалес, Пифагордан бата алғансың

«Ақыл ойды тәртіпке» келтіретін,

Нағыз пән математика атанғансың!

Бірінші кезең «Математикалық сауал».

Екінші кезең «Сандар әлемі»

Үшінші кезең « Сиқырлы әріптер»

Төртінші кезең «Кім зерек?»

Негізгі бөлім


1-жүргізуші. Біз сайысымыздың алғашқы кезеңін бастаймыз.

1.Алманың жартысы неге ұқсас. /екінші жартысына/

2.Жарты қарбыз 20 тг тұрады. Бүтін қарбыз неше тг? /40 тг/

3.Отбасында жеті қыз және әр қайсысында бір-бірінен інісі бар. Отбасында неше бала бар? /8/

4.Қандай санның жазылуында қанша әріп болса, сонша цифр бар? /10 он, 100 жүз/

5.Екі адам бірігіп шашканы 4 сағ ойнады, әрқайсысы неше сағаттан ойнайды. . /4 сағ/

6.Қос ат жегілген арба 40 шақырым жүрді.Бір ат неше шақырым жүрді?

7.4 жұмыртқа 4 минут піссе ,бір жұмыртқа неше минут піседі?
8.2 кг мақта ауыр ма, 2кг темір ауыр ма?
9. Алмұрт алмадан ауыр,ал алма шабдалыдан ауыр.Қайсысы ауыр алмұрт па әлде шабдалы ма?
10.Алдында 1, артында 2,алдында 2,біреуі екеуінің арасында және үшеуі бір қатарда қаз ұшып келеді.Барлығы неше қаз?
11.Сиыр 4 аяғымен тұрса 200 кг,2 аяғымен тұрса неше кг болады?
12.Ұзындығы 10 метр жіпті әр бөлігі 2 метр болу үшін неше рет қию керек7
13.Үш қыз бір сыныпта оқиды.Айгүл,Гүлназ,Айнаш. Айгүл Гүлназдан үлкен,Гүлназ Айнаштан үлкен.Кім сонда үлкені? Айгүл
14.Түйеқұс 2 аяғымен тұрса 1 пұт тартса,1 аяғымен тұрса неше пұт тартады?
15.Сағат түнгі 10-да жауын жауып тұрса,24 сағаттан кейін күннің жарқырап тұруы мүмкін бе?
16.Дорбадағы 10 асықты 10 бала алды.Сонда дорбада 1 асық қалды. Ол қалай?
17.Сенбіден кейін 2 күннен кейін қай күн келеді?
18.Бес гномға үш қызыл және төрт көк капюшонды көрсетеді. Қараңғыда үш қызыл және екі көк капюшонды гномдардың бастарына кигізеді. Қалған капюшондар жасырылады. Жарық жағылады. Гномдардың қайсылары өз бастарындағы капюшонның түсін таба алады? Шешімі: екі көк түсті капюшон киген гномдар таба алады. Себебі көк капюшон киген гном алдында үш қызыл және бір көк капюшон киген гномдар түрады. Ал қызыл капюшон саны үш, қалғаны көк. Сондықтан өз басындағы да көк.

Екінші кезең.

Сандар сыры 30: 9 бен 27 сандарының арасында қанша жұп сан бар?/9/

Геометрия 30: Басталатын нүктесі бар сызық./сәуле/

Логика 30: Інісінің 14 асығы бар, ағасының одан 5 асығы артық. Екеуінің неше асығы бар?/33 асық/

Геометрия 40: Шаршының периметрі 44 см, қабырғасы неше тең?/11 см/

Сандар сыры 40: 11111121 саны 9-ға бөліне ме? ия.

Логика 40: Қайрат Жанардан кіші, бірақ Талғаттан үлкен. Ал Ажар Жанардан үлкен болса, ең үлкені қайсысы?/Ажар/

Сандар сыры 50: Қандай сан барлық сандарға қалдықсыз бөлінеді?/0 саны/

Геометрия 50: толық бұрышың төрттен бір бөлігі неше градус?/тоқсан /

Логика 50: Үш тауық 3 күнде 3 жұмыртқа табады. 12 тауық 12 күнде неше жұмыртқа табады?(48)

Үшінші кезең «Сиқырлы әріптер»
Мына әріптерден неғұрлым көп математикалық терминдер жазыңдар.

С

І

Р

К

Б

Ы

И

Т

Ұ

Ш

Ү

Н

Е

Төртінші кезең «Кім зерек» турында тақтада жазылған сөздерді қанша сөз, қандай сөздер барын есіне сақтап қалып жазу керек.

Қорытынды


2-жүргізуші. Әділ-қазылар алқасы нәтижесін шығарғанша, үзіліске кезек берейік.

Көрермендермен ойын. Шырпылар арқылы дұрыс теңдік құраңыз.

Сайысымыздың қорытындысын шығару үшін сөз кезегін әділқазы алқасына берейік.

«Жас математик» атағына және «Ең тапқыр » атағына ие болған оқушыларды және әр топ номинациямен марапатталады.

1-жүргізуші:

Негізі бар ғылымның математика

Жалықпай оқып үйрен тек қана

Білімнің кілтін ашты,көзін тауып,

Ньютон, Колмогоров,Ковалевская.

Бүгінде математика барлық жерде

Құрылыста, техникада өндірісте

Сырларын бұл ғылымның үйреніңдер,

Жас достар зерделікпен меңгеріңдер.




© 2010-2022